Microsoft Word Берке Аю !docx


 Берке тауарды қайдан алды?



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата03.12.2022
өлшемі176,69 Kb.
#161094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
берке аю
Гулназ слайд, кесте өнері
2. Берке тауарды қайдан алды? 
 
Көктем бойы Берке аю бал сатумен айналысты. Орманды тұрғындары тəтті 
балды дастарханға қою үшін, тұмау тиген балаларына дəрі ретінде беру үшін алып 
жатты. Сауданың қызығына батқан Берке аю қоймадағы балының таусыла бастағанын 
байқамай да қалды. Соңғы бөшкенің түбіне қараса бал жоқ. Енді қайтпек керек?
Аю сонда бал араларға барады. 
- Аралар, маған бал сатыңдаршы. Менде сататын тауар қалған жоқ, – деді Берке аю. 
- Ж-жжж,- деп шулап қоя берді аралар. 
- Сата алмаймыз. Саған бал сату үшін біз оны бірінші жинауымыз керек. 
- Ендеше тездетіп жинасаңдаршы! – деді аю шыдамсыздана. 
- Бұл оңай шаруа емес. Бірінші жер жасылға боялып, гүлдер гүлдеуі керек. Содан соң 
біз тынбай еңбектенуіміз керек. Гүлден гүлге қонып, үлпілдеген аяқтарымызбен 
шырынын тасып, ұяшықтарға жинаймыз. Егер жаз ыстық болып, еңбек өнімді болса – 
жаздың ортасында саған сатармыз, – деді. 
Аю ойланып қалды. Жаздың ортасына дейін не сатарын білмеді. 
Осы кезде талдан талға секіріп, жаңғақ жеп жүрген Тиіндерге көзі түсті.
- Ерте көктемде жаңғақты қайдан алдыңдар? - деді оларға аю таңдана. 
- Біз былтыр аш қалмайық деп жаз бен күз бойы қор жинадық, - деді тиіндер. 
- Ендеше маған бір қапшық жаңғақ сатыңдаршы, – деді аю. Осылайша еңбекқор 
тиіндерден алған бір қап жаңғақты арқалап жолға шықты. Жол жөнекей алма жеп 
отырған кірпілер отбасын көреді. Олар да былтыр жаз-күз тынбай қор жинап, енді 
соны азық қылып жүргендерін айтады. Қор жинаудың пайдасын Берке аю осы кезде 
түсінді. Кірпілермен де келісіп, бір қап алмасын арқалап аю дүкеніне келді. Тиіндерден 
100 дана жаңғақты 100 теңгеге алған Берке аю əр данасын 2 теңгеден сататын болды. 
Нəтижесінде 100 теңге пайда көрді. Кірпіден 20 алманың əрқайсысын 10 теңгеден 
алған ол əр данасын 15 теңгеден сатуды ойлады.
- Тауарды дүкен сөресіне қоймай тұрып оны өсіріп, теріп, жинап, қорға айналдыру 
керек екен, - деп түйді Берке аю.
Ақылгөй Қарғаның сұрақтарына жауап іздеп көрейік. 
1. Ата-анаңнан жұмыста не өндіретінін сұра! 
2. Балақай, сен де қор жинайсың ба? 
3. Берке аю 20 дана алманы 10 теңгеден алып, 15 теңгеден сатқанда қанша табыс 
табады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет