Мұхтар әуезов әҢгімелерін оқыту г. Д.Қоспанова



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата24.04.2020
өлшемі176 Kb.
#64562
1   2   3
Байланысты:
Қоспанова
Білім беру аймағы Денешынықтыру, Білім беру аймағы Денешынықтыру, Білім беру аймағы Денешынықтыру, Білім беру аймағы Денешынықтыру, Білім беру аймағы Денешынықтыру, Білім беру аймағы Денешынықтыру, Пед.менедж-Китап, Философия пәні бойынша тест сұрақтары, Аммиак және оның қосылыстары
Көркем шығарма 

Пейзаж, суреттеу 

Дәлелдеме 

«Кім кінәлі?» 

 

Іслам – қызыл шырайлы, ұзын қара шашы бар



әйел пішінді жіңішке, ұзын бойлы жігіт. 

 

 



 

Үйге  тапсырма  ретінде  беріліп,  класта  талданғалы  отырған  шығармалардың  санына 

байланысты  топ-топқа  бөліп,  берілген  әңгімелерді  өз  бетттерімен  оқып  келуге  жұмылдыру  керек. 

Жазушының  алғашқы  әңгімелері  қысқа,  оқиғасы  қызықты  болғандықтан,  өз  беттерімен  талдауға 

ұсынудың  күрделігі  жоқ.  Жоғары  кластарда  көркем  шығармаларды  өз  беттерімен  талдауға  көп  көңіл 

бөлу дұрыс [5, 107-б.].  

Әңгімелер  негізіндегі  осындай  басты-басты  проблемаларды  дөп  тауып,  тұжырымды,  нақты 

ғана  талдау  жасау  –  жоғары  кластарда  әңгіме  жанрын  өтудің  ең  бір  өзекті  мәселесі.  Проблемалық 

шешу төмендегідей сұрақтар арқылы жүзеге асырылмақшы. 

1. 


Еркелетіп өсірген қызы Ғазизаға әкесі мен шешесі Ысмайыл, Қалиманның мінез көрсетуі 

не себепті? 

2. 

Іслам Ғазизаға деген сезімін неге ашық көрсетпейді? 



3. 

Жазушы осы оқиға арқылы нені көрсеткісі келген? т.б. 

Сонымен қатар оқушыларға алдын-ала берілген тапсырмалар беруге болады: 

1. 


«Кінәшіл бойжеткен» әңгімесі бойынша тұжырымды қысқа аннотация, талдау жазу. 

2. 


Әңгімедегі суреттеу мен портреттеуге назар аудару. т.б. 

М.  Әуезов  әңгімелерін  оқыту  барысында  осындай  талдау  жасау  арқылы  әңгімені  жан-жақты 

түсіндіріп, танымын қалыптастыруға болады. 

М.  Әуезов  шығармалары  бүгінмен  ғана  өмір  сүруге  болмайды  деп  үйретеді,  өткен 

қиыншылықтардан  сабақ  алу  арқылы  бүгінгі  күн  мәселелерін  шешуге  және  келешекте  кездесетін 

қиыншылықтарды  жеңетін  жолдарды  көрсетеді.  Қазіргі  заманғы  жастарға  тигізер  әсері  мол,  өзінің 

күнделікті  алып  жүрген  білімін,  ерік-жігерін,  шығармашылық  белсенділігін  іс-әрекеттің  белгілі  бір 

түрін  меңгеруге  жұмылдырып,  өмір  ағымына  икемделеді.  Мұхтар  Әуезовтің  бай  рухани  қазынасын 

мектеп бағдарламасында түгелдей шолып өту мүмкін емес. Әйтсе де, жазушының әңгімелеріне талдау 

жасап,  оқытуға  міндеттіміз,  өйткені,  жеткеншек  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  беруде,  танымдық  деңгейін 



арттыруда М. Әуезов шығармаларының маңызы зор. 

 

Әдебиеттер 

1. Мырзағалиев Қ. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп, 1987. 

2. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Санат, 2002. 

3. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1941-1956). Алматы, 2004.  

4. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы: Рауан, 1994. 

5. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту  әдістемесі. Алматы: Рауан, 1997.  

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет