Методические рекомендации Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/35
Дата06.02.2022
өлшемі5,14 Mb.
#80686
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
1493900839314 (1)

1.
 
Психологиялық-педагогикалық амалдар мен жұмыс әдістерімен 
денсаулықты 
сақтау, 
психологиялық-соматикалық 
және 
психологиялық-неврологиялық қолайсыздықтардың алдын алу және 
оларды түзету. 
2.
 
Оқу қызметін қамтамасыз ететін психологиялық-физиологиялық 
функциялардың дамуындағы тапшылықты толтыру. 
3.
 
Табысты әлеуметтену үшін қажетті болатын әлеуметтік-рухани 
қасиеттерді дамыту. 
2. 
Эмоционалдық-жігерлілік аясындағы бұзылыстарды түзету
[4].
 
Жеке бағдарламаларды іске асыруда түбегейлі мәні бар жеке 
бағдарламалар болып табылатындары: 
-
дамуындағы немесе мінез-құлығындағы ауытқулардың диагностикасы 
мен түзету шараларының бірлігі қағидасын ұстану; 
-
баланың және оның отбасының дамуындағы әлеуметтік ахуалды ескеру; 
-
ата-аналар немесе олардың орнын басатын тұлғаларды педагогикалық-
түзету үдерісіне тарту; 
-
оқыту мазмұнын өзгерту және жұмыс әдістері мен амалдарын жетілдіру 
арқылы тәрбиелеуге және оқытуға жеке тұлғаға бағытталған көзқарасты 
іске асыру; 
-
ересектердің балалармен өзара әрекеттесу нұсқаларын кеңейту және
балалар арасындағы әріптестік серіктестік нұсқаларын белсендендіру 
үшін жағдайларды қалыптастыру. 
Жоғарыда келтірілген дамытушылық-түзету бағдарламасының үлгілі 
екенін атап көрсету қажет. Бағдарламаның тараулары әрбір нақты алынған 
баланың білімділік қажеттіліктерінен жеке алынып анықталады. Жеке 
бағдарламаны әзірлеудің үдерісі педагогтердің өзара әрекеттесуі мен 
шығармашылығын бағамдайды. Ешбір әдістемелік құрал нақты баланың 
барлық қажеттіліктерін дәл ескеруі мүмкін емес. 
Ал сабақтардың нақты мазмұны мен режимі зерделеу барысында 
анықталған баланың негізгі қиыншылықтарындағы «ауырлық ортасын» 


27 
ескерумен таңдалады. Мәселе оның эмоционалдық күйінің аясында 
жатқанында (алаңдаушылық, қорқыныштар, күйзеліс күйі), ең алдымен, 
психологиялық-терапевтикалық ықпал көрсету әдістерімен жұмыс жүргізу 
қажет. Егер қорқыныштарында қоршаған адамдардың балаға деген қарсылық 
қатынасы түрінде шынайы негіз болса, онда әлеуметпен (мысалы, ата-
аналарымен немесе мұғалімімен) осы көзқарасты өзгерту бойынша, сонымен 
бір уақытта баланың жауап қату түрін өзгерту бойынша жұмыс қажет. Егер 
баланың қорқыныш сезімі ерте балалық шағындағы бұрмаланулармен 
байланысты болса (отбасындағы қиыншылықтар, психологиялық жарақаттар, 
аурулары және т.б.), онда оның нәтижесі ретінде баланың жауап қату амалын 
анықтайтын оның жалпы беталысы ретіндегі сенімсіздігі шығады. Оны өзгерту 
де психологиялық терапияның әдістерімен орындалады.
Тұтас алғанда, күйзеліс күйі даму ресурсының болмауымен, яғни баланың 
когнитивтік және жеке өсуіне дайынсыздығымен сипатталады. Күйзеліс 
күйінен шығу балада осы ресурсты бара-бара «өсірумен» байланысты болуы 
тиіс, бұл да өз кезегінде психологиялық-терпаветикалық міндет болып 
табылады [21]. 
Егер мәселе әлеуметтік дағдылардың жете қалыптаспауымен және қатынас 
құрудағы қиыншылықтармен байланысты болса, онда коммуникативтік 
әлеуметтік-психологиялық тренингтің элементтері қолданылады. 
Осылайша, қиын өмірлік жағдайға түскен балаларды психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына 
бағытталған: балаға, ата-аналарына (заңды өкілдеріне), педагогтерге. Білім беру 
мекемесінің жағдайында ұйымдастырудың негізгі нұсқасы ретінде 
психологиялық-педагогикалық консилиум шығады. Сүйемелдеудің табысты 
болуы, көп жағдайда, білім беру мекемесіндегі бала-ата-аналары-мұғалім өзара 
әрекеттестігін қамтамасыз ететін психологтің кәсіби құзыреттілігі деңгейіне 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет