Microsoft Word абай қҰнанбаев 1



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата10.06.2020
өлшемі1,7 Mb.
#72974
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
abai kunanbayev1 (1)
Вариант 2 ЛД 117-1, Фармакология экзамен 2 вариант, Nursaule Rau - Іш жарығы, Вби жасанды берілу жолын к рсеті і, фарма тест былтыр, Психология пəнінен тест жауаптары
 
Жетінші.  Әр шумағы төрт жолды, әр жолы сегіз буынды, үйлесі - а, б, 
а, б боп келетін өлең. 
 
Есіңде бар ма жас күнің, – а  
Көкірегің толық, басың бос. – б  
Қайғысыз, ойсыз мас күнің, – а  
Кімді көрсең, бәрі дос. – б 
 
Сегізінші.  Шумағы  да,  жолдарының  буындары  да  жетінші  түрдей  боп 
келетін, бірақ үйлесі – а, а, б, а боп оты ратын өлең. 
 


 
193
Құдай-ау, қайда сол жылдар, - а  
Махаббат, қызық мол жылдар - а  
Ақырын-ақырын шегініп, - б  
Алыстап кетті құрғырлар. - а 
 
Тоғызыншы. Әр шумағында алты жол бар, әр жолында жеті буын бар, 
үйлесі - а, а, б, в, в, б боп отыратын өлең. 
 
Өзін-өзі күндейді, - а  
Жақынын жаттай міндейді. - а  
Ол - арсыздық белгісі. - б  
Үятсынбай, ойланбай,- в  
«Қой» дегенге тіл алмай, - в  
Іс қылмай ма ол кісі. - б 
 
Оныншы.  Әр  шумағында  алты  жол  бар,  1,  2,  4,  5  жолдары  төрт 
буыннан,  3  жолы  жеті  буын,  6  жолы  үш  буын,  үйлесі  -  а,  а,  б,  а,  а,  б  боп 
келетін өлең. 
 
Ем таба алмай, - а  
От жалындай - а  
Толды қайғы кеудеге. - б  
Сырласа алмай, - а  
Сөз аша алмай - а  
Бендеге. – б 
 
Он  бірінші.  Бір  шумағында  жеті  жол  бар,  1,  2,  4,  5,  6  жолдары  төрт 
буыннан,  3  жолы  жеті  буын,  7  жолы  үш  буын,  үйлесі  -  а,  а,  б,  в,  в,  в,  б  боп 
келетін өлең. 
 
Бойы бұлғаң, - а 
Сөзі жылмаң - а 
Кімді көрсең, мен сонан - б 
Бетті бастым, - в 
Қатты састым, - в 
Тұра қаштым - в 
Жалма-жан - б 
 
Он  екінші.  Бір  шумағында  алты  жол  бар,  1,  2,  4,  5  жолдары  бес 
буыннан, 3, 6 жолдары жеті буыннан, үйлесі -а, а, б, в, в, б боп келетін өлең. 
 
Бай сейілді - а 
Бір бейілді, - а 
Елде жақсы қалмады. - б 


 
194
Елдегі еркек - в 
Босқа селтек - в 
Етіп елін қармады, - б 
 
Он  үшінші.  Бір  шумағында  алты  жол  бар,  бастапқы  төрт  жолы  сегіз 
буыннан,  соңғы  екі  жолы  алты  буыннан,  үйлесі  -  а,  б,  а,  б,  в,  в  боп  келетін 
өлең. 
 
Қуаты оттай бұрқырап, - а  
Уәзінге өлшеп тізілген. - б  
Жаңбырлы жайдай сырқырап, - а  
Көк бұлттан үзілген. - б  
Қайран тіл, қайран сөз - в  
Наданға қадірсіз. - в 
 
Он төртінші. Бір шумағында алты жол бар, 1, 3 жолдары бес буыннан, 
2, 4 жолдары жеті буыннан, 5, 6 жолдары алты буыннан, үйлесі - а, б, а, б, в, в 
боп келетін өлең. 
 
Қор болды жаным, - а  
Сенсіз де менің күнім. - б  
Бек бітті халім, - а  
Тағдырдан келген зұлым. - б  
Тағдыр етсе алла, - в  
Не көрмейді пәндә?- в 
 
Он  бесінші.  Бір  шумағында  сегіз  жол  бар,  1,  2,  4,  5  жолдары  бес 
буыннан, 3, 6, 7, 8 жолдары сегіз буыннан келетін, үйлесі - а, а, б, в, в, б, г, г 
боп отыратын, Абайдың езі «Сегіз аяқ» деп атаған өлең. 
 
Алыстан сермеп, - а  
Жүректен тербеп, - а  
Шымырлап бойға жайылған, - б  
Қиуадан шауып, - в  
Қисынын тауып, - в  
Тағыны жетіп қайырған, - б  
Толғауы тоқсан қызыл тіл, - г  
Сөйлеймін десең, өзің біл. – г 
 
Он  алтыншы.  Бір  шумағында  тоғыз  жол  бар,  1,  2,  4,  5  жолдары  төрт 
буыннан,  3,  6  жолдары  жеті  буыннан,  7  жолы  бес  буын,  8,  9  жолдары  үш 
буыннан, үйлесі -а, а, б, в, в, б, г, г, г боп келетін өлең. 
 
Қайын бардық, - а  


 
195
Қатын алдық, - а  
Енші тиді азғана. - б  
Шаруа атандық, - в  
Енді ойландық, - в  
Қала берді бозбала. - б  
Бұрынғы қайда? - г  
Ойбайла, - г  
Не пайда?! – г 
 
Он жетінші. Бір шумағында он төрт жол бар, 1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14 
жолдары алты буыннан, 5, 6, 12, 13 жолдары үш буыннан келетін, үйлесі-а, б, 
а, б, в, в, г, д, е, д, е, ж, ж, г боп келетін өлең. 
 
Сырмақ қып астына - а  
Байының тоқымын - б  
Отының басына - а  
Төрінің қоқымын- б  
Бүксітіп, - в  
Бықсытып, - в  
Қоқсытып келтірді. - г  
Осының бәрімен - д  
Кеңілінде міні жоқ - е 
Жүзінің нәрі мен д 
Бойының сыны жоқ. - е  
Бүкшиіп, - ж  
Сексиіп, - ж  
Түксиіп өлтірді. – г 
 
Он сегізінші. Бір шумағында он төрт жол бар, 1, 3, 8, 10 жолдары сегіз 
буыннан, 2, 4, 9, 11 жолдары жеті буыннан, 5, 12 жолдары бес буыннан, 6, 7, 
13, 14 жолдары уш буыннан, үйлесі - а, б, а, б, в, в, в, г, д, г, в, в, в боп келетін 
өлең. 
 
Ата-анаға көз қуаныш - а  
Алдына алған еркесі, - б  
Кекірегіне көп жұбаныш, - а  
Гүлденіп ой өлкесі. - б  
Еркелік кетті, - в  
Ер жетті, - в  
Не бітті? – в 
Оқытарсың молдаға оны, - г  
Үйретерсің әрнені - д  
Медеу етіп ойы соны - г  
Жаны тыныштық көрмеді. - д  


 
196
Жасында күтті, - в  
Дәме етті, - в  
Босқа өтті. - в 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет