Microsoft Word История.№1,2010


САЯСАТТАНУДЫҢ  КЕЙБІР  МƏСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет40/68
Дата25.04.2020
өлшемі1,65 Mb.
#64624
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Байланысты:
таңба 222333

САЯСАТТАНУДЫҢ  КЕЙБІР  МƏСЕЛЕЛЕРІ  
НЕКОТОРЫЕ ПРОБЛЕМЫ ПОЛИТОЛОГИИ 
 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМНІҢ ƏЛЕУМЕТТІК-САЯСИ  МƏНІ 
 
Ж.Қ.Симтиков –   
саяси ғылымдарының докторы, теориялық қолданбалы саясаттану 
 жəне əлуеметтану кафедрасы 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.  Назарбаев  өзінің  биылғы  жылғы  «Жаңа 
онжылдық-  жаңа  экономикалық  өрлеу - Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Жолдауында  «Бұл 
бағдарламаның түпкі мақсаты- еліміздің тəуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол 
ашу, оның тілі мен мəдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу. Келер ұрпақтың жүзін жарқын 
ететін бұл мақсатқа біз асқан табандылықпен ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз»/1/ - 
дегенде ол осының бəрі патриотизмнің арқасында болатындығын меңзегенін байқау қиын емес. 
Патриотизм  əлеуметтік-саяси  құбылыс  ретінде  адамзат  өркениетінің  барлық  кезеңдерінде 
көрінеді.  Ежелгі  Грецияның  жəне  Римнің  антикалық  полистерінде  еркін  азаматтар  өздерін  өз  туған  
елінің,  мемлекетінің  патриоты  деп  санады.  Тарихи  ретроспективада  патриотизмді  «ежелгі  саяси 
феномен» ретінде қарастыруға болады. Əлемдік тəжірибе бойынша, патриоттық идеал ретінде ұлттық 
абырой,  туған  жеріне,  еліне  деген  махаббат,  салт-дəстүр  жолын  қуушы,  мемлекет  қызығушылығын 
жақтайтын, ал  керек кезде оны қолына қару алып қорғайтындар жатады. Осы саяси  мəдениеттің жəне 
саяси сананың сегменттері азаматтарда мемлекеттің саяси  идеологиясының əсерімен қалыптасады. 
Орта  ғасырлардағы  Ұлы  географиялық  ашылулар  кезеңінде  европа  континентінің  ең  мықты 
державасы  болған  Испания  құрлық  пен  қатар  жердеде  өз  үстемдіктерін  көрсетті.  Бірақ, 1588 жылы 
жеңілмейтін  Испанияның  «Ұлы  Армада»  флоты  Ламанш  бұғазында  ағылшындардың  кішігірім 
флотилясынан  жеңіліс  тапты.  Осы  жеңістегі  патриотизм  рухы  əрі  қарай  Британияны  теңіздің  иесі 
ретінде  қалыптастырды.Ең  негізгісі  экономикалық  күшті  дамыған  мəденитке  əкелді.  Мысалға,  Кеңес 
қоғамының  саяси  саласында  патриотизм  мəселесі  өте  маңызды  орынға  ие  болған.  Ол  коммунистік 


 
60
сананың бөлінбейтін құрамдас бөлшегі болып саналды.Сондықтан да Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 
негізін  патириотизм  қалады  деп  айтуға  болады.  Бұрынғы  Кеңестер  Одағы  бүгінде  бірнеше  тəуелсіз 
мемлекеттерге  бөлінген.  Көбісі  полиэтникалық  болып  табылады.  Олардың  алдында  мемлекет 
тəуелсіздігін  нығайту  туралы  өзекті  мəселе  тұр.  Тəуелсіздікті  нығайтудың  негізгі  жолы  барлық 
қазақстандықтардың  басын  біріктіретін  қазақстандық  патриотизмге  негізделген  жан-жақты  өлшеген 
этносаясат қажет. 
 
Қазақстан Республикасы тəуелсіздікке қол жеткізген соң, азаматтардың жаңаша тəрбиеленуіне, 
патриоттық  сезімінің  қалыптасуына  жаңа  талаптардың  тууына  əкелді.  Патриотизм  мемлекетті 
нығайтушы  рухани-саяси  фактор  ретінде  қарастырылмақ.  Қазақстандық  патриотизмді  тəрбиелеуде 
мемлекеттік идеология жəне этникааралық пен əлеуметтік интеграция саясаты үлкен рөл атқарады. 
 
Жастарды патриоттық рухта тəрбиелеу жай бір қатардағы іс шара емес. Ол бір рет жасалатын 
шаралардың  қатарына  жатпайды.  Патриотизмнің  қалыптасу  процесінде  жеке  идеологиясы  жəне  өз 
мақсатын  көздеген  жүйесі  болуы  қажет.  Балалар  мектепке  дейінгі  мекемелерде,  бастауыш  жəне  орта 
мектептерінде,  балалардың  патриоттық  тəрбиесі,  Қазақстанның  əйгілі,  ұлы  адамдардың  өмірлік  іс-
əрекеттерін үлгі етуден басталуы тиіс. Өмірде үлгі тұтарлық осындай азаматтар елімізде өте көп. Олар 
өз  өмірін  қазақ  жерінің  тұтастығын    сақтап  қалу  үшін  құрбан  еткен  халқымыздың  ұлы  батырлары 
болатын.  Олардың  қазақ  жерін  сақтап  қалу  үшін  істеген  ерлігі  болашақ  жастарға  үлгі,  сабақ  болуы 
керек.  Жастарға  патриоттық  тəрбие  беруде  біздің  халқымызда  үлкен  потенциал  бар.  Осындай  ұлы 
қазақ  батырларына  арналған  ғылыми  зерттеулер,  жалпыға  түсінікті  кітаптар,  көркем  жəне 
мультипликациялық  фильмдер,  патриоттық  идеологияны  жастар  арасына  таратуға  жəне  дамытуға 
ықпалын тигізері сөзсіз.  
Қазақстандық  патриотизм  əлеуметтік-саяси  құбылыс  ретінде  тарихи  сана  сезімнің  саяси, 
жалпыазаматтық  жəне  жалпыұлттық  ойлардың  əсерімен  қалыптасатын  ақыл-ойлар  мен  сезімдердің 
жиынтығы.  Қазіргі  кезде  жастар  арасында  патриоттық  сезімді  орнықтырып  тəрбиелеуге  тəуелсіздік 
идеясының  əсері  жоғары  болмақ.  Қазақ  жыраулары  мен  ақындарының  мұрасы  патриоттық  күші 
қазақстандықтардың  патриоттық  тəрбиеленуіне  жəне  идеологиясының  қалыптасуына  белгілі  үлес 
қосады.  Адамдардың  этномəдениеттік  тəрбиеленуі  білім  беру  органдарының,  БАҚ-тың  жəне  мəдени 
мекемелердің  идеологиялық  іс-əрекетінің  тиімді  құралы  болып  табылады.  Ол  қазақстандықтардың 
тарихи қайнар көзі. 
Қазақстандық  патриотизм  ол  тек  қазақтардың  ғана  өз  Отанына  сүйіспеншілігіне  емес,  онда 
мекендеген  бүкіл    ұлт  пен  ұлыс    өкілдерінің  бəріне  қатысты  дүние.  Қазақстандық  патриотизм 
əлеуметтік-саяси  құбылыс  ретінде  титулдық  ұлттың  құндылықтары  мен  тарихына  сүйене  алмайды. 
Жалпымемлекеттік  мақсат  барлық  азаматтарды  жинау  үшін  идеология  «кіші»  жəне  «үлкен» 
халықтардың  тарихы  мен  құндылықтарына  сүйенуге  міндетті.  «Атадан  балаға  мирас  болып  екі-ақ 
нəрсе қалады, бірінші -  бай тілі, екінші -  байтақ жері». Патриотизмнің маңызды өлшемдерінің бірі – 
тіл. Қазақ зиялылары, əсіресе Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің отансүйгіштікке тəрбиелеудегі рөліне 
ерекше  мəн  берген.  Оның  пікірінше  тіл-адамның,  ұлттың  ерекше  белгісі,  қоғамдық  өмірдегі  қарым-
қатынаста қолданатын ұтымды қаруының бірі. Белгілі қоғам қайраткері А. Айталының «Ұлттану» оқу  
құралында  «ұлтжандылық – халық  рухы  жəне  материалдық  игіліктерін  көбейтуге  арналған  жігері, 
қайраты. Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал 
істің айтамыз. Ұлы  ұлттар осындай ұлтжандылығымен мықты» делінген. 
Қазақ  халқы  елі  мен  жерін  жауға  бермей  ұрпақтарына  аманаттауы  бұл  ұлттық  рухтың  биік 
шыңы  деп  айтуға  болады.  Қазақ  халқының  тарихында  ұлттық  рухтың  биіктеу  шыңы  тарихи 
оқиғалардан көрініс береді. Ол түркі халқының ерлік дəстүрі, Алтын Орда тұсындағы жəне 16-18 ғ.ғ. 
Қазақ  халқының  басындағы  қиыншылыққа  төтеп  беруі, 19 ғ.ғ.  патша  саясатына  қарсы  күресі,  екінші 
дүние  жүзілік  соғыс,  Желтоқсан  оқиғасы,  еліміз  тəуелсіздік  алғаннан  кейінгі  тарихи  оқиғалар  т.б. 
«Қазақ»  деген  терминнің  өзі  ер,  ер  жүрек  деген  мағынадан  туындағандықтан,  ұлттың  бойындағы 
қасиеттер де ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мұра іспеттес. 
Тарих тағылымы көрсетіп отырғандай, патриоттық сана мемлекеттік саясат пен идеологияның 
жемісі  ретінде  қарастырылуы  тиіс.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  қазақстандық  патриотизм – 
республикадағы қоғамдық келісімді жүзеге асыратын саяси фактор. Өйткені оның бүкіл мəн-мағынасы 
имандылық  пен  демократияның,  əлеуметтік  əділдік  пен  тарихи  шыншылдық  принциптеріне 
негізделген. Себебі, Қазақстанның саяси тарихында өрлеу, құлдырау кезеңдерінде халықтар тағдырын 
тəлкекке  салған  қателіктер,  асыра  сілтеулер  аз  болған  жоқ.  Соның  əрқайсысынан  сабақ  алу,  оның 
қайталануына  жол  бермеу  саяси  сергектікті  талап  етеді  жəне  патриотизмді  жан-жақты  пісіп 
жетілдірмек. 


 
61
Біздің  көзқарасымызша,  Қазақстандық  патриотизм – республиканы  мекендейтін  ұлттар  мен 
ұлыстардың  рухани  құндылықтарының  ортақ  игілікке  айналдырудың  құралы  болып  табылмақ. 
Əлеуметтік  əділетсіздік,  принципсіздік  орын  алған  жерде  халықтың  патриоттық  сезімін  оятатын 
факторлар  жойылады.  Ал,  ондай  сезімі,  отаншылдық  рухы  сөнген  елдің  болашағы  да  бұлыңғыр 
болатынын  тарих  дəлелдеп  отыр.  Сондықтан,  біздің  ойымызша,  қазақстандық  патриотизмнің 
дəстүршілдік жəне жаңашылдық сипатына айрықша назар аударып отыран абзал. 
Баршаға  мəлім  бір  ақиқат  бар:  отаншылдық,  елжандылық,  ұлтжандылық  ұғымына  қатысты 
мəселелерді еліміздің ортақ игілігіне айналдырудың озық үлгілері қалың бұқара назарына ұсынылмаса, 
ол жас ұрпақты ізгілікке тəрбиелеу құралы бола алмаса, онда патриотизм тақырыбының да жолы қысқа 
болғаны. Сан түрлі саясаткерлер, сарапшылар Қазақстан қазіргідей  қиындықтан өте ме екен, осы кезде 
ел бірлігін сақтап қалар ма екен, бұл ел өзінің мемлекеттілігін құрметтей білер ме екен деп тұрған сын 
сағатта  мен,  əсіресе,  қазақ  халқына  бөлекше  жауапкершілік  жүктеп  сөз  арнаймын.  Қазір  алып  бара 
жатқан  қиын  ештеңе  жоқ.  Жеріміз  кең,  еліміз  бай,  істеген  адамға  далада  да,  қалада  да  жұмыс  жетіп 
жатыр.  Бел  шеше  кірісіп,  білек  сыбанып  жұмыс  істейтін  кез  келді.  Бір-бірімізге  қарайсалатын, 
көмектесетін, ағайыншылықты танытатын кез дəл осы кез. 
Жастар арасында этносаралық келісім мен отаншылдық құндылықтарын əспеттеу, экстремизм 
мен  ұлтшылдыққа,  заңдарды  бұзу  мен  қылмысқа  төзбеу  сезімін  табанды  түрде  қалыптастыру 
қажет.Баспасөз ақпарат құралдарынан, əсіресе телевидениеден сенімділік, жеке белсенділік, төзімділік, 
патриотизм,  Отанға  деген  сүйіспеншілік  секілді  көңіл  күйлерді  орнықтыратын  материалды  жиі  беру 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет