Мұхтар Зертханалық құралдар мен ыдыстар


Ыдысты кептіруге арналған үстел



бет34/36
Дата11.06.2020
өлшемі0,67 Mb.
#73107
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Зертханалық құралдар мен ыдыстар
21054 6
Ыдысты кептіруге арналған үстел

Ыдысты тақтада (48-сурет) кептірудің кемшілігі ыдыстың қайта кірлеуі болып табылады. Сондықтан аналитикалық зертханаларда, ыдыстың таза болуы шарт болып табылатындықтан, арнайы кептіру үстелдерін пайдаланған дұрыс (49-сурет). Ол – қарапайым үстел, үстінде әртүрлі диаметрлі ойықтары бар. Жуылған ыдысты диаметріне сәйкес ойықтарға салады.Бұл жолмен ыдыстың іші кірлемейді. Ыдыстан аққан су еденге тимес үшін столдың астына темірден жасалған жалпақ воронкалар орнатады.



49-сурет. Химиялық ыдыстарды кептіретін үстел



Ауамен кептіру

Жуылған ыдысты ауа ағынымен де кептіруге болады. Қысаң (сжатый) ауасы жоқ зертханаларда электрлік ауа сорғыштарды немесе резина грушаларды пайдалануға болады. Ыдыстарды суық ауамен де, ыстық ауамен де кептіруге болады. Ауаны груша арқылы резина трубкаларға айдайды. Кептірілетін ыдысқа ауаны үрлейді және оның ішінен ылғалдың толық кетуін күтеді.

Ауаны алдын ала шаңнан және басқа механикалық кірлерден таза мақта қабатынан жасалған фильтр арқылы тазалауға болады. Бұл жағдайда шыны мақтаны қолданған дұрыс, себебі олар химиялық әсерге төзімді, судан, су буынан ісінбейді.

Ауа мақта қабатынан өтіп, металл иір түтіктің жоғарғы тесігінен колонканың төменгі тесігіне түседі. Астынан қойылған оттықта иір түтікті қыздырып және сол арқылы ауаны біркелкі өткізіп, ыдысты жылы ауамен кептіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет