Мемлекеттік бюджет



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#95618
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
макроэкономика 9
философия 5, макроэкономика 5, 000745ca-e5a1c15c, 7 класс 39 сабак литература

Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет