Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі туралы ереже жалпы ережелер



бет2/5
Дата30.01.2022
өлшемі27,76 Kb.
#116370
1   2   3   4   5
Байланысты:
ӘБ жоспары 1
83, Тулебаева С.А БАЯНДАМА
2. Әдістемелік бірлестіктің мақсат-міндеттері мен жұмыс бағыттары

    1. Әдістемелік бірлестік мақсаты: пән мұғалімдерінің оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеушілік жұмысының ұйымдастырылуы мен қызмет көрсетуін басқару және қолдау көрсету, педагогикалық шеберлік, шығармашылық ізденіс, білім беруді жаңарту жағдайында мұғалімнің басты құзыретін дамыту және жетілдіру.

    2. Әдістемелік бірлестік міндеттері:

  • пән бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу;

  • сабақ өту әдістемесін жетілдіру;

  • мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін көтеру;

  • педагогикалық эксперименттерді жүргізу.

    1. Әдістемелік бірлестіктің жұмыс бағыттары:

  • жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартын орындау;

  • білім беруді жаңарту жағдайында педагогтердің әлеуетін көтеру және олардың тәжірибелік қызметте өзін-өзі іске асыру үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету, мектеп тәжірибесіне ғылым жетістіктерін, білім берудегі жаңа амалдар, әдістер, технологияларды ендіру;

  • пән мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру және оқушылардың құзыретін дамыту мақсатында пән бойынша авторлық бағдарламаларды, әдістемелік нұсқаулықтар мен жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу, талдау;

  • әртүрлі бақылау нысандарының қорытындылары бойынша оқу пәндерінің жағдайын талдау;

  • оқу пәндері бойынша аралық, қорытынды аттестаттау жүйесін әзірлеу және аттестаттау материалдарын дайындау;

  • мұғалімдердің өздігінен кәсіби білім алу мен есебін ұйымдастыру;

  • тәлімгерлік, жас мұғалімдер жұмысын ұйымдастыру;

  • оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық эксперименттерді өткізу және олардың нәтижесін білім беру үдерісіне енгізу;

  • оқу-әдістемелік мәселелер бойынша мұғалімдердің шығармашылық есептерін, дөңгелек үстелдер, семинарлар, кеңестер, конференциялар, олимпиадалар, педагогикалық оқулар, байқаулар ұйымдастыру және өткізу;

  • оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктердің отырыстарын (тоқсанда бір рет) өткізу;

  • пән бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс шаралар ұйымдастыру;

  • озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, оқу-тәрбие үдерісіне енгізу;

  • пән және әдістемелік апталықтарды өткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет