МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет3/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Мәшһүр – Жүсіп (Адамжүсіп)
(1858 - 1931 )

1858 жылы әкесі Көпей қыс ішінде Қызылтауға Ашамайтасқа көшіп келіп 4 жыл тұрады.


1858 қой жылы әкесі - Көпей марқұмның 42 жасында, анасы - Танашқызы Ұлбаланың 18 жасында Қызылтауда Ашамай тастың түбінде, ережеп айында, жұма күні Мәшһүр-Жүсіп (азан шақырып қойған шын аты Адамжүсіп) дүниеге келген.
1861 жылы Мәшһүр – Жүсіптің 3 жасында, Көпейдің 45 жасында Қызылтаудан «Тауық жұты» болып, мал қырылып, Баян қаласына көшіп келеді.
1861 – 1865 жылдары үй салынып біткенше Қызылағаш, Бұзаутас деген жерді мекен қылады. Ақын осы өскен жерін жиі есіне алып, өлеңіне арқау қылған.
1863 жылы 5 жасында Мәшһүр - Жүсіп, Баянауыл қаласында Байжан деген хазіреттің ұйымдастыруымен ашылған медіреседе бала оқытып жатқан Нәжімеддин молдадан дәріс алады.
1864 - 1865 жылдары 6-7 жасында Баянаула, Қызылтауда өткізеді. Қызылтауда Төртуыл халфеден бір қыс оқып, Дүржанбай молда, Бибі деген әйел молдадан сабақ алады.
1866 жылы 8 жасында Қамар (Қамараддин) хазіреттен дәріс алады.
1866–1867 жылдары 8 - 9 жасына қараған шағында Шорманның Мұсасы Жүсіпке «Мәшһүр» деген атты қосақтаған. Сөйтіп, осы кезден бастап Мәшһүр – Жүсіп атанды.
1867 жылы 10 жасында Шорман аулындағы Жүніс молданың алдынан сабақ алады.
1866 – 1872 жылдары Мәшһүр - Жүсіп Қамар хазіретке 8 жасында кездескеннен 15 жасқа дейін 7 жыл рухани жолдасы болады. Өзбетімен білімін жетілдіреді. Дінге, ғылымға ден қояды. Атбасар, Қызылжар маңын жайлайтын Алтай, Қуандық, Тоқа елдерін аралап, халықтың ауыр тұрмысын көріп, қайғы - мұңымен танысып, ортақтасады. Өлең жазады.
1874 жылы 16 жасында Әкімбек деген бай жалғыз баласы Қабылбекті оқытуға алып кетеді.
1874 – 1876 жылдары Әкімбектің қолында 2 жыл тұрып ұстаздық қылады, бала оқытады.
1873 жылдары 15 жасында Мәшһүр - Жүсіптің Түркістан, Ташкент жаққа сапарға жолы түседі. Сол жылдары Бұхарға барып «Көкелташ» медіресесінде білімін жетілдіреді.
1877 – 1887 жылдары ақын Сарыарқаның барлық жерлерін аралап, бай мағұлымат (ауыз әдебиетін) жинайды.
1881 жылы В.В. Радловпен кездеседі.
1887 жылы 29 жасында екінші рет Бұхар, Ташкент, Түркістан жаққа барады.
1889 -1890 жылдары «Дала уалаяты» газетіне үзбей мақалалар жазып тұрады. Өлең және дастандарын жазады.
1891 жылы Қазан, Омбы, Томбы, Семей жақтарын аралайды.
1895 жылы 37 жасында үшінші рет Орта Азияға сапарға шығады.
1900 – 1903 жылдары – 1967 - 1968 жылғы «Жаңа низамға» өзінің пікірін айтып, толықтырулар ұсынады. Орыс демократиялық төңкеріске көзқарасын білдіреді.
1902 жылы Абай мен хат алысады.
1907 жылы «Қанды жексенбіні», «Манифесті» айыптап өлең жазады. Тұңғыш рет Думаға депуттатар сайлау жөнінде және мұсылмандардың басын біріктіру туралы идея көтереді. Қазақ өмірінің тарихынан, орыс империясының отаршылдығын әшкерелеп «Сары арқаның кімдікі екендігі?» - деген саяси өлең жазады.
1907 жылы Қазан жандармеясы ақынға іс қозғап 2- кі статьямен сотқа тартады.
1907 жылы 49 жасында төртінші рет Орта Азияға сапарға шығады.
1907 – 1916 жылдары Мәшһүр – Жүсіп елден қашып кетуге, уақытша бой тасалап жүруге мәжбүр болады.
1911 – 1914 жылдары «Айқап» журналына мақалалары өлеңдері жарияланып тұрады.
1916 жылы Ұлт азаттық көтеріліс басталғанда қайтып оралады.
1917 – 1923 жылдары ақпан, қаңтар төңкерісін, қызылдардың қырғынын көреді. Кеңестің түбі құрыйтынын болжап өлең шығарады.
1921 жылы ортаншы ұлы Әмен Ташкентте төңкерістің құрбаны болады (1916 жылғы көтерілістің басы қасында болған, кейіннен Ғани Мұратбаевпен бірге жүрген).
1922 жылы Әмен ұлының басына бармақшы болып жиналып, ақ пен қызылдың қырғын соғысының салдарынан бара алмай қалады.
1923 - 1928 жылдардағы колхоздастыру кезеңінің қателігін айыптап, өлең шығарады.
1929 – 1931 жылдардағы аштықты көзімен көреді, жүрегі аурады.
1916 – 1931 жылдар арасында бос қарап жатпай, Ескелдіде өзі жинаған дүниелерін «Қара месін» жинақтап, көшіріп ретке келтірді.
1931 жылы 17 қарашада «Ескелді» деген жерде дүние салды.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет