Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет14/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
Еуропаның басқа елдеріндегі кәсіпкерлік білім беру. 
Оқушыларды 
экономика 
және 
кәсіпкерлік 
негіздеріне 
оқыту 
бағдарламалары Еуропаның басқа елдерінде де кең таралған.  
2000  жылдан  бастап  Еуропа  Кеңесінің  қолдауымен  жыл  сайын  30-дан 
астам  қоғамдастық  елдерінің,  соның  ішінде  Ресей,  Латвия,  Эстония  және 
Украинаның  оқушылар  кәсіпорындарының  атынан  мектеп  және  оқушылар 
компанияларының  жалпы  еуропалық  жәрмеңкелері  өткізіледі.  Жәрмеңке 


28 
 
кезінде мектеп оқушылары өз тауарларын таратумен қатар, өздерінің білім беру 
жүйелерінің  жетістіктерін  де  көрсетеді.  Оқушылар  кәсіпорындарының 
жәрмеңкелері Еуропаның әртүрлі елдерінде жыл бойы бірнеше рет өткізіледі. 
Бұл 
«Еуропаның 
жас 
кәсіпкерлер 
қауымдастығы» 
мемлекетаралық 
қозғалысының кеңдігін көрсетеді. [8] 
Сонымен  қатар  Еуропаның  солтүстік  елдеріндегі,  оның  ішінде 
Норвегиядағы  заманауи  жалпы  білім  беру  қызығушылық  тудырып,  онда 
бастауыш  мектепте  математика,  ана  тілі  және  ағылшын,  сурет,  музыка  тілі 
пәндері және үй экономикасы пән ретінде міндетті пәндер тізіміне енген. Оқу 
процесі  оқушылар  белгілі  бір  шешімдерді  бірлесіп  шешуді,  бағалауды 
үйренетіндей  ұйымдастырылған.  Әр  оқушы  мұғаліммен  бірге  бір  аптаға  үй 
және мектеп жұмысының жеке жоспарын жасайды. 
1-ші  сыныптан  7-ші  сыныпқа  дейін  мектептерде  дәстүрлі  бағалар  жоқ, 
бірақ  «топтық  жұмыс»,  «талқылау»,  «шешім  қабылдау»  сияқты  бағалаулар 
болады.  Ал,  8-сыныпта  жаңа  пәндер  пайда  болады  –  экономика,  экология, 
бухгалтерлік  есеп,  сондай-ақ  кәсіби  бағдар  беруді  көздейтін  пәндер.  Мұнда 
басты  мақсат  –  өз  қабілеттеріне  оптимистік  баға  қалыптастыру.  16  жастан 
бастап  норвегиялықтар  орта  мектепке  барып,  онда  үш  жыл  оқиды.  Көптеген 
жоғары оқу орындарында екі бөлім: академиялық және кәсіби шеберлік бөлім 
қызмет  атқарады.  Академиялық  бөлімде  математика,  физика,  әдебиет, 
география және басқа да жалпы білім беретін пәндер, соның ішінде экономика 
оқытылады. 
Жыл  сайын  оқушы  өзін  қызықтыратын  пәндерге  көбірек  уақыт  бөлуге 
мүмкіндік  алады.  Норвегияның  емтихан  хатшылығы  таңдаған  оқушылар  ғана 
емтихан тапсырады. Оқушылар емтихан тапсыратын информатика, экономика, 
математика және ағылшын тілі пәндері үнемі тұрақты тізімге енген. 
Мектептерінде кәсіби шеберхана бөлімдері өте танымал, өйткені олардың 
түлектері әрқашан жоғары жалақы алатын жұмысқа ие болады. Мұнда екі жыл 
бойы оқушылар слесарь, ағаш ұстасы және құрылыс ісін оқып, оқытушылардың 
жетекшілігімен  бүкіл  өндірістік  процесті  меңгереді,  содан  кейін  тағы  екі  жыл 
кәсіпорындарда  тәжірибеден  өтеді.  Осыдан  кейін  жастар  кәсіби  біліктілік 
берілген  мектеп  дипломын  алады.  Мектепті  бітіргеннен  кейін  жастар 
колледжде немесе университетте оқуын жалғастыра алады, бір жыл халықтық 
мектепте оқи алады. «Жоғары Халық мектебі» - Данияда 150 жыл бұрын пайда 
болған.  Содан  кейін  олар  Скандинавияға  таралды,  қазіргі  уақытта  олардың 
саны  400-ге  жуық.  Норвегияда  қалада  және  мен  қала  сыртында  82  «Халық 
мектебі» орналасқан. Әр мектептің өз мамандануы бар, мысалы, спорт, туризм, 
шет тілдері және фотография; музыка және сахна өнері; әлеуметтік ғылымдар, 
педагогика және журналистика. Халық мектебінің дипломы университетке түсу 
кезінде қосымша ұпайлар береді. 
Халықтық  мектептің  міндеті  –  тек  білім  беру  ғана  емес,  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру  және  мамандық  таңдауға  көмектесу.  Бұл  жерде  қарым-
қатынасқа,  командада  жұмыс  істеуге,  жобаларға,  оқушылар  мен  мұғалімдер 
бірге қатысатын жорықтарға көп уақыт бөлінеді. 


29 
 
Сонымен, шет елдердегі кәсіпкерлік білім берудегі екі негізгі тәсілді  
бөліп көрсетуге болады: 
-
 
Жалпы білім беру процесінде кәсіпкерлік қызметке дайындық  
(қосымша  сағаттар  негізінде  экономика  мен  кәсіпкерліктің  дербес  курстары 
есебінен мамандандырылған білім беруді енгізу арқылы). 
-
 
Оқушыларды болашақ кәсіби қызметке дайындаудың негізі 
ретінде жеке тұлғаны дамытуға бағытталған сапалы жалпы білім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   130




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет