Мемлекеттік бюджет


Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау үдерісі



бет2/6
Дата06.02.2022
өлшемі164,57 Kb.
#81046
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лекция бюджет (2)
лекция бюджет (2), sabaq-kz attachment tuelszdk-tregm-azastan-zhregm, 427970852-Мінезді-тәрбиелеудің-этнопсихологисы-Елибаева-Алма-docx, Мен қалай тамақтанамын? Дүниетану қмж, сайыс Айбала, 10 класс СОЧ за 1 четверть

Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау үдерісі.


Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады: 1.кірістер: Салықтық түсімдер; Салықтық емес түсімдер; Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; Ресми трансферттер түсімдері; 2.шығындар; 3.операциялық сальдо; 4.таза бюджеттік кредит беру: Бюджеттік кредиттер; Бюджеттік кредиттерді өтеу; 5.қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо: Қаржы активтерін сатып алу; Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер; 6.бюджет тапшылығы (профициті) ; 7.бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): Қарыздар түсімі; Қарыздарды өтеу; Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы
Мемлекеттік бюджет жүйесі бірнеше принциптерге негізделеді:
1) бірлік принципі – ҚР-сы территориясында бірыңғай бюджет заңдылығын, дербес бюджет сыныптамасын қолдану;
2) толықтылық принципі – бюджеттер мен Ұлттық қорға келіп түсетін барлық түсімдер мен шығыстардың заңдық тәртіпте көрініс табуы;
3) шынайылық принципі – бюджет параметрлерінің экономика-ның ағымдық жағдайының көрсеткіштеріне, Қазақстан Республика-сының және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері мен бағыттарына сәйкес келуі;
4) ашықтылық принципі – бюджет заңдылығы аясындағы нормативтік-құқықтық актілерді міндетті түрде жариялау;
5) дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында алдын-ала қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының қадағалауы;
7) тиімділік принципі – бюджет құралдарын аз көлемде қолдана отырып ең жақсы нәтижеге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджетті нақты іске асыру;
8) жауапкершілік принципі – бюджет заңдылығын бұзғаны үшін бюджет үдерісіне қатысушыларды жауапкершілікке тарту;
9) бюджеттердің дербестілігі принципі - әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы түсімдердің тұрақты түрде бөлінуін қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет