Методические рекомендации Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата06.02.2022
өлшемі5,14 Mb.
#80686
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
1493900839314 (1)

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалармен жұмыс жүргізу бойынша 
әдістемелік ұсынымдар 
Зорлық құрбандарына көмек көрсетудің мақсаты – олардың басынан 
кешкен жарақатының теріс ықпалын келешек дамуына тигізер ықпалын азайту, 
мінез-құлығындағы ауытқулардың алдын алу, қоғамдағы оңалтуды жеңілдеті. 
Балаларға және олардың ата-аналарына практикалық көмек келесі негізгі 
бағыттарында көрсетіледі: 

балалармен жүргізілетін түзетуші-псхологиялық жұмыс; 

балалар мен олардың ата-аналары арасында бірлескен жаттығуларды 
өткізу. 
Осы мақсаттарды басшылыққа алып, педагогтер келесідей тактикалық 
міндеттерді шешуі тиіс: 

бала, оның отбасы, қызығушылықтары, зорлық жағдайлары туралы 
ақпаратты жинақтау. Баламен сұхбаттасу кезінде тек баланың, ешбір жағдайда 
күш көрсетусіз өзі хабарлап отырған мәліметтерін ғана пайдаланады; 

психологпен 
бірлесіп, 
зорлық 
құрбанының 
психологиялық 
денсаулығы деңгейін бағалайды және көмектің басқа түрлерін қажетсіну 
көрсеткіштерді анықтайды; 

туындаған мәселелерді шешу үшін едәуір лайықты пайдалану 
мақсатымен баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерделейді; 

баланың мәселені өз бетінше шешуін қамтамасыз ететін жасырын 
психологиялық ресурстарын шоғырландырады; 

жеке үйлесімсіздік және әлеуметтік икемсіздігін түзетуді орындайды; 

жеке тұлғаның келешек дамуындағы негізгі бағыттарды анықтайды; 

отбасының өзге мүшелерін, туыстарын, құрдастарын, сенімді және 
референтті тұлғаларды зардап шеккен балаға психологиялық қолдау көрсетуге 
тартады. 
Балаларға қатысты зорлық көрсетудің мәселесі әлдебір мамандарға 
жүгінуге тікелей себеп болуы сирек кездеседі. Жиі жағдайда зорлық өзге 
мәселелермен жұмыс жасағанда анықталады, мысалы: мінез-құлығындағы 
өзгерсітер, мінез-құлығы мектептегі икемсіздік, отбасындағы даулар, сабаққа 
келмеу және т.б. балаға көрсетілетін зорлықтың маркерлерін анықтауға болады 
(2-
қосымша). 
Зорлық анықталатын барлық жағдайларда маңызды міндеттердің бірі – 
оқиғаның диагностикасын жүргізу және интервенцияның қажетті дәрежесін 
бағалау (адамның жеке кеңістігіне психологиялық араласу, ал оның мақсаты – 
белгілі оң өзгерістерді ынталандыру). Бұл жағдайда балалардың жасы өте 
маңызды: неғұрлым бала жас болса, соғұрлым ол қорғанысты талап етеді. 
Жасөспірім жасында балаға көрсетілетін зорлықтың мінез-құлық және 
психологиялық индикаторлары ретінде девиантты мінез-құлығының тұтас 
спектры шығады. 
Балаға қатысты зорлықты анықтауда жұмыс үш бағытында көрсетіледі: 

медициналық; 


30 

психологиялық-терапевтикалық;

әлеуметтік. 
Әр педагог білім беру әкімшілігіне балаға көрсетілген зорлықтың белгілі 
болғаны туралы ақпараттың дер кезінде жеткізілмеуінің салдары ретінде
(жағдайға байланысты, соның ішінде балаға қатысты қылмыстық әрекеттердің 
орын алуы салдарынан оның өміріне және денсаулығына қауіп төнгені) 
тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық шара қолданылуына жетелейтінін есте сақтау 
керек. Балаларға қатал қарау жағдайларын дер кезінде анықтау және қатал 
қарағаннан зардап шеккен балалар мен жасөспірімдерге көмектің шұғыл 
көрсетілуі олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік беріп, олардың 
оңалуы мен қорғанысын, қажетті көмекті қамтамасыз етеді. 
Суицидке бейім балалардың санаты 
Суицидент-балалардың жалпы белгілері болатындары: 

мектепте оқуындағы қиыншылықтар;

соматикалық-вегетативтік симптоматиканың кең спектрі;

бейімделуге қиын баруы; 

эмоционалдық және мінез-құлығындағы бұзылыстар;

мінезіндегі акцентуацияның болуы: лабильді-сензитивті, истериоидты-
қыр көрсету және шизоидты түрлері; 

қатынас аясындағы қиыншылықтар; 
-
өзіне қол жұмсаудағы жеке мәнінің бара-бара қалыптасуымен 
икемсіздіктің полиморфтылығы; 
Балалардағы суицидальдық мінездік ерекшеліктері: 
Суицидальды мінез қатері психологиялық-әлеуметтік бейімделуінде 
бұзылыстар бар балалардың басым санында анықталады. Ер балаларда 
суицидальдылық «шыңы» 9-34 жас аралығына, ал қыз балаларда 15-18 жас 
аралығына түседі. 
Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің дамуы барысында 
қалыптасатын тәрбелеу және оқытудың шарттары мәнді психологиялық 
жарақат беретін жағдайларға, психикалық бейімделуінің икемсіз 
нұсқаларының клиникалық көрінісіне және күйзеліс жағдайындағы мінез-
құлығының стратегиясы алғышарт болады. 
Тұқым қуалайтын қолайсыздығы және жеке тұлғаның эмоционалдық-
жігерлілік аясында бұзылыстары бар балаларда суицидальды мінез-құлықтың 
дамуында едәуір жоғары қатер анықталған. 
Балалардағы суицидальды ерекшеліктерді білу балалар ортасындағы 
суицидальдық мінез-құлықтың алдын алудағы және оны түзетудегі негізгі 
бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Педагогтерге, ата-аналарға, сынып 
жетекшілеріне суицидтің алдын алу үшін осыған назар аудару қажет. 


31 
Жасөспірімнің немесе баланың жүріс-тұрысына әсерін тигізетін кез-келген
күтпеген және қайғылы өзгерістер, баланың оқу үлгеріміндегі, мектепке барып 
жүруіндегі және мінез-құлығындағы кез-келген кенеттен орын алған және елеулі 
өзгерістерді қатаң назарға алу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет