Мемлекет және қҰҚЫҚ туралы жалпы түсініік


Мемлекет пен құқықтың арақатынасы



бет4/8
Дата16.10.2023
өлшемі192 Kb.
#185767
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-97027
stud.kz-31784, stud.kz-104111, 1070000.pptx, stud.kz antiplagiat 123252
1.3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы
Мемлекет пен құқық ажырамас ұғым. Өйткені бірі-бірінсіз қолданыста бола алмайды. Мемлекет бар жерде құқық ұғымы болады. Құық бар жерде мемлекет орнайды. Осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.
Біріншісі – этатистік; бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қарағанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады. Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды жəне құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бекітті.
Алайда, аталған мəселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл бағыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығына, яғни, олардың арасында функционалдық
___________________


7 Cәкен Өзбекұлы, Ө. Қопабаев. Мемлекет және құқық теориясы, 2006.
байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмау-ға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге жəне мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді:
1) құқықшығармашылық қызметті жүзеге асырудан. Тура мағынада бұл мемлекеттің құқық нормаларын орнықтыратынын білдіреді;
2) тіккелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялауымен сипатталды;
3) іс жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүріс-тұрысты заңды міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, əдет құқығы осылай қалыптасады;
4) құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пайдаланудың мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес;
5) мемлекет құқықты жəне құқықтық қатынастарды қорғауды қамтамасыз етеді;
6) мемлекет құқықтың əлеуметтік кеңістікке таралуына жəрдемдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын құқыққа сəйкес əрекет жасауға міндеттейді.
Құқықтың мемлекетке əсері мыналардан көрініс табады:
1) құқық мемлекеттің халықпен, жекелеген тұлғамен өзара қарым-қатынастарына əсер етеді; мемлекет азаматтарға құқықтық талаптар шегінде əсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемлекетке құқықтың көмегімен əсер етеді;
2) құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады, мемлекеттің қорғау жəне мəжбүрлеу шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз
етеді;
3) құқық арқылы мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтардың жеке өміріне араласудың шектері анықталады;
4) құқық ұлттардың ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым-қатынасына əсерін тигізеді; [9]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет