Мәліметтер қоры (МҚ) ақпараттық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны


Күрделі АЖ-ді құрастыру және дамыту кезіндегі қажетті талаптар



бет22/34
Дата20.09.2023
өлшемі1,82 Mb.
#181716
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Байланысты:
БАЗА данных сессия жауаптары-1

Күрделі АЖ-ді құрастыру және дамыту кезіндегі қажетті талаптар:
- икемді құрастыру мен әртүрлі деңгейдегі тәртіпке келтірілген базалық стандарттар мен нормативтік құжаттардың жиынын пайдалану;
- бұлардан жүйенің берілген функцияларын жүзеге асыруға қажетті талаптар мен ұсыныстарды анықтау;
- базалық стандарттардың жиынын біртектілеу (унификациялау) және ережелеу (регламенттеу);
- жүйенің функцияларын, процестерін және компоненттерін жобаның белгілі бір класына келтіру және нақтылау.
Осыған байланысты функционалдық стандарттаудың негізгі құралы ретінде ақпараттық жүйенің пішіні (профилі) туралы түсінік пайда болып, пайдаланысқа енгізілді.
Профиль(пішін) – берілген функцияларды немесе функциялар тобын жүзеге асыруға арналған, айқын анықталған және тәртіпке келтірілген міндетті және міндетті емес мүмкіншіліктері бар бағынышты жиындардан тұратын бірнеше базалық стандарттардың жиыны.
Профиль стандартталынуға тиісті объектінің функционалдық сипаттамаларынан құрастырылады. Профильде оған енетін әрбір базалық стандарт пен нормативтік құжаттың параметрлерінің мәндері мен мүмкіндіктерінің шектері анықталып, орнатылады.
АЖ-нің профильдері келесі есептерді шешуге бағытталған:
- жобаға жұмсалынатын еңбек ауырлығын азайту;
- АЖ-нің компоненттерінің сапасын арттыру;
- құрастырылатын жүйенің кеңейтілуін және масштабталынатынын қамтамасыз ету;
- бұрын жеке шешілген есептерді АЖ-ге интегралдық түрде біріктіру мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету;
- қолданбалы программалық жабдықты басқа жерде пайдалануды қамтамасыз ету.

111. Ақпараттық жүйелердің пішіндерінің құрылымы және құрастыру принциптері.


АЖ-нің жалпы құрлымын қолдану саласынан тәуелсіз ішкі жүйенің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда топтасудың құрылымдық белгісі туралы сөз қозғалады, ал ішкі жүйелер қамтамассыз ететін деп аталады. Сөйтіп, кез келген ақпараттық жүйенің құрлымы қамтамассыз ететін ішкі жүйелердің жиынтығымен көрсетілуі мүмкін. Қамтамассыз ететін ішкі жүйелердің арасынан ақпараттық, техникалық, математикалық, бағдарламалық, ұйымдық және құқықтық жасақтамаларды айырады.

112. Стандарт және әдістемелер.


Стандарт, үлгіқалып (ағылш. standard – өлшем, үлгі, өлшегіш) – басқа ұқсас нысандарды, заттарды салыстыру үшін бастапқы үлгі ретінде қабылданатын үлгі, эталон, модель; құзыретті орган қабылдаған, шама өлшемін, терминдерді және олардың анықтамасын, өнімге және өндіріс үдерістеріне қойылатын талаптарды, адамдардың қауіпсіздігін, материалдық құндылықтардың сақталуын, т.б. айқындайтын нормативтік-анықтамалық құжат; кең мағынада өзіне ұқсас басқа нысандармен салыстыру үшін қолданылатын негізгі үлгі, эталон, модель; мүдделі жақтардың келісуі негізінде дайындалған және әр түрлі іс-әрекеттің немесе оның нәтижесіне қатысы бар ережелерді, жалпы принциптерді немесе сипаттамаларды жалпыға бірдей және дүркін-дүркін пайдалану үшін белгілейтін таңылған стандарттау, метрология мен сертификаттау женіңдегі органмен бекітілген құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет