Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер



Дата07.02.2022
өлшемі387,5 Kb.
#89162
Байланысты:
Дип. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................4

1 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ.................................6


1.1 Мердігерлік шартының даму тарихы.................................................................6
1.2 Мердігерлік шартының түсінігі және мазмұны................................................8
1.2.1 Тараптардың құқықтары мен міндеттері........................................................18

2 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ....................................30


2.1 Тұрмыстық мердігерлік шартының ерекшеліктері..........................................30
2.2 Құрылыс мердігерлігі шартының ерекшеліктері.............................................37
2.3 Жобалау және іздестіру мердігерлік жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері.............................................................................................................44
2.4 Ғылыми зерттеу, тәжірибе – конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері .............................................................50

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................56


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................58



КІРІСПЕ
Мердігерлік шарты қазіргі кезде ең көп таралған және маңызды шарттардың бірі болып табылады. Жалпы, мердігерлік шарты кез келген қоғамда ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық, ғылыми-зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда нысанда болмасын қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты құқықтық реттеу қажеттілігі туындап отыр.
Кеңестік құқықтық жүйе кезінде біздің елімізде барлық шарттық қатынастар жоспарлы-әкімшілік қағидаларға негізделген болатын. Кеңестік жүйе құлап, нарықтық экономикаға көшкенімізден кейін бәрі бүтіндей өзгерді, қазіргі кезде типтік және жоспарлы реттеу күшінен қалды және қатынас субъектілерінің еркіндігі едәуір кең. Мердігерлік қатынастарының кең таралуына байланысты оларды реттеудің де күрделі механизмдерін іздестіру қажет.
Қазіргі нарықтық экономика және жойқын бәсеке жағдайында тапсырысшы немесе мердігер шарт бойынша мойнына алған міндеттемелерін орындай алмау жағдайлары аз кездеспейді. Сондықтан екі тарап та мердігерлік шартын жасауға мұқият көңіл бөлуге тиіс. Өйткені, барлық сұрақтарды дер кезінде реттеп алмаса, кейде кейін пайда болған дауларды шешуі іс жүзінде мүмкін болмай қалады, ал бұл екі жақты да шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін. Осы мәселелерді қарап дұрыс шешу мәселелері қазіргі заңнамада толықтай қарастырылған.
Біздің дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде мердігерлік шартын таңдап алуымның мақсаты, осы тақырып азаматтық құқықтағы ең күрделі, өзекті тақырыптардың бірі болып табылады және қазіргі қоғамда кең таралғандықтан, осы тақырыпты зерттеуге деген қызығушылық пайда болды. Осы дипломдық жұмысты жазу арқылы мердігерліктің еліміз экономикасындағы маңызын және қоғам үшін пайдасын ашып көрсетемін деп ойлаймын.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің объектісі, мердігерлік шартының субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, тараптардың құқықтық жағдайы мердігерлік шартының жалпы жағдайы және шарттың элементтері, осы шарттық қатынастардың құқықтық реттелуінің даму тарихы, қазіргі уақыттағы бұл қызмет саласын реттейтін Қазақстандық заңнаманың жалпы жағдайы болып табылады.
Нақты жұмыстың мақсаты мердігерлік шартының теориялық аспектілерін сондай-ақ, осы азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолданылуын, сот тәжірибесінің анализдерін қарастыру, әр түрлі нормативтік құжаттарды салыстыру, мердігерлік шартын жасау және қолдану аясында барынша танып алу.
Бұл жұмыста қарастырылатын және шешілуге тиісті сұрақтар реті мынадай болып келеді:

  1. Мердігерлік шартының даму тарихы;

  2. Мердігерлік шартының түсінігі және мазмұны;

  3. Мердігерлік шартының жекелеген түрлерінің ерекшеліктері мен маңызы;

  4. Мердігерлікті реттейтін заңнаманың қазіргі жағдайы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлеміне келетін болсақ, ол екі бөлімнен, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланылған қайнар көздер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде мердігерліктің жалпы жағдайы, оның даму тарихы мен түсінігі және мазмұны қарастырылады. Мердігерлік шартының ең ежелгі дамуынан бастап, қазіргі замаңдағы мердігерлік шартының қолданылуын көрсетіп кетемін. Және ертеде мердігерлік шартының қалай түсінгенін айтамын.
Екінші бөлімде мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне түсінік беріліп, олардың ерекшеліктері мен маңызы зерттеледі және қазіргі кездегі еліміздегі мердігерлік қызметін реттейтін заңнаманың жалпы жағдайына зерттеу жүргізіледі. Бұл бөлімде мердігерлікке рим құқығында берілген анықтамасы мен қазіргі уақыттағы анықтаманың айырмашылықтарын көрсетіп, талдап, және әр кездегі әр ғалымдардың мердігерлікке берген пікірлерін көрсетіп кетемін.
Сонымен қатар мердігер мен тапсырысшының арасында қандай қайшылықтар туындауы мүмкін болатыны және бұл мәселелерді қалай шешуге болатыны туралы айтылған.
Дипломдық жұмысында салыстыру арқылы зерттеу әдісін қолдандым.
Дипломдық жұмысты жазу барысында пайдаланылған заң және де басқа арнайы әдебиеттерге келетін болсақ, онда негізінен азаматтық құқықтың мердігерлік саласын терең зерттеген қазақстандық және шетелдік заңгер ғалымдарының еңбектерін пайдаландым. Атап айтатын болсақ, Жайлин Ғ.А., Сулейменов М.К. Басин М.И. Брагинский, Брауде, Асцеулов А.Г. Шершениевич Г.Ф. және тағы басқалар.
1 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ

1.1 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ


Мердігерлік шартының жеке шарттық қатынастардың бір түрі ретінде қалыптасуы ұзақ уақытқа созылды және күрделі тарихи және заңи даму жолынан өтті. Ол азаматтық құқық жүйесінде бірден өз орнын тапқан жоқ. Азаматтық құқық саласындағы заңгерлердің, ғалымдардаң мамандардың бұл шарт түрін қазіргі кездегідей ерекшеленетін негізі белгілері жағдайында қалыптастырып, заң жүзінде бекітулеріне бірнеше жүздеген жылдар қажет болды.


Ең алғаш құқықтық қатынас ретінде пайда болуының басқы кезінде, мердігерлік шарты жалдау шартының бір түрі болды. Жалдау шарты шеңберінде Рим құқығы үш жекелеген шарттарды бөлді: заттарды жалдау, мердігерлік және қызмет жалдау.
Жалдаудың табиғи белгісі бір тараптың екіншісіне өтемелі түрде қандайда бір нәрсе ұсынуынан көрініс табады. Нақ сол соңғысы («бір нәрсе») «жалдауын» әрі қарай бөлуіне негіз болады. Бұл жөнінде Ю.Барон былай дейді: «Жалдау – бұл консенсуалды мәміле, ол бір тараптың екіншісіне белгілі бір ақша сомасы үшін затты немесе адамның жұмыс күшін пайдалануды ұсынады, ал екінші тарап оны пайдаланғаны үшін біріншісіне келісілген ақша сомасын төлеуге уәде етеді» [1, 199-200 б.]. Мердігерліктің мағынасы және оның жалдауымен ішкі байланысы жөнінде Юстинианаң он екінші Дигестісі ІІ кітабындағы Павлдың сөздерін келтіруге болады: «Егер мен мердігерге оның қаражаты арқылы маған үй салуға тапсырма берсем, онда ол маған «жасалғанға» меншік құқығын маған өткізеді, алайда, бұл жалдау болып табылады, өйткені ұста өзінің жұмысын жалға беріп отыр, яғни жасау міндетін» [2, 316 б.]. Жеке жалдау мен мердігерлік арасындағы айырмашылық (екеуі де жалдау шартының шеңберінде болса да) мынада, жеке жалдау да жұмыс, жұмыс берушінің бұйрығы мен тәртібі бойынша жүзеге асырылады. Бұған байланысты Г.Ф.Шершеневич заңды анықтамалардың мағынасын талдай отырып, былай дейді: «Мердігерлік пен жеке жалдау арасындағы айырмашылық, бірінші жағдайда бір қарсы тарап басқаның жұмысының нәтижесіне құқық алса, ал екінші жағдайда ол басқаның жұмыс күшін пайдалануға құқық алады» [3, 608 б.]. Яғни «жеке жалдау уақытша басқа тұлғаның еңбек қызметін пайдалануға құқық береді, ал мердігерлік алға қойылған мақсатты жүзеге асыруға жұмсалған еңбектің нәтижесіне құқық береді» Бұл көзқарасқа В.И.Синайскийдің пікірі жақын, ол бойынша мердігерлік қызметінің мақсаты – нәтиже [4, 169 б.].
Революцияға дейінгі әдебиеттерде әр уақытта келтірілген анықтамаларға ортақ нәрсе ол мердігерлікті жұмыс туралы шарт деп тану болды [5, 654 б.]. Жұмыстың орнына “кәсіпорын” туралы айтылған Заңдар Жинағын осыған жатқызуға болмайды. Бұл ұғымды түсіну үшін Заңдар Жинағы қолданылған кезде өмір сүрген В.И. Дальге жүгінуге болады. Ол “кәсіпорын” деп орындалатын нәрселерді айтқан, ал кәсіпкерлікпен айналысуды “қандайда бір жаңа істі орындауға шешім қабылдау” деп түсінген [6, 388 б.]. Осы себептен жоғарыда келтірілген ережелерге сәйкес “жұмысты” кем дегенде мердігерліктің элементтерінің бірі ретінде оны құрамына кіргізуге мүмкіндік береді. Осы жағдайға Г.Ф. Шершеневичте көңіл аударған. Ол Заңдар Жинағының 1737-бабында айтылған “Кәсіпорынды орындау” ұғымын негізге ала отырып былай деді: “Бүкіл баптың мазмұнына сәйкес келмейтін осы ұғымға біз жұмыс күшінің бөлімі ретіндегі жұмысты жатқызуымыз қажет” [7, 609 б.]. Шершеневич Г.Ф. мердігерлік шартымен қызмет көрсету шартының екі бөлек болуының жақтаушылардың қатарында болды. Ең алдымен бұларға Германия Азаматтық Жинағының 631 параграфында және Швейцария Міңдеттемелік Заңының 363-бабында баға берілді. Революцияға дейінгі авторлардың көбі мердігерлікке арналған баптардағы қызмет көрсету мен жұмыстың мазмұнының арасындағы айырмашылықты қарастырмаған. Осы арада Д.И. Мейердің мердігерлікке берген анықтамасын айта кеткен дұрыс: “Мердігерлік деп бір тұлға екінші тұлғаның тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін өткізуге міндеттенеді, мысалы ғимараттар салу, жобалар дайындау” [8, 654, 655 б.].
Осы айтылғандарға қарап тәжірбиеде мердігерліктің кең таралмағанын көруге болады.
Революцияға дейінгі Азаматтық Жинақта мердігерлік шарты жеке шарт ретінде көрсетілді. Оның 491-бабында былай делінген: “Мердігерлік шарты бойынша мердігер сыйақы үшін тапсырысшыға қандайда бір жұмысты орындауға міндеттенеді” [9, 398 б.].
Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы жылдары мемлекет тарапынан құрылыс қатынастарына едәуір күмәнді көзқарас пайда болды. Заң шығарушы үшін бұл қатынастар революцияға қарсы бағытталған жеке шаруашылық және нарыққа жататын қызмет түрі болып көрінді. Сондықтан құрылыс мердігерлігі мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынды. Осы мақсатта әрбір мердігерлік шарты, егерде оның пәні құрылыс не соған ұқсас жұмыстар болса, ондай шартты кімдердің жасасқанына қарамастан дереу қаржы органдарына хабарлау керектігін міндеттеді.
Аз уақыт өткен соң 1920 жылы 24-қарашадағы СТО қаулысымен мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бұндай қатынастарға түсуге түбегейлі тыйым салынды және 1921 жылы 1-қаңтарынан бастап жасалған шарттардың күші жойылды [10, 29 б.]. Нәтижесінде құрылыс аясындағы бірден-бір тапсырысшы мемлекет – оның қазынасы болып қалды.
1920-1930 жылдардағы мемлекет қойған ірі шаруашылық міндеттерді онсыз атқару мүмкін болмай қалғанда, құрылыс мердігерлігіне қайта қызығушылық пайда болды. Мұндай жағдайларда арнайы мамандандырылған мемлекеттік құрылыс кәсіпорындары үлкен мәнге ие болды.
1936 жылғы 11-ақпанда КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша “құрылыс жұмыстары мердігерлік әдіспен жүргізуге” көшірілді [11, 70 б.]. Осы мақсатта құрылыс трестері құрылды, олар бұған дейінгі құрылыс кәсіпорындарын ауыстыруға тиіс болды.
Жалпы Қазақстандық құқықтық жүйені белгілі бір дәрежеде Кеңестік құқықтық жүйенің мұрагері ретінде де көруге болады. Сондықтан XIX ғасырда қазақ мемлекеті түгелдей дерлік Ресей патшасының бодандығына өтіп болуы себепті, сол кезден бастап Ресей құқығы жүйесінің ықпалы біржолата орнықты. Бұдан шығатыны, сол кезден бастап шыққан заңдардың Қазақстандық құқық жүйесінің тарихына кіргізе беруге болады ғой деп ойлаймыз.
1992 жылғы Азаматтық заңнаманың жаңа негіздері мердігерлік шартын, оның ерекшеліктерін сақтай отырып, қайта қосты. Бұл әрине, оның табиғаты жөніндегі жалпы қабылданған көзқарасқа сәйкес келеді. Қазіргі уақыттағы мердігерлік қатынастарын реттейтін нормативтік кешен аясы өте кең. Оның ядросы болып 1994 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі қызмет етеді, оның ішінде 32-тарауы. Көрсетілген тараудың §1 «Мердігерлік туралы жалпы ережелер».
Қазіргі Азаматтық Кодекске дейінгі азаматтық құқық саласындағы кодификацияланған барлық нормативтік актілер мердігерліктің пәнін «тапсырысшының тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты орындау» деп санады. Ал Азаматтық Кодекстің өзінен алдыңғыларынан айырмашылығы, мердігерліктің пәні жұмыстың өзі емес, сол жұмысты орындау барысында жететін оның нәтижесі деп есептейді.
Қазіргі таңда мердігерлік шартына ҚРАК-нің 32-тарауы арналған. Тарау бес параграфтан тұрады. Оның біріншісінде мердігерлік шарты туралы жалпы заңдылық ережелер орын алған, қалған төртеуінде мердігерліктің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері көрсетілген, олар: тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлігі, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға мердігерлік.
ҚРАК-нің 32-тарауынан кейінгі төрт параграфымен реттелетін жұмыстарға бірінші параграфтың ережелері де толығымен қолданылады, өйткені кейінгі параграфтар мердігерліктің жекелеген түрлерінің ерекшеліктеріне ғана тоқталады.
1.2 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Тауар нысанына енген жұмыстың нәтижелерін айырбастау жөніндегі қатынастар заттарды біреуге берумен (немесе біреудің уақытша пайдалануына берумен) шектелмейді. Өйткені тауар сипатын тек қана зат емес, жұмыстың материалдық (заттық) нысандағы басқа да нәтижесі иемденуі мүмкін. Мысалы, жөндеу нәтижесі немесе затты химиялық тазалаудан өткізудің нәтижесі, шаштараз қызметі және т.б. Әрине, қажетті жөндеудің нәтижесінде зат, оның құнын өсіретін жаңа сипатқа ие болады, дегенмен ол дәл сол күйінде қалады, жаңа зат пайда болмайды.


Осы тектес материалдық, затқа айналған қызметтер әрқашанда жұмыстың (еңбектің), басқаша айтқанда, қызмет көрсетушінің тауар айырбасы объектісіне айналған белгілі бір іс-әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Сол себепті қызмет алушы да қызмет көрсетуші іс-әрекеттерінің нәтижесін алуы (ие болуы) үшін, олардың жасалуына құштар болып келеді. Жұмыстың тапсырылған нәтижесіне үміттене отырып, қызмет алушы, сол жайында өз тілектерінің орындалу қажеттілігіне қызмет көрсетушісінің назарын аударып, өз тарапынан белгілі бір мөлшерде жұмыс барысында бақылауы мүмкін.
Орындаушы жұмысының нәтижесі затқа айналған (материалдық) қызмет, сонымен бірге, жаңа зат шығару (қызмет алушының тапсырысы бойынша), ескі затты жақсарту және т.б. болып табылады. Бірақ тапсырысшы әрқашан да орындаушыдан тек дайын нәтижені емес, оған (тапсырысшыға) қажетті жұмыстың жасалуын талап ететіндіктен, мұндай қатынастар мүлікті беру жөніндегі міндеттемелермен сипатталуы мүмкін емес. Мұнда орындаушының тиісті қызметінің материалдық нәтижесіне айналған жұмыстың атқарылуы жөніндегі өзге міндеттемелерге қажеттілік туындайды.
Жұмыс атқару жөніндегі міндеттемелердің ерекшелігі олармен тек тауар айырбасының өзі ғана емес, белгілі бір мөлшерде тауарды жасау жөніндегі қызмет (жұмыс) реттелетіндігінде, ал айырбас нысанасын тек нақты заттар ғана емес, сонымен бірге осындай өндірістік қызметтің өзге де материалдық нәтижесі құрауы мүмкін. Ендеше қарастырылып отырған қатынастардың мәнісі мынада: қатысушылардың біреуі екіншісімен келісе отырып, ол үшін ақыға белгілі бір жұмысты (тапсырысты) орындайды, ал оның нәтижесі тапсырысшының меншігіне өтеді.
Мердігерлік шартынан туындайтын міндеттемелер жұмыс атқару жөніндегі негізгі міндеттемелер болып табылады. Мердігерлік қарастырылып отырған қатынастардың басты «моделі» ретінде ғана танылып қоймай, өз тарапынан бірнеше түрге бөлінеді. Олардың қатарына азаматтар-тұтынушылардың мүдделеріне жасалатын жұмыстарды атқару жөніндегі міндеттемелерді қамтитын тұрмыстық мердігерлік шарты да жатады.
АК-тің 115-бабына назар аударатын болсақ, оның екінші тармағында өзге де объектілердің қатарында жұмыстардың, қызметтердің бар екендігін көреміз. Алайда жұмыстар мен қызметті ажырата білу оңайға түспейді.
Мердігерлік қатынастар Рим құқығында да белгілі болды, онда мердігерлік шарты (locatio-condictio operis) жалдау шартының (locatio-condictio) (заттардың жұмысты және қызметті) бір түрі ретінде қарастырылды. Қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастардағы қандай да бір жұмыс пен қызмет көрсетулердегі қажеттіліктерді қанағаттандырудың негізті әдісі құлдардың әрекеті болуы (яғни, құлдарды пайдалану), осы бірнеше шарттың бірігуіне алғышарт жасады. Егерде жұмысты орындауға құлды жалдаса, затты жалдау шарты жасалады, ал егер орындаушы еркін Рим азаматы болатын болса – мердігерлік немесе қызмет жалдау шартының бөлінуі басталады. Бұлардың арасындағы айырмашылығы, мердігерлік шарты бойынша арқашан нақты бір экономикалық нәтиже пайда болады, ал қызмет жалдау шартында ондай нақты нәтиже болмайды [12, 10 б.].
Осы «нәтиже» ұғымына байланысты Г.Ф. Шершеневич, Швейцарияның міндеттемелік (36-б.) заңындағы нормаларды мысалға ала отырып, өз пікірін білдіреді. «Мердігерлік пен қызмет жалдау (қызмет көрсету) шартының» арасындағы айырмашылық жайындағы көзқарас мынаған алып келеді: бір қарсы тарап басқаның еңбегінің нәтижесіне құқық алса (билік етуге), екінші жағдайда ол басқаның жұмыс күшін пайдалануға құқық алады» [13].
Еңбек және мердігерлік шартының аражігін ажыратудың маңызы зор. Олардың ұқсастығы, екі шарт та еңбек процесін құқықтық реттеуді қамтиды. Сонымен қатар, тәжерибеде қалыптасқан еңбекті ұйымдастыру нысаны, еңбекті жалдау аясындағы құқықтық қатынастарды реттейтін екі шартты бір-біріне соншалықты жақындатады, тіпті олардың арасындағы шекараны анықтау қиынға түседі. Ал олардың арасындағы айырмашылық орасан зор, нақты жұмыстың қайсы институтқа жататындығына байланысты көптеген маңызды сұрақтар әр түрлі жолдармен шешілуі мүмкін. Еңбек шарты бойынша жұмыс жұмыс берушінің (яғни тапсырысшы), ал мердігерлік бойынша - мердігердің (орындаушы) тәуекелімен орындалады. Еңбек шарты бойынша жұмысты материалдық және басқа қамтамасыз ету міндеті жұмыс берушіге жүктеледі, ал мердігерлік шартында – мердігерге. Жұмысшының шартты тиісті дәрежеде орындамауы салдарынан келтірілген шығынға әдетте, шектеулі жауапкершілікте болады, ал мердігер толықтай. Еңбек қатынастарын реттеуде негізгі басымдылық еңбек процесін регламентациялауға беріледі, мердігерлікте ол нәтижеге жетуге және оны тапсырысшыға беруге бағытталған [14]. Еңбек шартында жұмысшы орнатылған еңбек режиміне бағынады. Мердігерге мұндай міндеттемелер таралмайды.
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі.
Жұмыc атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттарда көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерекшеленсе де, жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндетері бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық әдебиеттерде еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қаныстарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтар олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрінеді.
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті.
Мердігерлік шарты консенсуалды, ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға тәуелділікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді. Осы жөнініде О.С.Иоффе: «Кейбір консенсуалды шарттардың (мысалы, сатып алу – сату) орындалуы шарт жасау сәтімен сәйкес келіп жатса, мердігерлік шартында мұндай мүмкіндік жоқ: шартты жасау сәті мен оның орындау сәті міндетті түрді уақыт аралығымен бөлінеді» [15, 159 б.]. Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуы мүмкін, мысалы, суретке түсіру шартары тез фотосуреттер дайындаумен байланысты мердігерліктің осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының себептенуші негізінде болуы мүмкін.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (616-683-б) ұстанылып келеді.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастарының түрлерінің ең маңызды және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі сипаттамасына мыналар кіреді. 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің бұл түрлері туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады.
Мердігерлік шартының элементтері. Мердігерлік шартының тараптары мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы екінші тарапқа мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі-бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде азаматтық-құқытық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердігерлік шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң актілерімен белгіленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекітілген, «Жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйымдастыру және өткізу тәртібінің» ережелері.
Мердігер шарт бойынша белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір жағдайларда, «Лицензиялау туралы» 17.04.1995 ж. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждық жұмыстары және басқалары лицензиялануы керек.
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет. Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға тапсырысшының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшының алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
ҚРАК-нің 619-бабына сәйкес егер заң актiлерiнен немесе шарттан өзгеше туындамаса, мердiгер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердiгерлердi) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер - тапсырысшының алдында бас мердiгер, ал қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшы болады. Бас мердiгер қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшының мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердiгердiң мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты болады.
Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы мен қосалқы мердiгер бiр-бiрiншi өздерiнiң бас мердiгермен арадағы шарттарды бұзуына байланысты талаптар қоюға құқығы жоқ.
Бас мердiгердiң келiсiмiмен тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мұндай жағдайда үшiншi тұлға жұмысты орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн тiкелей тапсырысшының алдында жауапты болады.
Егер шарт бiр мезгiлде екi немесе одан да көп мердiгермен жасалса және мiндеттеме нысанасы бөлiнбейтiн болса, мердiгерлер тапсырысшыға қатысты ортақтасқан борышқорлар және тиiсiнше ортақтасқан кредит берушiлер болып танылады. Мiндеттеме нысанасы бөлiнетiн жағдайда, сондай-ақ заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген басқа да жағдайларда мердiгерлердiң әрқайсысы құқықтарға ие болып, тапсырысшыға қатысты өз үлесiнiң шегiнде мiндеттемелердi мойнына алады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борышкерлер болып келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бір-біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың субъектілері, өйткені олардың әркайсысымен бөлек бөлек (дербес) мердігерлік шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін, осы жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алған бір міндеттемелік құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287-бабының 1-тармағы), сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен бірнеше борышкер тапсырысшының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 287-бабы, 2-тармағы).
Бірнеше мердігерлік өзара қосымша (акцессорлық) келісімдер жасауы мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан, акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ю.Г. Басин мынадай мысал келтіреді: «Төрелік сот тәжірибесінде үш жеке орындаушы тапсырысшы келіскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негізгі) шартты жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келісім жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы мердігерлердің біреуінің қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа мердігерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келісімінде сол шарттың біреуге қатысты тоқтаудың салдары қарастырылмағанға сілтеген» [16, 3 б.].
Келтірген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде тоқтатылғасын негізді деп тануға болады. Қосымша мердігерлер өзара келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте алмайтыны туралы қорытынды жасай аламыз.
Мердігерлік шартының нысанасы бұл мердігер мен орындаған жұмыстың нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін табады.
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың тиісті халін қалпына келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты кейбір өзге жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию, киімдерді химиялық тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстарды өзі орындауға міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды арзанға ауыстыруы мүмкін және т.б. бұзушылықтарға жол беруі мүмкін. Мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің шегінде анықталмауы мүмкін. Мердігердің қызметінің өзі реттелетінін растайтын келтіргеннен өзге де мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.
Мердiгерлiк шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi мерзiмi көрсетiледi. Тараптардың арасындағы келiсiм бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi (аралық мерзiмдерi) де көзделуi мүмкiн.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi, сонымен қатар аралық мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапты болады.
Жұмыс орындаудың мердiгерлiк шартта көрсетiлген бастапқы, түпкi және аралық мерзiмдерi шартта көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша өзгертілуі мүмкін.Мердiгерлiк шартта орындалуға жататын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау әдiстерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар келiсiмге келмеген жағдайда бағаны тараптарға келтiрiлген қажеттi шығындарды ескере отырып, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi.
Шарт жасасқаннан кейiн мердiгер беруге тиiстi материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшiншi тұлғалар көрсететiн қызметтердің құны едәуiр өскен кезде мердiгердiң белгiленген бағаны (сметаны) көбейтудi, ал тапсырысшы бұл талапты орындаудан бас тартқан жағдайда шартты бұзуды талап етуге құқығы бар. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды. Мердiгерлiк шартта мердiгер алған үнемдi тараптар арасында бөлу көзделуi мүмкiн.
Мердігерлік шартты жасау кезінде жұмысты орындау үшін мердігердің тұлғаларды тартуына байланысы үшінші сұрақтар жиі туындайды. Д.И.Мейер негізінде мердігерлік шартын мердігер «жұмысты өзі орындауға міндеттеме алмайды, ол жұмыс басқа тұлғалар арқылы орындалады, сондықтан Мердігер тапсырысшы мен оны орындаушы жұмысшы арасында делдал болады» [17, 295 б.].
Жұмыс - көп жақты түсінік. Д.Н. Ушакова 30 шақты мағынасын көрсетеді. Осылардың ішінен мердігердің терминіне жақыны ол «бірдеңе істеу» болып келеді деп айтқан [18, 1098 б.].
Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек. Жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн. Жұмыс мердiгер жасаған сметаға сәйкес орындалған жағдайларда смета күшке ие болып, тапсырысшы оны растаған кезден бастап шарттың бiр бөлiгiне айналады.
Жұмыстың бағасы (смета) шамамен алынған немесе тұрлаулы болуы мүмкiн. Шартта басқа нұсқаулар болмаған кезде жұмыстың бағасы (смета) тұрлаулы деп есептеледi.
Егер қосымша жұмыс жүргiзу және осы себептен жұмыстың шамамен белгiленген бағасын (шамамен алынған сметаны) елеулi түрде өсiру қажет бола қалса, мердiгер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi. Жұмыстың бағасын (сметаны) өсiруге келiспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер өзiне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлiгiнiң бағасын төлеудi талап ете алады.
Шартта көрсетiлген бағаны (сметаны) өсiру қажеттiгi туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердiгер жұмысқа шартта белгiленген баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға мiндеттi.
Мердiгер тұрлаулы бағаны (тұрлаулы сметаны) көбейтудi, ал тапсырысшы оны азайтуды, оның iшiнде шартты жасау кезiнде орындалуға тиiс жұмыстардың толық көлемiн немесе бұл үшiн қажеттi шығындарды қарастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда да талап етуге құқығы жоқ.
Баға әр кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ төлеудің нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсілдері көрсетіледі. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға туралы келісімге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негізге алу арқылы сот белгілейді. Бағаны есептеу үшін, тараптарға келтірілген шығындар еске алынуы қажет. Егер, шарт негізінде орындалатын жұмыстың күрделі құрамы болса, яғни сол жұмыстың бірнеше олардың түрінен құрылса, бірнеше кезеңдерді қамтылса және т.б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Смета бұл мердігерлік шарты бойынша орындалатын барлық жұмыстың құнына жұмсалатын материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.
Мердігер жұмыстың және материалдардың құндары жөнінде біліктілеу болған соң смета көбінесе онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының өзінің де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердігермен жасаған смета, тапсырысшымен бекітіледі және шарттың ажырамас бөлігіне айналады, өз кезегінде тапсырысшы дайындаған смета мердігердің келісімін талап етеді. Жалпы смета жөнінде келісуде оны шартты жасау тәртібімен салыстырғанда ешқандай жаңалық жоқ.
Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкін. Мердігер тұрақты сметаны көбейтуді талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете алмайды. Тұрақты сметаны бір жақты өзгертуге құқық шартты жасау кезіңде орындалуға тиіс жұмыстардың толық көлемін немесе бұл үшін қажетті шығындарды анықтау мүмкін болмаса да пайда болмайды. Шарт жасасқаннан кейін мердігер беруге тиісті материалдар жабдықтардың, сондай-ақ оған үшінші тұлғалар көрсететін қызметтердің құны едәуір өскен кезде мердігердің белгіленген бағаны (сметаны) көбейтуді талап ету құқығына иеленеді. Егер тапсырысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердігердің шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.
Шамалас сметаның ерекшелігі, оны қарастырған жағдайда мердігер өзі шығындарының көлемін оларды аздап көбейту жағына өзгерте алады. Жұмыстың шамамен белгіленген бағасын (шамалас сметаны) елеулі өсіру қажет бола қалса, мердігер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға міндетті. Қандай болса да қосымша жұмыстарды орындау керектігі анықталғасын немесе материалдарға, үшінші тұлғалардың қызметтерінің бағалары өссе, осындай қажеттілік болуы мүмкін. Бағаны елеулі өсіруге көбейтуге келіспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердігер өзіне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлігінің бағасын төлеуді талап ете алады. Шартта көрсетілген бағаны өсіру қажеттігі туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердігер жұмысқа шартта белгіленген алғашқы баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға міндетті.
Мердігерлік шарттың мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінің (іс әрекетінің) уақыттық өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгілі мерзімге мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі мердігерлік шарттарының ақырында орындалуы сол мерзімдерге тікелей тәуелді болады. Оның аралығында жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бітуі тиіс уақыт кезеңі мердігерлік шартының жалпы мерзімін құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы үшін қарастырылған ақырғы мерзімдер де бекітіледі. Жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері аралық мерзімдер де көзделуі мүмкін.
Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердігердің қызметінің бірдей етіп бөлінуін қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын, бақылауын қамтамасыз етеді. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгіленген мерзімінде аяқтау мүмкін еместігі айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса, оны орындауға уақытылы кіріспесе де осы нәтиже орын алады.
Мердiгер мына мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертуге міндетті:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдiсi туралы нұсқауларын орындаудан тапсырысшы үшiн болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертiп, одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi.
Осы мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшiн қисынды мерзiмнiң аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердiгердiң өзiне немесе өзi тапсырысшыға тиiстi талаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ.
Егер тапсырысшы осы аталған мән-жайлар туралы мердiгер тарапынан уақытылы және негiзделген ескерту алғанына қарамастан, қисынды мерзiмде жарамсыз және сапасыз материалды ауыстырмаса, жұмысты орындау әдiсi туралы нұсқауды өзгертпесе немесе жұмыстың жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп төндiретiн мән-жайларды жою үшiн басқа да қажеттi шаралар қолданбаса, мердiгер шарттан бас тартуға және оның тоқтатылуынан келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы. Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген көлем мен тәртiп бойынша мердiгерге жұмыстың орындалуына жәрдем көрсетуге мiндеттi. Тапсырысшы бұл мiндеттi орындамаған жағдайда мердiгер бос тұрыс не жұмыстың орындалу мерзiмiн ауыстыру не жұмыстың бағасын көтеру туғызған қосымша шығындарды қоса алғанда, келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы. Мердiгерлiк шарт бойынша жұмысты орындау тапсырысшының iс-әрекетiнiң немесе қателiктерiнiң салдарынан мүмкiн болмаған жағдайларда мердiгер жұмыстың орындалған бөлiгiн ескере отырып, өзiне белгiленген бағаны төлетiп алу құқығын сақтайды.
Мердiгердiң жұмыс сапасының тиiстi дәрежеде болмауы үшiн мынадай жауапкершiлiгi болады:
Егер жұмысты мердiгер шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулармен немесе оны шартта көзделген не шартта тиiстi ережелер болмаған кезде - әдеттегi пайдалану үшiн оларды жарамсыз ететiн өзге де кемшiлiктермен орындаса, заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбегендiктен, тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердiгерден:
1) қисынды мерзiмде жұмыстың кемшiлiктерiн өтемсiз жоюды;
2) жұмыс үшiн белгiленген бағаны мөлшерлес азайтуды;
3) тапсырысшының кемшiлiктердi жою құқығы шартта көзделсе, өзiнiң оларды жоюға шыққан шығыстарын өтеудi талап етуге құқылы.
Мердiгер өзi жауап беретiн жұмыстың кемшiлiктерiн жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрген зиянды өтей отырып, жұмысты тегiн қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкiн болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып беруге мiндеттi.
Егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшiлiктерi елеулi және жоюға келмейтiн болса не анықталған кемшiлiктер тапсырысшы белгiлеген қисынды мерзiмде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
Шартта белгiлi бiр кемшiлiктерi үшiн мердiгердi жауаптылықтан босату көзделуi мүмкiн. Егер тапсырысшы кемшiлiктер мердiгердiң кiнәлi iс-әрекетiнiң немесе әрекетсiздiгiнiң салдарынан пайда болғандығын дәлелдесе, аталған ереже қолданылмайды.
Жұмысты орындау үшiн материалдар берген мердiгер олардың сапасы үшiн сатушының сапасы лайықсыз тауарлар үшiн жауаптылығы туралы ережелер бойынша жауап бередi. Мердiгерлiк шарт бойынша орындалған жұмыс сапасының лайықсыз болуынан туындаған талаптар үшiн талап арыз қою мерзiмiнiң өтуi тапсырысшы осы Кодекстiң 630-бабында көзделген мерзiм шегiнде мәлiмдеген кемшiлiктер анықталған күннен басталады. Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiмен бiрге, егер бұл шартта көзделсе немесе ақпараттың сипаты, онысыз жұмыстың нәтижелерiн шартта көрсетiлген мақсаттар үшiн пайдалану мүмкiн болмаса, шарттың нысанасын пайдалануға немесе өзгеше iске асыруға қатысты ақпаратты беруге мiндеттi.
Егер бiр тарап шарт бойынша өзiнiң мiндеттемесiн атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа шешімдер мен техникалық білiмдер туралы ақпарат, оның iшiнде құқықтық қорғауды пайдаланбайтын ақпарат, сондай-ақ коммерциялық құпия ретiнде қаралуы мүмкiн мәлiметтер алса, оны екiншi тараптың келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға хабарлауға құқығы жоқ. Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртiбi мен талаптары тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
ҚРАК-нің 627-бабының 4-тармағының немесе 635-бабының 3-тармағының негiзiнде тапсырысшы мердiгерлiк шарттан бас тартқан жағдайда мердiгер тапсырысшы берген материалдарды, жабдықтарды, өңдеуге берiлген затты және өзге де мүлiктi қайтаруға не оларды тапсырысшы атаған тұлғаға беруге, ал егер бұл мүмкiн болмаса, материалдар, жабдықтар және тапсырысшыдан алынған өзге де мүлiк құнының орнын толтыруға мiндеттi.
1.2.1 ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мердігерлік шартының мазмұны тараптардың құқықтары мен міндеттерінен құралады. Бір тараптың міндетіне екіншісінің құқығы сәйкес келетіндіктен, тараптардың міндеттері ғана қарастырылады. Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол кәсіби субьект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келеді. Мердігердің осы міндетінің мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мінез құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны үшін мердігерді жауапкершіліктен босататын жағдайлар да әсер етеді.
Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен орындауға міндетті. Егер материал онымен берілсе, ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиісті сапасы үшін жауапты болады. Жұмыстың өзі тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады және оған сәйкес болуы қажет, яғни ол да сапалы орындалуы керек. Мердігерлік шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиісті орындауының негізгі белгісі ретінде тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердігер мемлекеттік стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртіптерін сақтауға және нормативті-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға міндетті. Осындай талаптар бірінші кезекте кәсіпкер ретінде жұмыс жасайтын мердігерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 632-б. 2-тармақ), бірақ кәсіпкер емес мердігердің де жұмыс орындау кезінде міндетті қойылған талаптарынан шегінуіне құқығы жоқ, егер міндетті талаптарды орындамаса оның қызметіне тиым салынуы тиіс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгіленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негіз ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін жұмысты орындау міндетін шарт жоғары талаптарға сай келетін жұмысты орындау міндетін шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.
Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге міндетті.
Кейбір жағдайларда, мердігер жұмысты тапсырысшының материал-дарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына міндетті. Сонымен қатар, мердігер оларды дұрыс пайдалану тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге міндетті. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердігер оларды тапсырысшыға беруге міндетті. Мердігер тапсырысшының келісімімен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемітіп сол материалды өзінде қалдыруға құқылы.
Материадарды тапсырысшы берген болса, мердігер сол материалдарды сапасына қарай қабылдап алуға міндетті. Мердігер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өндеуге берілген заттың өзінде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінің кәсіби тәжірибесіне байланысты бағалайды.
Мердігер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе өндеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдісі туралы нұқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайдар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.
Осындай мән-жағдайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшін қисынды мерзімнің аяқталауын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердігердің тапсырысшы оған тиісті талаптар қойған кезде аталған мән-жағдайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ. Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты жауапты қисынды мерзімінің ішінде беруі тиіс.
Егер мердігер белгіленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының берген сапасыз материалдарынан орындаса, ол тек материалдардың кемшіліктерін тиісті қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған ретте ғана жауапкершіліктен босатылуы мүмкін, яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиісті бағаламауда мердігердің кінәсі болуы керек. Осыған байланысты, жұмыс мердігердің материалынан орындалса, мердігерлік шартында тапсырысшының кепілдігі көбірек болады, себебі материалдарды қамтамасыз еткен мердігер олардың сапасы үшін кінәсі барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты болады.
Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген мерзiмде және тәртiппен орындалған жұмыстың нәтижесiн мердігердiң қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге де кемшiлiктер анықталған жағдайда бұл туралы мердiгерге дереу мәлiмдеуге мiндеттi.
Жұмысты қабылдау кезiнде ондағы кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы, егер актiде не қабылдауды куәландыратын өзге де құжатта ол кемшiлiктер не оларды жою туралы кейiн талап қойылу мүмкiндiктерi айтылған жағдайда ғана оларға сiлтеме жасауға құқылы.
Жұмыстың нәтижесiн тексерусiз қабылдаған тапсырысшы оны қабылдаудың әдеттегi әдiсi кезiнде анықталуы мүмкiн жұмыс кемшiлiктерiне (көрiнеу кемшiлiктер) сiлтеме жасау құқығынан айрылады.
Жұмыс нәтижесiн қабылдағаннан кейiн әдеттегi қабылдау әдiсi кезiнде анықталуы мүмкiн емес (жасырын кемшiлiктер), оның iшiнде мердiгер қасақана жасырған шарттан ауытқуды немесе өзге де кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы олар анықталғаннан кейін қисынды мерзiмде бұл туралы мердiгерге хабарлауға мiндеттi.
Тапсырысшы анықтаған жасырын кемшiлiктер туралы мердiгерге хабарлау үшiн шектi мерзiм - бiр жыл, ал үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түрiне тәуелсiз мердiгердiң қасақана жасырған кемшiлiктерiне қатысты - жұмысты қабылдаған күннен бастап үш жыл болып табылады.
Заң актiлерiнде немесе шартта неғұрлым ұзақ мерзiмдер (кепiлдiк мерзiмдер) белгiленуi мүмкiн.
Егер шартқа сәйкес тапсырысшы жұмысты бөлiп-бөлiп қабылдаса, осы тармақта белгiленген мерзiм жұмыстың нәтижелерiн тұтасымен қабылдаған күннен басталады.
Тапсырысшы мен мердігердің арасында орындалған жұмыстың кемшіліктері немесе олардың себептерi жөнiнде дау туған кезде тараптардың кез келгенiнiң талап етуi бойынша сараптама тағайындалуға тиiс. Сараптама шартты бұзушылық немесе мердiгердiң iс-әрекетi мен анықталған кемшiлiктердiң арасында себептi байланыстар жоқ екенiн анықтаған жағдайларды қоспағанда, сараптаманы өткiзу жөнiндегi шығындарды мердiгер көтередi. Бұл жағдайларда сараптама жөнiндегi шығындарды оны тағайындауды талап еткен тарап, ал егер сараптама тараптардың арасындағы келiсiм бойынша тағайындалса - екi тарап тең көтередi.
Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижелерiн қабылдаудан жалтарған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер шартқа сәйкес жұмыс тапсырысшыға өткiзуге тиiстi күннен бастап бiр ай өткен соң және тапсырысшыға бұдан кейiн екi мәрте ескерткеннен кейiн жұмыстың нәтижесiн сатуға, ал алынған соманы мердiгерге тиесiлi барлық төлемдердi шегерiп, нотариус депозитiне тапсырысшының атына салуға құқылы.
Егер тапсырысшының орындалған жұмыс нәтижелерiн қабылдаудан жалтаруы жұмысты тапсыруды кешiктiруге әкеп соқса, дайындалған (өңделген) затқа меншiк құқығы өткiзiлген кезден тапсырысшыға көштi деп танылады.
Егер мердiгерлiк нысанасы оны тапсырғанға дейiн кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтаудың мүмкiн болмауы тараптардың кiнәсiнен болмаса, мердiгердiң жұмыс үшiн сыйақы талап етуге құқығы жоқ.
Егер мердiгерлiк нысанасының жойылуы немесе жұмысты аяқтаудың мүмкiн болмауы тапсырысшы жеткiзген материал кемшiлiктерiнiң немесе оның жұмысты орындау әдiсi туралы өкiмдерiнiң салдарынан болса, не тапсырысшы орындалған жұмысты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алғаннан кейiн болса, оның үстiне мердiгер осы Кодекстiң 628-бабы ережелерiн сақтаған болса, мердiгер жұмыс үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
Мердiгер орындаған жұмыс шарт ережелерiне, ал олар болмаған немесе толық болмаған жағдайда - әдетте тиiстi тектес жұмысқа қойылатын талаптарға сай болуы тиiс.
Егер заң актiлерiнде немесе оларда белгiленген тәртiпте мердiгерлiк шарты бойынша орындалатын жұмысқа мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкер ретiнде iс-әрекет етушi мердiгер жұмысты осы мiндеттi талаптарды сақтай отырып орындауға мiндеттi.
Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.
Заң актiлерiнде немесе шартта мердiгердiң тапсырысшыға жұмыс сапасына кепiлдiк беруi көзделген жағдайда мердiгер тапсырысшыға бүкiл кепiлдiк мерзiмiнiң iшiнде осы Кодекстiң 632-бабының талаптарына сай болуға тиiс жұмыс нәтижесiн беруге мiндеттi.
Жұмыс нәтижесiнiң сапасына кепiлдiк, егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс нәтижесiн құрайтын барлық элементтерге қолданылады.
Егер мердiгерлiк шартта өзгеше көзделмесе, кепiлдiк мерзімі орындалған жұмыс нәтижесiн тапсырысшы қабылдаған немесе қабылдауға тиiс болған кезден басталады.
Мердігер тапсырысшы берген мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігердің иелігіне өткен заттардың, тапсырысшы берген материалдардың, өзге мүліктің, жабдықтардың сақталмағаны үшін мердігер жауапты болады. Бұл жауапкершілік мердігерлік шартының орындауына арналған мүлікке ғана емес мердігердің иелігіне түскен басқа да мүлікке де қатысты болады. Мысал ретінде мердігерге (оның жұмысшыларына) тынығу үшін бөлініп берілген бөлмелерді, жөндеу кезінде оны алып кету қажеттілігі болмаған жиһазды және тағы басқа осындай мүлікті айтуға болады. Осындай мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің өлшемі болып, әдетте орын алатын меншік иесінің өзінің шаруашылық ұқыптылығы келеді, бірақ жұмыстарды орындау үшін арналған жабдықтар мен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда мердігердің кәсіби субьект ретінде қараушылық дәрежесі жоғары болуы керек екенін танимыз. Кез келген жағдайда, егер мүлік сақтауды қамтамасыз ететін барлық шараларды қолданбаса, мердігер кінәлі болып табылады.
Мердігер де үнемдеуге құқығы бар (ҚРАК-нің 622-б). бұған қатысты норма заңнамада және бұрын ҚКСР АК-сінде ол болмаған еді. Оны кірістіру мердігердің тиімді шаруашылық жүргізуін қолдайды, себебі онда оның қолданылуына байланысты үнемдеуге тікелей мүліктік мүддесі пайда болады. Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзінің құнын азайтуда болып келеді. Үнемдеу әдеттегіге қарағанда шығындарды азайтатын, жаңа технологияларды енгізетін мердігердің жоғары дәрежелі кәсіпқойлығының салдарынан болады. Мердігердің нақты шығыны бағаны белгілеу (сметаны жасау) кезінде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердігер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер еткенін дәлелдей алмаса, мердігер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.
Мердігерлік шартта мердігер алған үнемді тараптар арасында бөлу көзделуі мүмкін (ҚР АК-нің 622-б. 2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт бойынша төленетін баға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуі орын алмаса бұл норманы қолдану ақыл-ойға сыйыспайтын болып келеді. Басқа жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердігердің қызметін пайдалану үшін, оның тұрақты іскерлік атағы пайда болу үшін, үнемдеу туралы норманы қолдану қосымша ынталандыру болуы мүмкін.
Мердігер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесімен бірге, шарттың нысанасын пайдалану немесе өзгеше іске асыру үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті. Осы міндетті қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келеді. Мердігердің осы міндеті тағы шартта да көрсетілуі тиіс. Кейбір жағдайларда, осы жұмыстың нәтижелерін шартта көрсетілген мақсаттарда пайдалану тиісті ақпаратсыз мүмкін болмаса, онда сондай сипаттағы ақпарат мердігердің осы жөніндегі міндеті шартта бекітілмей-ақ берілуге тиіс болады (ҚРАК-нің 637-б.). Осындай ақпараттарда белгілі технологиялық схемалар, нұсқаулар, түсініктемелер және тағы басқалар жатады. Жалпы мердігердің ақпарат беру бойынша міндеті мердігерлік нәтижесінің ерекшелігіне, жасалған бұйым арнайы күтімді талап ететіне және тағы басқа себептерге байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 638-бабы әрбір тарапқа қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүліктік объектісімен [19, 93, 94 б.]. сияқты иеленуіне байланысты мүдделердің (құқықтары) қамтамасыз ету міндетті жіктеледі. Бір тарап шарт бойынша өзінің міндеттемесін атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа техникалық шешімдер мен білімдер туралы ақпарат алса, сол ақпаратты үшінші тұлғаларға өзге (қарсы) тараптың келісімінсіз бере алмайды (бұл ақпараттың құрамына ноу-хауды қосқанда өнеркәсіптік меншіктің барлық түрлері туралы ақпарат кіре алады). Мердігерлік шарты бойынша жалпы тәртібіне құқықтық қорғауы болмайтын ақпарат және де тараптардың біреуінің коммерциялық құпиясы болып келетін ақпарат та қорғалады. Осындай ақпаратты (барлық түрлерін) жарияламау міндеті тараптар оны шартта бекіткеніне, бекітпегіне байланысты болып келеді, бірақ ақпараттарды пайдалану талаптары мен тәртібі тараптардың келісімімен анықталады (ҚРАК-нің 638-бабы). Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртібі мен талаптары тараптардың келісімімен белгіленеді.
Мердігер жұмысты атқарған соң, оған тапсырысшы шартты орындау үшін берген құралдарды қайтаруға міндетті. Сол сияқты тапсырысшы мердігер жұмысты орындауға кіріспегені немесе тым баяу орындағанына немесе орындалған жұмыста елеулі және жойылуы мүмкін емес кемшіліктері болғаны себебінен шартты бұзса (одан бас тартса), онда мердігер тапсырысшымен берілген материалдарды, жабдықтарды өңдеу үшін берілген затты немесе өзге мүлікті қайтаруға міндетті. Мүлік тапсырысшы көрсеткен тұлғасына қайтарылуы мүмкін [20]. Егер мүлікті қайтарып беру мүмкіндігі жоқ болса мердігер материалдарды құрал-жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа мүліктің бағасын қайтаруға міндетті (ҚР АК 639-бабы).
Тапсырысшыға мердігерге жәрдемдесу міндеттері жүктеледі. Бұл тапсырысшы мердігермен бірге белгілі бір жұмыстың бөлігін істеу керектігін білдірмейді. Жұмыс мердігердің қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшымен материалдарды беру міндеті болмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 629-бабының мағынасы бойынша, тапсырысшы мердігердің міндетін тиісті орындауға қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруы керек, егер осы шаралар тапсырысшының әрекеттеріне байланысты болса. Мысалы тапсырысшы салынып жатқан объектіге жолды тазалауға, тиісті мерзімде, егер бұл шартта қарастырылса жабдықтарды, бөлмелерді (жайларды) беруге міндетті. Мердігерге көмектесу міндеті тапсырысшы оған жұмыстарды орындаудың бұдан бұрын бекітілген тәртібін қайта құруды талап етпеу керек екенін, оған жұмыстың орындалуында өзге кедергі жасамау керек екенін, керісінше онымен ынтымақтастықта болу керек екенін білдіреді. Тапсырысшы осы міндеттерін орындамаған жағдайда, мердігер зиянды соның ішінде жұмыстың тоқтап қалуына, жұмысты орындаудың мерзімдерінің өзгеруіне немесе жұмыс бағасы көбеюіне байланысты келтірілген шығындарды (қосымша шығындарды) өтеуді талап етуге толық құқылы. Егер мердігерлік шарт бойынша жұмысты орындау тапсырысшының әрекетерінен (қателіктерінен) мүмкін болмай қалса, мердігер жұмыстың орындалған көлеміне сәйкес келетін мөлшерде жұмыс үшін ақыны алу құқығын сақтап қалады.
Тапсырысшы мердігер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабында жұмысты қабылдау тәртібі реттелген және ол шартта да көрсетілуі мүмкін. Жасалған жұмысты қабылдау шартта көрсетілген мерзімде егер ол мерзімдер шартта қарастырылмаса, онда қабылдау қисынды мерзімдерде жүрзіледі. Қабылдауға жұмыс нәтижелерін тексеру кіреді. Егер жаңа зат жасалынса немесе бар затты жөндеу, оны жақсарту жүргізілсе қабылдау міндеті затын иелікке алу бойынша іс жүзіндегі әрекеттерді де өз құрамына енгізеді. Орындалған жұмысты қабылдаудың мерзімін өткізіп алу меншік құқығы жаңадан жасалған (қайта өңделген) затқа тапсырысшыға затты беру орын алғанда көшеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабы 8-тармағы).
Сілтеме жасалған норманың мәтінінде біздің ойымызша қателік бар, себебі жұмыс нәтижесін қабылдап алу мерзімін өткізіп алу тапсырысшыға меншік құқығы өту сәтін анықтауға байланысты болуы тиіс емес (меншік құқығы онсыз өтеді), мерзімді өткізіп алған несие берушіде (тапсырысшыда) осының салдарынан болған барлық қолайсыз нәтижелер (тәуекелдер) оның қабылдау мерзімін өткізіп алудағы кінәсі болмаса, онда ол мүлікті қабылдауға міндетті болған және оны қабылдаған сәттер арасындағы уақыт аралығындағы мүлікті күтіп ұстау бойынша, шығындар да оған жүктелетініне (ол сол шығындарды өтеуге міндетті болатынына) әкеледі.
Тапсырысшы жұмысты нашарлатқан шарттан ауытқуларды немесе жұмыстағы өзге кемістіктерді анықтаса, онда ол бұл туралы дереу мердігерге хабарлауы тиіс. Болашақта тапсырыс беруші қабылдау сәтінде анықталған кемістіктерді жою туралы талап қоймақ болса, онда кемістіктер қабылдауды куәландыратын актіде немесе өзге құжаттарда көрсетілсе ғана, ол соларға сілтеме жасай алады. Осы қойылатын талапты ескерсек, біз мердігерлік жөніндегі нормалар мердігерлік шартының нысанасын қабылдау бойынша сатып алу-сату шартына (оның нормаларына қарағанда) қатаңдау талаптар бекітетінін айта аламыз [21].
Егер тапсырысшы жұмыстың нәтижесін тексеріссіз қабылдаса, онда ол қабылдаудың кәдімгі болып келетін тәсілдерін қолданғанда анықталуы мүмкін болған кемістіктерге (айқын кемістіктерге) сілтеме жасау құқығынан айырылады.
Егер тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қарап қабылдағаннан кейін қарапайым қарағанда көрінбейтіндей кемістіктерді (жасырын кемшіліктерді) сол сияқты оларды мердігер қасақана жасырған кемістіктерді анықтаса, онда тапсырысшы бұл туралы мердігерге қисынды мерзімде хабарлауға міндетті. Тапсырысшы мердігерге оның орындаған жұмысының кемшіліктері туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзімі кемшіліктер табылғаннан, яғни жұмыс нәтижесі қабылдағаннан кейін бір жылды құрайды. Мердігерге ғимараттардың, құрылыстардың кемістіктері туралы немесе мердігер қасақана жасырған кемістіктер туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзімі үш жылды құрайды. Көрсетілген мерзімдерді кепілдік мерзімдері ретінде бағалауға болады. Аталған мерзімдер заң актілерімен немесе шарттармен ұзартылуы мүмкін. Сапа кепілдігі, егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс нәтижесінің барлық құрамаларына тарайды. Егер мердігерлік шартында бұл өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдағаннан кейін бастап немесе тапсырысшы оларды қабылдауы керек сәттен кейін бастап есептеледі.
Егер тапсырысшы мен мердігер арасында жасалған жұмыс кемшіліктері немесе оның себептері туралы тартыс болса, олардың әр қайсысының талабы бойынша сараптама жүргізілуі мүмкін. Сараптау шығындарын мердігер өтейді. Егер сараптау шарт бұзылмаған деп тапса немесе мердігердің жасаған іс-әрекеттерінің және табылған кемшіліктердің өзара байланысы жоқ деп тапса мердігер осы шығындардан босатылады. Бұл жағдайларда шығындарды кім сараптауды жүргізуді қаласа, сол өтейді. Егер сараптауды тараптар келісімімен жүргізсе, онда екі жақ тең шығынды өтейді.
Жасалған жұмысқа ақы төлеу міндеті тапсырысшының негізгі міндеті. Бұл міндет жалпы тәртіп бойынша мердігер жасаған жұмысты толығынан тапсырған соң орындалуы тиіс. Шартта алдын-ала жұмысқа ақы төлеу немесе жеке жұмыс кезеңдерінде ақы төлеу міндеті қарастырылуы мүмкін. Ақы төлену үшін жұмыс уақытылы орындалуы керек. Жұмыс мерзімінен бұрын аяқталса, оған алдын алу құқығы алдын ала төлеу тараптар келісіміне бұрын кірсе, немесе тапсырысшы содан соң алдын ала төлеуге келіссе пайда болады. Аванс төлемін жасау немесе кепілпұл беру осылар шарттарда немесе заңнамада қарастырылған жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Аванс төлемінің, кепілпұлдың мөлшері де шарттармен немесе заңнамамен анықталады.
Мердігерге тапсырысшыға қатысты құқықтарын өз бетімен қорғау құқығы беріледі. Бұл құқық затты ұстап қалу құқығы болып келеді.
Тапсырысшы белгіленген бағаны немесе шартпен белгіленген өзге соманы төлеу міндетін орындамаса, мердігер шарт нысанасын (жұмыс нәтижесін) орындамағанымен байланысты ұстап қалу мен қатар тапсырысшыға тиесілі құрал – жабдықтарын да, жұмысты орындау үшін берілген пайдаланылмаған материалдар қалдығын да және тапсырысшының өзге мүліктерін тапсырысшы керекті ақша соммасын төлегенше бермеуге құқылы. Бұл құқық шартта қаралмаса да жүзеге асырыла береді.
Мұндай жағдайлар шартта қаралса, тапсырысшыға да сондай құқық беріледі, ол мердігерге тиесілі сыйақы мөлшерінен өз уақытылы анықталған кемшіліктерді жоюға арналған шығындарды өтеу үшін ұстап қалуға құқылы.
Егер тапсырысшы жасалған жұмыс нәтижесін қабылдауды жалтарып, жұмыс үшін төлемесе мердігер жұмыс нәтижесін өз бетімен сатуға (өткізуге) құқылы болады. Бұл тапсырысшы жұмысты қабылдау уақыты өтіп кеткеннен кейін бір айдан соң және тапсырысшыға екі рет ескертілгеннен кейін жүзеге асады. Мердігер жасалған жұмыс нәтижелерін егер шартта басқаша қарастырылмаса сатады, өзіне тиесілі ақысын алып, қалғанын егер шартпен өзгешелік көзделмесе тапсырысшы дипозитіне салады.
Мердігерлік шарты бойынша тараптарда тиісті көлемде тәуекелдер болып келеді. Егер шартта немесе заң актілерінде өзгеше көзделмесе мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің тәуекелін шарт бойынша келісілген жұмысты тапсырудың мерзімі келгенше мердігер көтереді. Егер мердігерлік затты тапсырылғанға дейін кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтау мүмкіндігі болмаса, онда тараптар кінәсі болмаса, мердігердің жасалған жұмысқа ақы төлеуді талап етуге құқығы болмайды. Яғни жұмыстар орындалмауының тәуекелі барлық жағдайда мердігерге жүктеледі. Затты қабылдауды немесе берудің мерзімін өткізіп алу болса, егер шартта немесе заңда басқаша көзделмесе тәуекел мерзімді өткізіп алған тарапта болады. Сондықтан тапсырысшы затты қабылдаудың мерзімін өткізіп алса мердігер сыйақы алу құқығын сақтайды [22].
Мердігерлік шарттағы тараптардың арасындағы тәуекелдердің қайта бөлінуіне әкелетін жағдайлардан тараптардың біреуінің кінәлі іс әрекеттері болатын жағдайларды айыра білуі қажет. Мысалы тапсрысшының кінәсі болуы мүмкін. Егер мердігерлік затының жойылуы немесе жұмысты орындаудың мүмкінсіздігі тапсырысшы берген материалдың санасыздығынан болса, немесе оның берген жұмысты орындау туралы нұсқауына байланысты болса және осының салдары туралы мердігер алдын ала ескертсе, онда мердігер орындалған жұмыс үшін ақы алу құқығын сақтап қала береді.
Мердігерлік шарты бойынша жауапкершілік өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісті орындамаған шарт тараптарының біреуінің кінәлі жүріс тұрысының салдары болып келеді. Егер мердігерлік шартындағы міндеттемелердің кәсіпкерлік сипаты болса немесе осы шартта арнайы көзделсе, тарап шарт бойынша міндеттемесін тиесілі орындамауы үшін оған кінәсіз жауапкершілік жүктеледі. Жауапкершіліктің мөлшері азаматтық заңнамамен немесе шартпен белгіленеді, әдетте зиянды өтеу міндетін атқарады. Көбінесе залал егер жұмысты мердігер жұмысты нашарлататын ауытқулармен немесе оны шартта көзделген не шартта тиісті ережелер болмаған кездегі әдеттегі пайдалану үшін оларды жарамсыз ететін өзге де кемшіліктермен орындаса тапсырысшыға келтіріледі.
Осыған қарай, Азаматтық кодексте жұмысты сапасыз орындалуы үшін мердігердің жауапкершілігі көзделген (635-б). Оның нормалары мердігер бұзушыға жауапкершілік туралы жалпы нормалармен жүктелетін қолайсыз нәтижелермен бірге тапсырысшыға өзінің құқықтарын арнайы тәртіпте қалпына келтіру мүмкіншілігін береді. Тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердігерден:

  1. қисынды мерзімде жұмыстың кемшіліктерін өтемсіз жоюды;

  2. жұмыс үшін белгіленген бағаны тиісті мөлшерде азайтуды талап етуге құқылы.

Бұл ережелер жұмыстағы кемшіліктер жойылатындай болса немесе елеулі емес болған жағдайда да қолданылады. Ал егер жұмыста шарт талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшіліктері елеулі және жоюға келмейтін болса не анықталған кемшіліктер тапсырысшы белгілеген қисынды мерзімде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Мердігер өзі жауап беретін жұмыстың кемшіліктерін жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзімін өткізіп алу арқылы келтірілген зиянды өтей отырып, жұмысты тегін қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкін болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесін мердігерге қайтарып беруге міндетті.
Осымен бірге тапсырысшы кемшіліктерді өзінің қаражаттарымен мысалы, басқа мердігерді жалдау жолымен жоюы мүмкін. Бұл үшін мердігерлік шартында тапсырысшының жұмыстың кемшілігі өз іс-әрекеттерімен жою құқығы көзделуі керек.
Мердігер өзі жауап беретін жұмыстың кемшіліктерін жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзімін өткізіп алу арқылы келтірген зиянды өтей отырып, жұмысты тегін қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкін болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесін мердігерге қайтарып беруге міндетті.
Сонымен қатар, егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшіліктері елеулі болғанда және жоюға келмейтін болса не анықталған кемшіліктер тапсырысшы белгіленген қисынды мерзімде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Кейбір жағдайларда, жұмысты орындау жоғарлаған қауіп-қатерінен (тәуекелмен) байланысты болса, шартта белгілі бір кемшіліктері үшін мердігерді жауаптылықтан босату көзделуі мүмкін.
Шартты бұзғаны үшін мердігерді жауапкершілікке тартудың тәжірибелік мүмкіншілігі талап қою мерзімін сақтауға байланысты болып келеді. Мердігерлік шарттан тараптарға талап қоюдың жалпы үш жылдық мерзімдері тарайды.
Мердігерлік шарт бойынша орындалған жұмыс сапасының лайықсыз болуынан туындаған кемшіліктер туралы талап қою мерзімі, олар туралы тиісті мерзім шегінде тапсырысшы мердігерге хабарлаған болса, кемістіктер анықталған күннен өз ағымын бастайды. ҚРАК-нің 630-бабында көзделген мерзім шегінде мәлімдеген кемшіліктер анықталған күннен басталады. 630-бапта жасырын кемшіліктер және мердігер қасақана жасырған шарттан ауытқуды немесе өзге де кемшіліктерді анықтаған тапсырысшы олар анықталған кейін қисынды мерзімде бұл туралы мердігерге хабарлауға міндетті болатындығы және жасырын кемшіліктер туралы хабардар ету мерзімнің шегі – бір жыл, ал үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түріне тәуелсіз мердігердің қасақана жасырған кемшіліктеріне қатысты – жұмысты қабылдағаннан күннен бастап үш жыл болып табылатындығы туралы айтылған.
Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген мерзiмде және тәртiппен орындалған жұмыстың нәтижесiн мердігердiң қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге де кемшiлiктер анықталған жағдайда бұл туралы мердiгерге дереу мәлiмдеуге мiндеттi.
Жұмысты қабылдау кезiнде ондағы кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы, егер актiде не қабылдауды куәландыратын өзге де құжатта ол кемшiлiктер не оларды жою туралы кейiн талап қойылу мүмкiндiктерi айтылған жағдайда ғана оларға сiлтеме жасауға құқылы.
Жұмыстың нәтижесiн тексерусiз қабылдаған тапсырысшы оны қабылдаудың әдеттегi әдiсi кезiнде анықталуы мүмкiн жұмыс кемшiлiктерiне (көрiнеу кемшiлiктер) сiлтеме жасау құқығынан айрылады.
Жұмыс нәтижесiн қабылдағаннан кейiн әдеттегi қабылдау әдiсi кезiнде анықталуы мүмкiн емес (жасырын кемшiлiктер), оның iшiнде мердiгер қасақана жасырған шарттан ауытқуды немесе өзге де кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы олар анықталғаннан кейін қисынды мерзiмде бұл туралы мердiгерге хабарлауға мiндеттi.
Тапсырысшы анықтаған жасырын кемшiлiктер туралы мердiгерге хабарлау үшiн шектi мерзiм - бiр жыл, ал үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түрiне тәуелсiз мердiгердiң қасақана жасырған кемшiлiктерiне қатысты - жұмысты қабылдаған күннен бастап үш жыл болып табылады.
Заң актiлерiнде немесе шартта неғұрлым ұзақ мерзiмдер (кепiлдiк мерзiмдер) белгiленуi мүмкiн.
Егер шартқа сәйкес тапсырысшы жұмысты бөлiп-бөлiп қабылдаса, осы тармақта белгiленген мерзiм жұмыстың нәтижелерiн тұтасымен қабылдаған күннен басталады.
Тапсырысшы мен мердігердің арасында орындалған жұмыстың кемшіліктері немесе олардың себептерi жөнiнде дау туған кезде тараптардың кез келгенiнiң талап етуi бойынша сараптама тағайындалуға тиiс. Сараптама шартты бұзушылық немесе мердiгердiң iс-әрекетi мен анықталған кемшiлiктердiң арасында себептi байланыстар жоқ екенiн анықтаған жағдайларды қоспағанда, сараптаманы өткiзу жөнiндегi шығындарды мердiгер көтередi. Бұл жағдайларда сараптама жөнiндегi шығындарды оны тағайындауды талап еткен тарап, ал егер сараптама тараптардың арасындағы келiсiм бойынша тағайындалса - екi тарап тең көтередi.
Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижелерiн қабылдаудан жалтарған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер шартқа сәйкес жұмыс тапсырысшыға өткiзуге тиiстi күннен бастап бiр ай өткен соң және тапсырысшыға бұдан кейiн екi мәрте ескерткеннен кейiн жұмыстың нәтижесiн сатуға, ал алынған соманы мердiгерге тиесiлi барлық төлемдердi шегерiп, нотариус депозитiне тапсырысшының атына салуға құқылы.
Егер тапсырысшының орындалған жұмыс нәтижелерiн қабылдаудан жалтаруы жұмысты тапсыруды кешiктiруге әкеп соқса, дайындалған (өңделген) затқа меншiк құқығы өткiзiлген кезден тапсырысшыға көштi деп танылады.

2 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ


2.1 ТҰРМЫСТЫҚ МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫ


Бұл шарт мердігердің тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейді. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарын жасасып иелене алмайтын заттарын иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша олардың нәтижесі зат болып келмейтін жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының, шаштараздар, моншалар, шеберханалар және тағы басқа қызмет көрсетуі осы сипатта болады. Тұрмыстық мердігерлік қатынасында бөлшектеп сатып алу-сату шарты секілді бір тарап болып тұтынушы қатысады.
Тұрмыстық мердігерлік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 640-650 баптармен реттеледі. Сонымен бірге Қазақ КСР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңы қолданылады. Тұрмыстық мердігерлік қатынастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20 қыркүйектегі № 9/7 Баға және антимонополиялық саясаты бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің Қаулысымен бекітілген «Тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету» Ережесімен реттеледі. Тұрмыстық мердігерлік шарты ерекшелігінің үлкен бөлігі оның тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келеді. Бөлшектеп сатып алу - сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердігерлік қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқытық жағдайын анықтайтын бірқатар нормалар Азаматтық Кодекстің өзінде де бар.
Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.
Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі.
Жұмысты орындауға берілген тапсырыста (шартқа немесе бекітілген нысандағы құжатта) мыналар көрсетілуі тиіс: орындаушының заңды мекен-жайы; тапсырысшының тегі және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс қабылданған мерзім, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзімі, аванс сомасын (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткізген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлері, орындаушы мен тұтынушының материалдарының (заттарының) толық тізімі, бағасы және саны (қанша материалдар жұмыс орындау үшін қажет екені көрсетіледі), жөндеуге берілген заттың зауыттық нөмірі және өзге де реквизиттер. Түбіртектегі бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердігерлік шарты жазбаша нысанда жасалатынын білдіреді. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның ережелерін растауды куәгерлік айғақтарға сілтеме жасау құқығынан айырмайды.
Мердiгердiң тапсырысшыны тұрмыстық мердiгерлiк шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi енгiзуге мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Бұл талап бұзылған жағдайда тапсырысшы мұндай жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеуден бас тартуға құқылы.
Тапсырысшы өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырысшының шарттан бас тартуы туралы хабарлама алғанға дейiн орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеп, тұрмыстық мердiгерлiк шарттан бас тартуға құқылы және тапсырысшы мердiгердiң сол кезге дейiн жасаған шығындарын өтеуге мiндеттi. Тапсырысшыны бұл құқықтан айыратын шарт ережелерi жарамсыз болады.
Егер заң актiлерiнде немесе шартта, оның iшiнде формулярлар ережелерiнде немесе тапсырысшы қосылатын өзге де стандартты нысандарда (Азаматтық Кодекстiң 339-бабы) өзгеше көзделмесе, тұрмыстық мердiгерлiк шарты мердiгердiң тапсырысшыға түбiртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi.
Тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактiсiн немесе оның ережелерiн растауда куәгерлiк айғақтарға сiлтеме жасау құқығынан айырмайды.
Тапсырысшыға жұмыстардың нәтижелерiн өткiзген кезде мердiгер оған дайындалған немесе қайта жасалған затты не орындалған жұмыстың өзге нәтижесiн тиiмдi және қауiпсiз пайдалану үшiн сақталуы қажет талаптар туралы, сондай-ақ тиісті талаптардан сақтамауын тапсырыс берушiнiң өзiне және басқа адамдарға келтiрiлуi мүмкiн зардаптары туралы хабарлауға мiндеттi.
Мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шарт жасалғанға дейiн тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлерi мен ерекшелiктерi туралы, жұмыстың бағасы мен оған ақы төлеудiң нысаны туралы қажеттi және сенiмдi ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшыға оның өтiнiшi бойынша шартқа және тиiстi жұмысқа сәйкес басқа да мәлiметтердi хабарлап отыруға мiндеттi. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсырысшыға мердiгер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиiс.
Тапсырысшы мердiгерден алынған ақпараттың толық немесе сенiмдi болмауының салдарынан тапсырысшы көздеген қасиеттерi жоқ жұмыстарды орындауға шарт жасалған жағдайларда тапсырысшы тұрмыстық мердiгерлiк шартты бұзуды және зиянды өтеудi талап етуге құқылы.
Жоғарыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердігерлік шартының міндетті талабы (елелеулі жағдайлары) деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндегі нормаларға сәйкес жасалатын мердігерлік шартындағы сияқты елеулі жағдайларға нысана (орындалатын жұмыс туралы) және жұмысты орындау мерзімдері туралы жағдайлар жатады [23, 234 б.].
Тұрмыстық мердігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін. Және жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкін. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердігердің эскизі бойынша немесе үлгілері бойынша қабылданады. Оның қолымен (қол қоюмен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бір уақытылы мердігермен келісу нәтижесінде үлгілерден және (немесе) жұмыс орындау (зат жасау) технологияларынан ауытқу болуы мүмкін. Бұндай ауытқулар тұтынушының өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне және мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келмеуі тиіс.
Тапсырыс рәсімделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын шектейтін болса, ол Қазақ КСР-ң «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледі. Тұрмыстық мердігерлік шартында жұмыстың бағасы тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ ол мердігер жариялаған прейскурантта көрсетілгеннен жоғары болмауы керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 644-бабына сәйкес мердігер тұрмыстық мердігерлік шарт жасалғанға дейін тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлері мен ерекшеліктері туралы, жұмыстың бағасы мен оған төленетін ақы туралы, қажетті және сенімді ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұмысқа қатысты басқа да мәліметтерді хабарлап отыруға міндетті. Егер жұмыстың сипаты бойынша маңызы болса, тапсырысшыға мердігер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиіс.
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін жұмысты орындайтын кәсіпорынның қызметі туралы маңдайшасы, заңды мекен-жайы мен атауы, жұмыс істеу режимі көрсетілген маңдайшасы болуы керек. Жеке кәсіпкер өзінің тіркелген органы туралы ақпаратты, көрсетілетін қызметтің талаптарының стандарты туралы ақпаратты және жұмысты сертификатталғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Тапсырысты қабылдау жүргізілетін кәсіпорынның бөлмесінде тұтынушыға керекті ақпарат көзге көрінетін жерде орналасуға тиіс. Оның тізімі Қазақстан Республикасының «Тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету» Ережесінің 5-пунктіде берілген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрін орындауға лицензия, тұтынушыға ұсынылатын мердігердің және өзге бұйымдардың (фурнитураның) үлгілері, типтік шарттардың, түбіртектердің, жетондардың, қолхаттардың, талондар және мердігер тапсырысты қабылдағанын және тұтынушы жұмыс үшін төлегенін растайтын өзге де құжаттардың үлгілері көрсетілуі тиіс.
Тапсырысшының тұтынушы ретіндегі құқықтары оған оның құқықтары, шарт жағдайлары, орындалатын жұмыстардың сипаттамалары туралы толық берумен қатар мердігерге шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызметтерді қосуына тиым салу жұмыстар орындалуының міндеттілігіне әкелмеуі керек.
Тапсырысшы өзіне жұмыс нәтижелерін өткізгенге дейін кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшін мердігерге белгіленген бағаның бір бөлігін төлеуі керек. Бұл міндет мердігер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға дейін орындалса ғана келеді. Тапсырысшы мердігердің мәлімдеме жасау сәтіне дейін орын алған өзге де шығындарын өтеуге міндетті. Ал негізінен тапсырысшының әрқашан шартты бір жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын тұрмыстық мердігерлік шартының жағдайлары жарамсыз болып келеді.
Мердігердің негізгі міндеті шарт талаптарына және міндетті талап етілген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбір жағдайларда жұмыс мердігердің материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.
Мердігер жұмысты шартта қарастырылған мерзімде бітіруге тиіс. Тапсырысты орындау мерзімі азаматтық құқытағы мерзімдерді есептеудің жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Мерзім жұмыстың орындалып біту уақытымен және жұмысты орындауға кірісу уақытымен анықталады. Егер тұрмыстық мердігерлік шартында жұмысты бөліп-бөліп орындау қарастырылса, онда шартта әр орындалатын бөліктің мерзімдері көрсетілуі тиіс. Жедел қызмет көрсету нысанындағы жұмысты орындау шартқа сәйкес жүргізілуі мүмкін.
Егер тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша жұмыс тапсырысшының материалынан болса, түбіртекте немесе шарт жасасу кезінде мердігер тапсырысшыға беретін өзге де құжатта материалдың дәл атауы көлемі (саны), сипаты және тараптардың келісімі бойынша белгіленетін бағасы көрсетілуге тиіс. Түбіртектегі немесе сол сияқты өзге де құжаттағы материалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дәлелдемелер ұсыну арқылы кейін сотта дау айтуы мүмкін. Мердігер тапсырысшының берген материалдарының дұрыс пайдаланылуы мен сақталуына жауап береді. Мердігер тапсырысшы берген материалдардың жарамсыз және сапасыз екендігін ескертуі тиіс. Сонымен бірге орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына, беріктігіне қауіп туғызатын мән-жайларды тапсырысшыға ескертуге тиіс [24].
Тапсырысшы берген материалды мердігер біршама немесе толығынан жоғалтып алса, (бүлдіріп алса) онда ол сол материалды түрі мен сапасы сондай болып келетін өзге материалмен ауыстыруы тиіс. Сонымен бірге тұтынушы шеккен шығындар да өтелуге тиіс болады. Материалдың жекелеп бұзылуы мердігер оған материалдың бүлінуіне әкелуі мүмкін материалдардың айрықша қасиеттері жағдайында мердігер тұтынушының еркі бойынша ұзатпай шартты жаңартып және қысқа мерзімде сондай материалдан затты дайындауға міндетті.
Тапсырысшыға мердігер материалдардың олардың бүлінуіне әкелуі мүмкін айырықша қасиеттері туралы ескертсе, онда мердігер материалдың біршама немесе толық бүлінуіне (жойылуына) байланысты жауапкершіліктен босатылады (яғни тапсырысшы өз нұсқауын берді деген сөз және осы нұсқауды орындау зиян себебі болды). Ал мердігердің материалдың айрықша қасиеттері туралы білмегені оны жауапкершіліктен босатпайды.
Мердігер, егер төтенше және бой бермейтін (дүлей) күш жағдайлары орын алса, осының себебінен материалдың бүлінуі, жұмыстың тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілікті көтермейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде тапсырысшы тұтынушының мүддесін қосымша қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды да қарастырады. Мердігер тапсырысшыға дайындалған (қайта өңделген) немесе орындалған жұмыстың өзге нәтижесін тапсырған кезде тапсырысшыға соларды тиімді және қауіпсіз пайдалану үшін қажеті талаптарды хабарлауға міндетті. Орындалған жұмыс нәтижесін пайдалану талаптарын сақтамаудың тапсырысшының өзі немесе өзге тұлғалар үшін қолайсыз салдары көрсетілуі керек.
Жұмысты орындағаннан кейін немесе тапсырыстан бас тартылған жағдайда, мердігер тұтынушыға жұмсалғаннан қалған материалдарды, сонымен бірге ауыстырылған бөлшектерді (жарамсыз бөлшектерді) қайтаруға міндетті, сол сияқты олар үшін тапсырысшы төлеген материалдардың жұмсалуы туралы есеп беруге міндетті.
Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижесін қабылдауға және орындалған жұмысқа ақы төлеуге міндетті. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы жұмыс нәтижесін толық көлемде қабылдағаннан кейін ақы төлейді. Тараптардың келісімі бойынша ақы толығынан шарт жасасу кезінде немесе аванс беру арқылы төленуі мүмкін.
Тұрмыстық қызмет көрсетудің ережелерінде жұмыстың кейбір түрлеріне алдын ала ақы төлеу немесе аванс беру қарастырылған. Жекелеп алғанда тұтынушының қатысуымен орындалатын жұмыстарға тұрмыстық шарттың ақысы толығымен төленеді.
Жиһаздарды жөндеу және дайындау, құрылыстарды салу, жөндеу, аяқ- киімдерді, тігін және тоқыма бұйымдарды ірі жөндеу, жаңарту мердігерлік шарттары бойынша, тапсырысшы шартта көрсетілген мөлшерде аванс төлеуі мүмкін.
Егер тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, жұмыс мердігердің материалынан орындалатын болса, шартты жасау кезінде тапсырысшы материал үшін толық немесе ішінара тапсырысшы мердігер орындаған жұмыстың нәтижесін алған кезде түпкілікті есеп айырыса отырып, шартта көрсетілген бөлігі үшін ақы төлейді. Мердігердің материалына өзге тәртіпті есептесу тараптардың келісімімен қарастырылуы мүмкін. Шартқа сәйкес материалды мердігер кредитке, оның ішінде тапсырысшының материалға ақыны бөліп-бөліп төлеуі талабымен беруі мүмкін. Мердігер берген материал бағасының шарт жасалғаннан кейін өзгеруі қайта есептесуге әкеп соқтырмайды.
Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесін алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан жалтарған жағдайда, мердігер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап 2 ай өткен соң мердігерлік нысанасын қисынды бағаға сатады. Одан түскен соманы мердігер өзіне тиесілі барлық төлемді шегеріп, қалғанын тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы. Мердігер өзінің таңдауы бойынша мердігерлік нысанасын сатудың орнына, оны ұстап қалу немесе тапсырысшыдан келтірілген залалды өндіріп алу құқығын пайдалана алады.
Тапсырысшы жауапкершілігінің көрсетілген жағдайы жалпылама оның жиі орын алмайтын жауапкершілігінің (көбінесе тұрмыстық мердігерлік шартында да мердігердің жауапкершілігі кездеседі) бір бөлек жағдайы болып келеді. Тағы да бір жағдайды атап көрсетейік. Егер тапсырысшы, мердігер материалдың жарамсыздығын, сапасыздығын уақытылы ескертіп немесе жұмыс нәтижесінің беріктігіне әсер ететін жағдайларды жоюды талап етсе, тапсырысшы ешқандай шара қолданбаса, онда оған жауапкершілік жүктеледі. Бұл жағдайда мердігердің шартты бұзуға және өзіне келген шығындарды өндіріп алуына құқығы бар.
Мердігердің жауапкершілігін қарастырайық. Тапсырысшы мердігерді жауапкершілікке тарта алады, егер мердігердің жұмыс (оның нәтижесі), мердігердің өзі жөнінде тиісті емес (ақиқатқа сәйкес келмейтін немесе толық емес) ақпарат беруі тапсырысшыға қажетті қасиеттері жоқ жұмыстың орындалуына әкелсе. Сонымен бірге мердігердің жауапкершілігі тапсырысшының өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтірген жағдайда да туындайды. Соңғы екі жағдайда да шартты бұзып, келтірілген шығынды өңдіріп алуға құқық береді.
Мердігер тұрмыстық мердігерлік шартының жағдайларының заңнама талаптарына сәйкес қолданылуы үшін де жауапты болады. Егер де шарт талаптарын қолдану кезінде тұтынушының құқығы шектеліп, оған зиян келсе, онда ол толық көлемде өтелуі тиіс. Бұған тұтынушының еркін жұмыс түрін тандау құқығын бұзуда туындаған шығынды да қосамыз.
Егер мердігер тапсырысшы берген материалдардың жарамсыздығын, сапасыздығын, тапсырысшының жұмысты орындау тәсілі туралы нұсқауын ескертпесе, орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға ескертпесе, осыларды белгіленген нысандағы құжатта көрсетпесе, мердігер тапсырысты тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік көтереді. Бұл жағдайда азаматтық құқықтағы міндеттемені орындамаудағы кінәліліктің болжамы (презумциясы) қолданылатыны айқын көрінеді.
Орындалған жұмыс нәтижелеріндегі кемшіліктерді анықтаса тапсырысшы мердігерлік қатынастарды реттейтін жалпы нормалар қарастырылған құқықтарды жүзеге асыра алады. Жұмысты қабылдау кезінде немесе мердігерлік нысанасын пайдалану кезінде кемшіліктерді анықтаса, онда тапсырысшы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабында қарастырылған жалпы мерзімдер шегінде мердігерге талабын жүзеге асыра алады. Егер шартта кепілдік мерзімі қарастырылса, онда талаптар кепілдік мерзімдер шегінде жүзеге асуы мүмкін. Егер кепілдік мерзімі жалпы заңда көзделген мерзімінен қысқалау болса, онда заңда көзделген мерзімдер қолданылады.
Тұрмыстық мердігерлік шарттары бойынша жұмыстардың кемістіктері тапсырысшының өзінің немесе өзге тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндей болса, кемістіктерді тегін (ақысыз) жою туралы талап тапсырысшымен немесе оның құқытық мирасқорымен, егер заңнамалық актілермен өзге мерзімдер (қызмет ету мерзімдері қарастырылмаса) жұмысты қабылдау болған сәттен үш жыл ішінде жүзеге асыра алады.
Өмір немесе денсаулық үшін қауіп болуы мүмкін кемістіктерді жою туралы талап, кемістіктер қашан табылғанына қарамастан (жұмысты қабылдау немесе затты пайдалану кезінде де) жүзеге асуы мүмкін. Сонымен бірге, бұл талап кепіл мерзімдері өткен кезде де қойылуы мүмкін.
Тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдаған сәтте анықталған кемістіктер 7 күн ішінде жойылуы тиіс, шартпен бұдан қысқалау мерзім қарастырылуы мүмкін.
Тапсырысшы тағайындаған немесе тараптармен келісілген кемшіліктерді жою мерзімі шартта немесе өзге де құжатта бекітіледі. Мұндай мерзімді бұзғаны үшін мердігер тапсырысшыға тұрақсыздық айыбын төлейді. Жекелеп алғанда біреудің ақшасыз пайдаланғаны үшін АК-тің 353-бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлейді. Себебі мердігердің міндеттемесін ақшаға аударуға (ақшалай бағалауға) болады [21].
Тұрмыстық мердігерлік шартын тоқтатуға міндеттемені тоқтатудың барлық негіздері қолданылады. Жоғарыда бір тапсырысшының бір жақты тәртіппен шарттан бас тартуын да қарастырған едік. Бұл шарттың ерекшелігі ол тапсырысшының жеке қажеттері негізінде жасалуы.
Тұрмыстық мердігерлік шартының осы ерекшелігін ескерсек, неліктен заңнама шарт тоқтатылуының бір ретінде оның бір тарабының қайтыс болуын қарастыратыны түсінікті болады. Тұрмыстық мердігерлік шартынан туындайтын міндеттемелер күш (қолданылуы) сақталуы бойынша жеке міндеттемелер қатарына жатады (ҚРАК-нің 376-б.) Алайда, оның тоқтатылуының салдары қарапайым (жеке емес) міндеттеме тоқтатылуының салдарына жақын. Сондықтан бір немесе екінші тараптан (тапсырысшының немесе мердігердің) құқықтық мирасқорларының құқықтары мен міндеттері туралы сұрақтың шешілуіне әкеледі. Бұндай көзқарас құқықтық мирасқорлардың заңмен қорғалатын мүдделерін және олардың кейбір мүліктік құқықтарын ескеруге байланысты болып келеді.
Шарттың тоқтатылу салдары тиісті тараптың құқықтық мирасқоры мен оның келісімшарт жасасушы агентінің арасындағы келісім бойынша, ал олар келісімге келмесе орындалған жұмыстың мөлшері мен бағасы, жұмсалған және сақталған материалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайлар ескеріле отырып сот арқылы айқындалады.
Тапсырысшы жұмыстың нәтижелерiн қабылдаған кезде немесе мердiгерлiк нысанасын пайдалану кезiнде кемшiлiктер тапқан жағдайда ҚРАК-нің 630-бабында көзделген жалпы мерзiмдердiң iшiнде, ал кепiлдi мерзiмдер болған кезде - сол мерзiмдердiң iшiнде ҚРАК-нің 635-бабында көзделген құқықтардың бiрiн жүзеге асыра алады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша орындалған жұмыстың кемшіліктерін тегін жою туралы талап, егер заң актілерінде белгіленген тәртiпте өзге мерзiм (қызмет мерзiмi) көзделмесе, ол кемшiлiктер тапсырысшының өзiнiң және басқа да адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi болған жағдайда тапсырысшы немесе оның құқық мирасқоры жұмысты қабылдаған кезден бастап үш жыл iшiнде қойылуы мүмкiн. Мұндай талап бұл кемшiлiктердiң қай уақытта анықталғанына қарамастан, оның iшiнде кепiлдiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн анықталған кезде де қойылуы мүмкiн.
Мердiгер аталған талапты орындамаған жағдайда тапсырысшы нақ сол мерзiм iшiнде не жұмыс үшiн төленген бағаның бiр бөлiгiн қайтаруды, не кемшiлiктердi өз күшiмен немесе үшiншi тұлғалардың көмегiмен жоюға кеткен шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан өзгедей жалтарған жағдайда мердiгер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап екi ай өткен соң мердiгерлiк нысанасын қисынды бағаға сатуға, ал одан түскен соманы, мердiгерге тиесiлi барлық төлемдi шегерiп, ҚРАК-нің 291-бабына сәйкес тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы. ҚРАК-нің 291-бабының 1-тармағында аталған жағдайларда мердiгер мердiгерлiк нысанасына сатудың орнына оны ұстап қалу (ҚРАК-нің 624-бабы) немесе тапсырысшыдан келтiрiлген залалды өндiрiп алу құқығын пайдалана алады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарт тараптардың бiрiнiң қайтыс болуы негiзiнде тоқтатылған жағдайда (ҚРАК-нің 376-бабы) шарттың тоқтатылу зардабы тиiстi тараптың құқықтық мирасқоры мен оның келiсiм-шарт жасасушы агентiнiң арасындағы келiсiм бойынша, ал олар келiсiмге келмеген кезде орындалған жұмыстың мөлшерi мен оның бағасы, жұмсалған және сақталған материалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайлар ескерiле отырып сот арқылы айқындалады.
2.2 ҚҰРЫЛЫС МЕРДІГЕРЛІГІ
Мердігерлік шарттың қарастырылып отырған түрі біршама құқықтық өзгерістерді бастан өткізген. Социалистік экономиканың дамуының алғашқы кезеңдерінде құрылыс мердігерлігі сөзсіз мердігерлік шарты болып қарастырылған [25]. 1923 жылдың 1 қаңтарында күшіне енгізілген РСФСР Азаматтық кодексінің 220-235-баптарында және РСФСР-дың Азаматтық кодексінің 235-бабының 5-қосымшасы болып табылатын «Мемлекеттік мердігерлік және жеткізілім туралы» ережелерде мердігерлік жұмыстардың барлық түрлерін реттеу үшін арналған жалпы мәндегі нормалар болған. Көрсетілген соңғы нормативтік актімен қандай жұмыстарды орындауға шарт жасалғанына тәуелсіз мемлекет және оның органдарының қатысуымен мердігерлік шарттың бірқатар ерекшеліктері реттелген.
Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты кәсiпорынды, үйдi (оның iшiнде тұрғын үйдi), ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға, сондай-ақ монтаждау, iске қосу-жөнге келтiру және салынып жатқан объектiмен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды орындауға жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы параграфтың ережелерi үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу кезiнде де қолданылады.
Егер мұның өзi шартта көзделген болса, мердiгер объектiнi пайдалануға берудi тапсырысшы объектiнi қабылдағаннан кейiн шартта көрсетiлген мерзiм iшiнде қамтамасыз етуге мiндеттеме алады.
Құрылысты толық аяқтау туралы шарт жасасу кезiнде мердiгер өзiне құрылыс және оны қамтамасыз ету жөнiндегi барлық мiндеттеменi алады және шарт ережелерiне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объектiнi тапсыруға тиiс.
Аяқталмаған құрылыстың иесi оны тапсырысшыға тапсырғанға дейiн және оған төлем жасалғанға дейiн мердігер болып табылады.
Құрылыс, мердiгерлiгi шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиiсiнше тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшының құқықтары туралы ережелер қолданылады.
Құрылыс объектiсi жұмысты өткiзудiң шартта белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн дүлей күштiң салдарынан қираған немесе бүлiнген кезде тапсырысшы, егер шартта өзгеше көзделмесе, орындалған және (немесе) қалпына келтiру жұмыстарының құнын төлеуге мiндеттi.
Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмай қалу қаупiн олар өткiзiлгенге дейiн тапсырысшы көтередi.
Жұмыстың кездейсоқ қымбаттау қаупiн мердiгер көтередi.
Шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелдi мердiгердiң көтеретiндiгi көзделуi мүмкiн (құрылысты толық аяқтау).
Шартта мердiгердiң тәуекелдерiн сақтандыру көзделуi мүмкiн. Бұл жағдайда сақтандыру жөнiндегi шығындар орындалған жұмыстар үшiн сыйақыны айқындау кезiнде ескерiлетiн құрылыс жөнiндегі шығыстарға енгiзiледi.
Бірақ өндірісте, барлық өндірістік процестердің директивті жоспарлауын нығайтуына байланысты, құрылыс мердігерлік шарттардың жалпы көпшілігінен анық бөлініп шықты және 1961 жылдан бастап барлық негізгі жүйелік азаматтық – құқықтық актілері (азаматтық заңнама негіздері, азаматтық кодекстер) күрделі құрылысқа мердігерлік шартты-мердігерлік шарттың түрі ретінде емес, азаматтық-құқықтық шарттың жеке түрі ретінде қарастырады [26, 212-215 б]. Қазір құрылыс мердігерлігі шартының құқықтық реттеулі барлық нарықтық заңнамада сияқты экономикалық заңдармен қайшылыққа түспейді. Бірақ, азаматтық құқығының дамуында ол кезеңдегі бірқатар жасалған құқықтық өңдеулер, сол сияқты өзге елдердің жеке құқығының өңдеулері ескерілген, сондықтан құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері бөлек айқындалуы қажет болып тұр. Қазіргі жағдайда мердігерлік шарт бойынша тараптардың өзара қатынастарына 2001 жылдың 16 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы маңызды әсерін тигізеді [27].
Олар (сол ерекшеліктер) бірқатар жағдайларда құрылыс мердігерлік жұмыстарын жүргізуге байланысты жер учаскілеріне заттық құқықтарды алумен, құрылып жатқан объектілерді энергиямен қамтамасыз етуге шарт жасаумен, мемлекеттің бір немесе өзге органдарымен жарна-құқықтық, басқа да құқықтық қатынастар пайда болатынында көрінеді.
Сол немесе басқа объектісін салу жұмыстардың кешенін жүргізуді талап етеді, олардың әр түрлі өз кезегінде бөлек мердігерлік шартының нысанасы және осыдан да құрылыс мердігерліктің ерекшелігі көрінеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 651-бабына сәйкес құрылыс мердігерлігі шарты кәсіпорынды, үйді (оның ішінде тұрғын үйді), ғимаратты немесе өзге де объектіні салуға немесе қайта жаңартуға жасалады. Кейбір жағдайларда құрылыс мердігерлігі нысанасы болып үйлер (ғимараттар) кешенін құрайтын кәсіпорынды салу немесе оны қайта жаңарту келеді. Құрылыс мердігерлігі шеңберінде монтаждау, іске қосу өзге де жұмыстар орындалады. Құрылыс мердігерлігінің ережелері, егер шартта өзгеше көзделмесе үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеу кезінде де қолданылады.
Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындау үшін қажетті жағдайлар жасауға, оны қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді.
Көрсетілген шарттың субъектілік құрамының ерекшеліктері бар, яғни шартта әрқашан мердігер жағынан кәсіпкерлік қызметінің субъектілері, әртүрлі лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргізу үшін орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиісінше тұрмыстық мердігерлік шарт бойынша тапсырысшының құқықтары, ережелер қолданылады [23, 242].
Құрылыс мердігерлігі шарты нысанасының ерекшеліктері және осы мердігерлік шартымен байланыста пайда болатын құқықтық қатынастардың жиынтығы осы мердігерлік түрдің мазмұнының ерекшеліктеріне міндетті түрде белгі қалдырады. Олар, сонымен қатар, реттелуіне бағытталған нормалармен анықталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 32-тарауының §3 «Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері»).
Тараптардың құқықтарымен міндеттерін айтатын болсақ, онда ол объектінің салынуы, салынатын жер учаскесін белгілеуден басталады. Қазіргі заңға сәйкес, салынатын объектінің болашақ иесі жер учаскесін бөліп алуы керек. Ол құрылыс салу үшін жер учаскесін шартта көрсетілген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге міндетті. Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскісінің көлемі мен күйі жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргізілуіне және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге тиіс. Шартпен жер учаскесін алу және құрылыс үшін керекті дайындық жұмыстарын, кіріс жолдарын тазалау және т.б. міндеттер мердігерге жүктелуі мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда, мердігерлік шарт тапсырма шартының элементтерімен күрделенеді немесе мердігер жеке тапсырма шартының негізінде мұндай қызметті орындайды.
Шартта құрылыс ұйымы өз күшімен тұрғын үйді, ғимаратты салатындығы қарастырылуы мүмкін. Мұндай шарт құрылысты толық аяқтау туралы шарт деп аталады. Шарт ережелеріне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объекті тапсырылады. Мұндай шартта сатып алу-сату шартының тиісті мазмұны басым болады, мердігерлік (құрылыс мердігерлік) туралы нормалар тек керекті мөлшерде пайдаланылады. Құрылысты толық аяқтау туралы шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелді мердігердің көтеретіндігі көзделеді. Егер өзгешелік шартында қарастырылмаса құрылысты толық аяқтағанға және жұмысқа ақы төлеуге дейін салынып жатқан объектінің иесі мердігер болып саналады. Құрылыстың материалдық жағынан қамтамасыз етілуін жартылай немесе толығынан тапсырысшы жүзеге асыратын құрылыс мердігерлік шартында қарастырылуы мүмкін. Материалдық жағынан қамтамасыз ету құрылысты материалдармен жабдықтау, құрылысты ағымды қаржыландыру және т.б. көзделуі мүмкін. Тапсырысшының бұл міндеттері шартта аталуы қажет. Заңнамамен (ҚР АК-нің 659-бабымен) материалдық жағынан қамтамасыз етуге байланысты тапсырысшы құрылыс мердігерлігі шартындағы қосымша міндеттері деп аталады. Тапсырысшы құрылыс мердігерлігі шартындағы қосымша міндеттері деп аталады. Тапсырысшы құрылыс мердігерлігі шартында көзделген жағдайлар мен ғимараттар беруге, мердігердің мекен-жайына жүктердің тасымалдауын қамтамасыз етуге, энергиямен жабдықтау су және бу желілерін уақытша жүргізуге, басқа да қызметтер көрсетуге міндетті. Олар үшін ақы шарттың өзінде көзделген талаптар бойынша төленеді.
Тапсырысшы құрылыс мердігерлік шартында орындалып жатқан жұмыстың барысы мен сапасына, олардың орындалу мерзімінің (кестесінің) сақталуына, мердігер берген материалдардың сапасына, сондай-ақ тапсырысшының материалдарын мердігердің дұрыс пайдалануына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға құқылы, бұл орайда ол мердігердің жедел шаруашылық қызметіне араласпайды. Егер орындалып жатқан жұмысты бақылау мен қадағалау кезінде шарт талаптарын, жұмыс сапасын нашарлататын ауытқуды немесе өзге де кемшіліктерді тапсырысшы анықтаса, онда ол туралы дереу мердігерге мәлімдеуге міндетті. Егер мұндай мәлімдемені тапсырысшы жасамаса, құқығынан айырылады.
Орындалған жұмысқа ақыны тапсырысшы сметада көзделген заң актілерінде немесе шартта белгіленген мерзімде және тәртіппен төлеуге міндетті. Егер заң актілеріне немесе шартта тиісті нұсқаулар болмаса, онда ақы төлеу мердігерлік шарт бойынша ақы төлеу туралы жалпы ережелерге сәйкес жүргізіледі. Толық аяқталатын құрылыс кезінде шартта көрсетілген баға, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, тапсырысшы объектіні қабылдап алған соң толық көлемінде төленеді.
Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша ақы төлеуге байланысты міндеттеме, шарттағы тараптардың арасында тәуекелді бөлумен тығыз байланысты. Тапсырысшы жұмыс объектісі жұмысты өткізудің шартта белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін дүлей күштің салдарынан қирағаны немесе бүлінгеніне байланысты тәуекел атқарады. Сондықтан, егер құрылыс объектісінің қирағаны немесе бүлінгені орын алса, онда тапсырысшы орындалған және (немесе) қалпына келтіру жұмыстарының құнын төлеуге міндетті. Екі жақты тараптардың мүддесін ескеруге мүмкіншілік беретін көрсетілген тәуекелді дұрыс бөлу бұл тапсырысшыға тек қалпына келтірілетін жұмыстардың құнын төлеуді жүктеу, яғни мердігерлік нысанасы дүлей күштің салдарынан қираған немесе бүлінген кезде [22].
Егер мердігерге қарсылас тарап тұрмыстық тапсырысшы болса, онда мұндай тәуекелді жүктеу орын алмау қажет, соған сәйкес, мердігерлік пәні кездейсоқ бұзылғанда немесе жойылғанда ол осыған байланысты жұмысты төлеуге міндетті емес. Кейбір жағдайларда тараптарға қатысы жоқ себептермен шарт бойынша жұмыстардың тоқтатылуын талап етеді. Мысалы, құрылыс объектісін салу үшін жер учаскесінің жарамдылығы туралы ғылыми дәлелденген қорытынды жасау қажет, құрылыс жүріп жатқан учаскеде жол салу жөнінде сұрақтар шешіліп жатуы мүмкін және т.б.
Құрылыс мердігерлік шарты бойынша, бір немесе өзге саладағы міндетті талаптарға сәйкес келуі тиіс күрделі жұмыстар жүргізілуіне байланысты, мердігер жұмысты өзінің қамқорлығымен орындауымен бірге, құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жобалау құжаттамасына да сәйкес жүргізуге міндетті.
«Қазақстан Республикасының архитектуралық, қала құрылысы және құырыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы 7-баптың 1-тармағына сәйкес жобалау құжаттамаға мыналар кіреді:
1) қала құрылыстық жобалар;
2) архитектуралық жоба;
3) құрылыс жобасы (құрылыстық жоба), көлем жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат сақтау, экономикалық және т.б. шешімдерден тұратын жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама және құрылысты ұйымдастыру мен жүргізу, аумақты есептер. Құрылыс жобаларға аяқталмаған объектілердің құрылысын тоқтатып қою бұзу (таратудың) жобалары жатады.
Құрылыс мердігерлігі шарты (субъективтік құқытық қытынас) үшін ең маңызды құрылыс жоба – жобалау сметалық құжаттама. Онымен орындалатын жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштері ғана анықталып қоймайды. Жұмыстардың көлемі, мазмұны олардың құнына тығыз байланыстырады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 654-бабының 2-тармағында көрсетілгендей, жобалау-сметалық құжаттама тапсырысшымен жасалады. Жобалау-сметалық және басқа техникалық құжаттама, ол алғашқы рет шетел тілінде дайындалса, мердігерге мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылып беріледі [28].
Құрылыс жүргізу барысында жобалау-сметалық құжаттамада есептелінбеген жұмыстарды және осыған байланысты қосымша есептелінбеген жұмыстарды және осыған байланысты құның өсіру қажеттігін анықтаған мердігер тапсырысшыға бұл туралы хабарлауға міндетті. Мердігер өз хабарламасына тапсырысшыдан он күн ішінде жауап алмаған жағдайда тиісті жұмысты тоқтата алады. Бос тұрыстан келтірілген залалдар тапсырысшының есебіне жатқызылады.
Шамамен алынған смета келешектегі жұмыстардың бағасын тек шамалап қана белгілейді, егер де жұмысты орындау барысында барлық шығындар ескерлімегені анықталса, жеке олардың бағасы жоғары болып шықса, мердігер соған сәйкес ақыны жоғарылатуды талап етуге құқылы. Оны дәлелдеу мердігерге жүктеледі. Егер де ол дәлелдесе, бірақ тапсырысшы бағаны жоғарылатудан бас тартса, мердігер шартты бұзуды және орындаған жұмысқа ақы төлеуді талап ете алады. Тұрлаулы сметада тапсырысшы онда көрсетілген бағаны төлеуге міндетті. Бұл жағдайда жұмыстың құнының өсуі мердігердің тәуекеліне жатады, яғни жұмыстың құны едәуір өссе де мердігердің тапсырысшыдан бағаны өсіріуді талап ете алмайды. Бірақ бұл норма императивті емес. Тұрлаулы сметаның да өсуі мүмкін: біріншіден, смета жасау кезінде есептеулерден қате кетсе; екіншіден, шарт жасасқаннан кейін мердігер ұсынатын материалдарға, құралдарға баға жоғарыласа. Бұны дәлелдеу мердігерге жүктеледі, ол материалдар мен ресурстарға жалпы нарықтық бағаның жоғарылауын дәледеуі тиіс.
Егерде, мердігер жұмысты өз материалдарымен орындаса, онда ол пайдаланылған материалдардың сапасына жауап береді. Егерде жұмыс тапсырысшының материалдарымен жасалатын болса, онда мердігерге тапсырысшы берген материалдарды үнемдеп және есептеп пайдалану, жұмыс аяқталғаннан кейін жұмсалған материалдар жөнінде тасырысшыға есеп беру, сонай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беру міндеті жүктеледі. (АК-тің 625-б. 1-т.) Мердігер, егер жұмыстың сапасына тапсырысшы берген материалдар теріс әсер етсе және оны дәлелдей алмаса, жауапты болады (АК-тің 625-б. 2т.) Сонымен қатар және кез келген жұмыстың орындалуына кері әсер ететін өзіне тәуелді емес жағдаяттар туралы тапсырысшыға хабарлауға міндеттейді. (АК-тің 637-б.) Мердігерлік шартты орындауға байланысты тапсырысшының мердігерге берген заттардың сақталуына мердігер жауапты болады, бұған тек қана құралдар ғана емес, өңдеуге берілген заттар да жатады (АК-тің 626-б.). Мердігер заттың кездейсоқ жойылуына жауап бермейді.
Заттың немесе материалдардың жоғалу кездейсоқ жоғалу немесе кездейсоқ бүліну қаупін оларды ұсынған тарап мойнына алады. Мердігер жұмыстың нәтижесін беру мерзімін өзгертіп алса – мердігер, қабылдау мерзімін өткізіп алса - тапсырысшы кездейсоқ бүліну немесе жойылу қаупін мойнына алады. (АК-тің 618-б.)
Тапсырысшының негізгі міндетіне жұмыстың нәтижесін қабылдау және ол үшін мердігерге ақы төлеу жатады. Бірақ бұл норма диспозитивті болып келеді. Мердігерге ақыны тек жұмыс нәтижесін қабылдаған соң ғана емес, шартта басқаша көзделсе, шарт жасасу сәтінде де бере алады. Ол толық немесе аванс түрінде болуы мүмкін.
Жұмыстың нәтижесін қабылдау кезінде тапсырысшы оны тексеруге міндетті және жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге де кемшіліктер анықталған жағдайда бұл туралы мердігерге дереу хабарлауға міндетті (АК-тің 638-б.). Ақпарат беруге байланысты тағы бір норма коммерциялық құпияны қорғауға бағытталған (АК-тің 638-б.). Мердігерлік шартының тараптарына коммерциялық құпияны қорғауға шартта арнайы белгілеу қажеттілігі өзінен-өзі жоққа шығады, өйткені ол императивтік нормамен белгіленген. Тараптар тек қана ол ақпаратты қалай қолдану тәртібін белгілеуі керек, егер оны қажет деп тапса.
Егерде мердігерліктің пәнінің жойылуы немесе жұмыстың аяқалуына мүмкіндіктің болмауы тапсырысшыға тәуелді жағдайлардан болса, сапасы нашар материалдар берсе, ол ұсынған жұмысты орындау әдістері кесірінен немесе қабылдау мерзімін өткізіп алса мердігер ақы төлеуді талап етуге құқылы.
Жұмысты орындау барысында тапсырысшы мердігерді шаруашылық қызметіне араласпай, кез келген уақытта жұмыстың барысы мен сапасын тексеруге құқылы (АК-тің 627-б. 1-т.). Бұл құқық тапсырысшыға мердігердің жұмысты орындау барысындағы ауытқуларын дер кезінде анықтап, оларды жойып отыру үшін берілген. Егерде жұмысты тиісті дәрежеде орындалмайтыны анық болса, мердігер қисынды мерзім ішінде кемшіліктерді жоймаса тапсырысшы шарттан бас тартуға және залалды өтеуді талап етуге құқылы (АК-тің 627-б. 3-т.).
Тапсырысшы құрылыс мердiгерлiгi шартында орындалып жатқан жұмыстың барысы мен сапасына, олардың орындалу мерзімінің (кестесінің) сақталуына, мердігер берген материалдардың сапасына, сондай-ақ тапсырысшының материалдарын мердiгердiң дұрыс пайдалануына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға құқылы, бұл орайда ол мердiгердiң жедел-шаруашылық қызметiне араласпайды.
Орындалып жатқан жұмысты бақылау мен қадағалау кезінде шарт талаптарынан жұмыс сапасын нашарлататын ауытқуды немесе ондағы өзге де кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы ол туралы дереу мердігерге мәлімдеуге міндетті. Мұндай мәлімдеме жасамаған тапсырысшы кейін өзі анықтаған кемшіліктерге сілтеме жасау құқығынан айырылады.
Мердiгер құрылыс барысында тапсырысшыдан алған нұсқауларды, егер ондай нұсқаулар шарттың талаптарына қайшы келмесе және мердігердің жедел-шаруашылық қызметіне араласу болмаса, орындауға мiндеттi.
Жұмысты тиiстi дәрежеде орындамаған мердiгер оның орындалуына тапсырысшының бақылау мен қадағалау жасамағанына сiлтеме жасауға құқылы емес, бұған мұндай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру міндеті заң актілерінде немесе шартта тапсырысшыға жүктелген жағдайлар қосылмайды. Егер қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу туралы тараптар үшiн мiндеттi тараптарды бұзуға әкелiп соғатын болса, мердiгердiң жұмысты жүзеге асыру барысында тапсырысшы берген материалдарды (бөлшектердi, конструкцияларды) және жабдықтарды пайдалануға немесе оның нұсқауларын орындауға құқығы жоқ.
Егер тараптарға қатысы жоқ себептермен құрылыс мердігерлігі шарты бойынша жұмыс тоқтатылып, құрылыс объектiсі консервацияланса, тапсырысшы мердігерге консервацияланған кезге дейін толық орындалған жұмыс көлеміне ақы төлеуге, сондай-ақ жұмыстың тоқтатылуы мен құрылысты консервациялау қажеттігінен туған шығындарды өтеуге міндетті. Егер құрылыс мердігерлігі шартында өзгеше көзделмесе, мердігер құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген көрсеткiштерге жеткiзiлуiне және шартқа сәйкес кепiлдi мерзiм iшiнде объектiнi пайдалану мүмкiндiгiне кепiлдiк бередi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгедей кепiлдiк мерзiм көзделмесе, кепілдiк мерзiмi тапсырысшы объектiнi қабылдаған күннен бастап он жыл болады.
Кепілдiк мерзiмi шегiнде анықталған кемшiлiктер үшiн егер, объектiнiң немесе оның бөлiктерiнiң қалыпты тозуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзi немесе ол тартқан үшiншi тұлғалар жасаған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың дұрыс болмауының, объектіні тапсырысшының өзі немесе ол тартқан үшінші тұлғалар жөндеуді тиісті дәрежеде жүргізбеуі салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мердігер жауапты болады.
Мердiгер жауап беретiн кемшіліктердің (ақаулардың немесе шала істелген жұмыстың) салдарынан объект пайдаланыла алмаған барлық уақытқа кепiлдiк мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады.
Кепілдік мерзімнің ішінде ҚРАК-нің 630-бабының 4-тармағында көрсетiлген кемшiлiктер анықталған кезде тапсырысшы олар анықталғаннан кейін қисынды мерзімде олар туралы мердігерге мәлімдеуге тиіс.
Құрылыс мердігерлігі шартында кепілдік мерзім анықталғанға дейiн сметада көрсетiлiп, шартта көзделген жұмыс бағасының бiр бөлiгiн тапсырысшының ұстап қалу құқығы көзделуі мүмкін.
2.3 ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ІЗДЕСТІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫ
Мердігерлік шартының бұл түрі құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты жұмыстар жүргізілуін құқықтық реттеуге арналған. Жобалау жұмыстары оларға сәйкес, алда құрылыс жүргізілетін құжаттардың өңделуін қарастырады. Әдетте, жобалау құрылыста жаңа конструкцияларды, технологияларды, материалдарды қолдану қажет болса жүргізіледі. Сонымен бірге, құрылыс объектісінің өзі де оларды салу стандартты жоба бойынша жүргізілуі тиіс емес (басқаларға ұқсамайтын болуы тиіс) ғимарат (құрылыс) кешені болып келуі мүмкін.
Алдағы жұмыс көлемі үлкен болып құрылыс арнайы мақсатқа жоспарлануы мүмкін. Сондықтан жобалаудың алдағы шығынды бағалау болашақ құрылыстың экономиялық тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады. Іздестіру жұмыстары салынған ғимаратты болашақта пайдаланудың жолдарын, құрылыс салу орнын, құрылыс тәсілдерін және т.б. анықтауға мүмкіншілік береді. Бірқатар жағдайларда, жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарттары бойынша тапсырысшы болып құрылыс ұйымдары қатысады. Олар құрылыс мердігерлік шарты бойынша мердігерлер құрылыс қызметінің белсенді жүзеге асыруды, жаңа шешімдер (инновацияларды) ұсынуды, мемлекеттік органдар немесе жеке тапсырысшылар ұйымдастыратын тендерге әлеуметтік-мәдени, өндірістік тұрғын үй ғимараттарын салуды болжаулары мүмкін.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының ерекшелігі болып олардың нәтижесінде коммерциялық, ұйымдастыру техникалық маңызы бар жаңа ақпараттар өңделетіні келеді. Сол ақпаратқа құқықтар белгілі бір дәрежеде тапсырысшыға да және мердігерге де тиесілі болады.
Мердігердің жұмысы шығармашылық тұрғыда да болып келеді және жобалау жұмыстарының нәтижесінде тапсырысшының ынтасына сәйкес құжаттама өңделуі еместігі немесе іздестіру жұмыстарының бір кезеңінде болжанған құрылысты жүзеге асыру мүмкін еместігі анықталуы мүмкін. Осындай сипаттағы ақпаратта жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының нәтижесі болып келеді және сондықтан мердігердің тиісті шығындары өтелуі тиіс [29].
Тапсырысшы қажетті шараларды қолдаған күнде (қолданса) жобалау және іздестіру шартының нәтижесі ҚР АК-нің «Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы» деп аталатын 55-тарауының нормаларына сәйкес қорғалуы мүмкін.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарт бойынша мердігер (жобалаушы, іздестіруші) тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) іздестіру жұмыстарын жүргізуге міндеттелінеді, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенеді.
Оның ерекшеліктерін реттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 32-тарауы § 4 нормаларымен жүзеге асырады, жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартына мердігерлік шартының жалпы нормалары да қолданылады.
Аталған мердігерлік түрі де субъектілік құрамының өзгешелігімен ерекшеленеді, бірақ бұл заңнамада тікелей көрсетілмеген. Бірақ, әрине лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жобалау және іздестіру жұмыстары лицензияланатын қызметке жатқан соң мердігер түрде «арнайы» субъекті болады [30].
Жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырма, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшiн қажеттi бастапқы деректердi беруге мiндеттi. Тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалауға тапсырманы мердiгер дайындауы мүмкiн, бұл жағдайда тапсырма тапсырысшы оны бекіткен кезден бастап тараптар үшін міндетті болады.
Мердігер тапсырмадағы және іздестіру жұмыстарын жобалау мен орындауға арналған басқа да бастапқы деректердегi талаптарды сақтауға мiндеттi және одан тек тапсырысшының келiсiмiмен ғана ауытқуға құқылы.
Жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарт бойынша, егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы:
1) мердiгерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін белгiленген бағаны төлеуге немесе оны жұмыстың жекелеген кезеңдерi аяқталғаннан кейiн бөлiп төлеуге;
2) мердiгерден алынған жобалау-сметалық құжаттаманы тек шартта көзделген мақсаттарға пайдалануға, жобалау-сметалық құжаттаманы үшiншi тұлғаларға бермеуге және ондағы деректердi мердiгердiң келiсiмiнсiз жария етпеуге;
3) мердiгерге шартта көзделген көлем мен жағдайда жобалау және iздестiру жұмыстарын орындауына қызмет көрсетуге;
4) мердігермен бiрге дайын жобалау-сметалық құжаттаманы құзыреттi мемлекеттiк органдармен және жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарымен келiсуге қатысуға;
5) мердiгерге қатысы жоқ мән-жайлардың салдарынан жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған бастапқы деректердiң өзгеруiнен пайда болған қосымша шығындарды өтеуге;
6) жасалған жобалау құжаттамаларының немесе орындалған iздестiру жұмыстарының кемшiлiктерiне байланысты үшiншi тұлға тапсырысшыға қойған талап бойынша мердiгердi iске қатысуға тартуға мiндеттi.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарттарын нормалардың мәнісі бойынша, орындайтын жобалау және іздестіру жұмыстарына материалдық-техникалық қамтамасыз ету міндеті көбінесе мердігерде болады. Себебі, бірқатар жағдайларда арнайы жабдықтар, керек жарақтар қолданылуы керек болады, ал олар өз кезегінде тек мамандарда (мамандандырылған ұйымдарда) ғана болады. Мердігерлік шарты туралы нормалардың диспозитивтілігі бұл міндетті тапсырысшыға жүктеуді де жоққа шығармайды немесе шартты орындау кезінде тапсырысшы қажетті қаржыландыруды жүзеге асырып отыруға міндетті болады. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты көбінесе тапсырысшы үшін тәуекелді болып келеді. Егер заңнама актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарттың кездейсоқ орындалмау қауіпі оған жүктеледі.
Тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырманы, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшін қажетті өзге мәліметтерді беруге міндетті.
Тапсырысшы шарт бойынша тапсырманы дайындауды мердігерге тапсыруға өкілденуі мүмкін. Мұндай жағдайда тапсырма жобасы әзірленгеннен кейін тапсырысшы қисынды немесе шартта белгіленген мерзімде тапсырманы (жобаны) бекітуге немесе оны қайтаруға міндетті. Тапсырысшымен бекітілген тапсырма, мердігерге міндетті болып табылады.
Жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау кезінде, тапсырысшы мердігерге шартта қарастырылған көлемде және жағдайларда қызмет көрсетіп тұруы керек. Мысалы, көлік бөлініп берілуі, бір немесе өзге қажетті мәліметтер өз уақытылы берілуі, материалдар сатып алынуы, оларға кірудің арнайы (ерекше) тәртібі бекітілген аумақтарға кіруге (олардан өтуге) рұқсат алынуы мүмкін және т.б.. Басқаша айтқанда, жалпы мердігерлік шарттары бойынша да сияқты бұл мердігерлік шарты бойынша да тапсырысшының және мердігердің ынтымақтастығы орын алуы тиіс. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының басқасынан айырмашылығы, тапсырысшының көмегі тапсырманы тиісті орындау үшін қажетті болуы немесе көмек көрсетпеу мердігерге елеулі қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан тапсырысшының ынтамақтастық бойынша міндет тікелей шартта көрсетіледі. Осының жеке мысалы ретінде, тапсырысшының мердігермен бірге жобалау-сметалық құжаттаманы жергілікті өзін өзі басқарудың органдарымен немесе мемлекеттік өкілетті органдармен келістіруді қатысу міндетін атауға болады. Бұл міндетті заңмен бекітуді тапсырысшының мүддесін ескеру айқын сезіледі. Ол тапсырманы тиісті орындауда мүдделі, сондықтан өзінің нұсқауларын жүзеге асыруға бақылаушы органдар жағынан қандай да бір кедергілер болып тұрса, ол мердігерден сол кедергілерден құтылуға көмектесуі керек. Сондай-ақ ол өзін келешекте жобалау-сметалық құжаттамаларды мердігерден алған соң олар мемлекеттің сертификаттау, архитектуралық бақылау органдарының және т.б. талаптарына сәйкес келмеуі салдарынан жарамсыз болып шығуы қаупінен сақтандару керек. Ал тапсырысшы жеткілікті қожайын сезімін, қамқорлықты иеленбесе, (қам етпесе) онда болашақта ол едәуір мүлікті және рухани қолайсыз зардаптарға тап болуы мүмкін.
Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізуді реттейтін нормалардың мағынасы бойынша тапсырысшы өзінің берілген тапсырманы, алғашқы берілген мәліметтерді жағдайлардың өзгеруіне сәйкес өзгертіп тұруға құқылы. Бұл түсінікті, себебі алғашқы кезде тапсырысшы өзінің беріп отырған мәліметінің бір немесе өзге жағдайда қандай мәні болатынын білмеуі де мүмкін. Сондықтан, біздің ойымызша, мердігер тапсырысшыға оның ұсынған мәліметтері аяқты мақсаттарға жетуге (жобасы жасалған объектінің көрсеткіштеріне) қалай әсер ететінін көрсетіп тұруы керек [23, 242]. Мердігерге қатысты емес жобалау және іздестіру жұмыстарының өзгертілуіне байланысты тапсырысшы мердігердің қосымша шығындарын өтеуге міндетті.
Шарт бойынша, жоғарыда көрсетілгендей жобалау және іздестіру жұмыстарының түпкі нәтижесіне екі тарапта да құқықтар пайда болады. Тапсырысшы да жобалау-сметалық құжаттамаларды және іздестіру жұмыстарының нәтижесін пайдалануға шектелуі құқықтарға иеленеді (осы шекте іздестіру жұмыстарының нәтижесі үшін тек заңнаманы кеңейтіп талқылау нәтижесінде анықталуы мүмкін, ол негізінен АК-те тек жобалау-сметалық құжаттаманы пайдалану шектеулері жөнінде айтылған). Сондықтан тапсырысшы осы шартта нәтижесін тек шарттың өзінде анықталған мақсаттарға ғана қолдануға құқылы, мысалы, белгілі бір елді мекенде бірқатар ғимараттарды салу үшін осындай шектеуге жол берілу жобалаушының құқытық мүддесінен туындайды, себебі жобалау және іздестіру жұмыстарының нәтижесін шектеусіз пайдалану, мердігердің өз қызметін нарықта одан да әрі өткізу мүмкіншілігін де шектейді. Одан басқа тапсырысшының өзге (әрбір) аймақтардың ауа райы жағдайларының ерекшеліктерін ескермей ғимараттарды ойламастан сала бергені жобалаушының, іздестірушінің жұмысының нәтижелері жөнінде теріс пікір қалыптастырады (қалыптастыруы мүмкін) және сол арқылы аталған тұлғалардың іскерлік беделіне нұқсан келуі мүмкін. Жобалау-сметалық құжаттамаларда интелектуалдық меншік объектілеріне жататын және мердігерге тиесілі болатын бөлек мәліметтер болуы мүмкін, сол мәліметтер мердігердің келісімінсіз таратылмауы тиіс болады. Осының салдарынан тапсырысшы жобалау-сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуге және сақталатын мәліметтерді мердігердің келісімінсіз жария етпеуге міндетті.
Тапсырысшы мердігерге шарт бойынша төлеуге міндетті. Тапсырысшының орындалған жұмысы үшін ақы төлеу міндеті мердігерлік шартының жалпы нормаларына сәйкес орындалады. Шарт талаптарына сәйкес, ол белгіленген бағаны барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін, толығымен немесе жұмыстардың бөлек кезеңдері аяқталғаннан кейін бөлшектеп төлеуге міндетті. Барлық жұмыс көлеміне немесе жекелеген кезеңдеріне алдын ала ақы төлеу де жоққа шығарылмайды.
Мердігердің құқытары мен міндеттері.
Мердігердің негізгі міндеті жұмыстарды шарт жасасу кезінде жобалауға берілген бастапқы деректерге сәйкес орындау. Әрине, мердігер бұл жұмыстарды тиісті түрде мамандығына сәйкес орындауға міндетті. Мердігер дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырысшымен келістіру қажет. Қажет болса ол тапсырысшымен бірге жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекет органдарымен және жергілікті басқару органдарымен келістіруде қатысу керек. Бұл міндетті мердігерге жүктеудің өз себебі бар, мердігер маман болған соң оған жобалау-сметалық құжаттаманы құзыретті мемлекеттік органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келістіру, оның бөлек тармақтарының, құрамаларының негізділігін көрсету жеңілдеу болады. Мердігердің мемлекеттік органдарымен жобалау-сметалық құжаттама туралы келісуіне қатысуы белгілі бір дәрежеде жобалау жұмыстарының тиісті орындалғанына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіншілік береді.
Кейбір жағдайларда бір мердігерге жобалау және іздестіру жұмыстарын бірге жүргізу тапсырылады. Бұл мердігерге іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жинақталған мәліметтерді құпия түрде сақтауға мүмкіншілік береді. Осымен қатар іздестіру жұмыстарының нәтижелерін пайдаланып мердігер жобалауды тұралау және азырақ еңбектеніп жасай алады.
Жобалау және іздестіру жұмыстарының нәтижелерін беру мердігердің біртұтас (бөлінбейтін) міндеті болып келмегенімен міндеттеменің мәнісінен олардың бірге орындалып, олардың нәтижелерінің бірге берілгенінің тиімділігі көрініс табады, өйткені бұл жұмыстар (олардың нәтижелері) өзара тығыз байланысты. Сондықтан, егер шартта басқаша көзделмесе, мердігер тапсырысшыға дайын жобалау-сметалық құжаттаманы және іздестіру жұмыстарының нәтижелерін бірге беруге міндетті [25].
Мердігер тапсырысшының келісімінсіз жобалау-сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуі керек.
Мердігерден орындалатын жұмыстың сапасының кепілдіктері мердігерлік туралы жалпы ережелерге сәйкес белгіленеді. (ҚР АК-нің 630-633-б). Жобалау және іздестіру жұмыстарының өзгешелігі, олардың кемшіліктері жобаны іске асырғанда, іздестіру жұмыстарының деректерін пайдалану кезінде ғана табылуы мүмкін. Немесе сараптама (маман қорытындысы) қажет болады. Бірақ сараптама негізсіз тағайындалмайтыны түсінікті. Сондықтан, біздің ойымызша, мердігерге мердігерліктің бұл түрі бойынша нәтиже саласына қойылатын талаптың мерзімі жобаларды жүзеге асыру, іздестіру жұмыстарының мәліметтерін пайдалану басталған соң ағымын бастайтыны бекітілуі керек.
ҚР АК-нің «Мердігерлік кепілдіктері» деп аталатын арнайы нормасы (617-б.), оның мазмұны өте тар, ол әрине тапсырысшының құқықтарының кепілдіктерінің бәрін қамти алмайды.
Аталған нормада жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерліктің өзгешелігі тікелей ескеріледі. Мердігер жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде оның жұмысты орындауына үшінші тұлғалардың бөгет жасау немесе шектеу қою құқығының жоқтығына кепілдік беруге міндетті.
Мердігер тапсырысшыдан оның заңда немесе шартта көзделген барлық міндеттерін орындауды талап етуге құқылы.
Тараптардың жауапкершілігі. Тапсырысшының жауапкершілігі жалпы тәртіп бойынша белгіленеді. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлікті реттейтін нормаларда жобалау-сметалық құжаттаманың кемшіліктері үшін мердігердің жауапкершілігі бөлек қарастырылған. Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарының кез келген кемшіліктері үшін жауапты болады. Одан басқа, мердігер құрылысты салу барысынан кейін, сондай-ақ орындалған жобалау-сметалық құжаттама және іздестіру жұмыстарының деректерінің негізінде салынған объектіні пайдалану барысында анықталған кемшіліктерді қоса алғанда, жобалау-сметалық құжаттаманың және іздестіру жұмыстарының кемшіліктері үшін жауапкершілікті көтереді.
Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған мердігерлік шарт бойынша тапсырысшыға мердігер әзiрлеген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде үшінші тұлғалардың жұмыстардың орындалуына бөгет жасау немесе шектеу қою құқығының жоқтығына кепiлдiк бередi.
Жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарт бойынша мердiгер құрылысты салу барысынан кейiн, сондай-ақ орындалған жобалау-сметалық құжаттама және iздестiру жұмыстары негiзiнде жасалған объектiнi пайдалану процесiнде анықталған кемшiлiктердi қоса алғанда, жобалау-сметалық құжаттаманың және iздестiру жұмыстарының кемшiлiктерi үшiн жауапты болады. Жобалау-сметалық құжаттамада немесе iздестiру жұмыстарында кемшiлiктер анықталған жағдайда мердiгер тапсырысшының талабы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы тегiн қайта жасауға және тиiсiнше қосымша iздестiру жұмыстарын жүргiзуге, сондай-ақ, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, тапсырысшыға келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi. Жобалау құжаттамасының кемшiлiктерiнен туындайтын талаптарды оны дайындау жөнiнде тапсырысшы болмаса да, жобалау құжаттамасын пайдаланатын тұлғаның қоюы мүмкiн.
Жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырма, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшiн қажеттi бастапқы деректердi беруге мiндеттi. Тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалауға тапсырманы мердiгер дайындауы мүмкiн, бұл жағдайда тапсырма тапсырысшы оны бекіткен кезден бастап тараптар үшін міндетті болады.
Мердігер тапсырмадағы және іздестіру жұмыстарын жобалау мен орындауға арналған басқа да бастапқы деректердегi талаптарды сақтауға мiндеттi және одан тек тапсырысшының келiсiмiмен ғана ауытқуға құқылы.
2.4 ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ, ТӘЖІРИБЕ-КОНСТРУКТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫ
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) шығармашылық, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін мүліктік игіліктерге жатқызады. Осыған байланысты, біз қарастырайын деп жатқан мердігерлік шарттарының маңызы мен рөлі өсе түсті. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық мердігерлік шартты дамыту болашақ қоғамдағы ғылымның дамуына бағытталған саясаттың ағымында болып келеді. Осының Қазақстан Республикасының 03.07.2002 жылы қабылданған «Инновациялық қызмет туралы» Заңы дәлілдейді [31].
Бұл заң айтылған мердігерлік шарттың рөлінің көтерілуіне ықпалын тигізеді. Болашақта ғылым едәуір бөлігінде жасалған шарттармен қаржыландырылатын қолданбалы зерттеуге және де нарықта бәсекелестікке түсе алатын интеллектуалдық меншік объектілеріне жататын зерттеу алатын интеллектуалдық меншік объектілеріне жататын зерттеу нәтижелерін сатуға сүйенетін болады. Кейбір жағдайларда мердігерлік шарт бойынша түбірлі (фундаменталды) зерттеулер де жүргізілуі мүмкін, бірақ әрине мұндай зерттеулердің көлемі (салыстырмалы үлесі) қолданбалы зерттеулерге қарағанда едәуір болады.
Қазіргі кезде мердігерлік шартын қолдану арқылы ғылымды қаржыландыру толық іске асып жатқан жоқ, өйткені экономикалық ақиқат әлі де ескі технологияны қолдануды мүмкін етіп отыр. Импорт орнын айыстыру тетігін толық көлемде іске асып отырған жоқ және мемлекеттік деңгейде ғылымға қолдау жетпейді.
Міндеттемелік құқық құралдарын толық көлемде пайдаланып бұл шарт нысаны олар үшін ғылыми-зерттеушілік қызмет (тіршілік) пайда табудың негізгі көзі болып келетін ғылым адамдарының, ұйымдардың қызметін тиісті реттеуге мүмкіншілік береді. Басқа шарттарда сияқты бұл шартта да тараптардың мүдделері ескерілуі мүмкін.
Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарында мердігерлік шарты экономикалық қатынастарды бір жақты реттеуден сақтайды. Бұл шарт өндірістік салалардың қызметін оның неше түрлі қасиеттерін қамтамасыз ететін субъектілердің қызметімен байланыстырады. Тағы да бұл шарт шығармашылық (ғылыми) қызметтің интеллектуалдық меншік объектіні өңделіп (оны жасау жұмыстары аяқталғанға дейінгі қызметті) ол құқықпен қорғалатындай болғанға дейінгі кезендерін (тұстарын) реттеуге мүмкіншілік береді. Кейбір жағдайларда қымбат тұратын зерттеулерді қаржыландырады. Сонымен қатар мердігерлік шарты мердігердің шығармашылық (ғылыми-зерттеу) қызметінің нәтижесі болып келетін объектіге құқықтардың ауысуын да қамтамасыз ете алады. Осы бөлігінде ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты лицензиялық шартпен тығыз байланыста болады. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бір-біріне толығынан тепе-тең емес. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 32-тарауының §5 бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ кейбір айырмашылықтары бар қатынастарды реттейді.
Бұл айырмашылықтар жасалған интеллектуалдық қызмет объектілерінің интеллектуалдық меншік құқығының әртүрлі қорғау нормаларына жатуына байланысты. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі – бұл авторлық құқық объектісі [23]. Сондықтан ғылыми-зерттеулер жүргізу шарты көбінесе фундаменталды зерттеулерді немесе қайта жабдықтау, өндірісте және материалдар, құбылыстарды пайдалану туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін зерттеулерді жүзеге асыру үшін қолданған жөн. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі экономикалық әсері кейінірек шығуы мүмкін, ол мердігер берген ұсыныстарын (оның ойларын, шешімдерін) тәжірибеде қолдануға байланысты болып келеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына мердігерлік шартының нысанасы болып белгілі тақырып, мәселе, мәселелер топтары бойынша аяқталған ғылыми жұмыс немесе одан әрі зерттеулер үшін аралық буын бола алатын ғылыми зерттеудің бөлігі келуі мүмкін.
Тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыс нәтижесі өнеркәсіптік меншік объектісі, өндіріс аймағында маңызы бар ашылмаған ақпараттар ретінде қорғалатын объектілер болады. Өз кезегінде бұл өнеркәсіптік меншік объектісіне құқықтарды тіркеуге байланысты тараптардың шарттағы құқықтары мен міндеттерінің болуына әсер етеді. Қандай өнеркәсіптік меншік объектісі пайда болғанына қарап шарт нәтижесін пайдалану тәртібі, мердігер тарабының сыйақы алуға құқығы және басқа талаптар әртүрлі (өзгеше) болып келеді.
Екі шартқа да ортақ болып табылатын нәрсе бар. Мердігердің қызметіне оның аралық кезеңдеріне, мердігердің бір немесе өзге интеллектуалдық меншік объектісін өңдеуші ретінде құқықтық жағдайына бұл екі шартарда да интеллектуалдық меншік құқығының жалпы ережелері тарайды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердігер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулерді жүргізу міндетті. Тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және ақы төлеуге тиісті.
Мердігер тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты бойынша жаңа бұйымның үлгісін, оның конструкторлық құжаттамасын, жаңа технология жасауға немесе үлгісін дайындауға міндеттелінеді. Тапсырысшы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша әрекеттерді жасауы қажет. Екі жағдайда да мердігермен (атқарушымен) жасалған шарт зерттеу жүргізудің, үлгілерді әзірлеу мен жасаудың бүкіл циклын, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерін де қамтуы мүмкін.
Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізу шарттарынан айырмашылығы ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарттарында бірқатар жағдайларда мердігерлер болып кәсіпкерлер қатыспайды. Мердігерлер болып көбінесе жеке зерттеушілер, ғылыми ұйымдар, жоғарғы оқу орындары шартқа қатысады (осылар коммерциялық емес ұйымдар). Ғылыми зерттеу құрылымдары коммерциялық ұйымдар құрамында болуы мүмкін. Тапсырысшылар болып жеке тұлғалар мемлекеттік немесе жеке меншік нысанында негізделген заңды тұлғалар келеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын мердігердің (атқарушының) өзінің ғана жүргізуін талап етеді. Бұл мердігермен жұмысты орындау міндеті жеке сипатта екенін білдіреді. Шартта көрсетілген жағдайға немесе жұмыс барысында тапсырысшының келісімімен мердігерлер үшінші тұлғаларды шартты орындауға тартуға құқылы. Тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстар жүргізуге мердігерлік шарттарында басты мердігерлік жүйесі жалпы ережелер бойынша жүзеге асады. Егер өзгеше шартпен қарастырылмаса, мердігер жұмысты орындауға қосалқы мердігерлерді тартуға құқылы.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Бұл мердігерлік тараптардың кейбір ерекшелігі бар құқықтары мен міндеттерін қарастырады. Ғылыми-зерттеу немесе тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы мердігерге техникалық тапсырма беруге тиіс. Тапсырысшының осы міндетінің ерекшелігі бар, себебі, ол мердігермен жасалатын жұмыстың тақырыптары (көрсеткіштері) жөнінде келісуі тиіс. Бұның да себебі бар, тапсырысшы зерттеудің таңдалған бағытының өзектілігін, оның нәтижесінің маңыздылығын барлауда қиындық шегуі мүмкін. Тапсырысшы жұмыс үшін керекті мәліметтерді мердігерге беріп отыруы керек. Олардың құрамында таратылуға жатпайтын (конфиденциалды) мәлімет те болуы мүмкін. Ал жұмыс біткен соң тапсырысшы оны қабылдап алуы және ақы төлеуі қажет. (ҚРАК-нің 667-б. 1,3-тармақтары). Жұмыс нәтижесін қабылдау, оған ақы төлеу тәртібі шартпен анықталады немесе мердігерлік шартына қатысты жалпы ережелермен айқындалады. Шартта жұмыстың бөлек кезеңдерін қабылдау және олар үшін ақы төлеу немесе ақы төлеудің өзге бір тәсілі қарастырылуы мүмкін.
Егер ғылыми-зерттеу өндірісі кезінде қажетті нәтижеге жету мердігердің (атқарушының) өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша мүмкін болмаса, онда тапсырысшы осы мән-жайлар анықталған уақытқа дейінгі жасалған жұмыс нәтижелеріне ақы төлеу керек. Бұл ақының шекті мөлшері шартта көрсетілуі мүмкін. Сол кезде тапсырысшы шартта көрсетілген жұмыстың бір бөлігі үшін қарастырылған ақыдан асатын соманы төлеуге міндетті болмайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижеге жету мүмкінсіздігін мердігерлік шарттарындағы тәуекелдердің үлесуі ретінде бағалауға болады. Ал, тәжірибе конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шартында тапсырысшы үшін тәуекелділік деңгейі біршама төмен болады. Егер тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау барысында жұмысты ақырына дейін жеткізу мердігерге байланысты емес мән-жайлар негізінде мүмкін болмаса, тапсырысшы мердігердің шығындарын ғана өтеуі керек.
Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарына мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы өзіне берілген жұмыс нәтижесін, шартта көзделген негіздер мен шектерде ғана қолдануға құқылы.
Мердігер жұмыстарды тапсырысшымен келісілген бағдарламаға (техника-экономикалық көрсеткіштерге) сәйкес орындауға және нәтижесін тапсырысшыға шартта көрсетілген мерзімде беруге міндетті. Ол сонымен қатар, интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғау бойынша талаптарды да орындауға міндетті. Жалпы алғанда, интеллектуалдық (өнеркәсіптік) меншік объектісіне құқық бекітілгенге дейін тапсырысшы ол туралы жарияламауы керек. Ерекшелік, тек интеллектуалдық меншік объектісін көрмеге қою үшін жасалады және осы үшін шартта тиісті жағдай болуы керек, ал өнеркәсіптік меншік объектісіне құқықтарды рәсімдеу (патенттеу туралы өтініш) көрме болғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Мердігер өз күшімен және есебінен өзінің кінәсі бойынша техникалық құжаттаманың қателіктерін жоюға міндетті, егер олар тапсырысшының техникалық тапсырмасында немесе шартта белгіленген техникалық-экономикалық көрсеткіштерден ауытқуға әкелуі мүмкін болса.
Мердігер тапсырысшыға жұмыстың белгілі нәтижеге жетпейтін немесе жұмысты одан әрі жалғастыру қажетті емес екенін және т.б. дереу хабарлап отыруға міндетті. Мердігер ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарының нәтижесін берген кезде оған үшінші тұлғалардың құқықтары болмайтынына кепілдік беруі керек. Мұндай міндетті мердігерге жүктеу шарт, ол үшін де белгілі дәрежеде тәуекелге негізделген болатынына әкеледі.
Мердігер ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде алынған нәтижелерді жарыққа шығармауы (жарияламауы) керек. Ол жұмыс нәтижелерінде алған мәліметтерді қорғау шараларын жүзеге асырып және ол туралы тапсырысшыға хабарлауға міндетті. Мердігердің осы екі соңғы көрсетілген міндеттерін басқаша шешу шартта көзделуі мүмкін [21].
Әдетте, мердігер тапсырысшыға ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау арқылы алынған және құқықтық қорғалуы болуы мүмкін нәтижелерін пайдалануға ерекше лицензия беруге міндетті. Мердігер, егер шартта оның бұл құқығы болмайды деп қарастырылмаса жұмыс нәтижесін өзі тек жеке өзі қолдануы туралы айтып тұр. Егер жұмыс нәтижесін коммерциялық қолдану туралы сөз болса, онда қолдану көлемі тапсырысшымен келісуі керек. Егер бұл шартта көзделсе, онда мердігер жұмыс нәтижесін үшінші тұлғаларға беруі мүмкін.
Тараптарға шартты өзі туралы мәліметтердің таратылмауы бойынша міндеттер жүктеледі. Тапсырысшыға, сондай-ақ мердігерге шарттың орындалуы мен жұмыс нәтижелері туралы мәліметтердің құпиялығын сақтау міндеті жүктеледі. Мердігер жұмыс нәтижесін патенттеуді тапсырысшының келісімімен ғана жүргізеді.
Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстар үшін мердігерлік шартының тағы бір ерекшелігі ол бойынша жауапкершілік режимінде болып келеді. ҚРАК-нің 682-б 1-тармағының нормасының мағынасына сәйкес, мердігер кәсіпкер еместігіне қарамастан ол тапсырысшы алдында кінәлі болса, шектелген көлемде жауапкершілікті көтереді. Мердігер тапсырысшының алдында жұмысты орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін, егер шарттың бұзылуы мердігердің кінәсінен болмағаны дәлелдей алмаса жауапкершілік көтереді. Шартты бұзған мердігер (орындаушы) тапсырысшыға тек нақты нұсқауды өтеуге міндетті болады. Толық жауапкершілік тапсырысшыға барлық келтірілген шығындарды өтеу міндетін жүктеу тек осыны қарастыратын тікелей шарттық норма болса ғана мүмкін. Тапсырысшының өзінің міндеттемелерін орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік азаматтық құқықтағы және мердігерлік шарты бойынша жауапкершілік туралы нормаларымен белгіленеді.
Егер ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында мердігерге (атқарушыға) байланыссыз себептер салдарынан нәтижеге жетудің мүмкін еместiгi анықталса, тапсырысшы шартта көзделген нәтижелерге жетудiң мүмкiн еместiгi анықталғанға, дейiн жүргiзiлген жұмыс құнын төлеуге мiндеттi, бiрақ ол шартта көзделген жұмыстардың тиiстi бөлiгiнiң бағасынан аспауға тиiс. Егер тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау барысында мердiгердiң кiнәсiнсiз жұмысты одан әрi жалғастыру мүмкiн болмайтыны немесе орынсыз екенi анықталса, тапсырысшы атқарушы шеккен шығындарды төлеуге мiндеттi. Мердігер (атқарушы) тапсырыс берушінің алдында ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шартты орындамағаны және тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн, егер шарттың бұзылуы мердiгердiң (атқарушының) кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жауапты болады. Шартты бұзған мердiгер (атқарушы), егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушi шеккен залалды нақты зиян түрiндегi жұмыстың құны шегiнде өтеуге мiндеттi.
Егер ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шартта өзгеше көзделмесе:
1) мердiгер (атқарушы) де, тапсырысшы да шарттың нысанасына, оның орындалу барысына және алынған нәтижелерге қатысты мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi. Құпия деп танылатын мәлiметтердiң көлемi шартта белгiленедi;
2) мердiгер аталған шарт бойынша алынған жұмыс нәтижелерiн тек тапсырысшының келiсiмiмен ғана патенттеудi жүзеге асыруға құқылы. Тапсырысшының ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шарт бойынша өзiне берiлген жұмыс нәтижелерiн шартта көзделген шекте және жағдайда пайдалануға құқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер (атқарушы) өзi алған жұмыс нәтижелерiн өзi үшiн пайдалануға құқылы. Шартта мердiгердiң (атқарушының) жұмыс нәтижелерiн үшiншi тұлғаларға сату құқығы көзделуi мүмкiн.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы дипломдық зерттеу барысында көптеген қорытындылар шығаруға болады. Бұл шарт тек қана біздің мемлекетте ғана емес, сонымен бірге басқа шет елдердің құқық жүйесінде кең қарастырылып зерттелінген екен.
Мердігерлік шарты екі жақты, консенсуалды шарт болып табылады. Бұл шарттың негізгі ерекшелігін айтсақ, мердігерлік шартын жасасу кезімен көрсетілген шартың орындалуы бір-бірінен уақыт аралығымен ажырайды.
Мердігерлік шартын оның жиі кездесетін шарттардың қатарына жататындығын ескеру керек, өйткені ол ауқымы кең сұрақтар шеңберін қамтиды, атап айтқанда, материалдарды жеткізу, техникалық құрал-жабдықтарды орнату, жұмыстың әр түрлі кезеңіндегі өткізу және ақы төлеу талаптары мен кестесі, объектіні өткізгеннен кейінгі анықталған кемшіліктердің орнын жою.
Шартқа қосымша ретінде міндетті түрде бекітілетін жобалық-сметалық құжаттама болуға тиіс.
Мердігерлік шартының қатысушыларының қарым-қатынастары халықаралық конвенциялардан бастап министрліктер мен ведомостволардың қаулыларына дейін әр түрлі нормативтік актілермен реттеледі..
Заңнама шарттың субъектілеріне қатысты, тасырысшыға ешқандай шек қоймаса, мердігер болу үшін арнайы рұқсатты талап етеді. Бұл әрине, шартты орындаушыдағы жұмыстың күрделілігіне байланысты. Кейбір мердігерлікпен айналысу үшін білікті мамандық болу қажет.
Мердігерлік шарты жазбаша және кейбір жұмыстар бойынша ауызша жасалады. Шартты реттеудегі Азаматтық Кодекс нормалары міндетті және міндетті емес нормаларға ие. Реттеуші нормалар негізінен диспозитивтік сипата, ал императивтік нормалардың болуы шарттың ерекшелігіне байланысты нақты жағдайларға арналған.
Бірінші бөлімде біз мердігерлік шартының ертеде пайда болғанын және сол кезде анықтама бергенін көрдік. Әр уақытта мердігерлік шартқа әр түрлі түсіндірме берсе де ол негізінен сол мердігерлік шарты болып келеді.
Бұл дипломдық жұмыста біз мердігерлікті жалдау, еңбек шартынан, сатып алу-сату шартынан айырмашылығын талдадық. Бір-біріне ұқсас болғанымен әр шартқа анықтама беріп біз олардың айырмашылығын көрсеттік.
Екінші бөлімінде айтқандай мердігерлік шарты жалдау шартымен өте ұқсас болып табылады. Жалдау мен мердігердің айырмашылығын қарастырып біз оны бір-біріне ұқсас болғанымен бөлек айырып тастадық. Бұлардың арасындағы айырмашылығы, мердігерлік шарты бойынша әрқашан нақты бір экономикалық нәтиже пайда болады, ал қызмет жалдау шартында ондай нақты нәтиже болмайды. Осы «нәтиже» ұғымына байланысты Г.Ф. Шершеневич өз пікірін білдіреді. «Мердігерлік пен қызмет жалдау (қызмет көрсету) шартының» арасындағы айырмашылық жайындағы көзқарас мынаған алып келеді: бір қарсы тарап басқаның еңбегінің нәтижесіне құқық алса (билік етуге), екінші жағдайда ол басқаның жұмыс күшін пайдалануға құқық алады» [3, 608 б.]. Мен нақты осы пікірге сүйенемін.
Көптеген адамдар бұл шартты еңбек шартымен шатастырады. Ал олардың арасындағы айырмашылық орасан зор, нақты жұмыстың қайсы институтқа жататындығына байланысты көптеген маңызды сұрақтар әр түрлі жолдармен шешілуі мүмкін. Еңбек шарты бойынша жұмыс жұмыс берушінің (яғни тапсырысшы), ал мердігерлік бойынша - мердігердің (орындаушы) тәуекелімен орындалады. Еңбек шарты бойынша жұмысты материалдық және басқа қамтамасыз ету міндеті жұмыс берушіге жүктеледі, ал мердігерлік шартында – мердігерге. Жұмысшының шартты тиісті дәрежеде орындамауы салдарынан келтірілген шығынға әдетте, шектеулі жауапкершілікте болады, ал мердігер толықтай. Еңбек қатынастарын реттеуде негізгі басымдылық еңбек процесін регламентациялауға беріледі, мердігерлікте ол нәтижеге жетуге және оны тапсырысшыға беруге бағытталған.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы айтатын болсақ, ол қазіргі кезде мердігерлік шартын қолдану арқылы ғылымды қаржыландыру толық іске асып жатқан жоқ, өйткені экономикалық ақиқат әлі де ескі технологияны қолдануды мүмкін етіп отыр. Импорт орнын ауыстыру тетігін толық көлемде іске асып отырған жоқ және мемлекеттік деңгейде ғылымға қолдау жетпейді.
Қазір құрылыс, тұрмыстық мердігерлікке көп көңіл аударады, сондықтан біз тек қана осыларға ғана емес сонымен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарына да көп көңіл аударуымыз керек. Ғылыми-зерттеу шартының нәтижесі – бұл авторлық құқық объектісі.
Құрылыс мердігерлігі қазір көп көңіл аударылғанымен мұнда көптеген даулар пайда болып жатыр. Тараптар бір-бірінің құқықтарын бұзып, міндеттерін атқармай сотқа жүгінеді. Көбінесе жұмыс уақытымен істелінбейді, атқарылған жұмыс сапасыз болады. Сондықтан осы дауларды болдырмай немесе азайту үшін шаралар қолдану керек. Мемлекет өз атынан ай сайын немесе жылына екі рет мердігерлердің құралдарын, материалдарын, біліктілігін тексеру керек деп ойлаймын.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты жұмыстардың жүргізілуін құқықтық реттеуге арналған. Жобалау жұмыстар оларға сәйкес, алда құрылыс жүргізілетін құжаттар өңделуін қарастырады.
Жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау кезінде, тапсырысшы мердігерге шартта қарастырылған көлемде және жағдайларда қызмет көрсетіп тұруы керек.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мердігелік туралы көптеген өзіме мәлімет алдым. Бұл тақырып өте қызықты және қазір шарттардың арасында көп қолданылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Барон Ю. Система римского гражданского права. Обязательственное право. Выпуск третий. Книга IV. СПБ., 1910.С. 199-200.

  2. Дигесты Юстиниана. Избраные фрагменты в переводе и с примечаниями И.С. Перетерского. М., 1984. С. 316.

  3. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского рпава. М., 1912. 608-б.

  4. Синайский В.И. Русское гражданское право. Выпуск 2. Киев, 1915. 169-б.

  5. Мейер Д.И. Русское гражданское право. М.: Статут, 2000. 654-б.

  6. Даль В. Толковый словарь живого великорусского языка. Т. III. М., 1955. 388-б.

  7. Шершеневич Г.Ф. Көрсетілген шығарма. 609-б.

  8. Мейер Д.И. Көрсетілген шығарма. 654-655-б.

  9. Мейер Д.И. Русское гражданское право. 2-Бөлім.: Статут, 1997. 298-б.

  10. СУ РФ. 1921. №3. 29- стр

  11. СЗ СССР. 1936. №9. стр-70

  12. Брагинский М.И. Договор подряда иподобные ему договоры. Москва, 1999. 10-стр.

  13. Курс трудового права. Т. 1. // Под ред. А.С.Пашкова. С.П.Маврина. Е.Б.Хохлова. СПБ.

  14. Курс трудового права. Т. 1. // Под ред. А.С.Пашкова. С.П.Маврина. Е.Б.Хохлова. СПБ.

  15. Иоффе О.С. Советское гражданское право. Курс лекции. Т. 2. Ленинград. Изд. ЛГУ. 1961. 159-б.

  16. Басин Ю. Г. Ответственность за нарушения гражданско-правового обязательства. Уч. Пос. Алматы; Әділет Пресс. 1997-3б.

  17. Мейер Д.И. Указ. Соч. 295-стр.

  18. См.: Толковый словарь русского языка. Т. II/Под ред Д.Н. Ушакова. М., 1939. С. 1098.

  19. Асцеулов А.Г., Жайлин Г.А. Гражданско-правовая ответственность за вред, причиненный преступлением против личности. Алматы: ИПУ КазГЮА 2000 93,94 б.

  20. Суханов. Е.А. Гражданское право. М., Бек. 1998.

  21. Басин Ю.Г. Ответственность за нарушения гражданского-правового объязательства. Уч. Пос. Алматы; Әділет Пресс. 1997.

  22. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга третья- договоры о выполнении работ и оказаний услуг. М., Статут. 2005.

  23. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ереше бөлім. I том.-Алматы. 2005ж 234-б.

  24. Гражданский кодекс РК (Общай часть). Коментарий. Отв. Ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г.-Алматы. Жеті жарғы. 2003.

  25. Гражданский кодекс РК (особенная часть) Түсіндірме. Жауапты ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.-Алматы: Жеті жарғы; 2000.

  26. Отечественный законодательство XI-XX веков: Пособие для семинаров. Часть II (XX в). Под ред. Проф. О. И. Чистякова.-М.: Юрист, 1999.-1999.-179-181, 212-215 б.б.

  27. Қазақстан Республикасының 2001 жылы 16 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы.

  28. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімі) №409-I 1999 жыл 1-шілде.

  29. Брагинский М.И. Договор подряда и подобные ему договоры. М. Статут. 1999.

  30. Қазақстан Республикасының 2007 жылы 11 қаңтарда қабылданған «Лицензиялау туралы» Заңы.

  31. Қазақстан Республикасының 2002 жылы 3-шілдеде қабылданған «Инновациялық қызмет туралы» Заңы.







Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет