Мелиориациялау жұмыстар кезінде істейді


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет4/7
Дата08.06.2020
өлшемі100,99 Kb.
#72674
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ТРАКТОР 11 ко 21 мех

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

 

1.      Трактордың гидравликалық жүйесі қандай қызмет атқарады?



2.      Гидрожүйенің құрылысын түсіндіріңіз!

3. Гидрожүйені қандай қалыпта жұмыс істей алады?

4. Насостың, тартқыштың және гидроцилиндрдің жұмысын айтып беріңіз!

5. Аспалы механизмді ТРАКТОРга бекітудің қандай түрлері бар ?

6.  Тракторлардың жұмыс жабдықтары не үшін қажет?

7 Жұмысшы жабдықтармен қандай жұмыстар атқарылады?

8. Қандай құралдарды жұмысшы жабдықтар деп атаймыз?

9. Гидрожүйенің құрылысын түсіндіріңіз.

10. Гидрожүйені қандай қалыпта жұмыс істей алады?

11. Насостың, таратқыштың және гидроцилиндрдің жұмысын айтып беріңіз.

 12. Қуат алу білігінің қызметін айтып беріңіз.

13. Тәуелді куат алу білігін қай кезде қолданады?

14. Тәуелсіз қуат алу білігінің жұмысына талдау жасап беріңіз.

Оқулық тақырыбы


Тракторлар мен автокөліктердің жұмыс және көмекші жабдықтары

  Тракторлар ауыл шаруашылығы дақылдарын күтiп-баптау үшiн алуан түрлi жұмысты сонша түрлi ауыл шаруашылығы машиналарымен iске асырады. Ал ауыл шаруашылығы машиналарының әрқайсысына әр түрлi жағдай керек, яғни оның бiреуi тек тарту күшiн ғана керек ететiн болса (транспорт жұмыстары), басқасы тек тарту күшiн ғана емес, оның жұмыс кезiнде трактормен салыстырғандағы қалпын өзгертiп отыруды қажет етедi (плугтар, сепкіштер және т. б.). Тiптi оларды жұмыс қалпынан тасымалдау қалпына немесе керiсiнше өзгертудi қоспағанда, жұмыс кезiнде олардың жүрiс қалпын да (өңдеу терендiгi, тұқым себу тереңдiгi және т. с. с.) өзгертiп отыру қажет болады. Осылармен қоса, кейбiр машиналардың жұмысшы мүшелерiн қозғалысқа келтiру керек (шөп шабатын және өнiм жинайтын машиналар немесе активтi жұмыс мүшелерi бар жер өңдейтiн, тұқым шашатын машиналар). Осындай қыруар машиналармен жұмыс iстеуi үшiн тракторлар әр түрлi жұмысшы жабдықтармен жабдықталады.

  Трактордағы жұмысшы жабдықтарға гидрожүйесi бар аспалы механизм, жер өңдеу тереңдiгiн автоматты түрде реттеп отыратын қондырғы, жетекшi дөңгелекқа қосымша күш тудыратын құрал және қуат алатын жабдықтар кiредi. Бұлардың әрқайсысы әр түрлi қызмет атқарады.

  Гидрожүйесi бар аспалы механизм тракторға тiркелетiн аспалы машинаны тiркеуге қолданылады. Жұмыс кезiнде сол аспалы механизм арқылы трактор ауыл шаруашылыры машинасына тарту күшiн бередi, ал гидрожүйенiң көмегiмен сол машиналардың жұмыс жағдайына байланысты қалпын өзгертiп тұрады. Жұмыс кезiңде аспалы машинаны жер бетiне түсiредi, яғни жұмыс калпына келтiредi. Жұмыс аяқталган соң немесе загонның бас-аяғында агрегатты бұрған кезде машинаны жер бетiнен көтерiп, жол жүру калпына келтiредi. Тiптi кейбiр машиналармен жұмыс атқарған кезде олардың жұмысшы мүшелерiн зорлап жерге кiргiзедi.

  Аспалы механизмде қолданылатын гидрожүйемен кейбiр гидрофикацияланған ауыл шаруашылығы машиналарының жұмысшы мүшелерiн де басқарады. Алым енi өте үлкен кейбiр машиналарды аспалы механизммен басқару өте қиын болады, ал сондай машиналарды трактормен тiркемелi түрде жалғастырады да, олардың жұмысшы мүшелерiн арнаулы гидроцилиндрмен басқарады. Мұндай машиналарға тұқым себетiн сепкіштер, жер қыртысын өңдейтiн аршығыштар, культиваторлар, тырмалар және т. с. с. машиналар жатады.

  Жер өндеу кезiнде, көбiнесе соқалармен жер жыртқан кезде, олардың өндеу терендiгiн тұрақты мөлшерде ұстап отырудың агротехникалық шаралар үшiн үлкен маңызы бар. Себебi, өндiрiлетiн өнiм осындай өңдеу сапасына көбiнесе байланысты болады. Жер өңдеу терендiгiн тұрақты ұстап тұратын алуан түрлi қондырғылар пайдаланылады, себебi тракторшының трактор кабинасында отырып бұл жұмысты атқаруы мүмкiн емес. Жер өндеудiң тереңдiгiн тұрақтандыратын қондырғылар негiзгi екi құбылысты пайдаланады. Бiрiншi — күш өзгерiсi, екiншiсi — орналасу қалпының өзгерiсi, яғни өңдеу тереңдiгi өзгерген кезде сол машинаны сүйрейтiн күш немесе трактормен салыстырғандағы оның орналасу қалпы өзгередi. Ал жер өңдеу тереңдiгiн тұрақты ұстайтын қондырғылар өзгерген шаманы бұрынғы қалпына келтiредi, яғни тереңдiктi тұрақтандырады.

  Дөңгелекті тракторларда, оның жетекшi дөңгелектерына қосымша күш тудыратын қондырғылар пайдаланылады. Себебi ауыр жұмыс iстеген кезде олардың жетекшi дөңгелектерінің сырғуы қалыпты мөлшерден асып кетедi. Дөңгелекті тракторлар үшiн сырғанау мөлшерi 18%-тен аспауы тиiс. Осы көрсетiлген сырғанау мөлшерi дөңгелектің жер бетiмен iлiнiсу күшiне байланысты, ал iлiнiсу күшiнiң шамасы дөңгелекқа тiк бағытта қанша күш, яғни трактордың қанша салмағы түсiп тұрғандығына тiкелей байланысты. Жетекшi дөңгелекқа түсетiн трактордың салмақ күшi артқан сайын оның топырақпен iлiнiсу күшi артады да, сырғанау мөлшерi азаяды.

  Дөңгелекті тракторлардың жүрiс бөлiгi екi түрлi етiп жасалатындығы жоғарыда айтылған, яғни барлық төрт доңғалағы (4х4) немесе төртеудiң екеуi ғана (4х2) жетекшi дөңгелек болады. Осы түрлерiне қарай жетекшi дөңгелектерге түсетiн трактор салмағы да әр түрлi болады. Барлык дөңгелектер жетекшi болған жағдайда оларға трактордың барлық салмағы түседi, яғни барлық салмақ күшiн дөңгелектің топырақпен iлiнiсу күшiне жұмсай алады. Ал трактордың екi-ақ дөңгелегі жетекшi болған жағдайда, оның салмағының орта есеппен 70...75% ғана жетекшi  дөңгелектерге  түседi, яғни мұндай жардайда олардың сырғанауы артады.

  Дөңгелекті тракторлардың жетекшi дөңгелектеріне косымша күш түсiретiн арнаулы қондыррылар қолданылады.

  Жетекшi дөңгелектерге қосымша күш түсiретiн қондырғылардың негiзгi жұмыс принципi, барлык агрегаттың салмағын қажеттi максатқа қарай бөлiп тарату негiзi пайдаланылады. Ол үшiн қажет кезiнде аспалы машинаның салмағын жетекшi дөңгелекқа түсiредi де, сырғанау мөлшерi азайған соң Дөңгелекті қосымша салмақтан босатады. Осылайша автоматты түрде жетекшi дөңгелекқа түсетiн күштi реттеп отырады. Бұл қондырғы да гидрожүйемен жабдықталады және ол негiзгi гидрожүйемен жалғастырылған.

  Ауыл шаруашылығы тракторларында осы жоғарыда айтылған жұмысшы жабдықтармен қоса қуат алатын жабдықтар пайдаланылады. Себебi, көптеген тiркемелi немесе аспалы саймандардың жұмысшы мүшелерiн қозгалысқа келтiру керек. Көбiнесе, жер өңдейтiн машиналардың iшiнде активтi жұмысшы мүшелерi бар культиваторлардың, шөп шабатын машиналардың, тыңайтқыш шашқыштардың, жүгерi, қызылша, картоп жоне сол сияқты өнiмдердi жинайтын комбайндардың жұмысшы мүшелерiне қуат беретiн арнаулы двигательдер койылмайды, ал оларды трактор двигателiмен жалғасқан куат алу бiлiгi арқылы козгалысқа келтiредi.

  Осындай қуат алатын бiлiктердi орналасуына қарай бiрнеше түрге бөледi: артта, алда және жанында орналасқан куат алу бiлiктерi. Оның үстiне қуат алу бiлiктерiнiң айналыс жылдамдығы онымен жалғасатын машинаның талабына сай келуге тиiс. Сондықтанда айналыс жылдамдықтары әр түрлi болатын куат алу бiлiктерi болады.

  Қуат алу бiлiгiнен қозғалыс алатын ауыл шаруашылығы машиналарын екi топқа бөлуге болады: бiрiншi топқа жұмысшы мүшелерiнiң айналыс жылдамдығы агрегаттың қозғалыс жылдамдығына байланысты машиналар (фрезалар, өнiм жинайтын комбайндар), ал екiншi топқа жұмысшы мүшелерiнiң айналыс жылдамдығы агрегаттың қозғалыс жылдамдығына байланысты өзгеретiн машиналар (сеялкалар, тынайтқыш шашқыштар). Осыларға байланысты қуат алу бiлiгiн байланыссыз және байланысты бiлiктер деп екi түрге бөледi. Олардың ерекшелiгiне толық түсiнiк берiледi.

  Әмбебап-қатараралық тракторлар тек егiншiлiкте ғана емес, онымен қоса мал шаруашылығында да жұмыс iстейдi. Мал шаруашылығын механикаландыру үшiн қолданылатын кейбiр машиналар жалпақ немесе сына тәрiздi белдiктi берiлiстермен қозғалысқа келтiрiледi. Осыған байланысты тракторлар да қозғалыс беретiн қосымша шкивтермен жабдықталады. Олардың да трактор артында немесе жанында орналасатын түрлерi бар.

  Ендi осы жоғарыда айтылған жұмысшы жабдықтардьщ жұмыстары мен түрлерiне жеке-жеке тоқталамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет