Мәліметтер қоры (МҚ) ақпараттық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны



бет32/34
Дата20.09.2023
өлшемі1,82 Mb.
#181716
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
БАЗА данных сессия жауаптары-1

Мәліметтер (данные; data) — автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б. түрлерін атап өтуге болады
Мәліметтерді өңдеу жүйесі (система обработки данных; data processing system) — мәліметтерді автоматты түрде өңдеуді орындайтын және мәліметтерді өңдеудің аппараттық құрылғыларын, олардың тәсілдері мен процедураларын, жүйелі және қолданбалы программалық жасақтамаларын қамтитын жүйе; кейбір топтағы мәселелерді шешуге арналған мәліметтерді автоматтандырылған өңдеудің программалық жасақтамасымен үйлесетін есептеуіш машиналар мен құрылғылардың жалпы жиынтығы.
143. Бағдарламалық серверлер және клиенттер.
Сервер. Клиент – сервер архитектурасы (client-server architecture) — бұл ақпараттық желінің концепциясы, онда оның ресурстарының негізгі бөлімі өз клиенттерін қамтамасыз ететін серверлерде ойы жинақталған (2-сурет). Қарастылып отырған архитектура екі түрлі компоненттерді анықтайды: серверлер және клиенттер.
Сервер — бұл басқа желілік объекттерге олардың сұранысы бойынша с Сервер клиенттердің тапасырмасы бойынша жұмыс істейді және олардың тапсырмаларының орындалуын басқарады. Әрбір тапсырма орындалғаннан кейін, сервер бұл тапсырманы жіберген клиентке алған шешімдерін жібереді.
Клиент — сервер архитектурасында серверлік функция қолданбалы программалар комплексімен сипатталады, және олар әртүрлі қолданбалы процесстермен орындалады.
Барлық желіні пайдаланушылар қол жеткізе алатын компьютерлердің қорларына желі бойынша басқа компьютерлерден түсетін, ылғи да сауалдарды күту тәртібінде тұратын модульдерді қосу қажет. Әдетте, мұндай модульдердің негізгі мақсаты өз компьютерінің қорларына рұқсат алу сауалдарына қызмет көрсету болғандықтан, бағдарламалық серверлер (server) деп аталады. Пайдаланушылары басқа компьютерлердің қорларына рұқсат алғысы келетін компьютерлерде, сонымен қатар операциялық жүйеге арнайы бағдарламалық модульдерді қосу керек. Жойылған қорларға рұқсат алатын сауалдарды өндіру керек және оларды желі бойынша қажетті компьютерге тапсыру керек. Мұндай модульдерді әдетте бағдарламалық клиенттер (client) деп атайды.
«Клиент» және «сервер» терминдері бағдарламалық модульдерді белгілеу үшін ғана қолданылмайды, сонымен қатар желіге қосылған компьютерлер үшін де қолданылады. Егер компьютер өз қорларын желідегі басқа компьютерлерге пайдалануға берсе, онда ол сервер деп аталады, ал егер оларды тұтынса, клиент болады. Кейде бір компьютер бір уақытта сервердің де, клиенттің де рөлін атқара алады.
Желідегі компьютерлер арасында функцияларды тарату көзқарасы тұрғысында барлық желілерді екі топқа бөлуге болады:
Біррангілі желілер – тең дәрежелі (желіге қол жеткізу көзқарасынан) компьютерлерден тұратын желі.
Серверлер негізіндегі желілер, онда тек қана желілік функциялармен шұғылданатын белгіленген (dedicated) серверлер бар. Белгіленген сервер жалғыз немесе олар бірнеше болуы мүмкін.

144. Модуляцияның цифрлық (дискретті) әдістері.


Ақпараттық сигналдар шектеулі диапазон шегінде кейбір шамалар мәндерінің сансыз мөлшерін көрсете алады.

Цифрлі (дискретті) сигналдар мәндердің біреуіне немесе түпкілікті жиынтығына ие бола алады.


Аналогты сигналдар бұрмалануға икемді, есесіне деректерді кодерлеу мен декодерлеу цифрлі сигналдар үшін қарапайым жүзеге асады.
Беруші құрылғы үзіліссіз хабарламаларды немесе таңбаларды байланыс линиясы бойынша ыңғайлы өтуі үшін сигналдарға түрлендіреді. Символдардың сигналға түрлену үдерісі модуляция, ал кері түрлендіру үдерісі демодуляция деп аталады. Оларды жүзеге асырушы құрылғылар: модулятор және демодулятор. Модулятор мен демодулятор модем деп аталады.
ЭЕМ келіп түсетін цифрлі деректер модулятор – демодулятор көмегімен аналогты формаға түрленеді.

145. Сигнал мен арнаның ақпараттық сипаттамалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет