Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет2/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)
1496062094248 (1), 1496062094248 (1)
Кіріспе 
Қазақстанда ұлттық экономиканы және азаматтық қоғамды ауқымды 
жаңғырту шаралары жүргізілуде. «Бес институционалдық реформаны жүзеге 
асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес бес 
институционалдық реформа жүзеге асырылуда: 
– 
кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру; 
– 
заңның үстемдігін қамтамасыз ету; 
– 
индустриаландыру және экономикалық өсім; 

біртектілік пен бірлік; 
– 
есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. 
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мен оның құндылықтары халықтың рухани 
таңдауы болды – бұл тәуелсіздік, ұлт бірлігі, бейбітшілік пен келісім, зайырлы 
қоғам және жоғары руханият, отбасылық құндылықтар, индустрияландыру мен 
инновацияларға негізделген экономикалық өсім; бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек 
Қоғамы, тарихтың, мәдениет пен тілдің бірлігі, еліміздің ұлттық қауіпсіздігі 
және т.б. 
Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет түзуші 
жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
Бұл ретте таңдау жағдайында демократиялық құндылықтар мен жауапты 
шешімдерді қабылдай алатын, еліміздің тағдырына ұлттық сана тұрғысынан 
жауап беруге қабілетті, құзырлы, белсенді, креативті азаматтар буынын 
қалыптастыру мәселесінің өзектілігі айрықша артып отыр. 
Балалардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері заманауи мектептегі 
жасөспірімдер қозғалысының әлеуметтік белсенділігін, жеткіншектердің 
көшбасшылық қасиеттерін, мемлекеттің қоғамдық-азаматтық, әлеуметтік 
институттарына қатысу дағдыларын қалыптастырушы болып танылып отыр. 
Атап айтқанда, түрлі тәжірибелік шараларға қатысу арқылы әлеуметтену мен 
жеке тұлғалық өсім процесі жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы 
бойынша құрылған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Жас 
Отан» жастар қанатының көшбасшылары, жастар мен балалардың үкіметтік 
емес ұйымдары, «Назарбаев университетінің» студенттері бүгінгі күні тек 
құрылым ғана емес, баланың тіршілік әрекетінде педагогикалық тұрғыда 
қалыптасқан ерекше ортасы; педагогикалық жаңартылған әлеумет болып 
табылады.
«Жас Ұлан» балалар қозғалысының жаңа жүйесі жалпы мәдениетті 
қалыптастыру аумағын кеңейтеді, балалардың ішкі әлемінің пайда болуына, 



жаңа құндылық бағдарының қалыптасуына ықпал етеді, баланың әлеуметтік 
дамуын ынталандырады.
Құндылықтар балалар мен жасөспірімдердің ұйымдарында балаларды 
тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің мәні болып табылады. Осының өзі баланы 
әрекет арқылы қабылдауға және әрекетті бағалауға, адамгершілік тұрғысынан, 
қоғамдық мақұлданған бағытта бастамашылдыққа және қолдай білуге үйретеді. 
Осылайша тәрбие тұлғааралық өзіндік бағалау әрекеті ретінде баланың 
құндылықты дамуын қамтамасыз етеді, қоғамдық, мәдени, экологиялық, 
өндірістік және басқа да міндеттердің шешіміне қатысу арқылы әлеуметтендіру 
оларға алғашқы әлеуметтік-адамгершілік тәжірибесін иеленуге ықпал етеді.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының артықшылықтарына келесілерді 
жатқызуға болады: 
-
көшбасшылықтың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін 
жағдайлардың жасалуы; 
-
түрлі шараларда құрдастарымен өзара әрекеттесудің оң тәжірибесін 
алудың бірегей мүмкіндіктері ұсынылады; 
-
әрекеттердің стандартталуы жоқ қатаң бағалау жүйесі, бұл өз кезегінде 
жас ұландардың заманауи қызығушылықтарын шығармашылық тұрғыда іске 
асыруға және олардың командаға бірігуіне ықпал етеді. 
Балалар мен жасөспірімдер қозғалысының ғасырлық тарихы бар десек те 
болады, бұрынырақ бұл іспен көп жағдайда скаутизмнің, пионерлік 
ұжымдардың тәжірибелерін талдап отыратын педагогикалық ғылым 
айналысқан. 
Бүгінде зерделеудің нысаны өзгерді: балалардың бір ғана бұқаралық 
саяси ұйымының орнына балалар мен жасөспірімдердің әрекетшіл қозғалысы 
пайда болды. Бұл жағдай балалар мен жасөспірімдердің заманауи 
ұйымдарының тәжірибелік әрекеттерін талдауға арналған жаңа форматтағы 
зерттеулердің туындауына себеп болды. Атап айтқанда Е.А. Дмитриенко, М.К. 
Құрсабаев, А.Н. Тесленко, Д.В. Лепешев, А.К. Жұмашев, Л.В. Алиева, А.В. 
Волохов және тағы басқалардың зерттеулері. Балалар қозғалысының жаңа 
моделіндегі моральдық-этикалық басымдықта гуманистік идеалдардың: ұлттық 
дәстүрдің, патриотизмнің, толеранттылықтың, ынтымақтастықтың, сондай-ақ 
өз іс-әрекетіне дербес жауапкершілікте болу қағидалары анықталған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтардың алдына қойған «Мәңгілік 
ел» ұлттық идеясын іске асыру міндеттері, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
дербес білім беру ұйымдары тәжірибесінің таратылуы, мектепте білім берудің 
12 жылдық моделіне көшу аясында жүзеге асырылып жатқан орта білім 
мазмұнының жүйелі түрде жаңаруы «Жас Ұлан» балалар мен 
жасөспірімдердің бірыңғай ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктің 



әрекетін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу 
қажеттілігін айқындап берді.
Ұсынымдардың мақсаты – балалар қозғалысының ұйымдастырушылары 
мен жетекшілерінің инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамытуда 
жас ұрпақты белсендендірудің жаңа жүйесі ретінде балалар мен жасөспірімдер 
ұйымдарының әрекеттеріне қатысты ұғымды кеңейту және тереңдету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет