Microsoft Word Берке Аю !docx



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата03.12.2022
өлшемі176,69 Kb.
#161094
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
берке аю
Гулназ слайд, кесте өнері
9. Сауысқанның тапқырлығы 
 
Берке аюдың дүкенінде жаз бойы жеміс-жидекке деген сұраныс толастамады. 
Əсіресе Берке аюдың өзі өсірген сəбізі мен құлпынайын Орманды тұрғындары көп 
алды. Алайда тұрғындар дəмі тіл үйіретін балға көп қызықпады. Тəтті балды сату үшін 
Берке аю қандай айла қолданбады?! Бағасын да арзандатты, əр шыны балға бір сағыз 
қосып та берді. Осылайша екі бөшке балды тым арзанға сатып тауысты.
Бір күні Берке аю мен көмекшісі Сауысқан дүкенде отырғанда есік қағылды. Берке аю 
ашып қараса, еңбекші бал аралардың басшысы екен. 
– Жжж, амансың ба, Берке! – деді еңбекші ара. 
– Аманшылық аражан, не шаруамен келдің? 
– Күз де кеп қалды. Көктемде келіскеніміздей саған 4 бөшке бал жинап қойдық. Соны 
əкеліп тұрмыз. Жжж, - деді ара басшысы. 
– Ааа, маған бал керек емес, – деді Берке аю. – Көктемде сендерден алған бөшке балды 
əрең саттық. Ешкім бал алмай қойды. Кешірерсің, бұл бөшкелеріңді ала алмаймын. 
Аралар басшысы: 
– Енді қайттік? Қасқыр мырза да бал алмай қойды. Қысқы азыққа қайдан ақша 
табамыз, - деп шулап қоя берді аралар. 
Осы кезде əңгімеге Сауысқан араласты: 
–Уайымдамаңдар аралар, біз сендер жиған барлық балды аламыз! 
Бұл жаңалыққа қуанған аралар шулап: 
– Рақмет сіздерге! – деп ұша жөнелді. 
Берке аю аң-таң. Аралар кеткеннен кейін Сауысқаннан неге бұлай дегенін сұрады. 
– Алаңдама. Кейін түсінесің, – деді Cауысқан. 
Көп ұзамай қылышын сүйретіп қыс та келді. Берке аю мен Сауысқан кептірілген 
жемістерді, компот пен тосапты сатып жатты. Қоймада əлі 4 бөшке бал бар. 
- Сауысқан досым, біз осы балды бекер алмадық па? – деді Берке аю.
Сауысқан: 
- Аюеке, уайымдамаңыз. Биыл қыс қатты болады. Бал əлі қажетімізге жарайды, – дей 
беріп еді, дүкенге қалың киініп алған Қояндар келді. Күркілдеп жөтеліп тұр. - Аюеке, 
амансыңдар ма. Мына қыс өте қатты, жанұямызбен тұмауратып қалдық. Ем жасайық 
деп бал іздеген едік, Ормандыда ешкімде бал жоқ, – деді жөтелі үдеп. 
Берке аю Сауысқанның күзде 4 бөшке балды не үшін алғанын енді түсінді. 
- Бізге дəл келіпсіздер. Бізде бал жетеді, – деп Берке аю қоймадан бір бөшке балды 
көтеріп шықты. Қояндар алғыстарын жаудырып үйлеріне тарқасты. 
Жолшыбай барлық Орманды жұртына Берке аюдың дүкенінде бал көп екенін айтып 
жүрді. Сол күннен бастап Берке аюдың дүкеніне келушілер толастамады. Берке аю 
Сауысқанның тапқырлығына қатты риза болды.
- Сауысқан досым, сен өте ақылды іс жасаған екенсің. Мен сенің еңбегіңе тəнтімін. 
Саған бұл айда жалақыңмен бірге сыйақы тағайындаймын, – деді Берке аю. 
- Рақмет, Берке досым. Саудада мұндай жағдайлар болып тұрады. Көрдің бе, күзде 
ешкімге бал керек болмады. Тіпті, Қасқыр мырза да бал алмапты. Мен осыны естіген 
соң барлық балды сатып аламыз деп айттым. Өйткені қыстың суығында Орманды 
тұрғындары сырқаттанып қалса, дəрі таппай қалар еді.
- Жарайсың Сауысқан! – деді Берке аю досының тапқырлығына сүйсіне.
1.
Балақай, қысқа сақтауға болатын қандай көкөніс түрлерін білесің?
2.
Дефицит туралы естуің бар ма? Үлкендерден сұрап біліп көрші!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет