Менеджмент. Білім берудегі менеджментті басқару ерекшелігі Менеджмент



Дата29.03.2024
өлшемі94,22 Kb.
#200354
Байланысты:
менеджмент
тест7 дарын, сценарий (автовосстановление), тәуелсіздік сценарий, shablon-shnurovok-zhivotnye

Менеджмент. Білім берудегі менеджментті басқару ерекшелігі
Менеджмент– ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі.
Педагогикалық менеджмент ұғымы жалпы білім беру жүйесін басқаруға байланысты 90 жылдардың аяғында қолданысқа ендірілген.
Бүгінгі білім беру мекемесі ашық педагогикалық жүйе және қоғамның ерекше әлеуметтік-экономикалық ұйымы. Білім беру мекемелерінің жаңаруы, дамуы инновациялық технологияларсыз мүмкін емес.
Педагогикалық менеджмент басшылар мен оқытушыларға мақсатқа жету жолында көптеген мүмкіндік береді:
- біріншіден, вертикальді бұйрықтық басқару әдісінен корпоративті басқару стилі негізіндегі горизонтальді кәсіптік ынтымақтастыққа жол ашады;
- екіншіден, әр тұлғаға даму мүмкідігін береді, басшылар мен оқытушылардың мотивациялары арқылы ұйымның ішкі ортасы, яғни ұйым дамиды;
  • - үшіншіден, білім беру процесіне қатысушыларға жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай туғызады.

Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы келесі компоненттерден тұрады: стратегиялық менеджмент, кадрлық менеджмент, технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржылық менеджмент, материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, инновациялық менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет