Мемлекеттік борыш және оны басқару


Мемлекеттік борышты басқарудың әдістері



бет2/9
Дата10.06.2020
өлшемі0,58 Mb.
#72880
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Саида 13 билет
Сыдыкбекова Р.К.-8, Сыдыкбекова Р.К.-8
Мемлекеттік борышты басқарудың әдістері

Мемлекеттік борышты басқарудың әлемдік практикасы сонымен бірге мынадай әдістерді қарастырады: қайта қаржыландыру, жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, кемімелі арасалмақ бойынша облигацияларды айырбастау, қарызды өтеудің мерзімін ұзарту, мемлекеттік борыштан бас тарту.



Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінен өтеуді білдіреді. Бұл ретте, бұрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей құндық арасалмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі.

Жаңғырту деп бұрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыстар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыздық облигацияларды сатып алудағы халықтың мүдделігін күшейту мақсатымен істейді.

Мерзімді ұзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады.

Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік борышты басқаруды оңайлатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет