«МӘліметтерді талдау және экономиканы болжау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет3/122
Дата20.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#103840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Байланысты:
Анализ данных и эконом прогноз каз

1. ТҮСІНІК ХАТ
Пәнді оқыту мақсаттары: Экономикалық үрдістердің статистикалық мәліметтерін талдау және болжау әдістері экономикалық теорияның күнделікті өмірдегі негізгі даму бағытын құрайды. Бұл курстың негізгі мақсаты экономист-студенттерге бүгінгі таңдагы микро-макроэкономика деңгейіндегі шешім қабылдау және әлеуметтік экономикалық дамуды болжау үшін экономикалық көрсеткіштерді талдаудың негізгі әдістерін көрсету.

Пәнді оқытудың міндеттері:

-Пәнді оқыту барысында студенттер экономикадағы мәліметтерді талдау принциптерін жете түсіну, экономикалық көрсеткіштерді болжаудың негізгі тәсілдерін, олардың статистикалық мәліметтердің заңдылықтарына байланысты модельдерін тұрғызу және болжаудың сенімділік интервалдарын анықтау арқылы болжам дәлдігін негіздеу әдістерін білуге үйрету.

-Сонымен қатар экономикалық көрсеткіштердің сандық және сандық емес мөлшерлік талдаудың негізгі әдістерін игереді, атап айтсақ, баяндаушы статистика әдістері және жобалық бағалау, корреляциялық, дисперсиялық, факторлық, кластерлік, дискриминанттық талдаулар, экономикалық көрсеткіштерді жобалаудың негізгі жолдарын арнаулы қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет