Менеджменттің маңызы, оның білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны



бет5/5
Дата21.11.2023
өлшемі26,96 Kb.
#192530
1   2   3   4   5
Байланысты:
Булақпаева Еркежан Химия 2 курс 1апта

Педагогикалық басқару теориясы – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерін басқару туралы білімдер.

  • Педагогикалық ақпараттар – басқару нысаны туралы мәліметтер.

  • Перспективалық жоспар – бес жылға құрылады, осы уақыт аралығындағы басты мәселелік міндетерді шешуге бағытталады.

  • Педагогикалық кеңес - мектептің барлық іс-әрекетін басқаратын тұрақты орган.

  • Педагогикалық процесс – ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүретін, оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке, қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс–әрекеттер. «Педагогикалық процесс» терминін енгізген П.Ф.Каптерев (ХІХ ғ. екінші жартысы).

  • Педагогикалық мониторинг – компьютерлік технологияны қолдану нәтижесінде педагогикалық процестің барысын, нәтижесін, тиімділігін үздіксіз және ұзақ байқау арқылы алынған мәліметтерді жинау және өңдеу.

  • Педагогикалық менеджмент – оқутәрбие және оқутанымдық процестің тиімділігін арттыруға бағытталған, оны басқарудың принциптері, әдістері, формалары мен технологиялық құралдарының кешені.

  • Педагогикалық менеджмент принциптері — менеджмент субьектісінің басқарылушы субьектілермен (обьектілермен) қарым-қатынасына қойылатын негізгі талаптар

  • Педагогикалық кикілжің — оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың арасында кәсіби және өзара қарым-қатынаста туатын кикілжің, шиеленіскен қайшылық түрінде көрінеді.

  • Профильдік оқыту – оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттілігін, педагогикалық ұжымның мүмкіндігін ескере отырып, жоғары сатыда профильдік білім беру.

  • Сызықтық бағдарлама – тақырыптар бірін бірі жалғастырып, оқу материалында қайталау болмайды.

  • Тактикалы ақпарат – оқушылармен жүргізілетін жұмыс формалары туралы ақпарат.

  • Ұжым – (лат. «коллективус» - топ, жиын) көзделген мақсатқа жету жолында ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдардың тұрақты тобы.

  • Функция (лат. function — орындау) — басқарушы жүйеден басқару процестерін ұйымдастыру мен мақсатқа бағытталуын талап ететін басқарушы жүйе мен басқарылушы обьектінің арасындағы қатынас.

  • Циклограмма - мектептегі шараларды өткізудің апталық графигі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет