МӘШҺҮр-жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі 5 Том


Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев намаз



бет5/15
Дата15.09.2017
өлшемі4,49 Mb.
#32803
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев намаз сөзін мезгіл мағынасында қолданған. Намаз сөзінен намаздігер (түбір мен қосышадан тұрады) пайда болған. Намазлық – деп тері жайнамазды да айтқан. Намаз бен нама (шығарма) түбірлес сөздер болуы мүмкін. Намаз-пехлевин тіліне жатады. Екінтіге байланысты намаздегер нумеративі де ±шырасады. М. Қашқари ікінді намазшам. Екінді намаздың уақыты – дейді (1997: 170). Екінші компоненті «бабай». Бабай < аба. Жаңбырдан аба нисан дүрлер тамып, Шарапат баршамызға сонан болған (Мәшһүр-Жүсіп., 259). Ата-ана Һәм бабасы өлгеннен соң, Жетімдік сол күндерде болды уайым (Мәшһүр-Жүсіп., 137); Аб т‰бірі эпостыќ (аќын-жырау) жырларда кездеседі. Аб//аба түбірі екі мағына берген сияқты. Л. Будагов: ابا аба – батюшка; اباغاي абағаы абагай дядя по отцу; اباقاي абакай, супруга (уважитель по), госпожа; اجا аба – батюшка, اباقاي абақаы жена, женщина, اجي ағы меньшой братъ – деген мағынасы бар. Аба//ава сµзі мен оныњ абай//авай//абый сияќты диалектілік формалары кµптеген т‰ркі тілдес халыќтарында «аѓа», єке, ата, ќ±рметті, ќадірлі» дегенді білдіреді. В. Радлов: аба – дядя со стороны отца, старшій барать, абака – батюшка, т.б. – дейді. Р.Г. Ахметьянов ќ±дай-аналардыњ аттары Поволжье халыќтарына т‰ріктер мен фин-угор халыќтарыныњ ќарым-ќатынасы негізінде пайда болды деуге болады. Считается, что мар. и удм. ава `мать` заимствованы из «древнечувашского», т.е. булгарского *аба, откуда, очевидно, тат. єбє `бабушка и чув. апа, ама `мать, женщина` (чув. аппа<тат. апа `старшая сестра` является другой линией развития этого слова) – деп жазды.

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев аба сөзін үлкен мағынасында қолданған. Аба >ав>ав(а)>аб – деп бөлшектеуге болатын сияқты. Аб түбір тұлғасы түркі тілінде 2 мағына берген сияқты: 1. үлкен (абаданы, абышы, бабай), (Сібір тат. аба//аю үлкен деген мағынада). Қытайлар аюды амбо дейді. Қырғ. үй (сиыр) дегені сияқты қолданған. Äв>қысқы үй. 2. су (абжылан сияқты) Ә. Қайдар: Абақан (аба+қан) аба (ана) қан (су) – деген мағына беретінін айтады (Қаңылы, 2004). Аб түбір тұлғасынан пайда болған лексика ерлерге де әйел жыныстыға да қатысты айтылған сияқты. Аба ең алғашында ұрғашыға (матриархат) қатысты айтылған кейіннен ер адамдарға да байланысты айтылған. Мәшһүр-Жүсіп аба > бабай сөзін үлкен құдірет иесі және үлкен адам нәби (қаз. әліби) сияқты түрінде қолданған. Осы айтылғандардан: А > аб > ав > аю > аба > бабай ‰лкен > абыз деген қорытынды да шығаруға болады [7, б.81-82, 194-195].

«Иазайт» – діни ұғым. Мәшһүр-Жүсіптің «Мұхаммедқанафия» дастанында Қанафия мен Иазайт арасында соғыс туралы айтылады. Мысалы:


Бұл Иазайт бекінуге тағы барған,

Саны жоқ ләшкері көп қырылған.

Құтқармай хауарұждан жалғыз пенде,

Ләшкерін ер Қанафия жиып алған


– деп, Қанафия Шам жолы арқылы өтіп Иранның Асқала деген қаласын басып алады. Хауарұжды тас талқан етеді. Содан Иран патшасы Иазайт Кербаланың шөлінде қаңғып, шермен болып өледі. Бұдан кейін Асқаланы Шари билеп, Қанафия өз еліне қайтады [36, б.233-254].

«Зәуре» – пайғамбардың үлгілі жарлары. Мәшһүр-Жүсіптің жазып алған ауыз әдебиетінің үлгісінде ұшырасады. Мысалы:

Келіннің шайпау тілдісі,

Ұзатпай сені қайтаді.

Зылиқа, Зәуре – екі апаң,

Апаңның салған үлгісі...


– дегенге қарағанда Зылиқа мен Зәуре пайғамбарлардың сүйікті жарларын үлгі қылады, жалпы қазақ әдебиетінде діни әдебиеттен кірген ауыс-күйістер жиі қайталанады. Ол мынаумен түсіндірілсе керек. Ауыз әдебиеті таза мұсылмандық дәуірдің арғы және бергі кезеңін суреттейтіні әпсенеден белгілі. Мұсылман дінімен келген дәстүр тоғысып бірте-бірте тұтасып, бір дүниеге айналған. Сондықтан да, эпос жырларда да мұсылмандықтың элементтері кездесетіні [12, б.12].

«Зылиқа» – кейіпкер. Мәшһүр-Жүсіптің жазып алған ауыз әдебиетінің үлгісінде ұшырасады. Мысалы:


Келіннің шайпау тілдісі,

Ұзатпай сені қайтаді.



Зылиқа, Зәуре – екі апаң,

Апаңның салған үлгісі...


– дегенге қарағанда Зылқа мен Зәуре пайғамбарлардың сүйікті жарларын үлгі қылады, жалпы қазақ әдебиетінде діни әдебиеттен кірген ауыс-күйістер жиі қайталанады. Ол мынаумен түсіндірілсе керек. Ауыз әдебиеті таза мұсылмандық дәуірдің арғы және бергі кезеңін суреттейтіні әпсенеден белгілі. Мұсылман дінімен келген дәстүр тоғысып бірте-бірте тұтасып, бір дүниеге айналған. Сондықтан да, эпос жырларда да мұсылмандықтың элементтері кездесетіні [12, б.12].

«Заман» – қожа әрі ақын. Мәшһүр-Жүсіптің «Ұмсын мен Заман қожа айтысы» – деген жазып алған ауыз әдебиетінің үлгісінде кездеседі. 1915 жылы, желтоқсан айында Айдабол-Тайкелтір ұрпағынан өрбіген Байбатыр абыз баласы Шалқарбай қажыдан жазып алған. Бұл айтыс негізінен діни айтыс үлгісіне жатады. Заман қожа мен Ұмсынның энциклопедиялық біліміне қайран қаласың. Екеуі де біріне бірі тең ақын. Тілге келмей, өнерді де, өздерін де сыйлай білген. Ең соңында Ұмсын әйелдік ақылдылықпен жолын береді.

Бата сұрайды:
Мүсәпірдің көңілінде бар дүр сана,

Жаратқан Жаббар құдай, өзі пана!

Ұмсын-ау, түрегеліп, қолыңды жай,

Өмір мен иман берсін, иа, Раббана!


– деп Заман қожа батасын береді [37, б.288-296].

«Жаблит» – діни ұғым (жұптылық). Мәшһүр-Жүсіптің «Ібіліс шайтан хикаясынан» алынған мақұлықтың (шайтанның) аты. Тәблит пен Жәблит екеуі ерлі-байлы мақұлықтар. Олар тозақтан жаратылған бірі арыстан сықылды да, екіншісі қасқыр сияқты. Содан екеуі буаз болып олардан жылан-шаян жаратылады. Ол жылан-шаяндар бірімен бірі үйленіп тынады. Топырақтан Алла тағала Адам атаны жаратады. Әділдік жеңеді. Аш көздік, көрсе қызарлық адам баласын ұшпаққа жеткізбейді деген идея айтылады. Мәшһүр-Жүсіп діни дастанында ізгілік иесі Адам ата мен зұлымдық иесі Жәблитті қарама-қарсы қояды. Ақырында ізгілік жеңеді [28, б.3-15].

«Жайылма, Меккеге барған Әлібек қажының шыққан елі» – Ақкөл – Жайылма өңірі Өлеңті және Шідерті өзендерінің төменгі ағысындағы ұлан-байтақ жерді алып жатыр. Жалпы алғанда, бұл алқаптың жер көлемі екі ауданды (Екібастұз және Ақтоғай) қамтып отыр. Ақкөл-Жайылма ұғымына Өлеңті-Шідертінің төменгі ағысы, Ақкөлдің өзі (Әулие көл), Ақкөлден төмен түсетін Дуана өзенінің бойы, одан әрі орналасқан көлдер жүйесі (Бәсентиін, Қылды көл, Сасық көл, Өмірзақ, Бозайғыр, Ашыкөл, Көктөбе, Тоққылды) енеді. Ақкөл Өлеңтінің суынан толып, деңгейінен асқан уақытта су солтүстікке қарай Жайылмаға түседі. Қалың қамыс басқан Ақкөл мен Жаманкөл жағалары қысқы қонысқа өте ыңғайлы. Бір аңызда: «Әкесі өліп қазалы болып қалған Қозыға Қарабай: – Айттырып қойған қызымды енді бермеймін. Жетім менің Баяныма тең емес – деп, Аякөз жақтан асыға-аптыға көшкен дейді. Суыт жүрген көш Ақкөл тұсында ат шалдырыпты. Сол жерде үлкен сабадағы қымыз ақтарылып төгілген. Содан Ақкөл-Жайылма атанып кетіпті» – дейді. Аңыз-аңыз болса да шындық. Қарқаралы, Домбыралы, Жалаулы, Баян, Шідерті т.б. осы – «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырына байланысты туған дейтін сөз бар. Ақкөлдің әулие атануы Исабек ишанның есімімен тікелей байланысты деп айтады көне көз қариялар. Атақты Қанжығалы Ішбек бай мен Піспек бай да осы елден. Осы елден Әлібек қажы шыққан. Мәшһүр-Жүсіп 1893 жылы жазған «Шонтыбай қажы» – деген өлеңінде Әлібек қажыны былай суреттейді:
Жайылма, Ақкөл менен ел Тентектен,

«Шұбар төс, шынжыр балақ» – шыққан тектен.

Сарп қылып дүние малын барған Мекке,

Жан өтпес қара қазақ Әлібектен [38, 28, б.257]!


«Жаллат асми факің қажы дана». Мәшһүр-Жүсіптің діни оқиғаларға жазылған ұзақ өлеңі. Дүниеге Мұхаммед пайғамбардың келгені туралы айтылады. Лирикалық шығармадағы мен «Жаллат асми факің қажыға» келіп, басынан өткен оқиғаны жеткізеді. Ол оқиға Мұхаммед пайғамбардың қалай хат танығаны, Хақтың әмірімен Жәбірейіл көктен келіп, Хадишаны да дінге кіргізеді т.б. мәні мен мазмұны бір сюжетке құрылған өлең желісі Мұхаммед пайғамбардың өмірін барынша шынайы суреттейді.

Өлеңде:
Жаллат асми факің-қажы дана,

Халық еттің мақұлық аттың бәрін һама.

Достыңа уахи келген оқиғасын,

Айтпағыма иланғайсың асан маңа
– деп, Жаллат асми факің қажы дананы атап өтеді [9, б.50-92].

«Зауал» – пайғамбарлар. а. [ظوال завал: 1. полдень; 2. закат; 3. исчезновение, гибель; дух] – 1. гибель; наказание, кара. Неміске де сол зауал, Ажал жақын оларға (Ж.Ж.); 2. солнце; вторая половина дня, время после полудня. Күн екінділікке барыпты, зауал ауып кешкі самал да түсіп қалыпты (Жарм.). Зауал – кереметтер лексикасына жатады. Зауал ол – рух. Зауал келсін, зауал келгір – деген қарғыстың түрі бар. Бұл – кереметтер жаманшылық жасаған адамға ғана келеді [20, б.118].

«Аққозы батырдың сопағы» – диуаналық жыр. Шорманұлы Мұса мырза сөйлеп отарады екен: – Құлболдыда үш әулие бар. Бірі – Мәстөгі (Мәстүк) абыздың Ханафиясы – Бұхарай Шәріптен ғылым тәхсіл, тыхсыл қылып келіп, 39 жасында сібір науқасынан өлген. Ханафия дауам айтып отырады екен:

– Біздің Жанғозы-Иамының апатына ұшыраған ел – деп.

– Бірі – Күлік: Тоқпанның – Самайы. Бұл кісі қажы сапарына барып жоғалған, қайда өлгені белгісіз. Бірі – Айдабол: Аққозы батырдың Сопағы. Бұл кісі диуана екен. Екі тұлымы белінен төмен салбырап жүреді екен. Түсі суық, көрген жан шошып қалады екен. Жүрісі аттан, түйеден қалыспайды екен. Бір қара қой дауам соңынан қалмай еріп жүреді екен. Әзіретке үш апарып, үш келген, үш қайта келген. Өзі тауық жылы өлген. Жұрттың жұтайтынын айтып сөйлеп жүріпті. Өлген соң, денесі көрден ғайып болған деседі. Бұлардан соң өзіміз көргенде, Орманшы: Батыр диуана, Ақбура: Шалқыма диуана, Қаржас: Ескендір диуана, Шалқыма баласы Айсабай қажы да диуана еді [39, б.196].

«Ашшам» – түркінің патшасы. Мәшһүр-Жүсіптің 1902 жылы жазылған «Иса Шорманұлы» – деген өлеңінде айтылады. Түріктің патшалары Уәли де, Ашшам да Стамбұл халқына сыйлы, қадірлі болған екен. Мекке, Мәдинаға Түркия мемлекеті арқылы да өтіп барған қазақтар бұл – екі патша туралы естіген. Әсіресе, Ашшамның беделі күшті болған. Өлеңде осы Ашшам суреттеледі:


Мирас пайғамбардың Мақпал-Шәріф,

Бесігін Фатиманың бірге салып.

Түріктің патшасы – Уәли, Ашшам,

Екеуін келеді екен бірге салып [39, б.106].



«Айсабай» – қажы. Орманшы: Батыр диуана, Ақбура: Шалқыма диуана, Қаржас: Ескендір диуана, Шалқыма баласы Айсабай қажы да диуана мына әңгімеде кездеседі. Шорманұлы Мұса мырза сөйлеп отырады екен: – Құлболдыда үш әулие бар. Бірі – Мәстөгі (Мәстүк) абыздың Ханафиясы – Бұхарай Шәріптен ғылым тәхсіл, тыхсыл қылып келіп, 39 жасында сібір науқасынан өлген. Ханафия дауам айтып отырады екен:

– Біздің Жанғозы-Иамының апатына ұшыраған ел – деп.

– Бірі – Күлік: Тоқпанның – Самайы. Бұл кісі қажы сапарына барып жоғалған, қайда өлгені белгісіз. Бірі - Айдабол: Аққозы батырдың Сопағы. Бұл кісі диуана екен. Екі тұлымы белінен төмен салбырап жүреді екен. Түсі суық, көрген жан шошып қалады екен. Жүрісі аттан, түйеден қалыспайды екен. Бір қара қой дауам соңынан қалмай еріп жүреді екен. Әзіретке үш апарып, үш келген, үш қайта келген. Өзі тауық жылы өлген. Жұрттың жұтайтынын айтып сөйлеп жүріпті. Өлген соң, денесі көрден ғайып болған деседі. Бұлардан соң өзіміз көргенде, Орманшы: Батыр диуана, Ақбура: Шалқыма диуана, Қаржас: Ескендір диуана, Шалқыма баласы Айсабай қажы да диуана еді [39, б.196].

«Барса келмес» – о дүние туралы жыр. «Барса келмес», «Марғау», «Кербаланың шөлі» – дегендер діни жер аттары. Ауыз әдебиетінде, тарихи жазбаларда кеңінен қолданылады. Мысалы, Жаппас ұрпағы ең жасы үлкені Түркіні хан көтеріп, соның аузына қараған. Мұның тұқым нәсілінен болған хандар «хақна» аталды. Түркі заманында көшіп-қонып жүретұғын жұрт болды. Өзі Ыстықкөлді ұнатып, сонда тұрақтады. Қазақ: «Жолым үй» – дейді. Керегесі жоқ қос, баспаналары болды. Бала-шаға, ұрпағы көп болды. Түтік деген баласын көзі тірісінде орнына отырғызып, өзі «Барса Келмеске» кетті – деп жазды Мәшһүр-Жүсіп [34, б.4].

«Алағзам» العظامәулие. Мәшһүр-Жүсіптің Он тоғызыншы бап: «Басқа патшалар, жомарттар, әулиелер» – деген дастанында ұшырасады. Хасен, Хұсайын заманынан бері Фатима, Заһира, Ғайша аналарымыз өткенін, тағы да әулие Ғауинт, Алағзам, Нақшыбанды, Баһауаддин, Қожа Ахмет т.б. өнегелі істерімен аттары тарихта қалған көптеген есімдердің жақсы жақтарын, қылықтарын, білімдерін атап өтеді де патша Жамшит, Баһыраб, Балқұн, Фарзуз, Баһадүр Рүстем, Зымак, Сахып қыран, Қаһарман: Дәл мен Зәл т.б. бейнелерін жан-жақты суреттейді.

Мысалы:
Әулие Ғауинт, Алағзам, – олар да өтті,

Нақшыбанды, Баһауаддин, – олар да өтті.

Қожа Ахмет Түркістанды қылса отан,

Дүниеден сондай ерлер өтіп кетті [29, б.167].

«Абиазы» – шайтанның тұңғышы. Мәшһүр-Жүсіптің «Қамаралдин хазірет» – деген діни өлеңінде кездеседі. Мәшһүр-Жүсіп:
Мен неге оқымадым жазы – қысы,

Қалдырған құр алақан хақтың – ісі.

Түсті бұзған шайтандай жолдас болды,

Шайтанның Абиаз атты бір тұңғышы


– дейді. Аба түбір тұлғасы үлкен, ата т.б. мағына береді. Сондықтан, Абиаз сөзінің түбір тұлғасы аби деп қарастыруға болады. Абиаз сөзін абиырсыз сөзімен салыстыруға болар еді [9, б.257].

«Қызыр Ілияс» – киелі адам. Қызыр Ілияс. Жасаған, айтқан сөзім тұс келтіріп, Үйіңе Қызыр-Ілияс күнде қонсын (М-Ж., 113); Қырық шілтен, ғайып ерен бірқатарың, Барсың ғой Хызыр Ілияс мұнда! – дедім (М-Ж., 137); Құзыр, Ілияс, Қырық шілтен Балама менің назар сал (ҚЖ, 97); Ќ±зыр Ілияс – Роль Хызыра или Кузыра, которого Е.Э. Бертельс определяет как существо «не божественное, но обладающее вечной жизнью» (Низами. М., 1946, стр. 643), близко к роли пророка Ильи и святого Николая. Хызыр приходит на помощь заблудившимся путникам, людям, погибающим в пустыне. По повериям, Хызыр нашел источник живой воды, которая делает людей бессмертными. У казахов Хызыр признавался за пророка, приносящего счастье и богатство; с Хызыром связывались понятия и обычаи гостеприимства («Этнографическое обозрение», № 4, 1891, стр. 28-35) (Қыз Жібек., 292]; Следует указать, что в науке существуют различные суждения о Кызыре. В Бартольд пишет: «Легенды о Хизре носят явно немусульманский характер, хотя распространены только среди мусульман, и самое имя Хызра представителям других религий не известно. Хызыр не назван и в Коране... В образе Хызыра слились в одно целое легенды различных времен и народов, от вавилонского Гильгамеша до ветхозаветных Еноха и Ильи..., иногда Хызыр и Илья упоминаются рядом, причем Илье приписывается власть над пустынями, Хызыру – над водами и культурными землями. Хызыр появлялся странникам и подвижникам чаще всего в образе старика, подвергал их испытанию и выводил их на прямой путь» (В.В. Бартольд. Ислам, II, 1918, стр. 59). Е.Э. Бертельс полагает, что «Хызыр-вечно живой пророк..., знающий все, таинственный помощник. Возможно связь легенды о Хызре с легендой об Агасфере; Хызыр считался помощником тех, кто сбился с пути в степи или в пустыне». (Низами. Искандер-намэ, ч. I, 1940, стр. 60, 371, 379) (Потан., 318).



Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Қызыр Ілияс екеуін кейде бөліп қолданады. Олар ерекше құдірет иесі ретінде көрінеді. Қызыр // хұзыр // құзыр сияқты варианттары ұшырасады. Бұл екі тағанды кереметтер қатарына жатады [7, б.98-99].

«Шілтен» – пірім, діни ұғым. Ғайып ирен қырық шілтен.Қырық шілтен, ғайып ерен бірқатарың, Барсың ғой Хызыр Ілияс мұнда! – дедім (Мәшһүр-Жүсіп., 137); Қайыперен, аушыерен, аңның бақташысы болды. Сіз бір түн ұйықтамасаңыз, осы шатыр барлық сайманымен басыңызда болады (М-Ж., 102); Ѓайып-ерен ќырыќ шілтен, Баланы ќолдап демеді (Мәшһүр-Жүсіп., 187), Ѓайып-ерен ќырыќ шілтен, Кµтерді жерден ќауѓалап (Алпамыс, 221). Тіккені саудагердің қосы ма еді: Ғайып иран қырық шілтен досы ма еді? (Қыз Жібек, 73); М-Ж. Көпеев шығармасында Қайыперен, аушыерен // Ғайып иран қырық шілтен//Ѓайып-ерен ќырыќ шілтен сияқты варианттары кездеседі. Л.З. Будагов: п. جِللهжеллаһ (сокращено изъ جِهلَه =جهل روزي ), кир. شِلله шиллэ, сорокъ дней воздержанія людей благочестивыхъ; 40 дней посл родовъ; два зимніе мсяца, самые холодные, изъ коихъ первая часть зимы, состоящая изъ 20 дней, отъ 5–25 декабря, называется كوجك جلهкүжүк жшелаһ, а вторая – изъ сорока дней, отъ 25 декабря по 5 Февр. называется اولوغ جله єул‰ғ шжлеһ, лтніе жаркіе мсяцы отъ 5–25 Іюня, и отъ 25 Іюня по 5 Авг. также называется جله жшлеһ (Буд., 486). Шілтен парсы тілінен енген сөз, ол екі түбірден құрылған шіл-тен. Шіл парсы тілінде чил түрінде айтылып, «қырық» деген ұғымды білдіреді. Тен тон болып айтылған, қазақ тілінде дара жұмсалғанда тән қалпында айтылады, парсыларда чилтон (қырық тән) «көрінбейтін қырық қолдаушы» ретінде түсіндіріледі. З.Х. Гуламов. Чил сузиннинг кулдониши ва мағыналары / Узбек чевалары лексикасы. Тошкент, 1966; «Чилтен – существа, незримо существующие среди людей и обладающие сверхестественной силой» К.К. Юдахин. Киргизча-орусча сөзлук, Фрунзе, 1965, стр. 960; (Әмір., 114, 171-176). Осыдан біз қырық шілтен демонологиялық сипаттағы персонаж екенін көреміз. К.К. Юдахин де қырғыз тілінде ұшырасатын бұл сөзді осылай түсіндіреді. Тәжіктер чилтон-ды тек дара қалпында, чил (қырық) сөзін үстеп қоспай жұмсайды. Оған себеп – чилтен сөзінің этимологиялық құрамын (чилтонның құрамында «қырық» деген ұғымды білдіретін сөз бар) сөйлеушілер анық танитындығы. Қазақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр тілдерінде этимологиялық құрамы танылмайды, сондықтан оған қырық сөзі қосылып айтыла береді. Чилтон парсылардың ислам діні кіруден бұрын қалыптасқан нанымын танытады. Х.Ғұламовтың дәлелдеуі бойынша, өзбек, қазақ тілдерінде ұшырасатын шілде (жаздың ең ыстық, қыстың ең суық кезеңіне тұс келетін қырық күн), шілдехана деген сөздер де тәжік тілінен енген. Олар чил (қырық) сөзінің негізінде жасалған. Айтылған сөздердің мағынасын ескерсек, бұл ұйғарым тіпті нанымды. Шілде тәрізді шілдехана да қырық мағынасының негізінде пайда болған сөз (Әмір., 82). Казахи называли чильтанов также «гайбиран» (от перс.–гайеб-скрыты, невидимый) т.е. скрытие друзья. Они могли принимать разные облики-собаки, ребенка, старика и.т.д. Как и в прошлом, казахи чильтанов называют «Қырық шільтен» и «Ғайыперен». Обычно эти имена произносятся вместе – «Ғайыперен қырық шільтен». У киргизов их также называют «Кайберен менен кырк чилтен» (Мұстафина., 152). І. Кеңесбаев: «қырық» чілтенге байланысты былай дейді: «Қырғыз тілінде «қырық шілтен» [«чілтен» парсы сөзі; мағынасы – көзге көрінбейтін мақұлық»] деген сөз бар; бұ да діни ұғыммен байланысты шыққан сөз: «адамдардың арасында көзге көрінбей жүретін ірі алып мақұлық» деген мағынада. Г. Рысбергенова …агиотопоним Ғайыпереном – связан с персонажем казахской агиологии Ғайыпереном – покровителем диких животных дейді (Кан. дис., автореф.: 1983: 9). Сµйтсе ќырыќ шілтенніњ он бесі сол т±рѓан ханныњ бір баласын ќолтыќтап, ќолдап хан болуѓа осы лайыќты десіп ж‰реді екен (М-Ж., 78); Ќ±зыр, Ілияс, Ќырыќ шілтен Балама меніњ назар сал (ЌЖ, 97); Профессор Б. Сағындықұлы: «Ғайып ерен қырық шілтен – арабтың, көне түркінің және парсының сөздерінен құралған ғажап тіркес. Арабтың «ғайыбы» – «жоқ болып кету», «көзден тасалану», «құдайлық іс», «адам» деген мағыналарда жұмсалады. «Шілтен» парсы тілінде «қырық тән немесе қырық дене» деген ұғым береді дейді. Ќыс шілдеде Жілік ж‰гіреді, Жаз шілдеде К‰лік ж‰гіреді (М-Ж., 20); Жаздык‰н шілде болѓанда, Кµкорай шалѓын бєйшешек ¦зарып µсіп толѓанда (Абай, 97); Жаз µтіп шілде жетті, шілдеде к‰н ±зын, т‰н ќысќа, к‰нніњ ыстыѓы сонша к‰шті, тастар, ќ±мдар ќызып кетеді (М. Дулат, 193); В.В. Радлов шілда сорокъ самыхъ жаркихъ дней лта (Радл., 1079). Шілде. Ол әуелде қырық күндік мезгіл ретінде айтылып, кейін отыз күндік ай ретінде қолданылып, қалыптасып кеткен (М.Исқақов, 1980: 248). Тоќсандаѓы шалдардыњ, Ќырыќ к‰н шілде болѓанда (М-Ж., 181); Ќырыќ к‰н шілде, ќыс ќалды, жаз орнында (М-Ж., 78); Ќырыќ к‰н шілтер ыстыќта ќарсы кµшіп, Бетпаќтыњ Сар даласы келіп т‰сті (ЌКБС, 31); Ғайып ерен қырық шілтеннің тікелей өмірге келуіне әл-Фарабидің тетелес замандасы арабтың аса көрнекті ғұламасы әл-Газали себепші болыпты: «Ғайып ерен-(ғайып ирен) мағынасы, шығу тарихы тіпті күңгірт. Ол он үш-он төрт жасында Индиядан араб елдеріне білім іздеп шығады. Әкесі бір соғыс кезінде Индияға қашып барған араб екен. Арабияны өз отаным деп есептейді. Жолда керуені қырық қарақшыға жолығады. Ақша талап етеді. Керуендегілер ақшасын жасырады, әл-Газали бір тиынын қалдырмай, қалтасынан шығарып береді. Таңырқап себебін сұрайды. Анам: «Құдайдан қорық, адам баласына қиянат жасама, өтірік айтпа, адалдан мал тап деген. «Өсиетін орындап тұрмын» дейді. Бұл сөз қарақшыларға қатты әсер етеді. «Мына қаршадай бала тегін болмауы керек. Біз құдайдан қорықпаймыз, адамдарға қиянат жасаймыз, өмір бойы өтірік айтып, арамнан мал тауып жүрміз. Кішкентай бала құрлы бола алмадық-ау» деп, өзара күңкілдеседі. Бәрі ақылдаса келіп, әл-Газалиден бата сұрайды. Батасы қолма-қол қабыл болады. Керуендегілердің көз алдында әлгі қарақшылар құс сияқты пыр етіп ұшып кетеді. Содан бастап «ғайып ерен қырық шілтен» атанады. Оқиғаның болғанына мың жыл тола қойған жоқ» (Б. Сағындық., 57-59). Л. Будагов: а. غَيب гайбь, мн. غياب, غيوب отсутствіе, скрытое, тайное, غيب اولمقскрыться, изчезнуть,غالم الغايب скрытый, невидимый мірь غيبت мн. غيبات отсуттвіе; охужденіе заочное, хула,غيبت مديده долгое отсутствіе, غيبت مختصره краткое отсутствіе, غيبت اتمك охуждать заочно, злословить,غيبيж.р. غيبيه отсутсвующій, скрытый, невидимый, небесный, божескій, будущій (Буд., 777). Пыр – ақ – п. духъ хранитель, мой духъ хранитель (Буд., 396). Күңгірт ғайып емес, ирен ғайып сөзінің төркіні де, мағынасы да айқын. Ол «көрінбейтін», «елес» деген ұғымды білдіреді, ғайыптан жаралған деген тіркесте жұмсалғанда «періште» деген ұғымды білдіреді. Бұл да парсы тілінен (ғайеб) енген сөз. Мағынасы анық танылмай жүрген сөз – ирен. Бұған қатысты бір қатар болжам бар. А. Диваев, Ғ. Айдаровтың дерегіне сүйеніп ғайып ирен көрінбейтін қолдаушы керемет, ол жеті топқа бөлінеді, алтыншы топқа енетін – қырық шілтен деген. К.К. Юдахин «қырғызча – орысча сөзлүгінде»: «ғайып ирен» – жабайы аң деген ұғымды білдіреді – дейді. Кейініректе осы еңбегінің өзінде К.К. Юдахин пікірін анықтап қайберен (кайып эрен) қабаннан басқа еті жеуге келетін жабайы аңдардың жалпы атауы» – деп жазған. Иреннің мағынасын ашу үшін, алдымен оның қай тілден енгенін, сол тілдегі бастапқы мағынасынан іздеу керек. Тіркес жұмсалатын сөзге қарағанда, иреннің төркінін парсы тілінен іздеу, әрі діни немесе мифологиялық персонаждар төңірегінен іздеу жөн екені зерттеуден анықталады. Ирен парсының (йарандар) деген сөзінен тараған болу керек. Бұл жаран демонологиялық атауға жатпайды, ол «тілектес», «ниеттес» деген жалпы ұғымды білдіреді. Осыған қарағанда, ғайып ирен қырық шілтен деген құрамдағы ирен де «дос» деген мағынада метафора ретінде жұмсалып тұрған болу керек: ғайып ирен қырық шілтен деген – ғайып (көрінбейтін) дос қырық шілтен. Бұл метафора белгілі аумақта қалыптасқан ақындық дәстүр негізінде таралған деп ұғамыз. Өйткені, ғайып ирен демонологиялық шілтенге тек қазақ, қырғыз халқына тән аңыздарда, жырларда жалғасын тауып, ұшырайды. Осылай екенін М.С. Андреев те ирен сөзінің жұмсалуын біз айтқанға жуық түсіндіреді. Ол кісі былай деп жазды: «Последние (ғайып ирен – Р.Ә.) Происходит из персидской формы ғаиб йаран, т.е. скрытие друзия». Ѓайып (а) ѓаэб. Кµзге кµрінбейтін, кµрінбей кетуші, жоќ болушы, тыѓылушы (ЌТАПС, 51). Өз мағынасынан сәл ауытқып қолданылуы: Болжайтұғын ғайыптан жеті көз жоқ (М-Ж., 44); – Сен біреудіњ ѓайыбын ашпа, Т‰н сыќылды перде тарт (Шєкєрім, 117); Халыќтыњ ѓайыбын кµруге бек ќыраѓы, Бір алуѓа бетіњнен итше ќауып (М-Ж., 51); Р. Әміров: Қазақ фольклорлық ирен және жалпы жұмсалатын жаран бір түп–йарене-ден дара-дара дамып шыққан болу керек. Жаран – парсы сөзінің қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына түсіп, еркін сіңуінің нәтижесі. Ирен аталған тіркес құрамына еніп, қазақ тілінде сөйленушілерге лексикалық даралығы еленбегендіктен, парсы тіліндегі қалпына жуық түрде сіңген. Персидско-русский словарь, М., 1953, 355 б; (Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области т. 10. Ташкент, 1846. Стр. 44) (Әмір., 82). Ғайып ирен: ғайып ерен, ғайып ирен, ғайып иран болып түрліше жазылып жүргенін де айтып өтті. Ғайып иран қырық шілтен-наименование сорока невидимых святых, по преданию, принимающих иногда образ птицы и помогающих правоверным мусульманам в беде, в частности, они поддерживают потерявших дорогу путникав (ҚЖ., 290). «Я, бабам!» Дей берді, Еранлар қамын жей берді (Ер Тарғын, 298); Сол уақытта Алпамыс, Жат қылады еренді (Алпамыс, 239); С. Е. Малов: ерен `мужчина`; `муж`; ерен кісе `мужчина`; `муж`; ерен йоќ сєждыќ `женщина без мужа`; см. ер – деп түсіндіреді. Ә. Қайдар: парсылық ғайыбана қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, бірнеше варианты болғанға ұқсайды: қайбана // қаймана // қайуана > ғайып «неизвестный, случайный, возникший из ничего» и формы наречия – ано пайда болғандығын көрсетеді (Қайдар., 199). «Ғайып ерен қырық шілтен» туралы әңгімелер құпия құбылыстардың бірі (Ә. Қабаев, 2000: 21). Қожа Ахмет Иассауи «Хиқматында» қырық шілтеннің шығуы туралы былай деп жазады: Чилтан қирқ тан. Ривоят қилинишича, Мухаммад пайғамбар бир кун асхоби суффа хонақосига бориб эшик қоқибди. Ичкаридан «Кимсан?» деген овоз эштилибди. «Пайғамбарим буюрмишки, сизларии зиёрат қилсам», дебди Мухаммад алайхиссалом. «Бор пайғамбарингнинг гапини умматига иитмитетказ, бизнинг пайғамбарга мухтожлигимиз йÿқ», дейишибди сÿфийлар. Пайғамбар орқага юриб қирқ қадам босган экан, тангиридан хонақога қайтишга амр бÿлибди. Бу гал хам «Кимсан?» деген савол такрорланибди. «Расулим буюрмиш …», - дебди пагамбар. «Бу жойга расул сиғмайди», деган эьтироз бÿлибди. Мухаммад изига қайтган захоти Оллохнинг ÿша амри такрорланибди. «Кимсан?» «Саййидул қавм ходимул фуқаромен»,-дебди пайғамбар. Ана шу тапдан сÿнг эшик очилибди. расул сигмайди» Хазрати Мухаммад ичкарига кириб қарасаки, ахли суффа ÿттиз тÿққиз кишидан иборат, эмиш. Пайғамбарнинг «Сизлар кимсизлар?» сÿроғига улар «Қирқларингиз, дилу жони бир кишилармиз», дейишибди. «Бу сÿзнинг исботи керак» - дебди пайғамбар. Ÿшанда Хазрати Али хам уларнинг орасида экану лекин ÿзини танитмабди. Қирқлар «Биримиздан қон оқса, барчамиздан хам қон оқади», дебдилар. Шунда Хазрати Али тиғда қÿлини тилганда бирданига ÿттиз саккиз кишининг қÿлию товонидан қон оқа бошлабди. Пайғамбар албатта бу ходисотнинг сири билан қизиқибди. «Биттамиз ташқарида, дейишибди улар, бизларға озиқ овқат тониб килишга чиққан. Бу қон унинг қÿлидан томчилаётган эди…» Хазрати Али қÿлининг кесилган жойи боғланиши биланоқ; бошқалардан томаётган қон хам бир зумда тÿхтабди … Пайғамбар шу қирқ биродар билан рақсу самоь қилганлиги тÿғрисида хам нақллар битилган (Ахмад Яссавий хикматлар. – Тошкент: Ғафур Ғұлам номидаги Адабиёт ва снаьат нашриёти. 1990. 205 б.). Ќыр шиллэ ќырыќ к‰н жаќсы кµњіл-к‰йде болу, имандылыќ жаѓдайда к‰нін µткізу; босанѓаннан кейінгі ќырыќ к‰н; ќыстыњ ењ суыќ екі айы; Оныњ бірінші ќысы – 20 к‰н. Мысалы, 5-25 желтоќсанѓа дейін «шиллэ» – деп аталады. Екінші ќырыќ к‰н 25 желтоќсаннан 5 аќпанѓа дейінгі аралыќты шиллэ деген. Сол сияќты, к‰нніњ ењ бір ыстыќ айларын 5-25 маусым, жєне 25 маусымнан 5 тамыз айына дейінгі аралыќ аталѓан (Будагов, 1869: 486).

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет