Мемлекет және қҰҚЫҚ туралы жалпы түсініік



бет7/8
Дата16.10.2023
өлшемі192 Kb.
#185767
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-97027
stud.kz-31784, stud.kz-104111, 1070000.pptx, stud.kz antiplagiat 123252
ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен курстық жұмысымды қорытындылай келе, мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.


Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді:
1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.
2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.
3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы – шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.
4.Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.
Ал құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.
Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды.
Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.б
Соңында айтарым, мемлекет пен құқық айырылмас жүйе. Олар бір уақытта пайда болып, бірге дамып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет