Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет12/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139
Байланысты:
өспе, 1510058388496, jdndLevrJVZFDFgCmGuumdOE1gWTsOjAhhRc4RAJ, Ортопедическая стоматология тесты , 01,03, фитпат 24-29, аза стан тарихы п ні бойынша емтихан с ра тары мен та ырыптары
 
[7]. 
 
«Алғашқы әскери дайындық» пәнін ұйымдастыру және жүргізу тәртібін 
мемлекеттік органдардың міндеттері, мекемелер мен лауазымды адамдарды 
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы 
"Ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы, сондай-ақ алғашқы әскери 
дайындық пәнінің оқу-материалдық базасын қалыптастыру" бұйрығы 
анықтайды.
Басшылыққа алынатын құжаттардың талаптарын түсіндіре отырып, білім 
алушылардың санасына АӘжТД пәнін оқытудың үлкен мемлекеттік маңызы 
бар екендігін жеткізу қажет.
Осы оқу сұрағында алғашқы әскери дайындық пәнінің мақсаттары мен 
міндеттерін түсіндіру керек.
 
Екінші оқу
сұрағын 
төмендегідей тұжырымдауға болады: алғашқы әскери 
және технологиялық дайындық сабағын өткізу тәртібі. Осы сұрақты қарастыра 
отырып: оқыту бағдарламасының мазмұны және оны орындау ретін түсіндіру; 
"Алғашқықы әскери және технологиялық дайындық" пәні оқулығының 
мазмұнын; білім алушылардың білім мен дағдыларына қойылатын талаптарды 
қысқаша түсіндіру. Бұл бөлімде оқушылардың міндеттері, сабақтағы және 
сыныптан тыс іс-шараларға қатысудағы мінез-құлықтарының тәртібі түсіндіру 
ұсынылады, АӘжТД сабағындағы оқушыларға тағайындалған киім үлгісі мен 
оқу сабақтарына қажетті оқу құралдары және оларды дайындау уақытын 
жеткізу қажет. 
Үшінші оқу сұрағы
– 
ұйымдастыру. Ол мыналарды қамтиды: взвод және 
бөлімше командирлерін таңдау және тағайындау, оқушыларды бөлімшелерге 
бөлу. Сабақ барысында оқушыларға сабақ басталуы мен аяқталуы кезіндегі 
командирлер мен оқушылардың іс-әрекеттерін түсінідіріп, көрсетіп және оған 
жаттықтыру керек.
Аталған сабақтар әңгімелесу, түсіндіру, көрсету және жаттығулар 
әдісімен жүргізіледі. 
Сабаққа дайындық және өткізу барысында Қазақстан Республикасының 
Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2012 жылы 16 ақпанындағы 


20 
«Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңы, 
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2014 жылғы 19 
желтоқсанындағы «Ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы сондай-
ақ алғашқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасын қалыптастыру» 
бұйрығы, «Алғашқы әскери дайындық» оқулығының материалдары, 
әдістемелік басшылықтың жалпы ұйымдастырушылық нұсқауларының 
мәтіндері қолданылды. 
Әрбір сабақты өткізу үшін мектеп директоры бекіткен сабақ жоспары 
құрылады. Сабақтың жоспарында төмендегілер көрсетіледі: тақырыбы, оқу 
және тәрбиелік мақсаттары, сабақта қарастырылатын оқу сұрақтары, оқу 
уақытын бөлу, жалпы білім беретін пәндермен оқу сұрақтарының байланысы,
материалдық қамтамасыз ету және сабақ барысы. Қажет болған жағдайда 
сабақта қарастырылатын оқу сұрақтарына байланысты оқу материалдарының 
қысқаша мазмұнда беріледі. 
Оқытушы-ұйымдастырушы білім берудің жалғыз қайнар көзі болып 
қалмай, оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырушы 
ретінде қызмет ету керек. 
Білім 
беру 
бағдарламасының 
табысты 
болуы 
оқытушы-
ұйымдастырушыдан әрбір сабаққа мұқият та, тиянақты дайындалуды және 
жоспарлауды талап етеді. Сонымен қатар белсенді де, командалық оқыту, сыни 
тұрғыдан бағалау секілді заманауи педагогикалық технологияларды қолданған 
дұрыс. Бағдарлама іс жүзінде орындалатын әрекеттерді және зерттеушілік 
дағдыларды дамытуға бағытталған. 
Мектептегі білім беру мазмұнының жаңартылуына байланысты 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқытуды 
ұйымдастырудың формасы мен әдістері өзгереді. Пәнді оқыту процесінің 
мынадай ерекшеліктері бар: оқушыға дайын күйіндегі білім деңгейі берілмейді, 
яғни оқушы мұғалім ұйымдастырған зертханалық орта мен іздену іс-әрекеттері 
арқылы білім деңгейіне өздігінен қол жеткізеді. Мәтіннің мағынасын түсіну 
және оқу сауаттылығына (аралас және дискретті (үлеспен берілген) мәтіндерді 
оқу, ақпаратты үлгі, кесте, алгоритмдер түрінде беру) баса назар аударылады. 
Қазіргі заманғы сабақтарды былайша түсіндіруге болады:
1.
Шындықты түсіндіру, шындықты іздеу және оның мағынасын ой 
елегінен өткізу. Бұл дегеніміз, мазмұны ғылыми білімнен құралған рухани 
қарым-қатынас және соның нәтижесінде әрбір субьект зерделеу қасиеті дамып, 
рухани байлыққа ие болады. Шындық оқушының иығына арта салатын жүк 
емес, жеке тұлға шындықтың шыңына шығуға ұмтылып, оның мән-мағынасын 
түсінуі керек. Мысалдар: аяқталмаған тезис, мұғалімнің «мен» түсінігін 
трансляциялау, ынталандыру. 
2.
Бала өмірінің бір бөлігі және оның өмірі жалпыадамзаттық мәдениеттің 
жоғары деңгейінде қалыптасуы керек. Сәлемдесу, бір-біріне түсіністікпен 
қарау, мейірбандылық, этикет секілді оң әрекеттерді қалыптастыру керек. 
Тәрбиелеу – бұл дегеніміз, баланың мұғаліммен бірге және оның көмегімен 
қазіргі заманғы мәдениетке қадам басуы. 


21 
3.
Шынайы өмірді ізгілендіру, адамзат баласын ең басты құндылық деп 
мойындау, жеке тұлғаның дербес дамуына мүмкіндік беруге бағытталған еркін 
сабақ. Оқушы әрдайым мақсат-нысана болып табылады, ол ешқашан да 
тәрбиелеу құралы болмауы керек. 
4.
Табыстылық жағдайын, адамның жекелеген жетістіктерге қол жеткізуін 
сезіндіруге қажет жағдай құру. Мысалдар: қолдау көрсету, әрбір әрекетті 
бағалау, үрейге жол бермеу, мейірбандылық, басқалармен салыстырмау. 
5.
Жыныстық (гендерлік) тәрбие. 
6.
Топтасып әрекет етуді ұйымдастыру. 
7.
Үйлесімін тапқан сабақ, сабақтың мазмұнының байлығы, оның сыртқы 
келбеті мен шамасы. Сабақтың тиімді (оң райда) өтуі. Мысалдар: 
педагогикалық жағдайды түзету, ойындар, өздігінен реттеу үлгілері; шындықты 
анықтау, жақсылық жасау, сұлулықты анықтау секілді құндылықтарды 
дәріптеу. 
Сабақты жүргізудің алгоритмдік жобасын ұсынамыз: 
1.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу 
бағдарламасы бойынша сабақтың пәндік нәтижелері түріндегі мақсаттар мен 
міндеттер анықталады.
 
2.
Мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін сәйкес келетін түрлер 
таңдалуы керек: оқытудың белсенді және интерактивті түрлері (олардың 
келбеті және мәтін бойынша сабақ тақырыбына сәйкес келуі). 
3. Уақытпен, іс-әрекет түрі және ресурстармен байланысқан сабақ 
кезеңдері. Әр сабақтың құрылымы келесі құрам-бөліктерден тұрады: 
1) оқушыға түсінікті тілде жеткізілген сабақтың мақсаттары («Нені 
білетін боламыз, нені үйренеміз»); 
2) тапсырма/сабақта жұмыс істеуге қажет білім және біліктілікті 
өзектілендіру; 
3) сабақтың мәтіндік және көрсетуге арналған (иллюстрациялық) 
материалдаран құралған жаңа мазмұндағы білім деңгейін игеруге қажет 
тапсырмалар жүйесі (мәтінмен және көрсету материалдарымен жұмыс жасау
сыныптағы жұмыс); 
4) сабақтың мазмұны бойынша қысқаша түйіндеме («Қорытынды 
жасайық», сыныптағы жұмыс); 
5) қорытынды бақылау жұмыстарын ұйымдастыруға арналған сұрақтар 
мен тапсырмалар (өзіндік
 
бақылау сұрақтары); 
6) Үй тапсырмаларын беру (үй және шығармашылық деңгейдегі 
тапсырмалар). 
Құзіреттілік деңгей негізде оқытылатын мақсат пен міндеттер білім 
берудің инновациялық технологияларын жасау және қолдануды талап етеді. 
Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарты оқушының өзбетімен жұмысының көлемі мен 
рөлін ұлғайтуды, оқытудың белсенді жолдарын, бақылау құралдарының көп 
болуын болжайды [4]. 


22 
ҚР Мемлекеттік стандартына сәйкес жаңғыртылған мазмұндағы орта 
білім берудің 10-11-сыныптарына арналған «Алғашқы әскери және 
технологиялық
 
дайындық» пәні бойынша оқу бағдарламасын оқыған кезде 
келесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет