МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку


Мәшһүр-Жүсіптің (Адамжүсіп) ата-тегі



бет4/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
2 Мәшһүр-Жүсіптің (Адамжүсіп) ата-тегі

Еліміздің Егемендік алуымен байланысты Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мол мұрасын зерттеуге кеңінен мүмкіншілік туды. Әсіресе, Елбасының қолдауымен басталған «Мәдени мұра» бағдарламасына орай, мәшһүртанушылар ақынның туғанына 150 жыл толуына «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары жинағының» 20 томдығын дайындап, басып шығаруға белдерін бекем буып отыр. Қазір мәшһүртанушылар ақынның шығармашылық лабораториясын әр қырынан қарастыруда. Осы орайда, ақынның өмірбаяны туралы мағұлымат бірінші рет жан - жақты толық жазылып отыр. Мәшһүр – Жүсіптің өзін тану үшін алдымен оның ата – тегі кім, қандай адамдар болған деген сұрақ кімді болса толғандырары сөзсіз.


Құран кәрімде: «Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық» - депті (49-хұжрат сүресі, -Б. 517). Смағұл Садуақасов: «Ж. Көпеев ең алғаш ақындардың өзін, өз руын ғана мақтайтын белгілі әдет дағдысынан бас тартып, халықтың қайғы-мұңын айтып, қасіретін жырлайтын өлеңдер жазды. Оның өлеңдері тұңғыш рет жазба түрде жарық көріп, қазақ әдебиетінің тарихында халықшылдық пен атайтын жаңа бір ағымның арнасын ашып берді» - деп, алғаш баға берген ақынның шыққан ата - тегі туралы қысқаша әңгіме болмақ.
Ал, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ю.И.Барашнев: «С незапамятных времен было замечено: в семьях, где в брак вступают близкие родственники, чаще рождаются неполноценные дети» - дейді («Здоровье» №6, 1987. –Б. 24.). «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» т.б. сияқты келелі сөздер бекерге айтылмаса керек. Бұл – сөздердің мәні мен мазмұны қаншалықты терең екендігіне көзіміз әбден жетті. Оның жарқын көрінісі, нақты қайталанбас мысалы Мәшһүр – Жүсіптің өмірбаяны да болмақшы.
Гүн > Күн. Адамзат ойланғаннан бастап, өзін: қайдан тудым? қалай жер бетіне пайда болдым? - деген мәңгілік сұрақ мазалап келді, әлі де мазалап келеді. Біз де бұл сұраққа жауап бере алмаспыз. Демек, Құранға жүгінеміз. Адам Ата топырақтан жаратылғаны әмбеге аян. Әйел еркектің қабырғасынан жаратылды дегенге де біреу сенеді, біреу сенбейді. «Оғыз қаған» әңгімесіндегі: «Оғыз қаған тәңірге жалбарынып отырғанда көктен жарық келіп, оның ішінен бір қызды көріп Оғыз қаған ғашық болып, кейіннен сол қыз жүкті болып, үш ер бала көтереді» - деген оқиғамен тығыз байланысы бар сияқты. Күн тіршіліктің иесі, жерге нәрін береді. Жан-жануар күннің сәулесін асыға күтеді. Абай: «Күн күйеу, жер қалықтық сағынысты, Екеуінің құмары сондай күшті», Мәшһүр-Жүсіп: «Аспан көк – байы, Жер - қалыңдық» - деп, білмей, көрмей ойжота айтып отырған жоқ, белгілі бір ақиқатқа жүгінгені анық қой. Одан кейінгісі есте жоқ ескі заманда биологиялық жолмен аталық, аналық ұрықтардың қосылысы арқылы өрбігені хақ. Номада өркениетінің түбіне жеткен топан су болғаны да шындық. Әйтпесе, шежірені таратқанда ата саны ары кеткенде 34-35 атаға дейін жетуін қалай түсіндіреміз. Одан арғысы бұлдыр. Ақселеу Сейдімбектің «Шежіре және уақыт» деген ғылыми мақаласы да осы ойға жетелейді (Егеменді Қазақстан. №115-116 (20588) 22 сәуір, 2008). Сондықтан да біз тарихтың түбі жоқ тұңғиығына сүңгімей-ақ, бергі жағынан қайтамыз.
Мәшһүр – Жүсіп: «Әркім өзін таныса, сонда Тәңірісін таниды» - деп жазды. Мәшһүр-Жүсіптің әр аталарының ауызша жеткен тарихы шамамен төмендегідей: Жанарыс – Ақжол (бірде осы ата аталады) – Қарақожа – Арғын – Құтан (Қотан) – Мейрам – Сүйіндік – Суғыншы – Шуманақ – Құлболды – Күлік – Тілеуімбет – Бесім – Ақжігіт – Сермұхаммед – Көпжасар (Көпей) – Мәшһүр-Жүсіп.
Жанарыс. Көне көз шежірешілер Қазақтан: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс туған дейді. Ақарыс – Ұлы жүз, Жанарыс – Орта жүз, Бекарыс – Кіші жүз. Аңыз, аңыз болса да біз үшін шындық. Соның бірі мынандай: Жанарыстың екі әйелі болған екен. Бірде, бірінің пұшпағы қанамай «бізге күн көру қайда, жас иісті баланы-ай» - деп зарығып жүрген кезі екен дейді. Содан ойламаған жерден алты қожа кез болып, қонағаға келіпті. –Ой, Құдай-ай, берді ғой! Бала беретін әулиелер келді деп қуаныпты. Сыйынбасам маған серт, қолдамасаң саған серт! Сарт болсаң садағам кет! – деп, алтауына алты қой сойыпты. –Кір қоңдарыңды жуыңдар, аттарыңды суытыңдар. Осы қойдың етін жеп тауыспай, сендерді жібермейміз деген екен. Сонда риза болған қожалар, - осы алтауымыздың да атын бердік, алты ұлға ата-ана боласыңдар деп баталарын берісіпті. Ол қожалардың аттары: Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа, Смағұлқожа, Қасымқожа деген екен.
Арғын. Арғынның Әргүл деген бәйбішесінен Мейрам сопы туады. Арғын бабамыздың кіші әйелі Момыннан: Ақжолсопы, Қызылсопы, Қарасопы, Сарысопы туған екен. Арғын бабамыз жүз алты жасқа келгенде құмасы Айнакөзден Тәнбіс сопы туған. Асылы Арғын он екі атаның ұлына қарайды. Қазақ кейде «алты атаның ұлы - Арғын» - деп сөйлейтіні содан болса керек.
Құтан (Қотан). Әргүлден екі бала туады: Құтан және Ботан. Ботан жас кезінде өледі де артында ұрпақ қалмайды. Құтанның Қарашаш деген жалғыз қарындасы және Мейрамсопы деген ұл қалады:
Сұрасаң арғы атамды ер Қотанды,
Сұлтанбек Әзілден ол бата алды.
Мейрамұлы Қарашаш бір қыз туып,
Қуандық, Сүйіндік боп сонда атанды
- деген өлең жолы ел аузында сақталған.
Уақ Жарқын би Көтеш ақыннан «Бұл ақындық ата-бабаңыздан бар ма еді, нағашы тегіңізде бар ма еді?» - деп сұраған екен. Сонда Көтеш ақын:
Қазақта арғын аға болған зерек,
Басқадан ол кісінің жөні бөлек.
Біздердің түп атамыз ақын Қотан,
Өзгеден өлеңге үстін болса керек
- деп жауап беріпті.
Бұхар жырау да айтыпты деген бір сөз бізге жеткен:
Бәрімізді сұрасаң,
Қотанбайдың баласы.
Арғындардың сабасы.
Қарақожа бас болып,
Қабыл болған дуасы.
Арғында екі Құтан өткен екен. Бірі – Қоғамның Құтаны. Ол қазақ «Үш жүз» деген атқа ілінбей, бөлінбей тұрғанда өмір сүрген. Бұхарада болған Оғыз дәуірінде хан болған қызыл Арыстанның заманында өмір сүрген. Жақсы Ғабдолла ханмен тізерлесіп жүрген. Ғабдолла хан «Құлбаба» - дейді екен. Әзірет Әлі сұлтанның (Қожа Ахмет Ясауии-А.Қ.) жанынан жер алып, сарай салдырған. Содан бері «Арғынның ақ сарайы» аталады. Мінекей, сол күннен бастап Арғынның қадірлі би, байлардың, дуалы кісілердің сүйегін апарып қоятын болған. Шаншарұлы Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Бертістің Тілеукесінің баласы Жарылғап, Едіге баласы Шоң би т.б. сонда жерленген. «Көкелташ» медіресесін кейде «Құлбаба» - деп атайтын көрінеді. Екіншісі – Бұтанның (Ботан) Құтаны. Бұл екеуі де туысқан.
Мейрам (Мейрамсопы) қайын жұрты Алшын Құдысбай екен. Алған әйелінің аты – Нұрфая. Қыс ішінде ұзатылған көрінеді. Нұрфаяның өз шешесі өліп қалып, ұзатылғанда қасына түйенің басын жетектейтін бір жетім - Қарқабат және ағасының әйелі еріпті. Елге жеткен соң екі елдің арасы жауласып, жеңгесі ұзақ жатып қалыпты. – Нұрфая. Ағамның төсі тиген жеңгем еді деп Мейрамсопының өзіне жеңгесін де, күңді де әйелдікке алдырыпты. Нұрфаяның өзінен Қуандық, Сүйіндік туады. Жеңгесінен – Бегендік, Шегендік ал күңінен Болтақожа туады. Бесеуі де өсіп-өніп «Бес Мейрам» атанған. Нұрфая өмірі Мейрам бабаның етіне су, табанына сыз тигізбей күтіп, балаша мәпелеген. Отын тергенде қу көдені көп қылып алып келіп, Мейрамсопының табанының астына төсейді екен. Құманды жылы болсын деп қойнына алып жататын болған. Мейрамсопы ертерек өліп, Нұрфая бәйбіше «бес берекенің біріне» қосылған, халқына ұйытқы, құт бәйбіше атанған екен. Нұрфая бәйбіше Сүйіндік, Бегендік, Шегендікті, асыранды бала – Олжакелді төртеуіне өз қолынан әйел әперіп, еншісін беріп, сол төртеуі – ел ішінде «Төртуыл» аталып кеткен. Шежіреде: Бегендігі – Қозған, Шегендігі – Қақсал, Олжакелдісі – Қаржас – деп аталады. Туысы басқа болса да жау келгенде, барымта мен сарымта да бастары бірігіп, «Төртуыл» дегенде төртеуінің бастары қосыла кетеді екен.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет