Мұғалім деген кім?



Дата10.12.2021
өлшемі14,25 Kb.
#78834
Байланысты:
abzal.esse


Мұғалім деген кім?

Адамзат баласы білім, ғылымды үйреніп бастағаннан бері ұстаз деген ұғым қоғамда кеңінен тарады.Сапалы білімнің бүкіл әлемге тарауында осы мамандардың еңбегі зор.

Мұғалім деген кім? Қоғам үшін өзектілігі неде? Біздің қоғамда олардың беделі қандай?

Қазақтар жиырма бірінші ғасыр басталғалы бері бала тәрбиесініе қарау дегенді ұмытты.Бала мектеп жасына келеді, оны мұғаліміне аманат етіп тапсырамыз.Одан кейінгі баланың ата-анасы мұғалім десек те жаңылмаймыз.Ата-анасы дегенде қандай мағынада? Бала мұғалім қандай болса соның қасиеттерін өз бойына сіңіре бастайды.Яғни мұғалімге қарап бой түзейді.Кішкентай оқушы «губко» секілді ол тек жақсысын емес, жаман әдеттерінде өзіне сіңіріп алуы ғажап емес.Бұл дегеніміз бала психологиясының дамуына бірден-бір үлес қосар тұлғалар дұрыс болуы керек.

Қазақстан Республикасында білеміз «қоғам қайраткері» деген лауазымды дәреже бар.Оны көбінесе әкімдер, әншілер, депутаттар алып жатады.Қарның ашитын жеріде осыда.Бұл лауазымды неге қоғамға қызмет еткен адамдар алмайды? Мұғалім деген тұлға бұл лауазымға лайықпа?

Біз балаларымызға дұрыс мамандық таңда ол сенің болашағың дейміз.Онымен қоса қаражаты да аз болмауы тиіс деген талап қоямыз.Баланың маман болу жолындағы ең алғашқы сатысы мұғалім.Конфуций : «Мұғалім баланың дамуына жаңа перспиктивалар ашатын тұлға», - деп атап өткен.Мұғалім дұрыс болса баланың дамуына ең бірінші жол ашады, яғни оқушының қай жаққа бейімделуі де осы тұлғаға тікелей байланысты.Бірақ өзімізге қою керек сұрақ нағыз мұғалім қандай болуы қажет? Мұғалім болу дегеніміз жиырма шақты балаға көз қырыңды салып қана жүру емес.Ең қажет қасиеті өзінің оқушы болғанын ұмытпай, әр шәкіртінің орнына өзін қоя білуі керек.Балаға жаңа мүмкіндік сыйлый алатын түсіністігі мол тұлға болуы шарт.Оқысаң оқы оқымасаң мейлі деген оқытушы мұғалім болуға лайық емес деп есептеймін. «Мұғалім - қоғамның қозғаушы күші». Мен не айтқым келіп отыр.Біз жамандауға шеберміз үкімет дұрыс емес, нағыз жемқорлар деп соларды атау қажет. Ұмытпауымыз қажет ол басшыларда қоғам арасынан шыққандығын.Ал сол қоғамды қалыптастырушы ол мұғалім.Түйетін ой мұғалім дұрыс болса, қоғам дұрыс болады қоғам дұрыс болса, ел басқаратын азаматтарда сол дұрыс қоғамның арасынан шықпайдыма.



Германия лидері Меркельге неміс дәрігерлері келіп айлықтарын мұғалімдердікімен бірдей қылуды өтініпті.Меркель « Сендерді оқытқандарды қалай сенімен бірдей деңгейге түсіре алам», - депті.

Хан да қарада ұстаз тәрбиесін көреді, ұстаздың дұрыс болуы ханның дұрыс болуы дегенді тікелей аңғартады.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Мұғалім ел болашағының жарқын болуына тікелей үлес қосатын, алмастыруға келмейтін мамандар».

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет