«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Менің елім-Қазақстан» мәнерлеп оқу байқауын өткізу ережесі жалпы ереже



Дата14.10.2023
өлшемі18,24 Kb.
#185359
Байланысты:
ереже өнер алды қызыл тіл


«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында
«Менің елім-Қазақстан» мәнерлеп оқу байқауын өткізу
ЕРЕЖЕСІ


Жалпы ереже

Байқау – туған жер, Отан туралы ақын, жазушылардың өлеңдерінен үзіндіні оқу бойынша өтетін сайыс іс- шара. Байқау аясында қатысушыларға олардың өздері таңдап алған, ақын, жазушыларының өлеңдерінен үзіндіні дауыстап, мәнерлеп, жатқа оқу тапсырылады.




Байқаудың мақсаты


-оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау;
-оқушылардың оқырмандық көзқарасын кеңейту;
-өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
-артист талантты балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.


Байқауды ұйымдастыру және жүргізу

Байқауды Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сі Байқоңыр қаласы бойынша сарапшысы ұйымдастырады.


Байқаудың әділ қазылар алқасы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сі, қоғам қайраткерлерінен құралады.
Сұраныстар Ұйымдастырушы комитетіне 2023 жылдың 17 қазанына дейін жіберіледі.
Сұраныста көрсетілуі керек:
- қатысушының аты- жөні;
- оқу орны;
- орындалатын өлеңнің авторы мен атауы;
-жетекші мұғілімнің аты-жөні, байланыс телефоны.
Байқауға қатысуға сұраныстар мына электронды пошта арқылы қабылданады: aknur9393@mail.ru


Байқаудың шарты

Байқауда туған жер, Отан туралы ақын, жазушыларының өлеңдері орындалады.


Бір оқылымның регламенті 5-7 минуттан аспауы тиіс. Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу, декорация, костюм қолдануға болады. Қатысушы дауысының жазбасын қолдануға болмайды. Әр қатысушы өлеңді ешкімнің көмегінсіз өзі жатқа оқуы керек.
Байқауға әр мектептен 5, 6, 7 сынып оқушыларынан 1 оқушыдан 3 оқушы қатыса алады. 


Оқылымды бағалау

Байқау қатысушыларының оқылымын бағалаудың негізгі критерийлері:


-сөйлеу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы);
-мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымына терең сезіну;
-актерлік шеберлік;
-орындаушының сыртқы түрі;
-шығарма тақырыбымен музыкалық сүйемелдеудің, костюм мен декорацияның үндесуі.
Қатысушылардың өнері 10-балдық жүйемен бағаланады.

Марапаттау

«Менің елім-Қазақстан» байқауының жеңімпаздары болып жоғары баллдары бойынша үш қатысушы таңдап алынады. Жеңімпаздар Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Байланыс тел.: 8(777)451-51-50, Аты-жөні: Пралиева Ақнұр Кемалқызы.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет