Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет64/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   227
Кµйлек сөзін жейдемен алмастырады. Желкілдек µзініњ шынашаѓын ќанатып, аќ жейдесініњ етегін жыртып алып, µзініњ орда жатќанын, «маған ќырыќ биеніњ еті керек...» (М-Ж., 160); Шошып оянып, ұшып түрегеліп, үстінде боз жейдесі бар (М-Ж., 37); Арқам күнге күйеді, жейдем де жоқ (М-Ж., 46); Шыѓыршыѓы шірісе, Жегдедей* болмас панасы. *Жегде – жейде (Абыл, 171); Бөрігі жоқ, тақияшаң, Шапаны жоқ, жейдеше (Қобыланды, 143).
М. Малбақов: Склон сөздігіндегі егде куйляк атауының дұрысы жейде көйлек болуы ықтимал. Себебі: бір өңірде жегде, екіншісінде жейде, үшіншісінде жиде аталғанымен, Қазақстанның қай жерінде де сол мағынасында – ерлер көйлегі ретінде қолданылғанын жазды [77, б.15]. Көне заманда шалдар (ерлер) киетін етек-жеңі кең көйлекті «жейде» деп те атаған. Жейденің жағасы кең келеді. Оны «үшкіл» деп атайды (С.М., б. 116).
Көйлек `рубашка, рубаха. Бұл сөз барлық көне түркі тілінде фонетикалық өзгерістерімен кездеседі: қыр. көйнек, түркім., әзір., ұйғ. көйнәк, түр., кöjнöк//кöінäк. Осы мағынасында басқа фонетикалық варианты да бар: шағ. Кöңläк – кöңнöк, тар. Кöңнäк, кýlмäк, казан. Кÿlмäк (РСл, II, с. 1239, 1479). Осыған жақын көне түркі ескерткіштерінде айтылады: М. Кöңläк, тз. Кöмлäк//коглак, хаутсма күнлек. Б.Орузбаева ұйғыр тіліндегі көнәк формасына көңіл аударады да көн түбірінің орнына көң-ді қалап алады (Словообразование в киргизском языке. Фрунзе, 1964: 90). Ә. Қайдар: көйлек сөзі көй түбірінен және -лек аффиксінен тұрады – дейді [73, б.227]. Е. Жанпейісов көнек `түйенің терісінен жасалған` (ыдыс) түбірі бізше көң `тері, шеберлердің жасағаны` – дейді. Р. Шойбеков: Өзбек әйелдері қаралы күні көк киеді екен, осы ғұрыпты «көк киді» – деп атаған [74, б.17]. Б. Қарағұлова көйлек сөзінің кейбір түркі тілдерінде көйнек, көннек түрінде айтылатыны белгілі – деген [55, б.20].
Көйлек //көйнөк // көйнәк // кöjнöк // кöінäк // кöңläк ~ кöңнöк // кöңнäк // кýlмäк // кÿlмäк // кöмлäк // конглак // күнлек и ойр. Кÿнек (ОРС, с. 100), г.-алт. күнек, чув. кене `рубаха, рубашка` [78, б.130] Қараңыз: (Е. Жанпейісов, 16) фонетикалық варианттың негізгісі ішіндегі ең көнесі көң/көн шығуы мүмкін (бұл арада н>ң және н >й қараңыз: Серебренников Б. А. Гаджиева Н.С. 72) Көйлек сөзінің этимологиясын талдаған Е. Жанпейісовтің материалдарын қараңыз [7,б.16-17]. Тұрған жерінде өліп қалуға бар көндімбай, көнтерілерді қойса керек (М-Ж., 1907). Былғарының орнына көн мен сірі (М-Ж., 76);
Көн > көң <> көн > көй (Қараңыз: О перходе н>ң және н>й Серебренников Б. А. Гаджиева Н. С. 72). Кöñläк сөзіндегі көң / көн, көнәк мағынасы `тері`, біздің оймызша түбірі: кöjнöк / көйлек т.б. > көй< н>ң>й-деп әрірек апарамыз. Бұның куәсі кöjнöкчä = кöінäкчä `ердің астындағы терлік`; кöjнÿк = кöнöк `түйені сауатын көн шелек`; қырғ. Кööнöк = кöіläк `рубаха` (РСл, II, с. 1241; 1243). Кöjnüк der ledersah `тері қап`(Попе, 1938. С. 333); Салст.: кöнöк `шөңке` (МҚ. 1 том, 373 бет). Қазақ тілінің оңтүстік говорларында көнек лексемасы `көйлек, жейде` – деп аталуының да маңызы бар: Тойда құда, күйеуге табақ тартып, көйлек-көншек сияқты кәделерін алу (ҚТТС, 165). Бұл орайда, теріні `көк` деген ойымызды айтқан едік: Қыз Жібек екпетінен құлады, Өксіп-өксіп жылады, Қыз Жібектің бетін кереге көгі жырады – деген жыр жолындағы `көгі` сөзі теріден істелген заттық бұйым. Бұл туралы мына түсінікті келтіргенді лайық көрдік: Палочки ршетки скрпляются ремешками изъ верблюжьей кожи, называемыми كوك кёкъ, гл. كوكتاو көктеу скръпить такими ремешками (Л. Будагов, 1869. т. I. 164). Қазақ тілін туыстас және түркі тілдерімен салыстыру нәтижесінде көне түркілер әр түрлі жабу мен жабындыны оның ішінде көйлек-көншектерді мал мен аңның терілерінен жасаған. Сол сияқты `көйлек, жейде, кафтан, көншек` қалмақ тілінде (эпоста) цасма, халх. цамц, бур. самса, алт., леб., тел. чамча, чаг. джамджа, бар. цамца (Номинханов Ц.Д.) Орыс тіліне енген цамса (замша) `жұқа тері` жүн жағы сыртына қараған бұғы мен еліктің өңделген терісін атаған [7, б.15-17].
Түркі тілдерінде пайда болған көйлек-көншек (көйнөк- көнчек) екінші компоненті өз бетінше қолданылмайды. Кейбір ескерткіштерде көнчек = йім = ічтон `шалбар, іштан, дамбал, ішкі киім`. Ә. Құрышжанов көйлек – көнчек `ішкі киім` – дейді [76, б.148] (Е. Жанпейісов материалдарын қараңыз). Л. Будагов: көне киімнің бір түрі – جكدك шңрың – (чегедекъ) جَدَك – деп атаған, тұрмысқа шыққан әйелдің сыртқы киімі, جَمْجَه цамца монғолша көйлек дейді [8, б.483, 487]. С. Малов: Сары Уйғырлар тулын – сәж тулын («кембеш» - деп, әйелдердің киімдерінің бірін, не сән әшекейлерін де анда-санда атайды – деп жазды [79, б.125]. Тулын>тұл-бөлімін қараңыз. Л. Будагов: тур. كرديه кÿрдіэ – платье короткое деп түсіндіреді (– С.122); а مدروس медрусъ – 2) киілген тозған көйлек (– С. 219); مينشاك минсек – іш көйлек, юбка (Вамб.) (– С. 275); кир. كويه кÿіа – стеганый халать, надваемый сверхъ جكده жгде рубахи (– С. 171) [20, б.122, 219, 275, б.171]. Л. Будагов: дж. كيبنك кипенкъ – платье جامه; кипек كيبك –верхній шерстян. Кафтанъ, надваемый отъ дождя – деп бірнеше мағынасын береді [20, б.172]. Дж. Тат. كوك кокъ (буква о нсколько смягчается въ ö) , тур. ад. Іöкъ, іöй 2) синій, баговый, сивый (масти), въ дж. ад. голубой, зеленый, зелень, лугъ, бух. өзб., монг. Осы мағынада (Л. Будагов, 1871, II т. 137).

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет