Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи



бет5/7
Дата12.06.2020
өлшемі68,69 Kb.
#73259
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Абай жолы

Халық бейнесі

Жалпы XIX ғасырдың соңғы елу жылындағы қазақ өмірінің көркем шежіресі боп табылатын ұлан-ғайыр эпопеяда барлық қыр-сырымен халық бейнесі жасалды десек, сол халық өкілдерінің ішінен айрықша атап айтарлық бедерлі бейнелер - Дәркембай мен Базаралы. Балағаз бен Абылғазыдан Дәрмен мен Сейітке дейінгі ондаған кейіпкерлер - Дәркембай мен Базаралының әлеум. ортасы, қоғамдық қоршауы. Бұл екеуі жүрген жерлердегі келешек үшін күрестің де сыр-сипаты бөлек, қарсыластардың ара жігі ақ пен қарадай айқын. Осылар арқылы автор романдағы жүздеген типтер мен характерлер ішінен уақыт сынынан өтіп өсетіндерін де, келешегі жоқ өшетіндерін де өмірдің өзіне іріктетіп, сұрыптатып отырады.

Дәркембай - кедей. Малы жоқтың халы жоқ, соры көп, бағы байланған заманда Дәркем- байдың малдылардан, күштілерден көргені - зорлық, қорлық; өмірден алған сыбағасы - жоқшылық, тапшылық. Абай айтқандай, Дәркембайдың өмірге қыран көзіндей ғып көзін ашқан да жоқшылық. Оның көп өмірі Сүйіндік пен Сүгірдің малын бағып, көшіне ілесіп текке өткен. Соны кейін аңғарған Дәркембай өз еңбектерімен жер жыртып, дән сеуіп күн көріп отырған жатақтарға қосылады. Қырық үйлі жатақтың Сүйіндік пен Сүгір сияқты өзімен «атасы туыс емес, тірлігі туыс. Көрген көресі, кешкен соры туыс» деп қосылады. «Күйі бірдің күні бір,- дейді Дәркембай.- Туысым-аталасым емес, өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар; руым, ұраным да осылармен!» Демек, Дәркембайды өзі секілді кедейлермен тағдыр табыстырады. Бұл оның байлармен іргесін біржолата ажыратып, ат құйрығын кескені, өз мүдделестерімен біржола бірігіп, тілекке тілек, білекке білек қосқаны еді. Шаруаға икемді, өресі жеткен жерге дейін ойы да ояу, тілге де біршама жүйрік Дәркембай осыдан былай жатақтарға ақылшы аға, кәдімгідей көшбасшы болады. Өз ортасына айтар ақылы жұрт жадындағы нақылға айналатын Дәркембай: «Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады?» - деп, әшейін аузымен орақ орып, қол қусырмайды, сол күштіге қарсы бел шеше тіктесіп те қалады. «Орта жасқа келген, зор денелі адамды» оқырман алғаш рет Құнанбайға кезелген шиті мылтықтың шүріппесін басқалы жатқан жерінен көреді. Бұл пиғылдан оны Бөжей қайтарып, Құнанбайды Дәркембайдың оғынан арашалап қалады. Енді бірде, жетегінде Қодардан тігерге қалған тұяқ сияқты жетім Дәрмен, қажылыққа жүргелі жатқан Құнанбайға қалың жұрттың көз алдында іскіндеп кеп, қатал талап қояды. Дәркембай талабының әділдігі сондай, әкесі үшін Абай жерге кіре жаздайды. Ақыр-аяғында, жұтқа ұшыраған жарлы ауылға қамсау болам деп, Тәкежан секілді көкжалдарға қарсы көзсіз ерлікке басады. Бұл арада да Дәркембайға Абай қол үшін беріп, көмекке келеді. Осылардың бәрі Дәркембайдың тіршілікте көрген тұрмыс тепкісі қанша ауыр болған мен, қатыгез тағдыр талқысына қасарып, қайратын өле-өлгенше көкке қайрап өткен ер де, табанды күрес адамы екенін көрсетеді. Дәркембайдың кемшін жері болса, нағыз «батыр тұлғалы, кең иық, зор кеудесі төменшіктеп иілмейтін; әрі байсал, әрі маңғаз, тіпті Құнанбай алдынан өтсе де «тіп-тік бойы қымсынбай, қысылмай кететін» Базаралы толтырып тұрғандай. «Ойшыл сергек көзі, ақсұр жүзі, бетінің қызылына» дейін бір түрлі «балқығандай боп нұрланып туратын... ер жігіттің сырт сымбаты да соншалық өзгеше», ішкі мінез-құлқы, ақыл-парасаты да бөлек «бітімді, жақсы туысты білдіреді».

Ал, Базаралының үстемдермен сілкісуі, қалың бұқараның қанаушыларына қарсы күш сынасуы тіпті оқшау - бұл маңда бұрын-сонды болып көрмеген жаңа үлгідегі жойқын әрекет. Ол жуандардың зорлығын көре-көре, қорлығына төзе-төзе әбден шыдамы таусылған көп кедейден қол құрап, тыюсыз да жиюсыз кеткен Тәкежанның бір үйір жылқысын қуып алып, қырып салады. Бұл кесек қимыл бар атырапты түгел сілкіндіреді. Бай ауылдардың түндіктері желпілдеп, болыс-билердің бойлары қалтырағандай болады. Теңсіздік тепкісіндегі қалың бұқараның күреске көзі ашылып, өзін-өзі, өз күшін тың сипатта, жаңа мағынада тани бастайды. Өзі ғана емес, өзге туралы таным да тереңдей түседі: «Мен,- дейді Базаралы,- Құнанбай баласы да өзіміздей адам баласы екенін таныттым. Ұрсаң оған да таяқ өтетінін, жұлқысаң оның да жыртылатын жағасы барын таныттым. Тіпті онан әрі батыл, бекем ұра берсең, тікейіп тұра бере алмай, омақаса жығылып, өлуге де бар екенін таныттым». Абайдың Дәркембайлар мен Базаралылар арқылы өзінің туған халқымен, оның езілген еңбекші бұқарасымен, дәл осы тілектестігі Һәм жүректестігі - халықтық эпопеяның шырқап шыққан идеялық шыңы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет