Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы


Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидалары



бет2/5
Дата01.03.2022
өлшемі107 Kb.
#133854
1   2   3   4   5
Байланысты:
memlekettik

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар оқу-тәрбие процесін және ғылыми зерттеулерді барынша толық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін мектептер (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдары кітапханаларының ақпараттық ресурстарды және кітапхана қорларын қалыптастыру саласындағы жұмысының мазмұнын белгілейді.
3. Қағидалардың Ережелерін мемлекеттік білім беру ұйымдары қолданады.
4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) ауыстырылатын қор – кітапханалармен, ақпарат орталықтарымен құжаттар алмасуға, ақысыз беруге және/немесе оларды ұйымдарға және жеке тұлғаларға сатуға арналған қор;
2) жеке (сараланған) есеп – қорға түскен немесе одан шығарылатын құжаттың әрбір бөлек данасын немесе құжаттың әрбір атауын есепке алу нысанына тіркеу процесі;
3) жиынтық (ықпалдастырылған) есеп – кітапхана қорына бір ілеспе құжат: шот-фактура, жүкқұжат, акт бойынша топпен, лекпен түсетін немесе одан шығарылатын кітапхана қорын есепке алу түрі;
4) қор – кітапхананың, ақпарат орталығының міндеттеріне және бейініне сәйкес пайдалануға және сақтауға арналған құжаттардың реттелген жиынтығы;
5) қорды қалыптастыру – қорды жинақтау, есепке алу, ұйымдастыру, құжаттарды алып тастау, сондай-ақ қорларды басқару процестерінің жиынтығы;
6) қорды ұйымдастыру – құжаттарды қабылдау, есепке алу, техникалық өңдеу, орналастыру және сақтау процестерінің жиынтығы;
7) қорды жинақтау – кітапхананың, ақпарат орталығының міндеттеріне сәйкес келетін құжаттарды анықтау, іріктеу, тапсырыс беру, сатып алу, алу және тіркеу процестерінің жиынтығы;
8) қорды пайдалану – пайдаланушылардың кітапхана қорында бар құжаттарды пайдалану дәрежесінің жалпыланған сипаттамасы;
9) қорды сақтау – қорда сақталатын құжаттардың тұтастығы мен нормативтік физикалық күйін қамтамасыз ету;
10) қосалқы қор – аса жиі сұралатын құжаттардан тұратын, оқырман сұраныстарын тезірек қанағаттандыру үшін кітапхананың, ақпарат орталығының қызмет көрсету бөлімдеріне жақындатылған қор;
11) құжат (әдебиет) – сақтау және қоғамдық пайдалану мақсатында уақытта және кеңістікте беруге арналған мәтін, дыбыс жазу немесе кескіндеме түріндегі ақпарат тіркелген материалдық объект;
12) негізгі қор – кітапхананың, ақпарат орталығының бейіні бойынша құжаттардың негізгі көлемі енгізілген, пайдалануға және сақтауға арналған қор;
13) оқулықтар қоры – оқу процесін қамтамасыз ету үшін ұсынылған, құрамына басылымдарды түрі мен даналылығына қарамастан қамтитын мамандандырылған қосалқы қор. Оқулықтар қоры мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қалыптастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет