Мемлекеттік борыш және оны басқару


Қаржылық тетік әсері (ҚТӘ)



бет9/9
Дата10.06.2020
өлшемі0,58 Mb.
#72880
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Саида 13 билет
Сыдыкбекова Р.К.-8, Сыдыкбекова Р.К.-8
Қаржылық тетік әсері (ҚТӘ) – бұл, фирма активтерінің экономикалық рентабельділігі несие бойынша пайыздық мөлшерлемеден жоғары болған жағдайда, несиелік құралдарды пайдалану барысында алынатын өзіндік құралдар рентабельділігінің өсімі.

мұндағы ӨҚР – өзіндік құралдар рентабельділігі;

ЭР – экономикалық рентабельділік;

ҚТӘ – қаржы тетігінің әсері деп пайымдауға болады.

Қаржы менеджментінде қаржылық тетіктің әсерін есептеудің және анықтаудың екі концепциясы бар. Бұл концепциялар қаржы менеджментінің әр түрлі мектептерінде пайда болды.

Батысеуропалық концепция қаржылық тетік әсерін несиелік капиталды пайдалану арқылы алынатын, өзіндік капиталдың таза рентабельділігіне өсім ретінде тұжырымдайды.



Қаржылық тетік әсерін бірінші концепция бойынша есептеу мына формуламен анықталады:

мұнда (ЭР – ПОЕМ) – дифференциал;

ПОЕМ – пайыздың орташа есептік мөлшерлемесі;

НК/ӨК – тетік иіні


Қаржылық тетікті есептеудің американдық концепциясы қаржылық тетіктің әсер ету күшін (DFL), бір қарапайым акцияға ИПНН өсіміне шаққандағы таза табыстың өсімі түрінде қарастырады, яғни бұл әсер ИПНН өсімі есебінен алынған таза табыс өсімін білдіреді:

мұнда %н – өзіндік құнға жатқызылатын несие бойынша пайыздардың сомасы.
Бұл формула, қарызға алынған капиталды пайдаланумен байланысты туындайтын қаржылық тәуекел деңгейін көрсетеді, сол себепті қаржылық тетік әсерінің күші неғұрлым жоғары болса, берілген кәсіпорынмен байланысты қаржылық тәуекел де соғұрлым жоғары болмақ:

- банкирлер үшін – несиені өтемеу тәуекелі жоғарылайды;

- инвестор үшін – дивидендтер мен акциялар бағамының төмендеу тәуекелі жоғарылайды.

Сонымен, әсерді есептеудің бірінші концепциясы несиенің қауіпсіз шамасы мен шарттарын анықтауға мүмкіндік берсе, екінші концепция қаржылық тәуекел дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді және кәсіпорынның жиынтық тәуекелін есептеуде қолданылады.

Өндірістік-қаржылық тетік өндірістік және қаржылық тетіктердің жиынтық әсерлерін бағалайды. Бұл жерде кәсіпорын тәуекелдерінің мультипликациясы болады.

Батыс-еуропалық концепция өзіндік капитал (ӨК) рентабельділігіне әсер ететін факторлар жөнінде көбірек ақпарат береді және қарызға алу жағдайында несиелік капиталдың (НК) қауіпсіз шамасы қандай болуы керек деген сұраққа жауап беруге көмектеседі, ал американдық модель тәуекелдің жиынтық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін, қаржылық және операциялық тетіктердің байланысқан әсерлерін есептеуге мүмкіншілік береді.



Жиынтық (құрама) тетік, жиынтық тетік күші (DTL). Операциялық және қаржылық тетіктердің байланысқан әсерінің деңгейі келесі формула бойынша есептеледі:

мұнда ОТӘК – операциялық тетік әсерінің күші,

ҚТӘК – қаржылық тетік әсерінің күші
Берілген формула бойынша есептеудің нәтижелері кәсіпорынмен байланысты жиынтық тәуекелдің деңгейін көрсетеді және өткізу көлемі (немесе сатылымдардан түсім) өзгергенде акцияға шаққандағы таза пайда неше пайызға өзгереді деген сұраққа жауап береді.

Операциялық және қаржылық тетіктерді өткізуден түскен табыста тұрақты элементтің болуы біріктіреді. Бірінші жағдайда – бұл тұрақты шығындар, екіншісінде – бұл несие беру келісім-шартындағы шарттармен анықталған пайыздар.

Қаржылық менеджмент тұрғысынан алғанда кәсіпорынмен байланысты тәуекелдердің негізгі екі көзі бар: дайын өнімге, шикізатқа және басқа да ресурстарға сұраныс пен бағаның тұрақсыздығы, сонымен бірге әрдайым бола бермейтін шығындардың белгіленген сомасы мөлшерінен асырмау мүмкіндігі.

Аталған факторлар нақты бизнеспен байланысқан тәуекелді текшенің операциялық тетігіне; - несиелеудің қаржылық шарттарының тұрақсыздығына, қарапайым акция иегерлерінің кәсіпорынды жою жағдайында (несие құралдарының деңгейі жоғары кәсіпорындар болған кезде) тиісті өтемақы алатындығына сенімсіздігіне таратады (генерациялайды).

Жиынтық тәуекелді төмендету міндеті үш нұсқаның біреуін таңдауға келіп саяды:

- қаржылық тетіктің жоғары деңгейін әлсіз операциялықпен үйлестіру;

- қаржылық тетіктің төмен деңгейін күшті операциялық тетікпен үйлестіру;

- қаржылық тетік пен операциялық тетіктің біркелкі деңгейлері.


Тетіктердің байланысқан әсері формулаларын:

- кәсіпорынмен байланысқан тәуекелдің жалпы деңейін бағалау үшін;



- тәуекелдің жиынтық деңгейінің қалыптасуында кәсіпкерлік пен қаржылық тәуекелдердің үлестерін анықтау үшін;

- өткізуден түскен табыстың белгілі бір пайыздық өзгерісі кезінде бір акцияға шаққандағы таза табыс (берілген дерек жиі дивидендтік саясатта қолданылады) қандай болады деген сұраққа жауап беру үшін пайдалануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет