«Менеджмент» кафедрасы «Цеснабанк»АҚ Астана қалалық филиалы



бет3/7
Дата10.05.2020
өлшемі141,56 Kb.
#67007
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ОТЧЕТ ПО ПРАКТИКЕ
ОТЧЕТ ПО ПРАКТИКЕ
2004 жылы

  • Астана қаласында Астаналық филиал жұмысын бастады, Көкшетау қаласында КЕБ және Қарағанды қаласында филиал ашылды.

  • Банк VISA халықаралық төлем жүйесіне ассоциацияланған мүше және Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорына мүше ретінде қабылданды.

  • Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-қа мынадай рейтингтер берді: шетелдік валютамен ұзақ мерзімді депозиттер бойынша «В1» деңгейінде, қаржылық тұрақтылық рейтингі «Е+» деңгейінде. Болжам — «Тұрақты».

2005 жылы 

  • Өскемен, Петропавл, Көкшетау қалаларында филиалдар ашылды.

  • Visa халықаралық төлем карточкасы шығарылымы.

  • Қазақстан Республикасы Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі «Цесна» корпорациясы» АҚ-тың «Цеснабанк» АҚ Банк холдингі мәртебесін алуына келісімін берді.

2006 жылы

  • Банк сомасы 15 млрд. теңге болатын бірінші облигациялық бағдарламаны тіркеді, оның шеңберінде 4 облигация шығарылымы жүзеге асырылды.

  • Банк сомасы 22 млн. АҚШ доллары болатын  дебюттік синдикатталған қарыз туралы келісімге қол қойды. Қарызды ұйымдастырушылар Raiffeisen Zentralbank Österreich AG (Австрия) және Bankgesellschaft Berlin AG (Германия) болды.

  • Банктің Call Center Ақпараттық-анықтамалық қызметі құрылды, оған Қазақстанның кез келген нүктесінен 8 800 080 25 25 телефоны арқылы хабарласуға болады.

  •  «VISA International» төлем жүйесінің маркетингтік бағдарламасы қорытындысы бойынша Цеснабанк «VISA акциясының үздік жарнамалық көрсетілімі» наградасын алды.

  • Банк сомасы 50 миллион АҚШ доллары болатын  синдикатталған қарыз  алуды жүзеге асырды. Landesbank Berlin AG, Raiffeisen Zentralbank Oesterreich AG букраннерлер ретінде.

  • Банк Қазақстанда тұрған Western Union үздік қызмет  көрсету пункті рейтингінде бірінші орынды алды.

  • Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шымкент қалаларында филиалдар ашылды

2007 жылы 

  • Банк 125 млн. АҚШ долларына еврооблигация шығарылымын 9, 875% купонмен қоса және 2010ж. өтелетіндей етіп жүзеге асырды.  Мәміленің жетекші менеджерлері Citigroup пен Dresdner Kleinwort болды.

  • Цеснабанк акционерлері директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының резиденттері емес екі тәуелсіз директорды: Джеффри Брэмптон Манди (Jeffrey Brampton Mundy) мен Яцек Бжезинскиді (Jacek Brzezinski) сайлады.

  • Банк жаңа қызмет көрсетуді — мобильді банкингті, ұялы телефондардағы SMS-хабарламалар көмегімен карточкалық шоттар бойынша ақша қаражаты қозғалысын тәулік бойы бақылау жүйесін енгізді.

  • Беделді Euromoney халықаралық қаржы журналы Цеснабанкті Орталық, Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы менеджменті үздік банктердің бірі деп таныды  — «Best Managed Companies 2007» номинациясы.

  • Банк ЮНИСТРИМ халықаралық ақша аудару жүйесімен серіктестік келісімге қол қойды.

  • Банк Қазақстанда бір ай ішінде 3 филиалды – Тараз қаласында, Қызылорда қаласында және екінші филиалды  Алматы қаласында ашты.

  • Банк клиенттеріне төлем карталарын кредиттік лимитпен бірге беретін «Present» жаңа бағдарламасын енгізді.

  • Банкоматтарға төлем карталарын пайдаланып төлеу үшін жаңа қызмет көрсету енгізілді:
    1) «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың банк шоттарын толықтыру;
    2) «Қазақтелеком» АҚ қызметіне төлеу.

  • Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-тың рейтингтерін растады: шетелдік валютамен ұзақ мерзімді депозиттер бойынша «В1» деңгейінде, қысқа мерзімді «Not Prime» деңгейінде, қаржылық тұрақтылық рейтингі (РФУБ) «Е+» деңгейінде. Банктің барлық рейтингілерінің «Тұрақты» деген болжамы бар.

  • Алматы облысы Қарасай ауданы Каменка кентінде Алматы облыстық филиалы ашылды.

2008 жыл

  • Банк шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға ақша қаражатын бөлу бойынша Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту (ШОКД) бағдарламасына қатысты.

  •  Банктің жарғылық капиталы 2 млрд. теңгеге көбейді.

  • Банк сомасы 16 млн. АҚШ доллары болатын  синдикатталған қарызды өтеуді ойдағыдай жүзеге асырды.

  • ҚР Білім және ғылым министрлігі белсенді қайырымдылық көмек көрсеткені үшін Банкке «Жыл меценаты – 2008» сыйлығын берді.

  • Банк ҚР Үкіметімен, «Қазына» АҚ-пен және «Қазақстандық Ипотекалық Компания» АҚ-пен серіктестік туралы келісімге қол қойды, оның негізінде «Қазына» АҚ Астана қаласындағы құрылыс нысандарын қолдау үшін мерзімді банк салымын орналастырды.

2009 жыл

  • Банк, Қазақстан Республикасындағы канадалық өндірушілердің жабдықтарын экспорттауды қаржыландыру мақсатында, Канаданың Export Development Canada (EDC) экспорттық-кредиттік агенттігімен сомасы $13 млн. кредиттік желі туралы Келісімге қол қойды.

  • Банк өзінің Процессингілік орталығын енгізуді жүзеге асырды.

  • Банк «Еуразиялық сауда жүйесі» тауарлық биржасында есеп айырысу ұйымы ретінде таңдалды.

2010 жыл

  • Банк Цесна Гарант сақтандыру компаниясының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат алды.

  • Банктің Екібастұз қаласында филиалы ашылды.

  • Банк жарғылық капиталын 5 млрд. теңгеге көбейтті.

2011 жыл

  • Банк қала нөмірлерінен қоңырау соғудың бірыңғай 58 77 11 нөмірін, сондай-ақ мобильді телефондардан 7711 (қоңырау соғу тегін) нөмірін қолданысқа енгізді

  • Банкке «Цесна Капитал» АҚ еншілес ұйымын сатып алуға рұқсат берілді

2012 жыл

  • Цеснабанк World Finance британдық журналының жыл сайынғы жобасы әлемнің 100 жетекші компаниялары және лидерлері тізіміне енді

  • Wоrld Finance Цеснабанкті 2012 ж. Қазақстанның Үздік коммерциялық банкі деп таныды.

  • Банк жарғылық капиталды 4, 9 млрд. теңгеге ұлғайтты.

2014 жыл

  • 2014 ж. 11 шілде күні  Euromoney журналы «Цеснабанк» АҚ-ты Euromoney Awards for Excellence байқауының шеңберінде 2014 Қазақстанның  Ең үздік банкі  деп таныды.

  •  «Цеснабанк» АҚ жарғылық капиталын 10 миллиард теңгеге ұлғайтты.

  • 2014 ж. ақпан айының нәтижесі бойынша Цеснабанк активтерінің мөлшері 1 триллион теңгеден асты.

2015 жыл

  • 2015 ж. 6 қарашада Банк MasterCard® халықаралық төлем карточкаларын шығаруды бастады (жаңа өнімдер: Debit MasterCard® және Platinum MasterCard®)

  • 2015 ж. қазанда Цеснабанк қазақстандық импорттаушы-компаниялар және ресей экспорттаушыларының қатысуымен жасалатын мәмілелерді іске асыру үшін Ресей Экспорт-Импорт банкімен («Росэксимбанк» АҚ) Қаржыландыру туралы Бас Келісімге қол қойды.

  • 2015 жылдың наурыз айында Банк сайтында өнімдер және қызметтер бойынша алғашқы кеңес беруге online-өтінім беру қызметі іске қосылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет