«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі»


Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұран авторлары



бет8/14
Дата07.02.2022
өлшемі130,01 Kb.
#92100
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Ертайқызы Ботакөз тарих СӨЖ 26.10.2020-01.11.2020

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұран авторлары:
Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев
Әні:Шәмші Қалдаяқов
Әнұранның қасиетті және шын сөзді , серт сөзді құрастыру үшін тарихи шынайлық нышпандық пен көрегенділік сезімі талап етіледі . 1956 жылдың өзінде тың игеру кезінде жазылған « Менің Қазақстаным » әні дәл осындай нышан әнге айналған . Бұл әнді барлығы біледі және өзінің рухани жағынан да бәріне жақын болып табылады . Мемлекеттік әнұран – бұл рухани жалау . Ол біздің ежелгі және тамаша жерімізде ізгілік , бейбітшілік пен келісім үшін достық пен бірлікке үндейді .

Әнді мемлекеттік әнұранның мәртебесіне сәйкестендіретін өзгерістер енгізілген « Менің Қазақстаным » 2006 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының әнұранына айналды . Әнұран музыкасының авторы – сазгер Шәмші Қалдаяқов .Мәтінге түзетулер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарапынан енгізілгендіктен , ол мәтіннің бірлескен авторы ретінде көрсетіледі . Мемлекеттік әнұран бірінші рет Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде 2006 жылдың 11 қаңтарында орындалды .
Осыған қатысты 1992 жыл 4 маусым Қазақстан мемлекеттік рәміздерінің туған күні ретінде тарих пен халық есінде мәңгілікке қалады. Осы күні Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды. Алайда қазақстандықтардың патриоттық сезімдерін көрсету үшін «Менің Қазақстаным» әні параллельді айтылып жүрді. 1950-шы жылдары Шәмші Қалдаяқов және Жұмекен Нәжімеденов жазған ән қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды, бұл елдің бейресми әнұраны болды.
Республика Үкіметі елдің жоғарғы заңнамалық органының күн тәртібіне Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық Заңының жобасы қарастыруы енгізілді.Заңжобасын талқылау барысында депутаттар қатары «Менің Қазақстаным» атты жаңа әнұранның авторлық құрамына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевты ресми түрде енгізу туралы ұсыныспен сөз сөйледі. Мәжіліс және Сенат депутаттары Ж. Нәжімеденов және Н.Ә. Назарбаевты жаңа әнұранның авторлары ретінде бірауыздан мойындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет