Методические указания для выполнения заданий по практике, по срсп, по программе курса и по срс для магистрантов всех специальностей дневного обучения по предмету педагогика



бет8/8
Дата25.02.2022
өлшемі123,5 Kb.
#133372
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
методические указания по Педагогике
stud.kz-20202, Документsssd, Презентация, Документ (5)
Әдебиет: 1-7, 14, 16, 27, 30-31

ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР





Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

Тақырып 1. Жоғары мектеп педагогикасының пәні мен міндеттері

Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категорияларының мәнін ашу

1-7, 14-17

1 апта

ауызша

2 апта

Тақырып 2. Педагогикалық шеберлік және оның құрылымы.

Жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық шеберлігінің құрауыштарын анықтау

1-8, 12-14, 16, 29

1 апта

ауызша

3 апта

Тақырып 3. Педагогтың коммуникативтік мәдениетінің негіздері.

Бұқаралық ауызша сөйлеуге дайындалу

1-8, 12-14, 16, 29

1 апта

ауызша

4 апта

Тақырып 4. Дәрісті даярлау және оқу әдісі.

Өз мамандығының бір пәні бойынша бір дәріс сабағының мәтінін жасау

1-7, 9-10, 12-14, 19-21, 26, 28

2 апта

жазбаша

6 апта

Тақырып 5. Семинар сабақтарын ұйымдастыру әдістері.

Өз мамандығының бір пәні бойынша бір семинар сабағының жоспарын жасау

1-7, 9-10, 12-14, 19-21, 26, 28

2 апта

жазбаша

8 апта

Тақырып 6. Практикалық және лабораториялық сабақтар және оларды жүргізу әдістері.

Өз мамандығының бір пәні бойынша бір практикалық немесе лабораториялық сабағын өткізу жоспарын жасау

1-7, 9-10, 12-14, 19-21, 26, 28

1 апта

жазбаша

9 апта

Тақырып 7. Оқыту процесін ұйымдастырудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары және оларды ендіру проблемалары.

Өз мамандығының бір пәні бойынша бір тақырыпқа арналған электрондық оқу материалын (слайд-лекция, мультимед.презентация және т.б.) дайындау.

1-7, 9-10, 12-14, 19-21, 26, 28

1 апта

жазбаша

10 апта

Тақырып 8. Оқыту процесін ұйымдастыруда белсенді оқыту әдістерін пайдалану.

Оқытудың белсенді әдістері бойынша сызба жасау және оларға сипаттама беру

1-7, 9-10, 12-14, 19-21, 26, 28

1 апта

ауызша

11 апта

Тақырып 9. Оқыту процесінің нәтижелерін бақылау және бағалау.

Өз мамандығының бір пәні бойынша студенттердің білімін бақылауға арналған тест тапсырмаларын жасау (50 тесттік тапсырма)

1-7, 14-16, 18, 22, 25

1 апта

жазбаша

12 апта

Тақырып 10. Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары.

Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысының бір бағыты бойынша тәрбие шарасының бір жоспарын дайындау.

1-7, 14, 16, 27, 30-31

1 апта

ауызша

13 апта

Тақырып 11. Студент тобының кураторы, оның негізгі атқаратын қызметі.

Студент тобының кураторы ретінде топта жүргізілетін жылдық тәрбие жұмысы жоспарын жасау.

1-7, 14, 16, 27, 30-31

1 апта

жазбаша

14 апта



Өздік жұмыстарды орындау бойынша нұсқаулар:

  1. Бұқаралық ауызша сөйлеуге дайындалу

Бұқаралық сөйлеу өнері
Презентацияны нәтижелі, табысты ұйымдастыру үшін, менеджер бұқаралық сөйлеудің өнерін меңгеру керек. Американ миллионерлерінің біреуі былай деп айтқан еді: «Бұқаралық сөйлеу өнерін меңгеру, ол жартылай құрылған мансап». Презентацияда сияқты, бұқаралық сөйлеуде де дайындық өте маңызды.
Бұқаралық сөйлеуге дайындық сегіз сатыдан тұрады:

  1. Сөз сөйлеуге келісім беру. Аудиторияға айтатын маңызды ақпараттың бар екендігіне толық сенімділік пайда болмай, бұқаралық сөз сөйлеуге келісіміңізді бермеңіз.

  2. Ақпарат жинау. Сөйлеу тақырыбы бойынша «Ми шабуылы» (мозговой штурм) әдісі негізінде; әдебиеттерді оқу, әріптестермен және достармен әңгімелесу негізінде фактілер мен дәйектерді жинақтап алыңыз.

  3. Не туралы сөйлейтініңді анықтап алу. Өз мақсатыңызды айқындаудан бастаңыз. Оның мәні неде – бірдеңені сендіру, хабарландыру немесе қызықтыру? Содан кейін өзіңіздің басты идеяңызды белгілеңіз. Басшылыққа «үштің ережесін» алыңыз. Көп адамдар, бір тыңдағанда үш идеядан артық қабылдай алмайды. Сондықтан өз презентацияңызды негізгі үш идеяны жеткізе алатындай, қарапайым етіп дайындаңыз. Ол үшін өзіңіздің негізгі идеяларыңызды дәлелдейтін фактілер мен дәйектерді іріктеп алыңыз. Тым көп сөйлеуден аулақ болыңыз.

  4. Өз сөзіңіздің құрылымын жасаңыз. Жақсы құрылым өмірлік маңызды. Ол ойлардың бір-бірімен өзара байланыстылығын қамтамасыз етіп, олардың мәнді де түсінікті болуына жағдай жасайды.

Өз сөзіңізді құрылымдандырудың классикалық әдісі – «оларға не айтқалы тұрғаныңызды айтыңыз – соны айтыңыз – не туралы айтқаныңызды айтыңыз». Бұл тағы да назарды аударту үшін қолданылатын «үштің ережесі». Мүмкін, сіздің аудиторияңыз айтылғаннан тек үштен бір бөлігін ғана түсінетін шығар. Егер сіз оны үш рет, үш түрлі амал-тәсілмен айтсаңыз, олар бір рет болсын сізді естиді.
Қарапайым сөзбен айтқанда, сөзіңіздің құрылымы кіріспе сөзден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұру қажет.
Ең бірінші, сөзіңіздің негізгі бөлімін құрастырыңыз және:

    • Негізгі идеяларыңызды жеке карточкаларға жазып қойыңыз.

    • Сіз тоқталатын негізгі идеялар мен ұсыныстарыңыздың тізімін жасаңыз.

    • Ұсыныстарыңызды фактілермен, дәйектермен, мысалдармен толықтырыңыз.

    • Карточкаларды белгілі бір ретпен орналастырыңыз – бұл сізге идеяларды логикалық байланыста ұсынуға мүмкіндік береді.

    • Содан кейін өз сөзіңіздің басына қайта оралыңыз. Сіздің мақсатыңыз – назарды аудару, қызығушылық тудыру және сенімді ұялату. Өз аудиторияңызға айтылатын сөзіңіздің қысқаша жоспарын беріңіз. Өз презентацияңыздың мақсатын ерекше атап өтіңіз – адамдар презентациядан нені алып шығатынын көрсетіңіз.

Ең соңында, сөзіңізді немен аяқтайтыңызды анықтап алыңыз. Ең алғашқы және ең соңғы алатын әсер өте маңызды екенін естен шығармаңыз. Сөзіңізді жоғары нотада аяқтаңыз.
Сөзіңіздің ұзақтылығын және басымды жерлерін мұқият анықтап алыңыз. Еш уақытта 40 минуттан артық сөйлемеңіз. Ең тиімді уақыт 20-30 мин. 40 минуттан артық аудиторияны ұстай алатын ораторлар өте сирек кездеседі. Аудитория, көп жағдайда сөйлеудің басын өте жақсы тыңдайды (егер сіз басынан жақсы қызықтыра алсаңыз), бірақ қызығушылық, уақыт өте келе әлсірей бастайды, тек сіздің аяқтап бара жатқаныңызды сезгенде ғана, олар қайта құлақ сала тыңдай бастайды. Осыдан сіздің қорытынды сөзіңіздің маңыздылығы шығады.
Сөйлеу барысында аудиторияның назарын ұстап тұру үшін, айтылып кеткен негізгі идеяларды атап өтетін аралық резюме жасап отырыңыз.
Идеяларыңыз өзара байланысқан логикалық тұрғыда айтылу керек. Сонда ғана сіз жақсы нәтижеге келесіз. Сондықтан аралық резюмелерді, әр түрлі тарауларды байланыстыратын сөздерді алдын-ала дайындап алыңыз.

  1. Өз жазбаларыңызды дайындап алыңыз. Жазбалардың тиімді тәсілі – жеке карточкаларға жазып қою. Әрбір карточкада бір тарау ғана енгізіліп оның аталуы міндетті түрде жазылуы тиіс. Тым көп жазудан аулақ болыңыз – артық сөздер сізді негізгі идеядан алшақтатады. Тіпті өзіңіздің кіріспе және қорытынды сөздеріңізді де жеке карточкаларға жазып алу артық болмайды, бұл өте тиімді тәсіл.

6. Көрнекі ақпаратты дайындаңыз. Аудитория сөзіңіздің үштен бір бөлігін ғана қабылдайтынын ескеретін болсақ, сізге сөзіңізді көрнекі құралдармен күшейту қажет екенін ұмытпау тиіс. Сызбалар, слайдтар және т.б. жақсы есте сақтауды қамтамасыз етеді, бірақ оларды тым күрделі етпеңіз, олар түсінікті және қарапайым болу керек. Сонымен бірге, тым көп көрнекіліктерді қолдану, назарды негізгі тақырыптан ауытқып жібереді, аудиторияны шаршатады.
7. Жаттығу. Жаттығу өмірлік маңызды. Ол біздің өзімізге деген сенімімізді ұлғайтады, уақытты дұрыс бөлуге, кіріспе және қорытынды сөздерді дайындап алуға, сөзді және көрнекіліктерді координациялауға мүмкіндік береді.
Өзіңіз үшін сөзді қайталап алыңыз және әрбір бөлімнің қанша уақытты алатынын анықтаңыз. Өзіңіздің жазбаларыңызды ауызша кеңейтуге үйреніңіз, бірақ бұл бос сөздер болмауы тиіс. Ешқашан айтатын сөздерді толық жазбаңыз және оны толық қайталау кезінде оқымаңыз.
Өз сөзіңізді тұрып айтуға үйреніңіз, өйткені презентация кезінде сіз оны тұрып айтасыз. Кейбіреулері өз айтатын сөздерін магнитофонға жазып отырады, бірақ ол назарларыңызды ауытқытып отырады. Одан да сізді тыңдайтын және конструктивті ескертулерді жасайтын басқа біреуді шақырып алғаныңыз жөн. Оларды тыңдау, әрине, ауыр болады, бірақ олардың пайдасы зор болады.
Соңында, өзіңіз сөйлейтін аудиторияда қайталағаныңыз жөн. Сонымен бірге, осы кезде біреуді шақырып, соңғы қатарға отырғызып, сіздің сөзіңіздің қаншалықты анық және жақсы естілетінін тексертіп алыңыз.
8. Сөз сөйлейтін аудиторияда презентацияға қажетті құралдарды тексеріп дайындап қойыңыз. Өзіңіздің көрнекілік құралдарыңыздың айқын көрінетіндігін тексеріп алыңыз. Оларды қалай дұрыс қолдану керектігін білетініңізге көз жеткізіңіз. Проектор мен басқа техниканы тексеріп қосыңыз. Өзіңіздің көмекшіңізге қажетті нұсқауларды беріп, барлығы дұрыс екендігін анықтаңыз.
Әрдайым аппаратураның бұзылуына дайын болыңыз. Ол қандай да болмасын мезетте бұзылып, сізге көптеген қиыншылықтар туғызу мүмкін. Сондықтан презентация кезінде көрнекілікке көп сенуге болмайды.
Сөз сөйлеуді бастамас бұрын өзіңіздің жазбаларыңыздың және көрнекіліктеріңіздің ретімен, дұрыс жатқанына көз жеткізіңіз. Өйткені сөзінен жанылып қалған, қағаздарын ақтарып жатқан сөз сөйлеушіні ешкім тыңдамайды. (Дюсенбаева А.Т. Мен-менеджермін: оқу-әдістемелік құрал. - Өскемен, 2008. )

  1. Эссе жазу

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірибе, лат.т. exagium - құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін біріші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды. 
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру
Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар: Жеке көзқарастың көрінісі, фактілі дәлелдер (аргументтер), теориялық негіздеме, терминдерді қолдану, цитаталарды келтіру, әртүрлі көзқарастарды мысалға алу, логикалық заңдылықтың сақталынуы, салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану, сауаттылық (пункт., орфогр.).
Эссенің жазылу құрылымы:
Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация). Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”. 
Жиі кездесетін қателіктер: проблема ашылмайды, автордың жеке позициясы көрінбейді, теориялық негіздемесі жоқ, терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану, тым қарапайым өмірдің мысалдары көп, ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер, келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы, қорытындылау, түйін шығару деген жоқ, логиканың болмауы.
Бағалау талаптары:

  • Тақырып, проблеманы ашуда жеке көзқарас, позиция, қарым-қатынас көрініс табуы.

  • Проблема теоретикалық деңгейде негізделіп терминдер дұрыс қолданылуы.

  • Қоғамдық өмір немесе жеке тәжірбиесіне сүйенген фактілі дәлелдер.

  1. Лекция құрылымы

  1. Кіріспе – тақырып, жоспар және әдебиеттер тізімі анықталады.

  2. Негізгі бөлім (мазмұндама) - тақырыптың ғылыми мазмұны баяндалады, негізгі мәселелер ашылады, қажетті аргументтер мен дәйектер келтіріледі.

  3. Қорытынды:

  • лектор сабақ тақырыбын қайта еске түсіреді.

  • материал бойынша негізгі идеяларды баяндайды.

  • сабақтың әрбір сұрағы бойынша қорытынды жасайды.

  • лектор бүкіл тақырыптың қорытындысын жасайды, студенттердің сұрақтарына жауап береді.


Д
Мақсат

Мазмұн

Әдістер

Құралдар
әрісті құрастыру құрылымы:


Форма

Тапсырмалар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет