«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 7-сынып «Күлтегін»



Дата07.02.2022
өлшемі28,28 Kb.
#89476
Байланысты:
ТЖБ 7 қазақ әдебиеті — оқушыларға (1)


«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
7-сынып
1. «Күлтегін» жырының тақырыбын анықтаңыз.
А) әділдік
В) даналық
С) махаббат
Д) ел бірлігі

2. Өлең шумағында кімнің бейнесі сипатталған?


Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
А) Қазтуған
В) Есім хан
С) Жиембет
Д) Күлтегін

3.Берілген үзіндіде қазақ салт-дәстүрінің қай түрі көрініс тапқан?


- Әуелеп ұшқан алты қаз...
...Алдыңнан шығып Сансызбай,
«Көкешім менің Төлеген,
Көрдің бе?» десе, не дейсің?
Сауытының көзі сетіліп,
Сынбай кетті дегейсің!
Баратұғын жеріне,
Жетпей кетті дегейсің!
А) сыңсу
В) жоқтау
С) естірту
Д) қоштасу

4. Берілген эпизодтағы Төлегеннің жолға шығу себебін анықтаңыз.


Базарбайдың Төлеген,
Ерте туған көбеген.
Сексен жігіт қосшы алып,
Он бес жігіт басшы алып,
Ақжайыққа жөнеген...
А) Жібекті алып келу
В) Жар іздеу, қыз таңдау
С) Бекежаннан кек алу
Д) Ел шетіндегі жауды қайтару

5. Өлең шумағы кімнің сөзінен алынған?


Адыра қалғыр көк Жайық,
Аңырап қалған қонысым!
Қонысымнан ауған соң,
Кетпегей еді ырысым.
А) Төлеген
В) Жиембет
С) Күлтегін
Д) Қазтуған


6. «Қыз Жібек» жырындағы Жібектің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).
[2]
7. Қазтуғанның қонысымен қоштасу себебі неде? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).

[2]
8. Күлтегіннің бойынан қандай қасиеттерді көре алдыңыз? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (5-6 сөйлем).


[2]
9. Жиембет жыраудың Есім ханға сес көрсете тіл қатуының себебі неде? Айтқан сындарымен келісесіз бе? Ойыңызды 5-6 сөйлем арқылы жеткізіңіз.


[2]
10. Буыршынның жалғыз қырқар азуы,


Бөкеннің желіп өтер төрт саны,
Бұғының ауыр қара мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Қашағанның ұзын құрығы,
Ақ орданың тіреу сырығы...- деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).
[2]

Балл қою кестесі



Жауап

Балл

Қосымша ақпараттар

1

Дұрыс жауап

1




2

Дұрыс жауап

1

3

Дұрыс жауап

1

4

Дұрыс жауап

1

5

Дұрыс жауап

1

6


«Қыз Жібек» жыры бойынша Жібектің
бойындағы қасиеттерді анықтайды.

1




Өз ойын айтады.

1

7


Қазтуғанның қонысымен қоштасу себебін
көрсетеді.

1

Өз ойын дәлелдеп жазады.

1

8


Күлтегін бойындағы қасиеттерді
анықтайды.

1

Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасын
білдіреді.

1

9


Жиембет жыраудың Есім ханға сес көрсете тіл қатуының себебін анықтайды. Орынды
пікір білдіріп, дәлел келтіреді.

1


Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді.

1

10

Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді

1




анықтайды.







Қолданысын жеткізеді.

1

Барлығы: 15балл

15




10





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет