Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы 2 Том


Түйін. Шілдехана лексикасы тотемизммен байланысты. Шілде



бет9/18
Дата15.09.2017
өлшемі3,93 Mb.
#32232
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Түйін. Шілдехана лексикасы тотемизммен байланысты. Шілде лексикасы Ғайып ерен қырық шілтенмен семантикасы тығыз байланысты. Мифологиялық лексика бөлімінен оқуға болады. Хормуздық жоғары құдыреттіліктің де белгісі бар. Шілдехана жас сәби дүниеге келгенде жасалатын той болса, қынаменде ұлттық ойынның бір түрі. Екеуінің де ұрпақ алдындағы жауапкершілігі өте зор.

Қынаменде. Қынаменде, жар-жар мен бет – ашар бар, Өлеңсіз солар қызық болар ма гүл? (Абай: 117). Ерте уаќытта к‰йеудіњ келу ќ±рметіне «ќынаменде» деп аталатын ойын-сауыќ ±йымдастырылѓан (Т. Міштайұлы. Ана тіл. 1990, 1991. № 1 (42). Ќынаменде сµзін С.Е. Жанпейісова, Б.С. Ќараѓ±лова зерттеу ењбектерінде ќына кеші, ќына тойы, мэндірі-келін мен к‰йеу кездесетін кеш сияќты маѓынасы бар екендігін дєлелдеді [228, б.14-15, 229, б.23].

Қына және менде екі түбірдің бірігуінен жасалған сөз. Қына – араб сөзі. Қына а. хенна хна – красноватая краска, добываемая из листьев хны, которой красят волосы и оконечности пальцев (Рүстем., 1989: 174). Қына жусан араласқан, бетегелі жерде де өсе береді. Бала кезімізде талай теріп алып, әкей тері тон, тері шалбарды қызыл сары түсек бояғанын көрдік. Ертеде қынамен түрлі тері киімдерді бояған. Қына тастың бетіне де шығады.

Р. Сыздықова Қырғыз тілінің оңтүстік говорларында қына деген сөздің бір мағынасы аттың құйрығына таққан (өрген) әшекейді білдіреді. Ал Бұхар жырауда кездесетін:


Он саусағы қыналы,

Омырауы жұпарлы, -


– дегендегі қына сөзі бұдан басқарақ. Бұл сірә, қынай бел, қынау (киімді қынап тігу) сөздерімен түбірлес сөз болуы керек. Мағынасы «жіңішке, салалы» дегенге саяды. Қазақ тіліндегі қынай бел «жіңішке талма бел, құмырсқа бел» деген мағынаны білдіретін фразеологизм (Кеңесбаев, 374). Сол сияқты қыналы саусақ та «жіңішке, тартқан сымдай» саусақ болуы әбден ықтимал. Бұл тіркес қыналы бармақ түрінде де келеді. Мысалы, жырларда:
Қыналы бармақ, жез тырнақ

Ақ бетіне салады.



Немесе:

Қыналы бармақ, жез тырнақ



Күнінде қанға бояйын.
Қыналы бармақ, жез тырнақ деген тұтас фраза көбінесе өлген адамды жоқтау салты үстінде әйелдің өз бетін өзі тырнап қанату ритуалына байланысты айтылады – дейді (Р. Сыздық., 1980: 92). Жыраулар тіліндегі он саусағы қыналы, қыналы бармақ тіркестерінің осы – біз зерттеп отырған мәселеге тікелей байланысты сияқты.

Қына тырнақ бояйтын қызыл бояу. Осман түріктері үйлену тойынан кейінгі түнді қына гешесі деп атайды. Бұлай атайтын себебі, қалыңдық қына түнінің алдында өзінің саусақтарын қынамен бояп алады (РСл 2: 726). Менде сөзінің шығуы туралы екі түрлі жорамал бар. Біріншісі, менде сөзінің шығу тегін монғол тіліндегі мэнд (Монг. орыс. толь М. 1957: 252), бурят. мэнде (Срав. сл. тунг. мандж. язык. Л., 1975: 58) байланыстыруға болатын сияқты. Мэнд, мэндэ бұл тілдерде «здаровье, благополучие» деген мағына білдіреді. Қалыңдық қынаны тырнақ-бармағына ертеде күйеуімен алғаш рет салтанат түнінде өзінің амандығының, саулығының белгісі ретінде жаққанға ұқсайды. Екінші, М. Қашқари: Мендірі: келін мен күйеу қосылатын түні бастарына шашу шашатын, жиын той орны (шігілше) – деп аталады [230, б.550]. Енді бірде, М. Қашқари: Ертоқымның үстіне жабылатын көрпеше, жастық, төсеніш. Ердің көрпешесі (шігілше) – дейді. Демек, шігілше қыз бен жігіттің алғашқы түнгі ойын орны (төсек-орын) (Орысша айтқанда: брачная ночь сияқты ритуал). Шынында да, қынаменде күрделі атауындағы менде сөзі генеологиялық жағынан көне түріктік осы мендірі лексемасымен байланысты болуы мүмкін [228, б.14]. Л. Будагов қына және міндер единицаларына мынандай түсінік береді: тур. кир. قنا кына, قنه(вм. а حنا) краска изъ бирючины, قنه قنه хина, хинная корка, قنه جيجكيбальсаминъ (раст.), قنالمق красить этой краской; Мінхунъ منهن منهن- мінхунъ отсюда и оттуда т,е. въ об щеки (цловаться); مندر міндэръ - матрацъ, въ тат. мундаръ, тоб. мінтэръ, подушка, مندر طشي наволочка; а. منع мэн, отказъ, отвратщеніе, переграда, запретъ т.б. [210, б.65, 254, 257, 258]. В. Радлов: міндар – перина, подушка (Том. IV. часть 2. С. 2156). С. Малов: Менде – кит.: ман - дао `суетиться, спешить`; мінді – Руднев, 103, 106 (Язык желтых уйгуров, 1957:76).

Қынаменде ләззәт алатын (сексуалды) ойынның бір түрі. Мұнан шығатын қорытынды: пәктікке тезірек ұмтылу. Ләззәтті сәтті аңсау. Менде сөзі қытайдың ман-дао сөзінен шыққан деген пікір де бар. Демек, қынаменде сөзі қыздың қыздығымен тығыз байланысы бар сөз. Қына (қанамен байланысты болуы мүмкін) пәктіктің символы жігітке мен пәкпін (тырнағын қызылмен бояғаны) саған соны алғашқы түні сыйладым деген терең мағынасы болса керек. Беті ашылған қыз қынаменде кешін жасамаса керек.

Түйін. Қынаменде кеші – қыздың алғашқы түнгі жатар мезгілдегі дайындығы (орны, ләззат ойыны). Екінші сөзбен айтқанда, `абыройын аймандай` ету. Қынаменде > ұмаймен де тығыз байланысты болуы мүмкін. Сау ұрпақтың дүниеге келуіне апыл-ғұпыл асығыстың қатерлі екенін ата-баба білген. Қынаменде сексуальды тәрбиенің бір түрі болған. Түріктің төл сөзі. Осы ойынмен мағыналас қыз ойнақ. Жастардың бір-бірімен жақын танысуының ортасы болған.

Қыз ойнақ. Мереке кезінде ойналатын жастар ойыны. Бойжеткен қыздар жақсы киімдерін киіп, мерекелеуге далаға шығады. Әр бойжеткеннің қолында мықты таяқ болады. Далаға келген соң қыздар ұсақ-ұсақ топқа бөлініп кетеді. Алыстан топ көрінеді, олар да жақсы киімдерін киген рудың жігіттері болады. Жігіттер қыздарды көріп, аттарынан түсе қалып, қыздарға қарай жүгіреді. Қыздардың тобына кірген жігіттер қыздардың емшегін мытып, әр-жер, бұ-жерін ұстап көрулері керек. Қыздар барынша қарсылық көрсетіп, таяқпен қатты ұрады. Жігіттердің бастары жарылып, қолдары шығады, не сынады. Бірақ, жігіттердің алған мақсаттары бар, намысқа тырысады. Жігіттер бұл ойында қатты жарақат алып, өліп те кетуі мүмкін. Ол жағдайда «Қыз құны» төленбейді. «Қыз құны» – деген осы [231, б.190-191].

Түйін. Ойнас лексикасы да о баста осы ойынмен төркіндес болған болуы керек. Мысалы: Ойнас қылғанды қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым киіз ілдіріп, ауыл айналдырып болған соң мойнынан арқан тағып, қырық қысырақтың құйрығына байлап, қоя береді екен (М-Ж. 9 т. 293 б.). Ұлы сөзде ұяттық жоқ. Ойнас лексикасын секс сөзінің баламасы қылып алуға болатын сияқты. Мәшһүр-Жүсіпте «Қалыңдық ойнау» салты кездеседі. Бұл Айдақ, Бойдақ бір-біріне бұл мінездерден аулақ. «Қалыңдық ойнай» барғанда, бірінің орнында бірі қалыңдық ойнауға көнісіпті (М-Ж. 10 т. – Б. 108).

Көрімдік. Енді бір баласына қалың беріп, соның қалыңдығын көруге, келін көрімдігін алып барып отырғанда, бәйбіше кішкене қызалақ келінін шақырып алып, бетінен сүйіп:... (М-Ж. 9 т. – Б. 289).

Көрім а. [كريم кәрим: 1. щедрый, великодушный, благородный, милостивый, любезный; 2. дорогой, драгоценный] – 1. хороший, чудемный, прекрасный - деген мағына береді (Рүстемов, 142). كورومدوك көрімдік // كوردلك кöрÿмдÿкъ денгьи, даруемыя за смотрины новобрачной (она идеть къ мужу покрытая платкомь и родственники за смотрь вмсто денегъ дарятъ скотину, а потому они должны назвать ея масть: не называйте то пгую, то буланую, а опредленно обозначьте масть) (Будагов, 1871: 412). Көрімдік түбір мен қосымшалардан құралады (көр + ім + дік). Мінген атын, киген киімін, не болмаса жаңа келінге түскенде алатын көрімдік. C. Малов:. Көр -`видеть` узульер к-рте `сами они видели` Рсл., II, 1309 [232, б.69]. Көргенінен көзақы алу тіркесінің де қатысы болуы мүмкін. А. Кайдар: көзақы - оплата за погляд, позволяет отнести его к разряду исконных бытовых выражений – дейді [233, б.188]. Көрімдік > көзақы (сыйлық). Көрімдік пен байғазы мәні мен мазмұны мағыналас. Байғазы – подарок, данный ребенку на новое платье [205, б.1423].



Түйін. Жас келін түскенде берілетін ақшаның, малдың түрі көрімдік деп аталған. Көрімдікті берген де байлар барлығын көрсеткен. Көрімдікті кім көрінгенде бере бермеген, есебіне есесін беріп отырған. Көрімдік сияқты қазақтар бәсіре, еншісін де берген. Бәсірең деп жүз серке, Бөліп берді өзіне (Алпамыс, 214); – Қоста қалған остатка (астатке), еншің болсын! – деген екен (М-Ж., 10 т. – Б. 383). Ақ отау тігіп басыңа, Төрт түлік малдан еншіңді ал (Дулат Бабатайұлы, 79). Көрімдік пен сүйіншінің, байғазы, кемпір өлді (алу) мағынасы бір сияқты.

Сүйінші. Қайтқанда сүйіншіге мұны жібер, Солай! деп, тапсырады барша жанға (Мәшһүр-Жүсіп., 139); Пайғамбарға сүйінші бермейсің бе, Мұхаммедтің үмбеті, бір құдайы (Мәшһүр-Жүсіп., 126);

Сүйінші радостное известие, подарок за него или за поздравление. В казахском народном быту человеку, первому сообщившему радостную весть, полагался подарок – суюнши. Приближаясь к аулу, вестник скакал во весь опор и кричал: «Сүйінші!». (ҚЖ, 1963: 283). Қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші берген. Сүйіншінің мөлшері сол мал-мүліктің бестен бір мөлшеріне тең екенін П.Е. Маковецкий жазады. Д`Андре «сұлтан, би немесе атақты кісілер қуанышты хабар жеткізгенімен, оларға сүйінші беру ыңғайсыз, оларды масқаралау болып табылады» – дейді. Сондықтан сүйінші сұрауға жасы келген қарттарды, құрметті адамдарды жұмсамайды. Көбіне жастарды жұмсаған. Г.Н. Тверитин: суюнчи - подарок за радостную весть [213, б.118]. В. Радлов сÿjÿншÿ- 1) радостный. 2) награда даваемая за хорошее извстіе [205, б.803]. Л. Будагов алт. сугуншъ а) радость, سيونجلوك радостный, кир. радостная встъ, б) подарокъ за доставленіе радостной всти, и въ этомъ значеніи въ дж. سيونجي Орыс жылнамаларында Карамзинде сіунчи сөзі ұшырасады. Онда ханның жарлығы (ярлыкахъ) встникъ мағынасында қолданылған [212, б.652]. Г. Потанин: сюншю – подарок за радостное известие – деп түсіндірген [234, б.83].

Түйін. Көрімдік сұрап алынады, не хақ иесінің өз көңілімен беріледі. Көбіне өз еркімен беріледі. Сүйінші – жақсы хабар үшін берілетін сыйдың бір түрі. Сүйінші көбіне хабарлы, сұраулы сөйлемнен тұрады. Қайнаға-ау, сіз көріпсіз бір перзентті, Сүйіншіге, қайнаға-ау, не бересіз? (ҚКБС); Сүйінші сұрап алынады. Сүйінші мен сауға мағынасы жағынан сұрау сияқты болғанымен, айырмашылықтары бар.

Сауға > сауғат. Кезќ±йрыќ жапалаќпен жемтіктес боп, С±райтын бір-бірінен сауѓасы бар (М-Ж., 35); *Сауѓа, сауал, сауда, сауап, ойын-сауыќ, саудагер, сєлем-сауќат, *сарќыт, сауын айту, сауѓа с±рау, *сыралѓы с±рау, сом, сум, санау т.б. Сауѓа – с±рап алуѓа хаќылы. (Сауѓаѓа жењілген батырдыњ, т±тќындаѓы адамдардыњ µмірін, бас бостандыѓын с±рап алуѓа болады. В. Радлов *сауға 1) подарокъ изъ добычи охотника, который получаетъ встрчающійся съ охотникомъ; 2) сборъ съ деревенскихъ жителей въ пользу прозжаюихъ по дламъ службы, чтобы не брали съ нихъ повинностей и курьерскихъ сборовъ – деп жазған сөздігінде [205, б.234]. *Сарќыт – кµбіне кµп жасаѓан, кµпті кµрген кµненіњ кµздерінен бізде сол кісідей болайыќ, не болмасќа пєленшеніњ «сарќытын жеп едік» – деп айта ж‰рейік деп с±раѓан. *Сыралѓы с±рау – ањ аулап, олжалы келе жатќан ањшыдан с±рап алатын сыйлыќ. Ќылмысты адамды «басына сауѓа бер» деп с±рап алѓан. Ширлолѓа (монѓ) широ – шанышќы, таяќша. Ширалга, сиралгы, сыралғы: тұлға, адамның белінен жоғары жарты дене мүшесі, құстың, малдың басына дейінгі жарты мүшесі (Будагов, 1869: 680). Широлѓа (сыралѓа) шанышќыѓа т‰йреліп, отќа ќаќталѓан ет (Алтан тобчи, 307) (Н. Уєлиев. Ќос сµз сыњарларыныњ сырлары // Ќазаќ єдебиеті. 1983. 10). А. Қайдар: *Сауға сұрау = 1) просить, молить пощады; 2) просить подарок из военных трофеев или охотничьей добычи; дословно «просит подарок» возник первоначально от слова *соға (арабско - персидского происхождения) в значении «подарок», который по традициям охотников, должен был преподнести охотник или военный, возвращавшийся с охоты с большой охотничьей добычей или военными трофеями первому человеку, встретившеумся на их пути, или почетному аксакалу аула. Второе его значение «подарить жизнь», «молить о пощаде», вероятно, возникло на основании того, что батыры-войны бывают суровыми, но в то же время и добрыми, милосердными, что они могут не только подарить часть военных трофеев, но и пощадить жизнь своего врага, если он надлежащим образом (т.е. встав в определенную позу, сказав: «сауға, батыр, сауға!») попросит его об этом, т.е. жан сауға сұрау – «попросить в подарок свою душу», «просить пощады» – дейді [233, б.276]. Будаговтың мына сөзге де мән бергені біз үшін аса қажет: сыпа а. сыбаға – доля (1871: 407). Л. Будагов: сауга (оть сау) на здоровье, сауѓа бердім даль на здоровье, даль гостинецъ - деген [210, б.407]. Сауға - әскерилерге ақшалай, заттай беретін көмек, ханға жиналатын алым, қызмет бабымен жүргендерге ауылдан жиналатын көмек, барымта мен шабуылдан түскен олжаның жартысын ханға беру т.б. (Будагов, 647). Саркыт – остатки оть кушанья и питья, которые дають низщимъ и женщинамъ [205, б.331]. Сарқытқа: құрт, ірімшік те берген. Ќ±рт - ќќалп.- ќ±рт /сыр, ірімшік/; тата-ќорт /с‰збеніњ бір т‰рі/; єзір- гурту /ашыѓан с‰ттен с‰зілген/; моњѓол - хуруд, хурут; т.б (Тлепин Б.Ќ.). Б.С. Ќараѓ±лова: сауѓат, сауѓа, сауќат, шыралѓы сµздеріне де мєн берген (Тарихи жырлар лексикасы). Сауға сөзінің негізінде сауғат сөзі пайда болған. Екеуінің уәжі бірдей болғанымен, сауғат сыйлық, сәлемдеме деген мағынада қолданылады. Радлов сауғат даръ, награда, подарокъ, гостиницы, они согласно приказанію хана представили подарки съ различными рдкостями, сауғаші – сборщикъ податей – дейді [205, б.350]. Л. Будагов: ساوغات ад. саугатъ, даръ, награда, подарокъ, гостинецъ (достарына сапардан оралған соң беретін ерекше сый) подарки ханамъ и вельможамъ; сауға – сокращенно изъ сауғат жалованье, которое платять военные письцамъ, фуражемъ и деньгами; отсюда кр. Сауға – сборъ, повинность въ пользу хана; сборы съ деревенскихъ жителей, въ пользу прозжающихъ, а равно и почтовыхъ т.б. мағыналарын көрсетеді [212, б.647]. Сілэ صله 1) даръ, подарокъ – деген тағы бір түрі бар (Будагов, 703).

Түйін. Сау түбір тұлғасынан сауға, сауғат пен сауын лексемалары пайда болған. Сауға (сау+ға+т) түбір мен қосымшадан тұрады. -т архайкалық жұрнақ. Сауын – бөлімін қараңыз. Сауғаның сүйіншіден айырмашылығы бар дедік. Сауға – аңнан қайтқан аңшыдан аш адамның тамақ сұрауынан келіп туған сияқты. Кейіннен мағынасы кеңейіп, адамды да басына төнген қатерден сұрап алуды да «сауға» деген. Сыралғы сұрау, сарқыт сұрау мағыналары әр түрлі болған. Сауға жан сауғалаған адамға сұралған. Сыралғы аңға қатысты айтылған. Сарқыттың мағыналық негізіне тотема белгісі әсер еткен: үлкеннің жасын берсін, тілегін берсін сияқты т.б.

Қорыта келгенде, әр тарау белгілі бір мағыналық жағынан тығыз байланысқан желіден тұрады. Бата аяқ ислам элементін жамаған фетешизмнің анық белгісі де бар. Ол келіп неке қияр дәстүрімен байланысады. Өйткені, неке қияр мен талақ бойында аздаған фетешизмнің нышаны барлығы сезілді. От басылық дәстүрге: киіт кигізу, сыйыт беру, сеп, қалың, қалың мал, жасау, жыртыс, қарғы бау сияқты этномәдени лексикалар жатқандықтан, олар бір-бірімен мағыналық жағынан байланысты болатыны айтпаса да белгілі. Бұл салт-дәстүрлер таза қазақи ұлттық әдет-ғұрып негізінде туғанмен, кейбір түрлеріне діни элементтер араласа бастаған. Ал, бұл аталған әр тілдік деректер өз ішінде қилы лингвистикалық талдауға түсіп, өзінің о бастағы түбір тұлғасын, мағынасын тауып, нақты дәлелденді.


Календарлық мейрамдардың тілдік көріністері
Календарлық мейрамдар көбіне жыл мезгілінің ауысуымен байланысты жасалып отырған. Қазақта туған күн деген болмаған, мүшелмен жасын есептеген. Қасқа сиырдың бұзаулаған күні туған күні болған. Қазақ тіл білімінде маусымдық мейрамдардың шығу тегі, пайда болу тарихы тілдік тұрғыдан әлі зерттеле қойған жоқ, сондықтан жас ғылым саласы болып саналады. Мешін жылы қазақтар үшін «есепшінің кісесі жанында» дегендей, жыл қайырудың бір түріне жатады. Бірақ, мешін не нәрсе екендігі ғылымда даулы мәселе. Наурыз көктемнің хабаршысы, жыл басы ұлттық мейрам екендігінде талас жоқ. Дегенмен, кейіннен ислам дінінің элементтері де араласып кеткендігі байқалды. Алас – тікелей наурызбен байланысты календарлық мейрам. Наурыз мерекесі уақытында маңайды тазалап, экологияға қатты мән берген. Керексіз заттарды отқа жаққан. Маңайды аластаған. Жастар жұмыстан соң, мереке жасаған, оттан секірген т.б. Сүзек, оба індеті кезінде күллі аймақты жағып жіберген. Аластың бір түрі өртең болған. От анамен үй ішін аластаған, жын-шайтанды қуған. Сөрел деген де мейрам болған, бірақ, оның бойында діни белгісі көп сақталған. Ереу, ерулік маусымдық мейрамның бірі. Оны күнде жасай бермеген. Бұл мейрамды үлкендер түгіл жастар асыға күткен. Қазақтар көктеу, жайлау, күзеу, қыстауға көшкенде қолданылған этномәдениеттің көзі. Ерулік ұлттық мейрамның, танысудың бірліктің кепілі болған. Еркіндік алған бөтен мал-жандар да ерулеп, тебісіп қалған. Көкпар – өте көнеден келе жатқан ұлттық ойынның бір түрі. Көкпарды қыста тартпаған. Наурыз мейрамында, я болмаса самалы ескен жайлауда, күзде тартқан. Сондықтан да, календарлық мейрамға жатады. Жады тікелей құрғақшылықпен байланысты болған. Жадының жаздың аптап шілдесінде, егін шықпай жатқанда магиялық тәсілмен аспан әлемін дұғалау, Тәңір мен Ұмайдан жәрдем сұрау сиқырлау сияқты белгілері басым болған. Жады да хормуздың көкке табыну, мінәжат ету сияқты белгісі басым болған. Жады, дуа, жаурыншы, балгер, аса таяқ, тасаттық магия мен хормуз дініне жатқан. Біз бұлардың кейбір белгілерін, мағыналарын, шығу тегін зерттеп келіп, олардың календарлық мейрамдармен тығыз байланысты екендігін анықтадық. Жалпы, жады мен тасаттық, жаурыншы мен балгер, құмалақшы, асатаяқ пен дуа бір-бірімен мағыналық жағынан байланысты екендігі дәлелденіп барып, оларды бір жүйемен зерттеу керек екендігіне көзіміз жетті. Мүшел. Осы айтылғандардың жиырма бес мүшелінде туған Мәшһүр-Жүсіп өзінен жиырма бес жыл бұрын өлген Шоңның қасында бірге жүргендей ме, қалай? (М-Ж., 91). Көшпелілерде «мүшелік» – деп аталатын күнтізбе ерекше рөл атқарған. Демек, «күнтізбе» көне түркілерде алғашқы қауымдық құрылыстан анимизмдік діни – наным кезеңінен пайда болған деген болжам жасауға болады. Мүшел есебі көне түріктерде ғұн тайпаларында 3000 жыл бұрын пайда болған. Аңшылық, малшылық, егіншілікпен айналысқан көшпенділер өздері тұтынған, көрген аңдар мен малдарды көшірген. Мүшел есебі п. [مجر мүджәр; (бұл сөз жазылуында қате бар, мүжжәр болуы мүмкін – А.Қ.) سالهاي حساب مجر салһаи һесабе муджәр: летоисчисление по муджару] 12 - летний животный цикл (Рүстемов, 205). Мÿчäl 1) двънадцатилътній животный циклъ (Радлов, 2224). Сол сияқты әр жыл аттары 12 халықтың тотемі болған сияқты. «Сонда «мүшел» дегеніміз «он ел», яғни он түрлі халық немесе ұлыс–тайпа болмақ» – деген сөздің жаны бар [235, б.88]. Тарихи зерттеулер бойынша алғашқы мүшелерде төрт-ақ хайуан болған: ұлу, бөдене, барыс және тасбақа болған, олар дүниенің тарабы мен жылдың төрт мезгілін бейнелеген. Кейін алты хайуаннан құралған мүшел шыққан: доңыз, ит, сиыр, тауық, қой, жылқы оған жылан, мешін, қоян, тышқан қосылып онға жеткен. Ұлу мен барысты қайта қосқанда 12 мүшел болған. Мешін мен ұлу кейін қосылғанын Қытай деректері дәлелдейді. Мүшел сөзін екіге бөліп қарастыруға болады. Мүш (алмүш – алты он, жетмүш – жеті он) деген сан есімнің құрамындағы - он. Ал «ел» халық, бүтін–дегенді, немесе мемлекет дегенді білдірген – ел. ЕL – туралы Қашқари мен Гумилевтің айтқанын қараңыз – автор. Олай болса, «мүшел» «он ел» – дегенді білдіреді екен. Р.Г. Ахметьянов: «Весь цикл в тюркских языках назывался монгольским словом бүлж, эл (тат. мочал, чув. мèçел), обозначающим первоначально `назначенный срок, назначенное место`. Пять бүлж,әлов, т.е. 60 лет, составляли один буат (боғат) `век`. В монгольском и китайском языках имелась система определителей, позволяющих точно назвать каждый из этих 60 лет» (Цикл в 60 лет, т.е. буат, употреблялся и у дунайских булгар, см.: И. Микола. Хронология дунайских болгар. Казань, 1915, стр. 6 б.) Так, первым годам каждого нового века (новый век у разных народов начинался с разных дат) всегда был год синей мыши мужского пола, вторым – год синей коровы (женского пола); теретьим – год красного тигра мужского пола. Цветов (мастей) всего было пять: 1) синий или зеленый (цвет дерева); 2) красный (цвет огня), 3) желтый (цвет почвы), 4) белый (цвет металла), 5) черный (цвет воды). Начало последнего цикла (год мыши) совпадает с 1973 г. В тюркских языках этих градаций не сохранилось – дейді [236, б.154]. Ахметьянов «мүшел» түркі сөзі екендігі, мүшелге бөлу көне түркі ескерткішінде жазылғаны тіпті, көне дәуірден түркілерде бар екендігі сөз болмайды. Сондықтан да Ахметьянов «мүшел» монғол сөзі дейді. Ал, қазақтарда мүше, мүшелеу, табаққа асты мүшелеп салу, адамның он екі мүшесі деген сөздің ертеден мал шаруашылығымен айналысқанын, адам өз дене мүшесін (құрылым) есебінде санағанын көрсетеді: Құрбысында Адам жоқ, Қоблакеңдей мүшелі (Қобыланды, 96) жыр жолы мысал бола алады. Бұған және Жиенбай Құдайбергеннің мына пікірі де: «...вес комплекс человеческого тела или же тела животного состоит всего из двенатцати «мүше», соответственно двенадцати основным опорным костям скелета. Среди казахов не случайно твердо бытует изречение «он екі мүшесі сау» в смысле «здоровый» /буквально: невредимы все двенадцать частей его тела/. Таким образом, самосочетание «мүше атаулары» /название частей тела/ перешло в смысловую кальку» – дәлел болады (Анотомические названия в казахском языке, Автореф. кан. диссерт. – Алматы: 1977, 10). «С двенадцатилетним животным циклом связан целый ряд народных поверий, житейских правил и легенд – рассказов. Годы собаки, свиньи, мыши, барса, дракона и лошади чаще считались счастливыми (особенно уражайными считались годы мыши и барса), а годы обезьяны, зайца, курицы, змеи, овцы и коровы – несчастливыми (См.: А.Н. Самойлович. К вопросу о двенадцатилетнем животном календаре у турецких народов. «Восточные записки», т. 1. Л., 1927 и.т.д.). Жизнь человека тюрки делили на пять циклов (бүлж,әл): 1-12 лет – детство, 13-24-отрочество, 25-36-джигитство, 37-48-возмужалость, 49-60-старость. Следующие циклы (шестой, седьмой и.т.д.) также имели свои названия (Түркмен дилинин сөзлүги, 1962: 863). С этими циклами было связано много предрассудков, например гадание о счастье в жизни (счастливый год рождения) или в браке (комбинации годов рождения брачующихся). Запрещались (или не одобрялись) браки между лицами, разница в возрасте которых превышала двенадцать лет. Двенадцатилетний цикл зафиксирован почти у всех тюркских народов, в том числе, судя по списку болгарских князей, и у древних булгар. Двенадцатилетний цикл был в употреблении (до ХХ в.) и у чувашей, татар и башкир. Татарскими названиями животных в этом цикле были: 1) сычкан, 2) сыгыр, 3) барсы, 4) куян (тывышкан, таушан), 5) аждаһа (ләу), 6) елан, 7) елки, 8) куй, 9) бичен (мәчен, маймыл, керпе), 10) тавык (әтеч), 11) эт, 12) дуңгыз (чучка). Эти названия имеют общекыпчакские и чувашские параллели. Характерно, что название незнакомого животного бичен (обезьяна) татары пытались заменить названием более типичного для лесостепной полосы животного – ежа (керпе). Это говорит о том, что двенадцатилетний цикл был известен широким народным массам – дейді Ахметьянов [236, б.154].

Сондай жылға қатысты аңыз әңгімелердің бірі: Аңдар жиналып, жылды қарсы алыпты, Түйе бойына сеніп жылдан құрғалыпты, Тышқан түйенің құлағына шығып алып жылды бұрын көріпті, содан жыл басы болыпты – деген қазақтарда сақталғаны көп жәйтты аңғартса керек. Дегенмен, аңыз болса да түйенің момындығы, тышқанның қулығы халық психологиясын көрсетеді, халық даналығының бір көрінісі суреттеледі. Момын адамды тышқан сияқты қу алдап кетуі мүмкін. Түйені алдаған, кемені тескен тышқан қулығының, еті тірлігінің арқасында жыл басы болды. Ал, шын мәнінде түйе неге мүшелге кірмей қалғаны, тышқанның қалай жыл басы болғаны белгісіз. Бұл орайда, А. Машановтың еңбектерінде кейбір деректер бар [237, б.102-103]. Мүшелдің шығу тарихын зерттеген Эдуард Шаванн (1865-1918), профессор Г.П. Сердюченко: мүшел есебін ежелгі түркі халқы шығарды деген қорытындыға келген. Мүшел Греция мен Римде болмаған, өйткені, олардың барлық ғылыми және мәдени мұраларын көшіріп және өз тіліне аударып алған арабтар 12 хайуанды Орта Азиядан ғана естіген. Оның бірі – арабтарды шошындыратын шошқа – доңыз [235, б.83]. Аңның суреттері ежелгі дәуірде табылған тастарда, жартастарда табылған. Мүшелдегі хайуандар туралы Искаков жазды [238, б.263-276]. Ең көне түрік күнтізбесі ХI ғ. М. Қашқари еңбегінде көрініс тапты. Мүшелдегі екі хайуанның аты тиянақсыз және түсініксіз, енді осы мәселеге тоқталайық – дейді Исқақов сөйтіп, ұлу және мешін жылдарына талдау жасайды. Жоғарыдағы еңбекте татарларда мешінді бичен, мәчен, маймыл, керпе (кірпікшешен – А.Қ.) деп түрліше атаған. Біздің ойымызша ұлу не екені белгілі. Ал, мешін белгісіз ол туралы әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Календэръ, названіе ордена дервишей, происшедшее отъ имени его основателя календера Юсуфа Андалузскаго (слово это значить чистое золото – намеканіе на чистоту сердца, требуовавшуюся отъ прозелитовъ), дервишъ, нищій, қандр жане мсто жительства этихъ дервишей [210, б.25]. Л. Будагов п. تَنْوَرَه кожа, накладываемая дервишами календери на бедры; длинный кафтанъ, надваемый ими (а. فستان, п. كمله) [212, б.382].



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет