Мұхаммед Қанафия. Әжесі бала күнінде



бет3/3
Дата26.06.2018
өлшемі190 Kb.
#44562
түріӨмірбаяны
1   2   3

Шоқан мен Абай


Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағлым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп есуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Европа кітаптары, соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды. Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді. Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер кезімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтарымен мүддесіне тарату мұраттары жақын, халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып, өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи-этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп көрсетсе, бұл аң бар Абай шығармаларының өзекті жемісіне айналған. Түрік халықтарының генетикалық , мәдени бірлігін, тарихи тағдырластығын айтқанда ұлы ойшылдар үні бірдей шығады. Мұның бәрін Шоқан мен Абай өмір кешкен дәуірдің тарихи-әлеуметтік мұқтаждары мен сауаптарының сабақтастығынан туындаған құбылыстар деп те қарауға болады. Қазақ халқының тәуелсіздіктен айрылып, Ресейге бағынышты, кіріптар күн кешкен заманында қоғам көкжиегінде жарқырап шыққан қайраткерлердің қалдырған мұрасы өзінің тақырып кеңдігі, талдау тереңдігі, ойларының биіктігі жағынан 19 ғасырдағы әлемдік озық ескерткіштер қатарына қосылады[2][3][4]

Шоқанның жастық шағы




Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Оның шын аты Мұхамедханафия. Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы еді. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті.

Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген,





Аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов қазақтың игі жақсыларымен бірге



Көкшетау сыртқы округының аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарған. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары да осал емес — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Мұса Шорманов орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.
Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәр

бие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.





Шормановтар отбасы



Ол сурет салуды да ерте үйренді. Бұл өнерді оған орыс суретшілері, топографтары мен геодезистері үйретті. Олар Уәлихановтардың отбасында жиі болып тұратын. Болашақ ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына жиі-жиі қонаққа келіп тұратын декабристер де ықпал етті. Олар бәрін білуге құмар жас баланың бойында ғылымға, әдебиет пен өнерге деген құштарлықты күшейте түсті.
Шоқан жас кезінен халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне ерекше ден қойды. Ол бала кезінің өзінде «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ер Көкше» сияқты басқа да дастандардың бірнеше нүсқасын жазып алды.

Омбыда оқуда болған жылдары


1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті. Бұл оқу орны Сібірдегі жоғары білікті мұғалімдер жинақталған, таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Шоқан алғашқы жылдан өзінің оқуға қабілеті мен бейімділігін танытты. Ол әскери пәндерді, сондай-ақ географияны, орыс және Батыс Еуропа халықтары әдебиетін, тарихты, философия негіздерін, ботаниканы, зоологияны, физиканы, математиканы, геодезияны, құрылыс салу өнерін, сызуды, сурет салуды, каллиграфияны (көркем жазуды), шет тілдерін және басқа да пәндерді зор ынта қойып, құмарта оқыды. Осында жүріп те шығыс тілдері саласындағы білімін елеулі түрде тереңдете түсті. Ол орыс тілін тамаша меңгерді. Қосымша әдебиеттерді көп оқыды. 14—15 жасынан-ақ кадет корпусының басшылары оған болашақтағы зерттеуші-шығыстанушы ретінде қарай бастады. Омбыда Шоқан география, шығыстану, философия, тарих жа- йындағы басылымдардан бай кітапхана кұрап алды. Омбыда болған кезінде орыс зиялыларымен байланыста болуы Шоқанға үлкен әсер етті.
Кадет корпусында Шоқанмен бірге оқыған С. Я. Капустин ол туралы: «Шоқан көрікті, аса сымбатты болды... бет әлпеті оның кайырымдылығы мен бекзаттығын айқын танытып тұратын. Шоқан өз кезеңінің жан-жақты, аса терең білімді адамы болды. Әсіресе оның тарихи білімі зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор білімділігімен ерекшеленетін. Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткізе білетін асқан шешен болатын», — деп жазды.
Шоқан кадет корпусында белгілі ғалым, географ және Азияны зерттеуші Г.Н. Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Арада 30 жыл өткенде Г.Н. Потанин Шоқанның әкесі Шыңғыс сұлтанның ауылында болды. Осы сапарының нәтижесінде ол «Қырғыздың ең соңғы ханзадасының отауында» деген еңбек жазып қалдырды. Бұл оның өмірден ерте кеткен досы Шоқанды зор құрметпен еске алудың белгісі еді. Шоқан аса көрнекті орыс және шетел ақындары мен жазушылары А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Н. Гогольдің, Ч. Диккенстің және басқалардың шығармаларын зор сүйіспеншілікпен қызыға оқыды.
Шокан 1853 жылы кадет корпусын корнет офицер шенімен бітіргеннен кейін Сібір казак әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторының адъютанты болып тағайындалды. Қызмет орнында Шоқан Сібірдің шенеуніктік аппаратымен бетпе-бет келіп, өкіметтің заңсыз әрекеттеріне қатты күйінді. Өкімет орындарының озбырлығы жайлы достары Ф.М. Достоевскийге, А.Н. Майковқа, К.К. Гутковскийге, B.C. Курочкинге ызалы хаттар жазды.

Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулері


Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды.[5] Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды.
1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады.
Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді.
Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды.
Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың кө- ші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады.
1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті.

Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихындағы алатын орны


Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның ауылында өтті. Ол мұнда да Ұлы жүз қазақтарының өмірінен тарихи-этнографиялық материалдар жинаумен шүғылданды. Аса көрнекті қазақ ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов 1865 жылы 10 сәуірде ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Оның қабірінің басына ескерткіш пен құлпытас орнатылды. Ескерткішті саяси жер аударылып келген поляк революционері Леполъд Ластовский жергілікті мәрмәр тастан қашап жасады. Шығыстанушы ғалым И.Н. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жүлдыздай жарқ етті де жоқ болды», — деп жазды. Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды. Оның «Абылай», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл күнделіктері», «Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы», т.б. еңбектері өте құнды саналады. Шоқанның қазақтардың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өмірінен салған 150-ден астам суреттері сақталған. Ол қазақтардың алғашқы кәсіби суретшілерінің бірі.
Ш. Уәлиханов өз ғұмырының ең соңғы күніне дейін өз Отанын жан-тәнімен сүйген нағыз патриот болды. Оның еңбектерін бүкіл дүние жүзі жоғары бағалады. Бүгінгі ұрпақтары оған деген зор құрметтің белгісі ретінде Қазақстан қалаларының бірнеше көшесін Шоқанның есімімен атады. Оған арнайы ескерткіштер орнатылған. Ондай ескерткіш Омбы қаласында да бар. Көкшетау мемлекеттік университетіне Шоқанның есімі берілген. Онда «Уәлиханов оқулары» деп аталатын халықаралық ғылыми конференциялар үнемі өткізіліп түрады. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі егемен еліміздің жастары үшін тамаша үлгі-өнеге.[
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет