Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі



Дата31.12.2021
өлшемі60,27 Kb.
#129082
Байланысты:
Курстық жұмысты орындау тәртібі

4 тақырып Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі

Мақсаты- меншіктің экономикалық жүйе негізі және нарықтық экономиканың негізгі белгісі екендігін зерттеу.



1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

2.Меншік объектілері және субъектілері.

3. Меншік формалары.

4.ҚР-да меншік қатынастарын қайта құру.
1.Меншік кез-келген экономикалық жүйенің негізгі элементі болып табылады.

Меншік ұғымын екі мағынада қарастыруға болады:



  1. экономикалық мағынада;

  2. құқықтық мағынада.

Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс факторлары мен өндіріс нәтижелерін иелену жөнінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді.

Кез-келген меншік қатынастарының екі жағы бар: субъект (меншік иесі) және объект (мүлік). Бұл қатынасты келесі формула түрінде көрсетуге болады: “субъект (меншік иесі) – мүлік –басқа да субъектілер”.

Меншік қатынастарын жан-жақты зерттеу мынадай үш негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:


  1. Экономикалық билікке кім ие болады - өндіріс факторлары мен нәтижелерін кім иеленеді ?

  2. Мүлікті тиімді пайдалануға қандай экономикалық байланыстар әсер етеді ?

  3. Шаруашылықтан түсетін табысты кім иеленеді ?

Осыған сәйкес меншік экономикалық қатынастар жүйесі келесі элементтерден тұрады

Меншіктің құқықтық мазмұны құқық сипатталады. Меншік құқығы – бұл материалдық және материалдық емес игіліктердің белгілі бір тұлғаға қатысты екенін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы. Ол қоғамда белгіленеді және оны мемлекет бекітеді. Меншік құқығына меншік субъектілерінің заң жүзінде танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқықтары енеді.

Меншікті құқықтық мағынада анықтау кезінде меншік құқығының субъектілері мен объектілері бөліп көрсетіледі.


2. Меншік құқығының субъектілері:

  1. азаматтар (жеке тұлғалар);

  2. заңды тұлғалар – ұйымдар, фирмалар, кәсіпорындар;

  3. мемлекет және жергілікті басқару органдары

Меншік құқығының объектілері:



    • қозғалмайтын мүлік (жер учаскілері, ғимараттар, тұрғын үйлер және т.б.);

    • қозғалатын мүлік (ақша, бағалы қағаздар және қазғалмайтын мүлікке жатпайтын заттар);

    • интеллектуалдық мүлік (интеллектуалдық қызмет нәтижелері, фирма атауы, тауар белгісі және т.б.).



МЕНШІК
3.


Жеке меншік

Мемлекеттік

(республикалық, коммуналдық)

Жеке

Топталған (шаруашылық серіктестік пен қоғамдар, өндірістік кооперативтер)

Жеке меншіктің өз еңбегі негізінде

Жеке меншіктің жалға беру негізінде

Ұжымдық меншік

(жеке меншіктің өз еңбегі негізінде)

4.Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастарында елеулі өзгерістер жүзеге асады. Бұл өзгерістер мемлекетсіздендіру және жекешелендіру процестерімен байланысты.

Мемлекетсіздендіру – бұл шаруашылық басқару құқығы мен сәйкес өкілеттікті шаруашылық жүргізуші субъектілерге беру арқылы мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру шараларының жиынтығы.

Жекешелендіру – бұл жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды қайта құру арқылы пайда болған акционерлік қоғам акцияларының үлесін жеке меншікке иеленуі.

Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мелекетсіздендіру процесі үш кезеңнен өтті.

1 кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды. Бұл жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік меншікті кең масштабта реформалау болып табылады.

2 кезең 1993 жылдан 1995 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезең 1993 жылдың 5 наурызында ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген “1993-1995 жылдарда Қазақстан Республикасындағы мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асты. Бұл кезеңннің негізгі мақсаты орталықтанған-жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін қажетті жағдайларды жасау болып табылады.

3-кезең 1996 жыдан 1998 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және 1996 жылдың 27 ақпанында ҚР Үкіметінің № 246 қаулысымен бекітілген “1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру және қайта құру бағдарламасына” сәйкес жүзеге асады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы экономикасындағы жекешелендіру процесін аяқтау арқылы жеке сектордың басым болуына қол жеткізу және оны бекіту.

4-кезең 1999-2000 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
Әдебиет:

1.Әубәкiров Я.Ә. Экономикалық теория негiздерi.- Алматы, 1998.

2.Акимбеков С. . Экономикалык теория, Астана, 2000

3.Нүрпейсов Ж.Қ. Экономикалық теория негiздерi.- Ақмола,1996.

4.Мауленова С.С.Кудайбергенов Е.К., Бекмолдин С.К. Экономикалык теория: оку кұралы. Алматы, 2004

5.Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнiсов Б.А., Комягин Б.А. Жалпы экономикалық теория. - Алматы-Ақтөбе, 2002.

6.Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Сағындықов Жүнiсов Б.А., Комягин

7.Аманұлы К. Шағын кәсiп – елге нәсiп: [Қазақстандағы шағын кәсiпкерлiк мәселесi]// Қазақ әдебиетi.-2003.-14 наурыз.



Бақылау сұрақтары

1.Меншіктің экономикалық және құқықтық қатынастарындағы айырмашылықтары неде?

2.Қандай меншік формалары бар.



3.ҚР-ғы меншік қатынастарын қайта құру қалай өтті?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет