Мемлекеттің типологиясы



Дата07.02.2022
өлшемі20,26 Kb.
#93375
Байланысты:
құқық 4тапсырма



Мемлекеттің типологиясы (кейіптері) – бұл белгілі, тарихи ерекшеленген топтағы мемлекеттерге тән жалпы белгілерінің жиынтығы.

Мемлекет нысаныдары

Мемлекеттің нысаны - мемлекеттік биліктің қалыптасу, бөліну және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы, мемлекеттік билікті ұйымдастыру және оның құрылымы.
Мемлекет нысаны, бұл – мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру мен ұйымдастырудың белгіленген тәртібі, мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен, мемлекет нысаны негізгі 3 элементтен түзіледі:
Мемлекетті басқару нысанынан
Мемлекеттің құрылым нысанынан
Мемлекеттік, саяси тәртіп нысанынан



Мемлекетті басқару нысаны

Мемлекеттік басқарудың нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика деп екі түрге бөлінеді.


Монархия — жоғарғы мемлекеттік билік өмір бойы бір ғана басшының, яғни, монархтың (патша, шаһсұлтанханхалифкорольимператор, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару формасы.


Республика — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын, не болмаса өкілдік мекемелері құратын басқару формасы. Бұл басқару формасында жоғарғы органдар сайлаушылардың алдында барлық жауапкершлікті алады.



Мемлекеттің құрылым нысанын

Мемлекеттік құрылым нысаны -кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі. Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекет
унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып жіктеледі. 
Унитарлық мемлекет әкімшілік аймақтарға ғана бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады. Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады. Бірақ унитарлық мемлекетте де автономиялық мемлекеттік құрылым мәртебесіндегі аймақ болуы мүмкін.
Федерация - бірнеше бәлек мемлекеттерден құрылған одақ. Одақтың ортақ конституциясы, басшысы, органдары, әскері болады. Федерация ұлттық, аумақтық не аралас (ұлттық-аумақтық) негізде құрылады.
Конфедерация - екі немесе одан да көп мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып, қандай да бір (мысалы, экономикалық) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді шарт бойынша одақтасуы. Конфедерация мүшесінің кез келген уақытта одақтан шығуға құқы бар.



Мемлекеттік, саяси тәртіп нысаны

Саяси тәртіп нысаны- саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады. Осыған байланысты қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы деп екіге бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет