Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлік қызметінің негіздері Мемлекеттік емес заңды тұлғалар



бет3/4
Дата06.10.2022
өлшемі20,3 Kb.
#151899
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ22 (копия)

1.Еншілес ұйым
2.Тәуелді акционерлік қоғам

Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады.
Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады.
Заңды тұлғаның қайта құрылу тәртібі
Азаматтық кодекстің 45-бабының 3-тармағында көрсетілген. Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.
Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне тиісті жазба жасалғаннанн кейін заңды тұлғаның таратылуы аяқталады, ал заңды тұлғаның өмір сүруі тоқтатылады деп есептеледі.
Банкроттық.
Азаматтық кодекстің 57-бабы. Банкроттық – борышкердің сот шешімімен танылған оны тара- туға негіз болатын дəрменсіздігі. Дəрменсіздік ретінде ақшалай міндеттемелер бойынша кредиторлардың талабын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуге, салық жəне бюд- жетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына əлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз етуге борышкердің сот белгілеген қабілетсіздігі танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет