МӘШҺҮр-жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі 5 Том



бет6/15
Дата15.09.2017
өлшемі4,49 Mb.
#32803
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Түйін. Ѓайып > кµрінбейтін, дос. Ерен > адам, кісі. Ќырыќ > ќасиетті сан. Шілтен > парсыша ќырыќ (синоним). Ғайып ерен қырық шілтен > шілде > шілдехана. Мәшһүр-Жүсіп бірнеше вариантын: Қайыперен, аушыерен, иран, еран діни ұғым шеңберінде қолданған. Ә. Қайдар: парсылық ғайыбана қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, бірнеше варианты болғанын атап көрсетеді: қайбана // қаймана // қайуана > ғайып. Қайуана кейуанаға дейін ұласқан. Ғайып ерен қырық шілтен төрт тағанды ескіре бастаған кереметтер жатады. Оның өз мағынасынан басқа құрамындағы әр лексиканың да мағыналары бар. Бұлардың бәрі сайып келгенде өз ішінен шыққан мағынамен тығыз байланысқа түседі. Бұл аталған кереметологиямен Бабай Түкті Шашты Әзиз семантикалық жағынан бір-біріне жуық, мәндес екендігі байқалады [7, б.94-98].

«Құбыла» – мұсылман ұғымындағы оң жақ. Қазақ елі төрт құбыласын түгендеп, үнемі іздену үстінде болған, шексіз, шетсіз аспанмен тілдесіп жатқан дала бейне бір көк теңіз іспетті көрінген. Түйсік үнемі оның аржағында не бар екен деген сананы оятып отырған. Қазақ ұғымындағы әр этнографиялық сөз бос кетпеген, белгілі бір философиялық оймен тұжырымдалып отырған. Өз арманын бағытпен бағамдап, алдағы іс-әрекетін оймен түйген ел, бұл – тұста да қалт кетпеген. Құбыла, жоғары-төмен, күнбатыс пен күншығыс, оңтүстік пен солтүстік осындай халық тәжірибесінен келіп туған метрологиялық атаулар. Ескі заманнан келе жатқан бағыт – қ±была. К‰ншыѓыс жаѓы ашыќ намаз оќылат±ѓын ќ±былаѓа тµрі тура дєл келген тас ќорѓандар бар. Ол ноѓайлыныњ ќалмаќ ќамаѓан к‰нде намаз оќу ‰шін тастан жасаѓан ќорѓаны екен деп айтысады (М-Ж. Сары. кім. екен-1907, 1 б.); Сансызбай аттан ќ±лады, Ќ±былаѓа* ќарай бас ќойып, Мінєжєт айтып аллаѓа, Сєждеге* басын салады ( ЌЖ, 99); Сєжде – земной поклон во время намаза (ЌЖ, 292); Ќыбла ( кыблэ – Буд ауд.) южная сторона, Югъ; сторона, куда обращаются мусулмане взорами во время молитвы; храмъ въ Меккеъ, двойств. Ќбайлы или ќбайылы священ. Храмъ въ Меккъ и храмъ въ Иерусалимъ, Ќ±бла жаѓы Мекка, кя’ ба, пункть, на который обращаются взоры всъхъ – такъ называютъ мусульмане своихъ султановъ, шаховъ, ќ±была жантоже значеніе, ќ±была жаќ южный вътеръ, тат. ќ±была жаќтан обращенный къ югу, кр. Аѓа ќ±блэ сельскій судъ изъ старшинъ (Будагов, 37); Ќ±была – (а) (ќиблє) м±сылмандардыњ намаз оќыѓанда бет ќарататын жаѓы, яѓни Мекке жаќ. [Ќибла – сторона, к которой обращаются лицом мусульмане во время молитвы, направление к Мекке] (Бекм±хаметов, 102); Ќыбыла ќ. – ќ±была (ЌТТС, 97); Баѓытты аныќтау да, баѓдарлау да тарих, этнография, археологиямен тыѓыз байланысты. Олардыњ ішінде баѓытты аныќтауда: мешіт, т±рѓын ‰й, адамды жерлеу сияќты дєст‰рлер басты орын алѓан. Монѓол, ќытай оњт‰стікке, кµне т‰ріктер шыѓыс, Кµне Египетте – Ніл µзеніне ќаратып, Таймырда – солт‰стікке – µлілер патшалыѓына ќаратады. К‰ні – б‰гінге дейін кµне т‰ркілердіњ шыѓыс баѓдарлы ѓимарат салу дєст‰рі саќталѓан. Т±рѓын жайларды шыѓысќа ќаратып салу ‰рдісі батыс тувалар мен памир ќырѓыздарында болса, ќытай – монѓол оњт‰стік баѓдарды, киіз ‰йлі баѓдар (зиратты т.б. ±ќсатып салу – А.Ќ.) ќараќалпаќ пен µзбектерде бар дєст‰р. Ќазаќтар (т‰ріктер биік кешене не дін салѓан Є. Марѓ±ланды ќарањыз – А.Ќ.); Дін, кешене де баѓыт пен баѓдардыњ жер µлшемімен шекараныњ белгісі болѓан. Б±ндай баѓдарлар сулы жерге жєне биік жота не таулардыњ ‰стіне салынѓан. Ислам дінініњ енуімен таѓы бір баѓыт (µлшем) ќ±была пайда болды. Ол оњт‰стік баѓдарды бекіте т‰сіп, ендігі жерде белгілі бір баѓыт нысанасы Мекке болды. М±нымен бірге м±сылман мешіттері, обалар (зираттар) баѓыттыњ рµлін атќарса, жерлеу дєст‰рлері (мысалы жаназаѓа т±ру) ќ±рбандыќ шалу т.б. ќ±былаѓа ќаратылды. Ќазаќтар ежелден µздерініњ баѓыттарын халыќ µлшеміне салып алѓан болатын. Ќ±была жаќты аныќтау ауа райын болжауѓа да єсер еткен. Р.С. Иманалиева айтќандай: Господствующим было меридиональная, с юга на север. Связь с обозначениями стран света прослеживается в орентации юрты на юго – восток и в сторону ќ±была, в погребальных обрядах и орентировке казахских могил, в некоторых других национальных обычаях (голову жертвенного барана повертывают в сторону Мекки, спать ложатся в сторону святых мест) (Иманалиева Р.Б. К вопросу об этимологии наименований стран света в Казахском языке // Проблемы этимологии тюркских языков. – Алматы: Ѓылым, 1990. – С. 85). При погребении покойника обращали головой к Туркестану, а лицом к Каабе* – деп жазды (Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов. –Алма-Ата: Ќазаќ университеті, 1992. – С. 21). * Ќаѓба – арабша «ка’ аба» – текше деген маѓынаны білдіретін тас // ¤серов Н., Естаев Ж. Ислам жєне Ќазаќтардыњ єдет-ѓ±рпы. – Алматы: Ќазаќстан, 1992. 17 б.; Ќ. М±қаметханов: «Ќыбла» (ќыйбла, ќ±была) деген сµздіњ ‰ш т‰рлі маѓынасы бар: 1) діни – намаз оќыѓан кезде бетке алатын жаќ (кааба жаќ). Ќыбла – оњт‰стік жаќ. 3) Ќыбла, ќ±была – ауыспалы маѓынада, – идеялыќ беталыс, кµздеген маќсат – дегенді білдіреді дейді Ќ. М±ќаметханов. Семсер жырѓа сергек ќарайыќ // Ќазаќ єдебиеті. – 1986. – № 19 (1837). Ќ±была – направление на Мекку, сторона, в которую мусульмане обращаются во время молитвы. У казахов в старину головой к кубле укладывали животных при заколе, в ту же сторону обращали лица умерших (Қыз Жібек. 1963: 292). Ќ±была туралы біздіњ де ертеректе жазѓанымыз бар еді. Онда былай деген едік:
Алланыњ б±йрыѓы маѓан жетті,

Басымды кешіктірмей оњѓа ќарат (ЌКБС, 366 б);


Сарыбайдыњ «оњѓа ќарат» дегені «ќ±была» жаќ (Тұрыш., кан. дис. 112). Біраќ, б±л жырѓа ислам дінініњ тигізген єсері деп білеміз. Ќ±была деп ќазаќтар `батыс` жаќты айтады. Осы орайда ќ±былаѓа бас берді, ќ±былаѓа ж‰зін ќаратты дейді (Воп. тюрк. язык. 1985: 63). Ќорыта келгенде, ќ±была > баѓыт исламдыќ шењберден шыѓып, ќазаќтыњ салт-дєст‰ріне халыќ метрологиясына сіњісіп: бет-алыс, баѓыт, т±с, бір жаќ, деген сµздердіњ синониміне айналды [40, б.423-425].

«Ақырет» – иманның алты шартының бірі. Әрбір жануардың бір күн соңы келетініндей, дүниенің де бір күн соңы келіп, жоғалады. Өлмейтін тек қана бір Алла.


Өлімге бердің басты ыңғайланып,

Ақырет жабдығын жеп, соны ойланып.

«Азирфих Әл-қуағид» – деген Алла,

Жүгірдің Байтолланы жеті айналып.
Ақырет о дүниенің аты. Рухани мәдениет. Діни лексика. Қазақтардың өлік жөнелту салты, дәстүрі ислам мәдениетімен бітісіп тұтасып кеткенін байқаймыз. «Дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» – деген Абай сөзі өзінің құндылығын жойған жоқ. Ақырет араб тілінде اخيرة ахирет деп аталады. Ақырет – деп, кейде өлікті ақыретке жөнелтуді айтады. Бұл сөздің түп төркінін, этимологиясын түркі тілінен іздеу керек сияқты. Ақырет//ақырғы рет тіркесінен ықшамдалған болуы да мүмкін. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында өте жиі қолданылатын сөз.

Мысалы,


Баламды азғын болған, жолға салдың!

Мехнатта көріп мені үйге бардың.

Дүние, ақырет мақсатын хасыл қылып,

Жаннатқа рахул қылсын піру бардың!


Ақирет а. اخيرةахирет: конец, окончание загробная жизнь – рел. Загробная жизнь. Уа қараңғы пенделер Өлігіңе бие бер, Малмен иман алғайсың, Ақирет қашан ойлайсың (Ж.Ж.). Ғибадет деп азаптанған қоры ғадат, Ақирет пайдасына жарамастан (ХIХ ғ. қ. п.) [41, б.66, 28, б.246, 29, б.204, 20, б.21].

«Елу алтыншы бап» – жұмақтың аты, һәм сипаты. Иманғали Мәнен көшірмесі бойынша ұсынылды. Қай жылы жазылғаны белгісіз. Лирика жанрына құрылған. Діни лирика десе болады. Өлең төрт тармақты, аралас бунақты және буынды, 34 шумақтан құралған. Ақын өлеңде кезекті ұйқас пен егіз ұйқас түрлерін қолданған. Кеңес дәуірінде әдебиет зерттеушілері шартты түрде болса да, әрбір лирикалық өлеңді тақырыбына қарай талдап, саяси лирика, философиялық лирика, махаббат лирикасы т.б. арнаулы салаларға бөліп қарастырып жүрді. Діни лирика бұл – дәуірде жабық тақырып болатын. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде «Діни ұғымдарға байланысты туған шығармалар» – деп айтылып келді. Х. Досмұхаметұлы ең алғаш «Діни сипаттағы әдебиетке» баға беріп, ісіләм дініне, шариғаттың қағидаларына, Мұхаммет, оның серіктерін сол сияқты діни поэмаларды атап өтеді. Өкінішке орай, бұл – үрдіс кейіннен тоқтап қалады. Оның себебі де белгілі. Өлең Мәшһүр-Жүсіптің «Көкелташ» медіресесінде білім алғаннан кейін туған болуы керек. Өйткені, ақынның Орта Азияға барып ислам ілімін терең меңгергені өмір жолынан белгілі. Шығарма жарық көргені болмаса зерттеушілер тарапынан әлі өзінің ғылыми бағасын алған жоқ. Дегенмен, ф.ғ.к., доцент Гүлназ Жүсіпова Мәшһүр-Жүсіптің діни дастандарына біршама талдау жасады. Шығарманың мазмұны мен құндылығын айтып ауыз жетпейді. Мәшһүр-Жүсіп жеті тамұқ сияқты бұл – өлеңінде сегіз жұмақты суреттейді. Олардың әрқайсысының діни сипатын ашады. Мысалы: 1 – Алла тағала гауһардан жаратқан жұмақтың аты Даралыхпан. 2 – саф алтыннан жаратқан жұмақтың аты Дарис салам. 3 – Хақ тағала зібіржаттан жаратқан жұмақтың аты Жаннат – Мәуі. 4 – Сары маржаннан жаратқан жұмақтың аты Даралхилу. 5 – ақ күмістен жаратқан жұмақтың аты Жаннат – Нағим. 6 – жақұттан жаратқан жұмақтың аты Жаннат – Ғадин. 7 – ақ інжуден жаратқан жұмақтың аты Дарил қарал. 8 – Алла тағала лағылдан жаратқан жұмақтың аты Фирдауыс. Әр Жұмақтың есігі бар, кеңдігі көк пен жердей екен. Мәшһүр-Жүсіп мынандай көркемдегіш құралдарды қолданған: есіктердің кеңдігі көк пен жердей, айтуға тоқталамын аузым келмей, төрт дария өзен ағады – гротеск; кірпіші алтын, күмістен жаралған-лар, балшығы топырағы – шаған, шарбағы, сарайлары – інжу, жақұт, сарайдың есіктері – тек жауһардан – метафора т.б. Шығарманың негізгі идеясы бұл – бақи өмірде тек қана жақсылық жасасаң, адал болсаң фаниде жұмаққа барасың дегенді мансұқ қылған. Жинақты ескі араб (хадим) жазуынан аударып, баспаға әзірлеп құрастырып, ғылыми түсініктеме беруші – Ертай Жүсіпов – ф.ғ.к. Қолжазба араб графикасымен жазылған, қазақша оқылады. Қолжазба жақсы сақталған [29, б.319-322, 366].

«Жеті қат жердің баяны» – Жетінші бап. Өлең төрт тармақты, 10 шумақты. Діни лирикаға жатады. Бұл өлеңнің де тақырыбы алдыңғы баптарға ұқсас. Тек қана айырмашылығы «жеті қат жер» туралы баяндалады. Жеті қат көк сияқты әр жеті қат жердің аттары бар. Олар: бірінші – аты Дамка, онда хакім Рих тұрған, жетпіс мың арқаны бар Мәлік ие болған. Екінші жердің аты – Халдетұрұр. Ол туралы «Мұхамедия» кітабынан да оқуға болады екен. Үшінші жердің аты – Ғарка, онда шаян мен үш жүз алпыс Заһар күнін көреді. Төртінші – жердің аты – Жырба, онда көбіне айдаһар және аяқ, қолы жоқ халық мекендейді екен. Бесінші жердің аты – Малша. Алтыншы жердің аты – Шахынайдос. Жетінші жердің аты – Ғажба. Әр жердің мекендейтін жандары бар, әр жердің өзінің әдеті бар. Алтыншы жердің халқы көбіне Құдайға құлшылық қылады екен. Осылай, ақын әр жердің қасиетін жырлап өткен. Жердің қасиеттерін өлеңіне арқау қылған. Бұл өлеңде физика, химияға байланысты да мәселелер қозғалады [29, б.114-115, 357-359].

Араб Самның ұрпақтары – Мәшһүр-Жүсіп қолжазбаларынан алынған. Адам Ата, Хауа Ана – күллі адамзат осы екеуінен өрбіп-өнген. Бұл Адам ата мың жасап, өз ұрпағының қырық мыңға саны жеткенін көріп өлген. Бел баласы Шиш (Шит) тоғыз жүз он екі [912] жыл жасап өлген. Оған бел бала – Ануш (Анош, Анфш). Бұл Ануш та тоғыз жүз он екі [912] жыл жасап өлген. Мұның бел баласы Қайнар (Қинан) сегіз жүз қырық [840] жыл жасап өлген. Қайнардың бел баласы Майлыауыл (Михайл, Майхауил) тоғыз жүз жиырма [920] жыл жасап өлген. Майлыауылдан туған Жарты тоғыз жүз алпыс [960] жасап өлген. Бұл Жартыдан бүтін болып Ыдырыс (Идрис) пайғамбар туған. Бұл жалғанның жүзінде төрт жүз жыл [400] тұрып, тірілей аспанға ұшып, өрлей-өрлей Ұшпаққа барып, сонда тұрып қалған. Бұл Ыдырыстан мұнда қалған бала – Мұтұшалық. Мұның қандай жасағанын білген жан жоқ. Қазақтың айтып жүрген: Нұх пайғамбар дарақтан кеме жонған, Кемесінің түбін тышқан тескен, – деп жүрген жарапазаны – осы жарықтық. Мұның заманында бұл дүние малға да, басқа да толған. Онан соң қайтып ондай толған, жетілген емес. Тіпті дүниенің жүзіне сыймай кететін болған соң, Топан суы тасып, бір наубіт болған. Бұл Нұх пайғамбардан үш бала қалған: Хам, Сам, Жаппас (Жаббас). Хамның ұрпағы: Һинді, Зеңгі, Хабаш. Көмірдей қара жұрттың бәрі мұнан өсіп-өнген. Сам ұрпағы – Араб, Ажам. Жұлдыздай көп пайғамбарлар арабтан шыққан. Тарихтарда зор атақ алған патшалар Ажамнан шыққан. Бұл айтылғаннан басқа Адам ұрпағы Жаппастан өрбіп-өнген. Тарихтан көрген, атын білетіндеріміз: Түркі, Хазар, Сақлаб, Рус, Минкі (Мың), Шын, Кимари, Тарыф (Тарых) – бәрі де алды-алдына ел болып, жұрт болып өсіп-өнген деп таратады [34, б.3-85].

«Жарты тоғыз», Хауа ана мен Адам атаның балалары. Мәшһүр-Жүсіп қолжазбаларынан алынған. Адам Ата, Хауа Ана – күллі адамзат осы екеуінен өрбіп-өнген. Бұл Адам ата мың жасап, өз ұрпағының қырық мыңға саны жеткенін көріп өлген. Бел баласы Шиш (Шит) тоғыз жүз он екі [912] жыл жасап өлген. Оған бел бала –Ануш (Анош, Анфш). Бұл Ануш та тоғыз жүз он екі [912] жыл жасап өлген. Мұның бел баласы Қайнар (Қинан) сегіз жүз қырық [840] жыл жасап өлген. Қайнардың бел баласы Майлыауыл (Михайл, Майхауил) тоғыз жүз жиырма [920] жыл жасап өлген. Майлыауылдан туған Жарты тоғыз жүз алпыс [960] жасап өлген. Бұл Жартыдан бүтін болып Ыдырыс (Идрис) пайғамбар туған. Бұл жалғанның жүзінде төрт жүз жыл [400] тұрып, тірідей аспанға ұшып, өрлей-өрлей Ұшпаққа барып, сонда тұрып қалған. Бұл Ыдырыстан мұнда қалған бала – Мұтұшалық. Мұның қандай жасағанын білген жан жоқ. Қазақтың айтып жүрген: Нұх пайғамбар дарақтан кеме жонған, Кемесінің түбін тышқан тескен, – деп жүрген жарапазаны – осы жарықтық. Мұның заманында бұл дүние малға да, басқа да толған. Онан соң қайтып ондай толған, жетілген емес. Тіпті дүниенің жүзіне сыймай кететін болған соң, Топан суы тасып, бір наубіт болған. Бұл Нұх пайғамбардан үш бала қалған: Хам, Сам, Жаппас (Жаббас). Хамның ұрпағы: Һинді, Зеңгі, Хабаш. Көмірдей қара жұрттың бәрі мұнан өсіп-өнген. Сам ұрпағы – Араб, Ажам. Жұлдыздай көп пайғамбарлар арабтан шыққан. Тарихтарда зор атақ алған патшалар Ажамнан шыққан. Бұл айтылғаннан басқа Адам ұрпағы Жаппастан өрбіп-өнген. Тарихтан көрген, атын білетіндеріміз: Түркі, Хазар, Сақлаб, Рус, Минкі (Мың), Шын, Кимари, Тарыф (Тарых) – бәрі де алды-алдына ел болып, жұрт болып өсіп-өнген деп таратады [34, б.3-85].

Жаппас – Нұх пайғамбардың балалары. Мәшһүр-Жүсіп қолжазбаларынан алынған. Адам Ата, Хауа Ана – күллі адамзат осы екеуінен өрбіп-өнген. Бұл Адам ата мың жасап, өз ұрпағының қырық мыңға саны жеткенін көріп өлген. Бел баласы Шиш (Шит) тоғыз жүз он екі [912] жыл жасап өлген. Оған бел бала – Ануш (Анош, Анфш). Бұл Ануш та тоғыз жүз он екі [912] жыл жасап өлген. Мұның бел баласы Қайнар (Қинан) сегіз жүз қырық [840] жыл жасап өлген. Қайнардың бел баласы Майлыауыл (Михайл, Майхауил) тоғыз жүз жиырма [920] жыл жасап өлген. Майлыауылдан туған Жарты тоғыз жүз алпыс [960] жасап өлген. Бұл Жартыдан бүтін болып Ыдырыс (Идрис) пайғамбар туған. Бұл жалғанның жүзінде төрт жүз жыл [400] тұрып, тірілей аспанға ұшып, өрлей-өрлей Ұшпаққа барып, сонда тұрып қалған. Бұл Ыдырыстан мұнда қалған бала – Мұтұшалық. Мұның қандай жасағанын білген жан жоқ. Қазақтың айтып жүрген: Нұх пайғамбар дарақтан кеме жонған, Кемесінің түбін тышқан тескен,-деп жүрген жарапазаны, – осы жарықтық. Мұның заманында бұл дүние малға да, басқа да толған. Онан соң қайтып ондай толған, жетілген емес. Тіпті дүниенің жүзіне сыймай кететін болған соң, Топан суы тасып, бір наубіт болған. Бұл Нұх пайғамбардан үш бала қалған: Хам, Сам, Жаппас (Жаббас). Хамның ұрпағы: Һинді, Зеңгі, Хабаш. Көмірдей қара жұрттың бәрі мұнан өсіп-өнген. Сам ұрпағы – Араб, Ажам. Жұлдыздай көп пайғамбарлар арабтан шыққан. Тарихтарда зор атақ алған патшалар Ажамнан шыққан. Бұл айтылғаннан басқа Адам ұрпағы Жаппастан өрбіп-өнген. Тарихтан көрген, атын білетіндеріміз: Түркі, Хазар, Сақлаб, Рус, Минкі (Мың), Шын, Кимари, Тарыф (Тарых) – бәрі де алды – алдына ел болып, жұрт болып өсіп-өнген деп таратады [34, б.3-85].

«Ибраһим» – аңыз өлең немесе рауаят. 11 буыннан, 3 бунақтан, 69 шумақтан тұрады. Өлең қара өлең ұйқасынан құралған, діни лирикалық жанр түріне жатады. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің бұл өлеңде көтерген идеясы: дінге тәрбиелеу, құдайға құлшылық қылу және адамның рухани болмысын тәрбиелеу. Оқиғада Құдайды мадақтап, Мұхаммет пайғамбардың Аллаһқа деген махаббаты соншалықты Ғазірейіл, яғни жан алғыш періште арқылы жалғыз ұлы сүйікті де сүйкімді баласы Ибраһимді құрбан қылуға қиятыны жазылады. Бала Ибраһим сол кезде 7 жаста ғана болады. Алла Тағала пайғамбар Мұхаммедтің таңдауына ерік береді. Я артындағы үмбеттерін, жалғыз баласы Ибраһимді Аллаһ үшін қиюын сұрайды. Көзінен жасы тоқтамай, кеудеден шері тарқамай уайымға берілген Мұхаммед пайғамбар Аллаһ үшін еш дүниесін аямаса да, баласына қалай бұл жағдайды айтып жеткізетінін білмейді. Баласын алдына алып сыр шертісе бергенде ақылы ерте толысқан Ибраһим «үмбетіңді таңда!» деп әкесіне ақыл беретіні таңқалдырады. Есіктен кіре Ғазірейіл періште еш қиындықсыз баланыњ жанын алғанда, жаны жұмаққа, сүйегі Меккеге аттанады. Яғни, бұл өлең жоқтау ретінде жазылса да, ақын Мұхаммед пайғамбардың Аллаға деген махаббатын ұлықтап жазады. Дастанда діни лексика: сәждә, намаз, пәни, періште, жұмақ, кебін, сауап, заман ақыр т.б. ұшырасады. Ғазірейіл періште олардың адам сияқты іс-әрекеттері айтылады. Мінекей, шығарманың осы сюжеті оны романтизм ағымына жақындатады. Бұлардың жасаған әрекеті адамның қолынан келетін нәрсе емес. Бірақ, ұғымға, ақылға сыйымды, тәрбиелік мәні зор, эстетикалық қуаты күшті. Образдың өміршеңдігі олардың әр мұсылманның жүрегінің төрінен орын алғандыѓы. Бұл шығарма әлі күнге өз құндылығын жоймағандықтан қазіргі кезеңде имандылыққа бет бұруға үлесі орасан зор екендігін көрсетеді. Бұл туынды Сұлтанмахмұт (Шолтым ) жазбасы бойынша әзірленді. Жинақтап ескі араб (хадим) жазуынан аударып, баспаға әзірлеп, ғылыми түсініктеме берген – филология ғылымының кандидаты Ертай Қуандықұлы Жүсіпов еді. Ақын шығармасы Павлодар қаласында 2003 жылы Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Шығармалар» атты кітабының 1 томының 66 бетінде жарық көрді [9, б.66].

«Имансыздың баяны» – алпыс бірінші бап. Бұл бап 11 буынды, 3 бунақты 57 шумақты, қара өлең ұйқасынан тұратын діни лирика. Мәшһүр-Жүсіптің бұл өлеңде көтерген тақырыптық идеясы дінді насихаттай отыра, адамның адами-рухани болмысын тәрбиелеу. Осы өлеңнің жазылған кезінде адамдар дінге мұқтаж, адамдық рухтық құлдырауында, өңшең саяси ағымдар боданында болған еді. Сол кездері жазылған болса керек. Өкінішке орай, бұл бап жазылған мерзімі, нақты ай-жылы белгілі болмаса да, ақынның жазған идеясына, біліміне және философиялық тереңдігіне қарағанда егде жастан қарттыққа өткен кезеңде жазылған көрінеді. Бұл өлеңде автор дінсіз адамның я болмаса имансыз адамның екі дүниеде бақыттан құр қалып, Алла алдында қандай жауапқа тартылатынын сипаттайды. Мәселен:


Дінсіздің жүзін қара, көзін көк қып,

Пышақтап, айдап келер, құлақ мұрнын,


– деп, дінсіз адамның қияметте халі мүшкілдігін суреттейді. Дінсіздердің барлығын тамұққа әкеліп тығып, зина жасаушыларды шаштан сүйреп, өсек тасушыларды аузынан отты шынжырмен келіп ұрады. Азаптың ең ащысын тататындар да осы имансыздар екенін айтады. Дүниелік өмірде жасаған күнәлары үшін жауапқа тартылған сәтте куәгерлікке жер, уақыт пен заман, тән, ой-ақыл, тіпті жаратқан Хақтың өзі де келетінін айтады. Орасан зор азаптың от болып жан-тәнін күйдіріп, қыспаққа алатынын баяндаса, ахиретте адамдарды 3 топқа яғни, 1 – мұсылмандар, 2 – екі жүзді мүшриктер, 3 – дінсіз кәпірлерге бөлетінін, осы үш топты сауабы мен күнәсіне қарай сый-жазасы болатынын ескертеді. Мәшһүр-Жүсіп осы ахиреттік халді өз ойынан шығармай, Хазіретті пайғамбар Мұхаммедтің сөзі екенін де өлең жолдарында дәлелмен келтіреді. Автор өз заманының тұсында арақ ішіп, тәубеге келмегендерге хаќ жолды уаѓыздай келе, имансыздың ауыр халіне ұшырап жүрмеңдер деген идеясын үсынады. Автордың бұл идеясын:
Ғазабы уағда бұзған болады зор,

Жігіттер хилаф қылмай, уағдаңда тұр,

Хүкімлігің һәм кетіп бұл дүниеде,

Дүние ахирет жүзінде болмағыл қор!!!


– деген өлең жолдары дәлел бола алады. Бұл шығарма Иманғали Мәненнің 2-папкасы, 224-229 беттері бойынша енгізіліп, филология ғылымының кандидаты Ертай Қуандықұлы Жүсіповтің ескі араб хадим жазуынан аударып, баспаға әзірлеп, құрастырып 2003 жылы Павлодар қаласында Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Шығармалары» атты кітабының 2- томында 330-336 беттерінде жарық көрді [9, б.66].

Ибраһим Халал – пайғамбар. Мұхаммед (с.а.с.) – ға дейін Алланың хақ дінін халыққа таратушы пайғамбар, Исмаил пайғамбардың әкесі, Мұхаммед (с.а.с.) – ның арғы атасы. Ибраһим (ғ.с.) әйелі Хажар мен ұлы Исмаилды (ғ.с.) киелі Қағбаның төңірегінде мекендеткен. Ол хақ дінді құру үшін жер-көкті шарлап, ыңғайлы мекен іздеген. Бабіл деген жерде жұртты Аллаға сенуге шақырғанда оны тіпті отқа тастады. Мысыр елінде Ибраһимнің намысына тиді, одан ол Палестинаға қайтты. Ең соңында ең лайықты жер Меккеге келді. Баласы Исмаил (ғ.с.) – ның көмегімен әкелі-балалы болып екеуі Қағбаны салды. Меккеде осылайша халықтың ғибадаты үшін қасиетті орын құрылды. Бұл тарих тіпті қасиетті Құран-Кәрімнің аяттарында да бірнеше мәрте баяндалған. Сондай-ақ қазақ ақыны, данагөй бір туары Мәшһүр-Жүсіп Көпеевте өз шығармаларының өзекті тақырыбы болған діни өлеңдерінде Ибраһим Халал, Ибраһим Халиала деген аттармен берген. Соның біріне мына өлең жолдары дәлел бола алады:


Хақтың үйі мешіт-ті,

Ақты құдай шешіпті

Арамза да төкпенің

Уыз ойын кесіпті.

Ибраһим халал жасады

Тәңірім үйі – Қағбаны.

Ибраһим халал жасаған

Тәңірім үйі мешітті.

Құдайды білмес бинамаз

Құдайынан кешіпті.

Құдайыңа құл болсаң,

Шын жасалған ұл болсаң,

Құдай – тағалам өзі берер несіпті [42, б.25-27, 36, б.13, 14]!
«Бидан» – بيدان діни оқулық. Мәшһүр-Жүсіп 5 жасында Нәжімеддин хазіреттен ғылым мектебін үйреніп «Шар» кітабынан бастағаны белгілі. 8 жасында Қамараддин ахоннан «Сырпау» (хырфау) бастап, 9 жасында «Фықа», «Мұқтасар», «Лұқая» оқиды. Марқұм Нәжімеддин хазіреттен «Ағузу, бісмилланы» бастап танысады. 5-6 жасында «һәпитекті» жатқа білген баланы Құранмен алдандырмай, «Шар» кітапты оқытады. Қамараддин хазірет Мәшһүр-Жүсіптің 8 жасында Омбыдан көшіп келіп, Байжан хазірет салдырған ескі медреседе сабақ оқытады. Қамараддин хазірет бірден «Биданнан» бастайды. Ол: – «Ендеше бұған Биданнан бастайын! – деп, Бидан сығдік Алла ... алдарынан салды. «Шар» кітапта танымал болған сөз».
Биданнан бек біл деумен сабақ берді,

Мен екі айтқызбаймын бір сөзді енді.

Ағзуы, бісмілланың мәнісімен,

Қызығып үйрететін жөні келді


– дейді. Ғылымын 12 пәннің білген Мәшһүр-Жүсіп «Сарып» пен «Нақуды» да меңгеріп алады. Қыс бойы «Биданды» хазіреттің көзі ауырып жатып қалғанда өздері жатқа оқыды.
Сол қыста көзі ауырып хазірет жатты,

Қиналып өз жанына жаман батты.

Немене Бидан деген сөз бе оларға,

Жатқа айтып жүндей сабап тарсылдатты


– деп, жазды ақын өзінің өлеңінде [31, б.278, 43, б.118-119].

«Жим» جيم араб алфавитінің бесінші әрпі. Сандық мағынасы – 3. (Бұл әріптің транскрипциясы ж деп алынды – Н.О.) Бірге оқып ең әуелі «әліпбиді», қосылып әнге салып «жұм» (дұрысы: жим – Н.О.) мен «сиді» (С.Торайғыров). Ат білмек, қыз Қырмызы, болсын бізден, «Жұм» (дұрысы: жим – Н.О. ) мен «сын», «бе» әріп ал, Ұлы жүзден (автор Жүсіп деген өз аты арабтың ж, с, б әріптерінен құралатынын, руы Ұлы жүзден екенін айтып отыр – Н.О.) [33, б. 94].



«Қожа» – дінді уағыздайтын адам. Тіліміздің билігі «алдияр» ұранды төреде, еліміздің билігі «алла» ұранды қожада. Бірде-бірінің бұшпағы қанамай, бізге күн көру қайда. Жас иісті баланы-ай деп, зарығып, қамығып жүрген күндерінде ойламаған жерден алты қожа кез келіп, қона қалыпты (М-Ж., 10). «Қарасы бар ішінде, қожасы бар, Бір айтылған таңсық сөз көпке жайып» (М-Ж., -Б. 204). Қожа зат. 1. Діни, Мұхаммед пайғамбардың алғашқы халифтарының ұрпағы, мұсылман дінінің өкілі. Қожа зат. 2. Үй иесі, отағасы; бір нәрсені билеуші, меңгеруші (ҚТТС. 7 том. 1976: 327). Қожа – Мұхаметтің алғашқы халифтерінің ұрпағы, ертеде қазақ т.б. халықтар арасында мұсылман дінін таратушы (ҚСЭ, 1975: 578); Қазақ тілінде: «Ай дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ» фразеологизмнің құрамында «қожа» сөзі кездеседі. Ә. Қайдар: «...что данное выражение своим происхождением связанно с древними традициями правопорядка власть ажа – «женшины-предводительницы рода и племени (отсюда и: каз. әже, кирг. еже, уйг. ача, тув. алт., ажа и др. – «старшая женщина в роду») и қожа – «хозяина рода и племени» (этот термин, вероятно, не связан с религиозным названием «ходжа»), чьи указания и приказы, замечания и предупреждения для членов общества были непрекословными» – дейді (Қайд.,, 19). Р. Сыздықова: қожа сөзі басқа тілден енген сөздің өзінде ешқандай дыбыстық өзгеріске ұшырамаған. Қожа сөзі діни атау десек, қожайын ие деген мағынаны білдіреді. Яғни, бұл жерде -йын қосымшасының жалғануы арқылы жаңа бір атау туып тұр. Қожайын – үйдің иесі, ең қадірлі адам, үйдің құдайы десе де болады (Сыздық., 143, 256). Г. Потанин: Ходжа – потомок пророка – дейді. Л. Будагов: тур. ад. قوجه коджа, قوجا1) старый, пожилой, старикъ (сол сияқты قوجهمان қожаман). 2) мужъ, супругъ. 3) большой, огромный, قوجهجكқожажәһ, старишок, قوجهلق қожалқ, старость, قوجامان қожаман, дряхлый, престарълый, قوجه قاريқожа қары, старая женщина (Буд., 72). Л. Будагов: Ходжа бухарцы и сирійскіе арабы произносять хаваджэ) старецъ, старшина, господинъ, богатый купецъ, хозяинъ, учитель, профессоръ, хаваджэ называются потомки халифовъ Абу-Бекра и Омара т.б. көптеген мағынасы бар – деп жазады. Қожа > мұсылман дінінің өкілі. Хожа – У казахов так назывался один из родов. Преставителей этого рода считали потомками Мухаммеда. В переносном смысле «қожа» – хозяин (ҚЖ, 1963: 284). Қожа сөзі ие сөзінен айырмашылығы қожайын ер адамның рухын бейнелейді. Чув. šu хоzi ~ мар. Büd оzа, удмуртарда солай аталады. Vu knzo көбіне шал бейнесінде көрінеді (Holmberg, 1913: 68; Wichmann 1901: 52-55). Хужа – қожа: тат., башк. тілдерде `қожайын, үй иесі` ретінде және `ері, отбасы` диалек. белгілі (ТТДС: 463; БҺҺ II: 284). Қожа сөзінің мифологиялық бейнесі орал, шоқынған татарларда кездеседі. Қожа деп қасиетті рух иелерін де атаған. Су иесі – Мухаметқали, жер иесі – Сөнгатулла, пайғамбар негізі – Данил, араның иесі – Зөнбер ата, ат иесі – (Хәлил) құс – Гамбәр ана т.б. Кейбір иелердің аттары ауысқандығы байқалады. Қожа: шув., хоса, хуса; мар., козя, озя, удм., кузо, квазь, коми козя, морд., кузя. `қожайын` мифологияда қолданылады. Бұл парсы сөзі монғол бұлғар дәуіріне дейін-ақ (қараңыз: коми козя `моншаның рухы`) болып өзгеріске түскен. Төрт түлік малдың өз иесі: жылқының иесі – Қамбар ата, сиырдың иесі – Зеңгі баба, қойдың иесі – Шопан ата, түйенің иесі – Ойсыл қара, ешкінің иесі – Сексек ата деп әрқайсысына жекелей ат қояды. Ахметьянов парсы тілінде қожа (хужа) хожа `үй иесі` онша мифологиялық мәні жоқ дейді. Кейде қожа сөзі құдайдың синонимі ретінде ғана көрінеді дейді. Расында да, парсы тіліндегі қожа `қожайын` мифологиялық мағынасын сақтамады. Көбіне `мырза` сияқты мағынада қолданылады. Мысалы, Қожа Ахмет Иассауи, Жандарбек қожа т.б. Қазақ тілінде қожа жанама ат сияқты көрінгенмен қожа аты бойында діни имандылығы бар адамды ерекше қасиет иесі ретінде бағалайтын дәстүр ел ішінде әлі де сақталды. Қ. Жұбанов осыған орай: «Алғашқы кезде жергілікті халықтар дін үйретуші хожаларды жай адам деп те ойламайды. Оларды керемет иесі, құдаймен тілдес адамдар деп есептейді. Күні кешеге дейін жаңа туған балалардың атын «хожа» атымен байланыстырып: «Хожамберді», «Хожағұл», «Хожалепес», «Хожамжар», «Хожамсейіт» тағысын – тағылар деп қоюларының мәнісі де осы еді» – дейді.

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет