МұҒалім мамандығы-барлық мамандықТЫҢ анасы



Дата07.02.2022
өлшемі22,5 Kb.
#83689
Байланысты:
ұстаздық ұлы қызмет баяндама
Ашық сабақ киіз үй

МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ-БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚТЫҢ АНАСЫ

Молдагулова Ш.И.


« Қостанай қаласының мектеп-бақша гимназия» мекемесі
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге


дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Серке Қожамқұлов

Ұстаз-деген сөздің өзінде қаншама мән-мағына, күш құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. «Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі» -деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткері, небір данышпан адамдар, ғарышкерлер, қарапайым еңбеккерлер бәрі де ұстаздан білім нәрін алған. Өйткені, мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәлім-тәрбиесіне байланысты екендігі белгілі. Сондықтан мектепте білім беру жауапты іс. Себебі, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. [1, 14]


Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала ғана әрқашан өмірден өз жолын таба алады.
Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көруі керек. Ол үлгілі, арман болуға жараса, оның өнегесіне балалар да ықыласпен еліктейді, бағынады.
Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болу үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да, қабілетті ұландарымыз. Халқымыз «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» - деп бекер айтпаған.
Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім деңгейі мен іздену шеберлігіне байланысты [2,8].
Нағыз мұғалім болу-үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты деп ойлаймын.
Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. « Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы» деп дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын. Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін.
Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Еш уақытта есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Менің ойымша ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз [3,11].
Мектеп өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын.Ұстаз болу-жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.Ұстаз білімді,еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын.
Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын-балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге-мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы дұрыс тәрбиелеу-мұғалімдер қауымының міндеті. Шынында да, бала болашағы-біздің қолымызда. Қызығыда, қиындығы мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, меніңде биік шыңға шыққаным.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші «Ұстаздар жанұясы» болғанымыз мен үшін үлкен бақыт. Әкем де, анам да бар өмірлерін ұстаздық жолына арнаған еді. Менің маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: Абай атаның «Адамның адамшылығы...жақсы ұстаздан болады» деген қасиетті қағидасы әрдайым жүрегімде сақталады.
1992 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Орыс тілі және әдебиеті ұлттық мектебінде» факультетін және 2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Педагогика және бастауыш мектеп оқыту әдістемесі» бастауыш сынып мұғалімі мамандығын игеріп, жоғары білімді маман атандым, бірінші біліктілік санатындағы мұғаліммін. Маған өз мамандығым өте ұнайды.
Мен осы мамандық жолында 27 жылдан артық ұстаздық еңбек етіп, әр баланың бойына ақыл-білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, жақсы көріп, сүйе білуді үйрендім. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.
Сондықтан мен өзімнің «Тіл дамытуға байланысты сабақ үлгілеріне пайдаланатын көмекші құраладар» атты оқыту әдістемелік нұсқаулығымды жаздым. Сонымен қатар халықаралық, республикалық, аймақтық, қалалық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға іштей және сырттай қатысып жүлдері орындарға ие болдым. Ғаламторға «Оқу-заман», «Инфоурок», «Уроки начальной школы» сияқты сайттарға баяндама, мақала, сабақ әзірлемелері жұмыстарым жарияланды. Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып II дәрежелі дипломымен және PLANET SkiIIs Халықаралық ағартушылық жобасы негізінде «Үздік әдістемелік жұмыс» республикалық кәсіби сайысында III дәрежелі дипломмен марапатталдым.
«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады.Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Өйткені әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының басты ошағы-ұстаз берген білімде.
Менің ойымша ұстаз-рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы, көңілі дарқан адам. Ұстаздық қызметте шәкірттермен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Осындай қабілетті, қасиеттерді, іскерліктерді өз бойына жинаған мұғалім ғана-нағыз ұстаз бола алады деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Бастауыш сынып. Начальная школа / №2, 2009 ж /

  2. Бастауыш мектеп / №8, 2004ж, №12, 2001 ж. №7, 2006ж. №9, 2003 ж. / Қазақстан мектебі /№2, 2003 ж/

  3. С.Ахметов. «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары». Алматы «Рауан» 1994ж.

Республикалық «ALASH USTAZY» атты ,білім саласы қызметкерлеріне арналған байқауы







Аты-жөні

Мекен-жайы, телефоны

Мектеп

Эл.почта

Номинация




Молдагулова Шолпан Ихсановна

Қостанай қаласы, 87014618499

«Қостанай қаласының мектеп-бақша гимназия» мекемесі

sholpan_tolepova1969@mail.ru

«Ұстаздық-ұлы қызмет


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет