«Мәліметтер қорының теориясы» пәнінен емтихан сұрақтары: Мәліметтер қоры теориясының негізгі ұғымдары


Реляциялық алгебра. Таңдау, проекцияны құру амалдары. Қосу (жалғау) амалы. Бөлу, меншіктеу амалы



бет8/15
Дата05.09.2022
өлшемі1,26 Mb.
#148753
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
«Ì?ë³ìåòòåð ?îðûíû? òåîðèÿñû» ï?í³íåí åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Ì?ë³ìåò
Әлеуметтану пр 5 презантация, Әлеуметтану пр 5 презантация, «мейірбике ісі негіздері» П ні бойынша мейірбикелік технологияла, коууууууч, 00031f94-1ff4cfbc, ББЦ СРСП-1 Ерікқызы Мадина, 5 сынып әдебиет 3-тоқсан, Ұстаздар -ұлы тұлғалар, СӨЖ 1
Реляциялық алгебра. Таңдау, проекцияны құру амалдары. Қосу (жалғау) амалы. Бөлу, меншіктеу амалы.
Таңдау амалы бір кестеден көрсетілген шартқа сәйкес келетін жазбаларды іріктеп алып, екінші кестені құруға қолданылады.
Проекцияны құру амалы кестеден жаңа кестені құру үшін қажетті бағандарды таңдап алуға мүмкіндік береді. Проекцияны құру амалы келесі тәртіппен жазылады.
Кестенің атауы. [баған, баған, . . . , баған]
Қосу (жалғау) амалы кестелердің арасындағы мәліметтерді байланыстыру үшін қолданылады. Бұл амал келесі түрде жазылады:
Жалғау үшін кестелердің бағандары бірдей болуы тиіс.
Жалғау амалын орындау кезінде келесі әрекеттер орындалады:
1) Бастапқы кестелердің көбейтіндісі анықталады;
2) Алынған көбейтіндіден ортақ бағандардың мәндері бірдей болатын жолдар таңдап алынады;
3) Жобалау кезінде алғашқы кестенің ортақ бағандары алынып тасталады.
Жалғаудың үш түрі болады:
- табиғи (қарапайым) жалғау;
- тэта – жалғау;
- сыртқы жалғау.
Бөлу амалы бір кестенің ішінен екінші кестенің әрбір жолына сәйкес келетін жолдарды таңдап алу арқылы жаңа кестені құруға мүмкіндік береді
Меншіктеу амалы реляциялық алгебраның алдыңғы амалының нәтижесіне қандай да бір атау меншіктейді.
18.Реляциялық мәліметтер қорын жобалау. Қалыпқа келтіру(Нормаль формалар)
Реляциялық МҚБЖ-ларда мәліметтер сөздігі реляциялық кестелер жинағы түрінде.
Сөздік/каталог мәліметтердің анықтамаларын мәліметтердің өзінен бөлек түрде қолдауға мүмкіндік береді, сол арқылы мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді қорғау мәліметтерге рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау мақсатында парольдауды, кодтауды (шифрлеу) және мәліметтердің кейіптеулерін құруды қамтамасыз етеді.Мәліметтерді деңгейіндегі тұтастық мен қарама-қайшылықсыздық мәліметтер элементтерінің мәніне шектеулер қоюмен, сондай-ақ мәліметтер қорына өзгерістер енгізу кезінде резервтік көшірмелерді автоматты түрде құру арқылы қамтамасыз етіледі. Нормаль формалар.
Реляциялық мәліметтер қорында әрбір кестеге тағы да бір шарт қойылады: кестелер қалыпқа келтірілген, яғни дұрыс қалыптастырылған (normalization) болуы қажет. Бұл мәліметтер қорындағы информацияның қайталануын және де басқа қайшылықтардың болуынан сақтайды.
Мәліметтер қорындағы атрибуттар негізгі екі талапқа сай болуы керек:
кестедегі атрибуттар арасында қажет емес функционалдық тәуелділік болмауы керек;
атрибуттарды топтастыру информацияның қайталануын болдыртпай, базадағы мәліметтерді өңдеу мен жаңартуды жеңілдетуі тиіс.
Бұл талаптар мәліметтер қорының кестелерін дұрыс қалыптастыру, яғни нормальдау арқылы қанағаттандырылады. Кестелерді қалыптастыру – мәліметтер қорындағы барлық информацияны өзара байланыстағы, жеке, қарапайым кестелерге жіктеу дегенді білдіреді. Осы кезеңде атриуттар арасындағы барлық функционалдық тәуелділіктер анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет