Мәліметтер бойынша сәуірдің соңында жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны 856 мыңға дейін өсті, 2018 жылы олардың саны 809 мыңды құраған болатын, ал 2017 жылы 747 мың болған (21 сурет)



Дата31.05.2022
өлшемі25,2 Kb.
#145580
Байланысты:
22 (1), 13 (1)

Мәліметтер бойынша сәуірдің соңында жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны 856 мыңға дейін өсті, 2018 жылы олардың саны 809 мыңды құраған болатын, ал 2017 жылы – 747 мың болған (21 сурет). ЖК бір жұмыс істеуші шығаратын өнім 2018 жылы 2,2 млн ₸ құраған болатын және бір жылда атаулы түрде 4,8 %-ға артты, бұл көрсеткіш инфляциядан төмен, осылайша аталған қызметтің тиімділігінің әлісіздігін көрсетеді.
Шаруа және фермерлік шаруашылықтар саны 2019 жылғы сәуір соңында 205 мыңды құрады, 2018 жылдың соңында олардың саны — 198 мыңды құраған болса, 2017 жылы – 187 мың болған. Жеке кәсіпкерліктегі жағдайға ұқсас Шаруа (фермерлік) қожалықтарда да бір жұмыс істеуші шағаратын өнім өте аз өсу көрсеткішінде 3,7 % болды. Ұсақ кәсіпкерліктің тиімділігіне аз болса да әсер етіп отырғаны, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың әсері деп те айтуға болады, өйткені оның аясында жұмыссыздар ауылды жерде ұсақ бизнес құруға микроқаржы алып, өзін-өзі кішігірім табыс көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік алуда.
Нәтижесінде, оның ішінде өз-өзін қамтып отырғандар есебінен, ұсақ кәсіпкерлер санының өсуі байқалуда. Бір жағынан алып қарағанда, бұл сападан бұрын сандық көрсеткіштің өсуі болып табылса, екінші жағынан, аталған тұлғалардың табысын көлеңкеден шығарудағы оң факті деп қарастыруға болады.
Шағын кәсіпкерлердің саны 2019 жылғы сәуір соңында 243 мыңды құрады және оның өсуі үдеуде: 2018 жылы 231 мың болса, 2017 жылы 209 мыңды құрады.
Ал орта кәсіпорындар саны керісінше сол қалпында, өзгермеген —2017 дылдан бері 2,6 мың. Осылайша, ұсақ бизнес түрі кең таралуда, бұл ретте орта кәсіпорындардың ұзақ мерзімде үздіксіз қысқаруынан кейін 2011 жылдан бастап олардың саны артпауда. 2014 жылдан бастап, ШОБ-қа жатқызылатын өлшемдерге өзгерістер енгізілгеннен кейін ұсақ кәсіпорындар 3,3 есеге артты, алайда орта кәсіпорындар саны 40 %-ға қысқарды. Мұндай қарқыннан шығатын қорытынды, шағын бизнес орта деңгейге өтуге тұрарлықтай деңгейде сәтті дамып отырған жоқ. Алайда орта бизнес деңгейі жағынан емес, жалпы экономикада да маңызды болып саналады. Мысалға алсақ, ЕО-да орта кәсіпорындар ЖІӨ-нің 18 % құрап отыр және жұмыспен қамтуда 17 % қамтамасыз етуде, бұл ретте Казақстанда ұқсас көрсеткіштер небары 5,5 % және 4 % көрсетуде [26].
Жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің неғұрлым үлкен үлесі Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі - 55%, оның үлесі 2018 жылы бірқалыпты 1%-ға өсті, бірақ елорданың ЖӨӨ-не қарағанда, 2014 жылғы көрсеткіштен 62 %-ға төмен болып қалып отыр (кесте 3). 2018 жылы ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесінің қарқынды өсуі Алматы қ. тиесілі - 35%-дан 40%-ға дейін, мұндай қарқынды өсу көрсеткішіне себеп болған сауда саласы. Бұл ретте елдегі ірі тұтыну нарығы болып табылатын Алматы қаласында оның жалпы нақты мәні 12%-дан астам көрсеткішке өсті [27].
Өңірлер бойынша ШОБ дамуының көрсеткіші тым аз, орташа көрсеткіште шағын және орта бизнес өңірлерде тек ЖӨӨ-нің 22%-ын құрауда, бұл ретте ең төменгі мән Қызылорда облысында - 14%, ал ең жоғары батыс Қазақстан облысында - 33%.
Кесте 3 - Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік пен микрокредиттік ұйымдар қызметінің көрсеткіштері


Барлығы

соның ішінде

шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

дара кәсіпкерлер

шаруа немесе фермер қожалықтары

Қазақстан Республикасы

1 537 633

349 025

993 621

194 987

Ақмола

55 719

9 698

41 611

4 410

Ақтөбе

63 019

13 903

43 841

5 275

Алматы

142 435

15 541

78 496

48 398

Атырау

55 106

9 654

43 116

2 336

Батыс Қазақстан

47 955

7 852

34 483

5 620

Жамбыл

76 827

8 518

51 819

16 490

Қарағанды

100 509

23 926

68 634

7 949

Қостанай

65 090

10 551

49 164

5 375

Қызылорда

49 931

7 278

37 288

5 365

Маңғыстау

56 172

11 850

42 607

1 715

Оңтүстік Қазақстан

212 854

28 800

115 103

68 951

Павлодар

52 029

11 783

36 856

3 390

Солтүстік Қазақстан

36 531

7 317

25 723

3 491

Шығыс Қазақстан

110 993

16 638

78 894

15 461

Астана қаласы

148 247

57 026

91 097

124

Алматы қаласы

264 216

108 690

154 889

637

Ескерту: дерек көзі негізінде жасалды [27]

Өңірлердің Нұр-Сұлтан қ. және Алматы қ. көрсеткіштерден қатты артта қалуы өңірлердегі халық табысының әркелкілігі, халық тығыздылығының аз болуы, әлсіз экономикалық базаның әсерінен болуда.


ЖӨӨ-де ШОБ-тың үлесі 2050 жылға қарай 50% деңгейінде таргеттелетін болады, Нұр-Сұлтан қаласында бұл көрсеткіш ЖӨӨ-тегі ШОБ үлесі ағымдағы 40 % көрсеткіште уақытынан бұрын орындалуда, Алматы қаласында да бұл мақсатты деңгейдегі көрсеткішке мерзімінен бұрын жетуге еш қиындық жоқ.
Өңірлер арасында ШОБ-тағы жұмыспен қамтылғандар үлесі бойынша көш бастап тұрған Нұр-Сұлтан қ., бұл көрсеткіш 2018 жылғы 68%-дан 5%-ға артты, Алматы қ. шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар үлесі сәл төмен - 62%-ға тең, жұмыспен қамтылғандар үлесі жағынан бұл қалалар дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді. Мысалға алсақ, Францияда бұл көрсеткіш - 63%, Австралияда - 68 %.
Алайда, облыстық деңгейде ШОБ-та қамтылғандар үлесі Жамбыл обылсындағы 22 %-дан Атырау облысындағы 41% аралығында. Атап өтетіні, ШОБ статистикасында да дәл нақтылық сақтала бермейтінін алға тартамыз. Өйткені, Алматы облысында ШОБ-тағы қамтылғандар үлесі 24% жұмыс күшіне сәйкес келеді, бірақ бұл ретте ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесі 27%-ды құрайды (25, 26 суреттер), бұл көрсеткіштер аталған өңірде шағын және орта бизнестегі қамтылғандардың өте жоғары өнімділігін көрсетуі керек, бірақ ол расталмай отыр, өйткені аталған өңірде ШОБ-тағы бір қамтылған адамға тиесілі өнімділік 40 %, яғни орташа республикалық деңгейден төмен.
Кәсіпорынды еш қиындықсыз тіркеу көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі, ал құрылысқа қажетті рұқсат қағаздарын алу – Алматы қаласында және Қызылорда облысында оңай; электр желілеріне қосылуАлматы қаласы, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында; меншікті табыстауды рәсімдеу – Шығыс Қазақстан облысында (Өскемен) және Павлодар облысында тез жүргізіледі (кесте 4).
Кесте 4 - Қазақстанда өңірде бизнес жүргізу рейтингісі

Өңір

Бизнес жүргізу жеңілдігі

Кәсіпорын
тіркеу

Құрылысқа
рұқсат алу

Электр
желісіне
қосылу

Меншікті
тапсыру

Рей-
тинг

2019
бизнесті
жүргізу
жеңіл-
дігінің
жиын-
тық
балы

2019
бизнесті
жүргізу
жеңіл-
дігінің
жиын-
тық
балы

Рей-
тинг

Биз-
несті
жүр-
гізу
жеңіл-
дігі
балы

Рей-
тинг

Биз-
несті
жүр-
гізу
жеңіл-
дігі
балы

Рей-
тинг

Биз-
несті
жүр-
гізу
жеңіл-
дігі
балы

Рей-
тинг

Биз-
несті
жүр-
гізу
жеңіл-
дігі
балы

Алматы қ.

1

83,74

80,64

9

94,43

1

76,47

1

81,62

1

82,44

Маңғыстау (Ақтау) обл

2

83,04




11

94,42

4

76,03

2

81,05

14

80,65

Ақтөбе обл

3

81,67

78,46

2

94,44

9

74,59

3

76,89

6

80,77

Қызылорда обл

4

81,52




8

94,43

2

76,24

6

74,64

6

80,77

Павлодар обл

5

81,36

76,90

2

94,44

11

74,22

7

74,35

1

82,44

Атырау обл

6

81,32




9

94,43

13

73,87

4

76,23

6

80,77

СҚО
(Петропавловск)

7

80,77




12

92,63

12

73,88

5

74,96

4

81,61

Қостанай обл

8

80,75

78,41

5

94,43

7

74,99

10

72,81

6

80,77

Ақмола обл
(Көкшетау)

9

80,48




14

92,46

3

76,07

12

71,79

4

81,61

Нұр-Сұлтан қ.

10 8

0,38

72,09

1

94,56

8

74,80

13

71,51

14

80,65

БҚО (Орал)

11

80,27




2

94,44

15

72,75

8

73,13

6

80,77

Шымкент қ.

12

80,18

73,43

6

94,43

16

72,59

9

72,92

6

80,77

Алматы обл
(Талдыкорган)

13

80,06




15

91,14

5

75,99

11

72,46

14

80,65

Қарағанды обл

14

79,40

73,58

7

94,43

10

74,54

16

67,86

6

80,77

ШҚО (Өскемен)

15

79,16

76,33

13

92,63

14

73,60

15

67,99

1

82,44

Жамбыл обл
(Тараз)

16

78,92




16

91,09

6

75,23

14

68,59

6

80,77

Ескерту: дерек көзі негізінде жасалды [27]

Жалпы реттеудің қарастырылған төрт саласы бойынша Алматы қаласында бизнеске қолайлы жағдай жасалған, ал Жамбыл облысында жағдай едәуір төмен. «Қазақстанда бизнес жүргізу -2017» зерттеуінде анықталғандай, Алматы қаласы екі индикатор жиынтығы бойынша рейтингте көш бастап тұр. Электр желілеріне қосу саласы бойынша бастапқы орынға екі реформаның арқасында орналасты.


Біріншіден, Алматы қаласында техникалық талаптар алу мерзімі жеті күннен бес күнге қысқарған. Оларды келісімдеуде және рұқсатты беруге қатысатын лауазымды тұлғалар саны қысқарған. Екіншіден, электр энергиясын өшіру жиілігін жылына 1,2-ден 1 тұтынушыға дейін қысқартып, энергиямен жабдықтау сенімділігін арттырған. Нәтижесінде Алматы қаласы электр энергиясымен жабдықтау сенімділігі және тарифтер ашықтығы индексі бойынша максималды 8 балл жинады.
Сонымен қатар Алматы қаласы құрылысқа рұқсат алу саласы бойынша да көш басында. Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар мен лицензиялы жеке компаниялар арқылы орындалатын, құрылысқа рұқсат алу процессіне аз уақыт жұмсайды. Бұл Қазақстанның басқа өңірлеріне қарағанда, заңнамада белгіленген мерзімдердің сақталуы және қатаң қадағалау жүргізу есебінін қол жеткен көрсеткіш.
Сондай-ақ тек Алматы қаласында кәсіпкерлердің сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық талаптарға өтінімді бір орталықтан, яғни жергілікті Халыққа қазмет көрсету орталықтарында ұсыну мүмкіндігі бар. Бұл Сәулет басқармасы мен Сумен жабдықтау және су тарту қызметінің арасындағы өзара электрондық каналды құруы арқылы мүмкін болған жетістік.
Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар облысы, сондай-ақ Алматы қаласы «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша бірінші орынды иеленді. Бұл өңірлерде меншікті табыстау небары 4,5 күн аралығында жүргізіледі (Қазақстандағы ең қысқа мерзім), бірақ бұл өңірлер жер ресурстарын басқару сапасына қатысты индекстегі жинаған жоғары баллдары арқылы жоғары көрсеткіштерде орналасты. Тек осы өңірлерде жылжымайтын мүлік тізілімінде құқық белгілеуші құжаттарды да, сондай-ақ кадастрде кадастр карталарды да сканерден өткізу қамтамасыз етілген [27].
Бұл ретте кәсіпорын ашуда ең қолайлы жағдай қалыптасқан Нұр-Сұлтан қаласында болып отыр. Оның нәтижесіне цифрландырудың жоғары деңгейі, сонымен қоса электрондық үкімет порталын пайдалануы әсер етуде.
Индикаторлардың түбегейлі талдауы көрсетіп отырғандай, Қазақстанның өңірлерінде бизнес жүргізу жағдайын жеңілдетуде айтарлықтай нәтиже баршылық, алайда әлі де оны жақсартуға мүмкіндіктері бар.
«Қазақстанда бизнес жүргізу» зерттеуінде қарастырылған сегіз өңірде барлық индикаторлар бойынша тең мәнде жетістікті барлық өңір көрсетіп отырған жоқ. Керісінше, әр өңір рейтингтің жоғары бөлігінде кем дегенде бір индикатор бойынша орныққан.
Барлық индикаторлар бойынша баллдардың әркелкілігі жергілікті билік өкілдеріне басқа өңірлермен құрылысқа рұқсат алу процессі бойынша алдыңғы тәжірибемен бөлісуге, сондай-ақ басқа өңірлердің электр желілеріне қосылуға қатысты тәжірибесін өзіне қолдануға да мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет