МәШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері


Мес қылып құлағыңды толғанша құй



бет17/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#36239
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Мес қылып құлағыңды толғанша құй...
Немесе,
Жалғанда таппай бір жал жалғыз жүрдім,
Кез болмай мен иеме далаға үрдім...
Бірінен – бірі өткен қозғалыс, тереңнен суыртпақтап сыр тартып, қазақы мінездің бір түйер барлығын аңдатады.
М-Ж. Көпеевтің тілі жете оқыған адамға жеткізбейді, терең бара оқыған адамға жеткізеді. Абай қолданысындағы «алтын иек» М-Ж. Көпеев жырында «лулу иек» дәрежесіне машықтанып, қыздың өңкей мүсінін көз алдына әкеле салады. М-Ж. Көпеев «Қыз Жібек» жырын оқып қана қоймай, ел ішінде өзбетінше жырлаған кісі. Махаббат тақырыбы да М-Ж. Көпеевтің қаламынан тыс өтпеген. Әсіресе, элегия жанрына ХІХ ғасырдың ішінде бірінші барған да М-Ж. Көпеев деп білеміз. М-Ж. Көпеевтің «Лала гүл және махаббат» элегиялық шығармасында:

Ғашықлық бір мырза дүр қатты,
Құшақтасып ебіспек дүр ғылажы...
- деп бір қайырып барып тоқтайды да:
Кел ай сәлік көзің ғибрат билан аш,
Махаббатсыз кісіден қош болып қаш...

- деп бір түйіндейді. Шағатайлық үлгі қатарында келетін бұндай өлең өрісі Абай шығармасында ұшырасады: М-Ж. Көпеев те, Абай да заманы бір, осындай кейбір тіл белгілерін жадығат ретінде бізге әкелгеніне қуанып, барын алып, шынайы көзқараспен түсінікке керек деп ойлаймыз. Абай:


Изу – рәушан, көзі гауһар
Лағилдек бет үші әхмәр...
үндестік табылып жатса, онда Абай мен М-Ж.Көпеевтің рухани жақындығы болып жатқандығы. Осы өлең жолындағы Лағилдек /Лағыл дай/ шағатайлық тұлға. Әлиф дек ай йузіңе ғибрат еттім (Абай) -дай,-дек жұрнағы жұмсалады /Р.Сыздықованы қараңыз/. Абайда қыздың: жүзін, көзін, бет үшін, тамағын, қасын, қолын айтып өткен ал, «иек» айтылмай қалған, М-Ж.Көпеев бұндай қыздың сипатын одан ары асыра түседі:
Ғұнша ерін, пісте мұрын, лулу иек,
Дүниеде неше түрлі бас асыл тас.
(Ібіліс лағын шайтан хикаясы)
Немесе,
Тісі маржан жақұт жақ лулу иек,
Киспсыз шашбауына таққан теңге.
(Жер мен көк қиссасы)
«Иек» сөзі Абай шығармасында да ұшырасады айталық:
Сөз айттым «әзірет Әлі, айдаһар» сыз,
Мұнда жоқ «алтын иек, сары-ала қыз» ...
М-Ж.Көпеевтің «Гүлшат–Шеризат» қиссасының «Гүлшаттың» бейнесін сипаттау «Қыз Жібек» жырындағы Қыз Жібектің сипатындай ұқсас келеді.
Мысалы:
Тал бойында бір мін жоқ,
Шыны айнаның кезіндей,
Түзу ағаш құрған тез,
Тысқа шықты бұралып,
Тал жібектей оралып,
Айдай балқып нұрланып,
Жұрт көзінен ұрланып,
Әбжыландай толғанып,
Ақ орамал қолға алып,
Бар сәулетін құрынып,
Жын соққандай ұрынып,
Құс болып көкке ұшқандай т.б.


Сұрақтар

1.Эмоционалды-экспрессивті реңкі жамайтын сөздер тобы?


2. «Үрген қарын», «Үрген қуық» сияқты тілдік тіркесімдердің рөлі?
3. Дулат, Абай үлгісі қандай тілдік дәлелдер арқылы көрінген?
4. Шығыс шайырларының үлгісі және тілдік көріністері қандай?
5. Дерексіз ұғымының деректі сияқты қолданылу тәсілі оның тілдік көріністері?



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет