Microsoft Word История.№1,2010



Pdf көрінісі
бет25/68
Дата25.04.2020
өлшемі1,65 Mb.
#64624
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
Байланысты:
таңба 222333

 
 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ƏӨК:  
ҚОРҒАНЫС ӨНЕРКƏСІБІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЗАУЫТТАРЫ (№ 621 ЗАУЫТ) 
ХХ ғ. – 40 - жылдарының басы 
 
С.Байдильдина–  
Абай атындағы ҚазҰПУ, т.ғ.к  
 
Отандық  тарих  ғылымында  зерттеу  нысанасы  ретінде  өзекті  де  ауқымды  тақырыптың  бірі - 
кезіндегі  КСРО-ның  əскери - өнеркəсіп  кешенінің (ƏӨК)  қалыптасуы  мен  дамуында,  оның  аймақтық 
бөлімі  ретінде  өзіндік  ролі  мен  орны  болған  Қазақстан  əскери - өнеркəсіп  кешенінің  қалыптасуының 
тарихи  тəжірибесі  мен  проблемалары  болып  отыр.Тақырыптың  маңыздылығы  бүгінгі  Қазақстан 
басшылығының қорғаныс - өнеркəсіп кешенін жандандыруға ерекше көңіл бөлуінен де көрінеді. Оған 
соңғы  жылдары  қабылданып  отырған  бірнеше  мемлекеттік  заңдар  қатары  «Қазақстан 
Республикасының  Ұлттық  қауіпсіздігі  туралы», «Қазақстан  Республикасының  қорғанысы  туралы», 
«Қазақстан Республикасының əскери доктринасы», т.б.  дəлел.  
 
Республика  қорғаныс - өнеркəсіп  кешенінің  проблемалары  мемлекеттік  билік  органдарының, 
алдыңғы  қатарлы  өндірістік  жəне  ғылыми  ұйымдар  мен  мекемелердің  де  назарында.  Мұны 
мемлекетіміздің  сыртқы  əскери - саяси  жағдайы,  еліміздің  əскери  қауіпсіздігі  мен  əлеуметтік-
экономикалық  саласындағы  атқарылып  жатқан  іс-шаралар,  ғылыми-техникалық  прогресімен  де 
түсіндіруге  болады.  Ел  Басы  Н.Ə.Назарбаев  «Сындарлы  он  жыл»  кітабында  қауіпсіздік 
тұжырымдамасының  бағытын  белгілеген  болатын. «Біртұтас  Орталық  азиялық  геосаяси  блокты 
қалыптастыруды  стратегиялық  мақсат  негізінде  дамыту»  қажеттігіне  назар  аударып, «аймақтағы 
мемлекеттер  арасында  тəжірибе  алмасу  мен  əскери  ынтымақтастықты  барынша  ширату  жəне  əскери 
оқу-жаттығуларға қатысып, оны бірігіп өткізуге» шақырған  еді /1/. 
 
Мақалаға  арқау  болып  отырған  республиканың  əскери - өнеркəсіп  кешенінің  қалыптасуында 
шешуші факторлардың бірі болған - қорғаныс өнеркəсібі зауыттары мен кəсіпорындарының пайда болу 
жəне қалыптасу тарихы.  
 
Қазақстан  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында,  одан  кейін  де  КСРО-ның  əскери - стратегиялық, 
экономикалық өмірінде өзіндік маңызға ие болды. Соғыс өнеркəсіптің барлық салаларының қорғаныс, 
машина  жасау,  металлургия,  жылу-энергетикалық,  қару-жарақ,  оқ-дəрі,  тамақ,  т.б.  шоғырландыруды 
талап  етті.  Соған  сəйкес  республика  өнеркəсібі  тұтастай  соғыс  жағдайына  көшірілгендігі  белгілі. 
Соғыстың  алғашқы  жылы-ақ  еліміздің  облыстарына,  өнеркəсіп  орталықтарына  ондаған  зауыттар  мен 
кəсіпорындар  көшіріліп  əкелініп  орналастырылды  жəне  олардың  жұмысы  майдан  қызметіне 
бағытталды. 
 
Соңғы  жылдары  қол  жеткізілген  мұрағат  деректері  осы  өнеркəсіп  орындарының 
республиканың ƏӨК-нің қалыптасуындағы ролі мен орнын анықтауға мүмкіндік беріп отыр.  
 
«Қазақстанның  əскери-өнеркəсіп  кешені:  қорғаныс  өнеркəсібінің  алғашқы  зауыттары» 
сериясымен  жарық  көретін  мақалаларда  əскери  өнім  шығарушы  алғашқы  зауыттардың  тарихы, 
олардың  соғыс  жағдайындағы  материалдық – техникалық  ахуалы,  əлеуметтік – тұрмыстық 
инфрақұрылымдары, проблемалар мен нəтижелер сөз болады. 
 
Б(б)КП  Орталық  Комитетінің  Саяси  Бюросы 1941 жылдың 23 маусымында  қару-  жарақ 
өндіруге  Оқ-дəрі  Халық  Комиссариатына  қарасты 65 кəсіпорынның  сыртында 600 «азаматтық» 
зауыттардың  да  қатысатындығы  туралы  шешім  қабылдады.  Химия  өнеркəсібі,  жалпы  машина  жасау, 
орта жəне ауыр машина жасау, қара жəне түсті металлургия Халық Комиссариаттарына қару-жарақ, оқ-
дəрі өндірісі бойынша шұғыл жоспар жасап, өндірісті соғыс жағдайына көшіру туралы кезек күттірмес 
шұғыл  тапсырма  берді.1941жылдың 16 тамызында  КСРО  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  мен  Б(б)  КП 
Орталық Комитеті «Поволжье, Орал, Батыс Сібір, Қазақстан мен Орта Азия аудандарына 1941 жылдың 
4  кварталы мен 1942 жылға  арналған əскери - шаруашылық  жоспарын»  бекітті.  Жоспар неғұрлым аз 
уақыттың  ішінде  елдің  шығыс  аудандарында  негізгі  əскери-өнеркəсіп  базасын  жасауды  міндеттеді. 
Базада танк, самолет, авиамотор, атқыштар қару-жарағын, артиллерияның барлық түрін, миномет, оқ -
дəрі, т.б. шығаруды ұйымдастыру көзделді. 1941жылдың жаз айларында-ақ елдің батыс аудандарынан 


 
36
1 360  ірі  өнеркəсіп  кəсіпорындары  шығысқа  көшірілді.  Олардың 455-і  Оралға, 210-ы  Батыс  Сібірге, 
250-і Қазақстан мен Орта Азияға жөнелтілді/2/.  
Бұл кəсіпорындарды көшіру, орналастыру жəне іске қосу Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің 
(МҚК) 1941 жылдың 7 тамызындағы «Эвакуацияланған кəсіпорындарды орналастыру тəртібі туралы»,  
1941 жылдың  29 қазанындағы «Волга, Орал, Сібір, Орта Азия мен Қазақстанға көшірілген зауыттарды 
қалпына келтіру кестесі» қаулыларына сəйкес жүзеге асырыла бастады.  
1941  жылдың  шілдесі  мен 1942 жылдың 1 наурызы  аралығында,  яғни  жеті  ай  ішінде  ғана 
майдан шебінен республикамызға қорғаныс өнеркəсібінің 22 кəсіпорны көшіріліп əкелінді/3/. 
«Өте құпия» грифімен Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті Қорғаныс өнеркəсібі бөлімінің  1942 
жылдың наурыз-сəуір айларына жасалған жұмыс жоспарына сүйенсек, зауыттардың 6-ауы  Солтүстік 
Қазақстан облысы,  3-еуі Қостанай облысы,    2-еуі Батыс Қазақстан облысы,   1- еуі Ақтөбе облысы, 2-
еуі    Қарағанды  облысы, 1-еуі      Оңтүстік  Қазақстан  облысы  жəне 6-ауы  Алматы  қаласына 
шоғырландырылған    екен/4/.  Жоспар  зауыттардың  өндіруі  тиіс  өнім  түрлері  мен  олардың  көлемі 
туралы мəліметтер береді. Өнім түрлерінің сан-алуан екенін байқаймыз: əскери радиостанциялар, КБ-3, 
АГ,  ПГМ-1,  М-08,  т.б.  мина  түрлері,  авиабомбалар,  артиллерия  снарядтары,  əуе  қорғанысында 
пайдаланатын жоғары вольтты түзеткіштер, Сердюк гранатасының бөлшектері, т.б.  
Мұрағат  құжаттарының  деректері  ҚазКСР  Қорғаныс  өнеркəсібі  зауыттарының 1942 жылғы 
жұмысы  туралы  есептеріне  сүйеніп,  біраз  мəселелердің  мəн-жайын  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Мəселен, зауыттардың мекен-жайы, басқару аппараты, өнім түрлері мен жоспардың орындалу барысы, 
кадр  мəселесі,  зауыттың  жетістіктері  немесе  зауыт  жұмысын  тежеуші  факторлар,  кəсіпорындардың 
өндірістік жəне əлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымдары,т.б./5/ 
Жоғарыда  Қазақстанға  көшірілген  қорғаныс  өнеркəсібі  зауыттарының 6-ауының  Солтүстік 
Қазақстанға орналастырылғандығы айтылды. Солардың  бірі Көкшетау қаласында қоныс тепкен № 621 
зауыт еді. 1941 жылы Эвакуация Кеңесінің шешімімен КСРО Қаруландыру Халық Комиссариатының 
№ 460 Подольск  зауыты  жабдықтарының  біраз  бөлігі  Көкшетауға  көшіріліп,  мұнда  ол  өз  алдына 
дербес № 621 кəсіпорын ретінде қайта құрылды. Зауыт мынадай екі бағытта жұмыс жасауы тиіс болды: 
1. М-82 минасын жасау; 2. «Бромет» приборы мен тігін машинасын шығару/6/.  
Деректер  зауыттың  КСРО-ның  қорғаныс  өнеркəсібі  үшін  ролі  мен  маңызының  күшті 
болғандығын көрсетеді. 1942 жылдың 7 шілдесінде КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің №12 495-рс 
өкімімен  КСРО  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  төрағасының  орынбасары  Л.  Берия  Қаруландыру  Халық 
Комиссариатына
 
қарасты 
 
82  мм
 
мина  корпусын    жасаушы
 
№ 621 зауытты  электр  қуатымен 
қамтамасыз ету үшін ерекше тапсырма берді. Онда Қаруландыру Халық Комиссариатына 1942 жылдың 
10  шілдесіне  дейін  Коломна  қаласындағы  № 4 зауыттың  филиалынан  № 621 зауытқа  қуаты 500 л.с 
дизель-генераторын жəне осы жылдың 12 шілдесіне дейін Воткинск зауытынан екі дизель-генераторын 
жеткізуді,  сонымен  қатар  бұл  тапсырмаларды  өз  уақытында  орындау  үшін  Жол  Қатынастары  Халық 
Комиссариатына  арнайы  вагон  бөлуді  бұйырады/7/.  Зауытты  энергия  көзімен,  технологиялық 
жабдықтармен  қамтамасыз  ету  туралы  мəселенің  бұған  дейін  де  бірнеше  рет  көтерілгендігін  КСРО 
Қаруландыру Халық Комиссарының орынбасары Н. Агеев, Қазақстан К(б)П хатшысы Скворцов жəне 
№ 621 зауыт директоры  Макарущенко арасындағы телеграф, хаттар көрсетіп отыр/8/. 
Кəсіпорынды іске қосу жəне пайдалану төңірегіндегі мəселелер үнемі үкімет назарында болды. 
Қаруландыру Халық Комиссариатының  күрделі құрылыс Бас Басқармасының бастығы Б. Агдатьевтің 
Солтүстік  Қазақстан  К(б)П  Облыстық  Комитеті  мен  Қазақстан  К(б)П  хатшысы  Скворцовқа 1942 
жылдың 28 шілдесіндегі  «№ 621 зауыттың  құрылысы  мен    оны  пайдалануға  беру»  мəлімдемесінде 
зауыттың  энергетикалық  базасы,  оның  құрылыс  материалдарымен,  негізгі  өндіріске  қажет 
материалдармен,  жұмыс күші,  сумен   қамтамасыз етілуі  сияқты  бірнеше  мəселе  бойынша  атқарылып 
жатқан  іс-шаралар    жөнінде  есеп  береді /9/. Мəлімдеме  мазмұнынан  зауыт  жұмысын  ұйымдастыру 
үшін ауадай қажет, үкімет басшылығы міндеттеп отырған жұмыстардың орындалу барысы мен деңгейі 
анық  көрінеді.  Мəселен,  зауыттың  энергетикалық  базасын  құру  туралы  пункттен  КСРО  Халық 
Комиссарлар  Кеңесі  төрағасының  орынбасары  Л.  Берияның  бұйрығының  бұлжытпай  орындалғанын 
байқаймыз. Құжатта 1942 жылдың 9-16 шілдесі аралығында № 621 зауытқа Воткинск қаласындағы № 
235 зауыттан  қуаты 300 жəне 340 л.с.  дизель-генераторының, 12 шілдеде  қуаты 500 л.с.  дизель-
генераторының  жөндеуден  өтіп  жіберілгендігі  жəне  оны  орнату  үшін  үш  тəжірибелі  дизелшінің  қоса 
кеткендігі  айтылады.  Сонымен  қатар  № 621 зауыттың  қарамағындағы  жарамсыз  немесе  іріктеп 
жинақтауды  қажет  ететін  дизель-генераторларды  іске  қосу  үшін  Қазан  қаласынан 39 синхронды 
мотордың бөлінгендігі жəне оны қабылдап, зауытқа жеткізу үшін адамдар жіберуді сұрап 26 шілдеде 
мекеме директоры Макарущенкоға телефонограмманың жіберілгендігі сөз болады. 


 
37
Мəлімдеме  зауытты  құрылыс  материалдарымен  қамтамасыз  ету    деңгейінің  біркелкі 
болмағандығын  көрсетеді.  КСРО  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  бекіткен  жоспарға сəйкес 1942 жылдың 
бірінші жартысында № 621 зауыттың құрылыс жұмыстары үшін 38 вагон цемент (682 тонна), 4 вагон 
əйнек (8000 кв. метр), 100 вагон жұмыр ағаш (2000 куб метр), 90 вагон  кесілген ағаш (2 250 куб метр) 
бөлінген  екен.  Бірақ  Б.  Агдатьев  хабарламасының  мəліметтеріне  сүйенсек  зауытқа  осы  уақыт  ішінде 
келіп  жеткен  құрылыс  материалдарының  көрсеткіші  төмендегідей  болып  шығады:  цемент 146 тонна, 
жұмыр ағаш 128 куб метр, кесілген ағаш 24 куб  метр. Жоспар мен оның орындалуы арасындағы үлкен 
алшақтықты  байқаймыз.  Жоспардың  орындалмауы  негізінен  теміржол  бойындағы  кемшіліктер  мен 
зауыттың белсенділік танытпауынан болған.  
Ал  зауыттың  негізгі  өндірісі  үшін  қажет  материалдармен  қамтамасыз  ету,  керісінше,  жоғары 
деңгейді көрсетеді. Жоспар бойынша маусым айында зауытқа жеткізілуі тиіс 45-маркалы Ф-34 сапалы 
болат көлемі 10 тонна болса, ол 20 тоннаға орындалған, шілде айында 100 тонна болып белгіленсе, ол 
сол көлемде жеткізілген (қамтамасыз етуші - Магнитагорск зауыттары). 
Сол  жылдардағы  қорғаныс  зауыттарының  құрылысы  мен  негізгі  өндіріс  жұмыстарын  жұмыс 
күшімен қамтамасыз ету мəселесі де КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінде күн тəртібінен түспеді. № 
621 зауыт та солардың қатарынан табылды. 1941 жылы көшіріліп əкелінген зауыт өзімен бірге не бəрі 
376 жұмысшы, 135 инженер-техник мамандарын, құрамына дəрігерлер, орта медицина қызметкерлері 
кірген 110 адамнан  тұратын  санитарлық-бақылау  пунктін
 
əкелген  екен.  Сол  себепті  зауыт  құрылысы 
мен  өндірісін  жергілікті  тұрғындар  есебінен  қамтамасыз  ету  қолға  алынды.  Қаруландару  Халық 
Комиссариатының ұсынысымен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі 1942 жылдың 28 мамырындағы  № 
785-405с  Бұйрығымен  жергілікті  тұрғындардан 2000 адамды,  фабрика-зауыт  жұмыстарына  оқыту 
мектептерінің  түлектерінен 101 адамды  № 621 зауыттың  құрылыс  жұмыстары  мен  негізгі  өндірісіне 
жұмылдыруға рұқсат етілді/10/.  
Кəсіпорынның 1942 жылғы  есебінің  мəліметтеріне  сүйенсек,  осы  жылы  зауыт  жұмысына 
жергілікті  тұрғындар  есебінен 800 адам,  фабрика-зауыт  жұмыстарына  оқыту  мектептерінің 
түлектерінен 150 адам,  ерікті  түрде  жалданғандар 1 406 адам,  басқа  кəсіпорындардан  ауысқандар 
есебінен 89 адам тартылған/11/.Маман-кадрлармен қамтамасыз етудің, мамандар даярлаудың тағы бір 
жолы – зауыттың өз ішіндегі кəсіби мамандарға оқушылар бекітіп беру болды.  
Осындай іс-шаралар нəтижесінде 1942 жылы кəсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілу 
дəрежесі төмендегідей болды: 
 I 
квартал II 
квартал III 
квартал IV 
квартал 
 
жос-
пар 
есеп % жос-
пар 
есеп % жос-
пар 
есеп % жос-
пар 
есеп 
Жұмыс-
шылар 
1250 364  29,8  600  546  91  1200 1061 88,4  1780 1532 86,1 
Инженер-
техник 
мамандар 
150 159 106,0 
160 169 105,6 
200 192,0 
96,0 200 212 106,0 
Қызмет-
керлер 
70 
106,0 117,1 169  113  113,0 130  136  104,6 140  141  100,7 
Кестеден  өндіріс  орнының  жұмыс  күшімен  негізінен  қамтамасыз  етілгендігін  байқау  қиын 
емес. 
Мұның  сыртында  түрлі  себептермен  зауыттан  жұмыстан  кеткендер  қатары  да  аз  болған  жоқ. 
Осы есепті жылдың өзінде Қызыл Əскер қатарына алынғандар, денсаулығы мен жан ұя жағдайларына 
байланысты жұмыстан босағандар саны 439 адамды құраған. 
 1942 
жылғы жоспардың орындалу барысын мына кестеден көреміз/12/:  
 
Жалпы өнім 
Тауарлы өнім 
 
жоспар 
есеп % 
жоспар 
есеп % 
1 квартал 
5 000,0 
6 92,4 
13,8 
4 411,7 
495,1 
11,2 
2 квартал 

800,0 
983,1 54,6 
956,0  868,2 90,9 
3 квартал 
4  100,0 
2 228,0 
55,7 
3 235,0 
576,0 
17,8 
4 квартал 
5  500,0 
5 500,0 
100,0 
5 119,0 
5 709,0 
111,5 
Жыл бойынша 
қорытынды 
16 400,0 
9 403,6 
51,2 
13 721,0 
7 648,3 
57,0 


 
38
Кестеден I жартыжылдық  пен III квартал  бойынша  жоспар  мен  оның  орындалуының 
арасындағы  үлкен  айырмашылықты  байқаймыз.  Жоспар  тіпті  бірнеше  есеге  төмен  орындалған. 
Мұндай  төменгі  көрсеткіштің  себептерін  былайша  түсіндіруге  болады: 1-ден,  бірінші  жартыжылдық 
пен III кварталда  негізінен  зауыттың  құрылысы,  құрал  -жабдықтарды  қондыру  жұмыстары  мен 
өндірісті  іске  қосуға  дайындық  жүрді; 2-ден,  электр  қуатымен  қамтамасыз  етудің  жеткіліксіздігінен 
зауыт жұмысы өте баяу жүрді.  
Соған  сəйкес  зауыттағы  еңбек  өнімділігінің  бір  жұмысшыға  шаққандағы  орта  жылдық 
орындалуы да төмен еді. Егер I кварталда жоспар 47,6%-ға орындалса, II кварталда 60,0%, III кварталда 
63,0%, IV кварталда 116,2% -ға орындалған екен. Еңбек өнімділігінің бір жұмысшыға шаққандағы орта 
жылдық орындалу көрсеткішін мынадай кесте арқылы берсек те болады: 
 
Жоспар 
Орындалуы % 
1 квартал 1333,33  634,06 
47,6 
2 квартал 1000,00  600,18 
60,0 
3 квартал 1111,11  700,00 
63,0 
4 квартал 
1030,00 1196,69 116,2 
Жыл  бойынша 
қорытынды 
4474,33 3130,93 69,9 
Мұнда  да  зауыт  жұмысының  қарқын  алуы IV кварталда  басталған.  Бұл 1942 жылдың III 
кварталының соңында Воткинск қаласынан бірнеше дизель мен моторлардың келуі жəне олардың іске 
қосылуына байланысты  болды. Оны кесте мəліметтері де растайды. 
Осылайша,  ХХ  ғасырдың 40-жылдарының  басында  республикамызда  қорғаныс  өнеркəсібінің 
алғашқы  зауыттары  пайда  бола  бастады.  Бірақ  алғашқы  кезеңде  ол  құрылыстардың  көпшілігі  Халық 
Комиссариаттары  мен  Орталық  жоспарлау  органдарының  тиісті  дəрежедегі  қолдауларына  ие  бола 
алған  жоқ.  Сол  себепті  де  кəсіпорындардың  құрылысын  қаржыландыру,  оларды  құрал-жабдық, 
материалдармен қамтамасыз ету өз деңгейінде жүрмеді. Нəтижесінде соғыстың алғашқы жылдары бұл 
зауыттар, соның ішінде № 621 зауыт əскери өнім өндіруге толық дайын болмады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет