Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


 – Электрохимиялық жолмен қаптамалардың түзілу жағдайлары



Pdf көрінісі
бет8/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
2.2 – Электрохимиялық жолмен қаптамалардың түзілу жағдайлары 
Электродтық процестердің механизмі өте күрделі және оны зерттеу үлкен 
мәселеге айналып отыр. Катодтық және анодтық процестер сатылы тұрғыда 
жүреді және бірнеше сатыдан тұрады. Сонымен қатар, сулы ерітінділерде оң 
және теріс зарядтардың орталығы сәйкес келмейтін су молекулаларының 
диполы жүретінін ескеру қажет. Металл катиондары ерітіндіде өзіне қарама 
қарсы зарядалған полюсті өзіне тартып, ал аттасты тебеді. Сондықтан, әрбір 
металл катиондары су молекулаларының қабығымен (оболочка) қоршалған.
Бірінші сатыда катиондар катодқа миграцияланады. Олар мұнда біртіндеп 
гидраттық қабықтан арылады да, катод бетімен байланысып, оған 
адсорбцияланады. Келесі сатыда электрондар катодтан шығып (катодты тастап) 


катионың электрондық сыртына (оболочкасына) қосылып, нейтралды металл 
атомына айналады және пайда бола салысымен катодта адсорбцияланады. 
Мұнымен катодтық процестер тоқтап қалмайды, соңғы өнім атом емес, металл 
кристалдары және түзілген атомдар жаңа кристалдар түзуі мүмкін немесе 
түзілген беткі крисалдардың үсті үстіне өсуі мүмкін. 
Электродтық реакцияның жылдамдығы ең баяу сатысының жылдамдығымен 
анықталады. Бір немесе бірнеше сатыдағы кез – келген тежелу катод 
поляризациясын (асқын кернеулік) тудырады және оның потенциалы теріс 
жаққа қарай ығысады. Электрод потенциалының тепе - теңдік мәні мен тепе 
теңдік емес мәнінің айырмасы электрод поляризациясының шамасын береді. 
ɳ =Е
т-т 
- Е
i
Е
т-т 
– тепе- теңдік потенциалы 
Е

– поляризация потенциалы 
ɳ – электрод поляризациясы немесе аса кернеу деп аталады. 
Электрод поляризациясы системада өтетін тоқ шамасына тәуелді: тоқ 
тығыздығы өскен сайын поляризация да өседі. Сонымен қатар, катодтық 
поляризация (аса кернеу) мен тұнба (қаптама) құрылысы арасында белгілі бір 
байланыс бар. Көптеген зерттеу мәліметтері бойынша электрод поляризациясы 
өскен сайын түйірдің (зерна) шамасы азая береді. Сондықтан да поляризацияны 
жоғарлататын барлық факторлар қабыршақтың құрылысына жақсы әсерін 
тигізеді. 
Электрод поляризациясы электродтық процестің жылдамдығын баяулатады. 
Процестің жылдамдығы ең баяу сатысына байланысты. Процестің қай сатысы 
баяу екені анық болған жағдайда поляризация орынына аса кернеу дейтін ұғым 
қолданылады. Электродтық процестің табиғатына байланысты аса кернеуді 
бірнеше түрге бөлуге болады, атап айтсақ диффузиялық, өтпелі (переходной), 
реакциялық, кристаллизациялық және т.б. 
Егерде процестің ең бау сатысы реакцияласушы заттың ерітінді ішінен 
электрод бетіне келуі болатын болса, бұл кезде пайда болатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет