Мемлекеттік Рәміздер


Қазақстан Песпубликасының мемлекеттік Елтаңбасы



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,84 Kb.
#91658
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан тарихы Сөж тапсырмасы. Жақсыбергенова Аружан Химия 101
АНА, АНА, ТЕСТ АКАДЕМИЯ ЖАЗУ ДФ-402 топ, expo2017 ikaz.kz
Қазақстан Песпубликасының мемлекеттік Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы” конституциялық заң күші бар Жарлығымен (24.1.1996) белгіленген. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербінің негізі — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ — мемлекеттің түп-негізі — отбасының бейнесі. Шаңырақ — Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті, Шаңырақ — киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар — дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Песпубликасының мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет